Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет48/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Құйрық бауыр
(салт). «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің 
бе» (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны 
бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» 
арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті 
болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық 
бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып 
бекітілген. Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл 
қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы 
«Құйрық бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай 
қалмайды. «құйрық бауыр» ұсынғанда қазақ халқы осы салттың ажарын 
мынадай өлеңмен өрнектеген: 
Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен 
ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай 
үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның 
бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады. 
Мойнына бұршақ салу
. Ертеде баласы жоқ адамдар мойнына 
көгеннің бұршағын салып Аллаһ Тағаладан перзент сұрап жалбарынған, 
жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады. 
Отау көтеру
(салт). «Көтерілген отауың құтты болып, ұзақ жасап 
ішінде сүйсін жарың» (Қыз Жібек). Ұлтымыздың мәдениетінде «отау 
көтердің» деген сөз бар. Ол «үйлендің, жұпты болдың» деген мағынаны 
білдіреді. Демек, үйленумен бірге отау көтеруге тиіс. 
Әдетте ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата- ана алдымен 
отау дайындайды. Қыз жасауына отау қосыла берілетін. Отау жас 
отбасының бақыт шаңырағы болып саналатындықтан оны барынша 
әсемдеп, әдемілеп, толық жабдықтап әзірлеу аз шаруа емес. Оған көрші 
көлем, жақын туыс, нағашы жиендер тегіс араласады. Кесе аяқтан бастап 
үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп, бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық, 
әрі міндетті іс. 
Отау алғаш тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. 
Шаңырақты да бақанға ақ мата байлап, ел ағалары көтереді. Отқа май 


құйылады, «босаға майлау» жасалады. Алғашқы дастархан жайылып, оған 
мол тағам жасалады. Кіргендер шашу шашып, «құтты болсын», «іші 
жанға,сырты малға толсын» деген тілекпен қуанышын білдіреді. Жақын 
туыстар отауға көірмдік әкеліп, мал атайды, бағалы мүліктер сыйлайды. 
Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз 
кірмейді. Ал жастар мен балалар қызықтап, осы отауды төңіректейді. 
Ауылдастар мен жанашырлар жас отау түтінінің түзу шығуын, жаңа 
үйленгендердің тұрмыс тіршілігін сырттай бақылап, келінге баға беріп 
отырады. Жас келін ерте тұрып өз үйінің ғана емес, жанындағы іргелес 
үйлердің де түндігін ашуы оның әдептілігі мен мәдениеттілігін білдіреді. 
Сәукеле кигізу
(салт). «Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар жар 
ау» (жар жар). Өмірде қазақ салт дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде 
қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі сәукеле әйел 
киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі 
кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ 
босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса 
келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда құдағилар 
шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле 
байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да 
базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де 
соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын сауық, көңілді 
күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді. 
Сәукеле туралы бірер сөз. Сәукеле келіншек киімі. Ол бас киім ғана 
емес қазақ сән салтанатының, салт дәстүрінің мәдениеі мен шеберліктің 
озық үлгісі, өнер туындысы. «Алтынмен апталып, күміспен күптеліп» 
дегендей, ол інжу маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар 
тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат 
маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен 
оюланып, түрлі түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен 
кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, 
күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің 
жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, той салтанаты мен 
құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс! ХІХ ғасырдың алғашқы 
жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының 
сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре бес жүз байталға 
бағалаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет