өтінішін орындаған. Мұны сауға сұрау деп атайды. Сауғаға жазасы сұрап
алынған адам да жолынан жығылмай құн, шығын төлеген,
екі жақты
бітістіруге күш салған.
Сауын айту
. Бір ауылда, елде үлкен ас, үлкен той болатын болса,
алдын-ала (бірнеше ай, бір жыл бұрын) жан-жаққа хабар жіберіліп,
адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту. Яғни, әр жүз, әр ру мұндай
асқа қымызын, малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен
өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың, тойдың жақсы өтуіне
жан-жақты қолдау көрсетеді. Жиынға
қымыз әкелгендердің ыдысына
сойылған малдың жіліктерін салып жібереді. Мұхтар Әуезовтің «Абай
жолы» кітабында: «Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға
сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар.
Сүйінші сұрау
. Өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге
«Сүйінші, сүйінші!», - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй
ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі:
«Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол
риза болатындай бір жақсы
сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ.
Сүйек жаңғырту
. Бұрындары құда-құдағи болған жақтар қайтадан
қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, оны сүйек
жаңғырту дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып
жүр.
Сыйыну
(діни ұғым). «Сүйендім абақтының шарбағына, сыйындым
атам Қазыбек аруағына». Әруаққа, тәңірге, пірге және басқа күш пен сенім
иесіне сыйыну түркі халықтарының ежелгі дәстүрі. Мұнда ер адам жауға
шапқанда, қиын сапар жолында, дертке ұшырағанда, жараланғанда немесе
жайшылық, тыныш өмірде де үлкен күшке сыйына береді. Әсіресе,
палуандар, мергендер мен аңшылар,
қарт адамдар, тағы басқа әр іске
талапкерлердің көбінесе аруаққа сыйынатын әдеттері бар.
Малдың да, жанның да сыйынатын пірлері бар. Мысалы, аурулар
дерт иесі Лұқпанға, әйелдер Бибі Фатима анасына, жас батырлар Қабанбай,
Бөгенбай аруағына сыйынады. Малшылар төрт түлік пірлері жылқыда –
Қамбар атаға, түйеде – Ойсыл қараға, сиырда – Зеңгі бабаға, қойда – шопан
ата, ешкіде – Шекшек атаға сыйынып, жұмысына кіріседі.
Сыйыну
адамның сенім күшін, іске қабілетін арттыратын құпия құбылыс. Әулие -
әнбиеге сыйынғанда оның басына түнеп, мал сойып денсаулық, бала
тілейтін әдет бар.
Қазақтың қасиетті жерінде Қожа Ахмет Иассауи, баба түкті шашты
Әзиз, Бекет ата, Райымбек батыр,
Марал ишан, Оспан қожа, Жанқожа
батыр сияқты аруақты, киелі әулиелердің орындары көп. Міне, осы
кісілерге сыйыну, басына тәу етуден біздің абыройымыз арта түспесе
кемімейді. Мұны жас ұрпақтар жадына да енгізуге ата – ана,
ұстаздар,
тәрбиешілер міндетті.
Сыбаға
–
қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым
кезінде ауыл адамдары бір-біріне сыбаға берген. Сыбаға келген үй әкелген
сыбағаға көрші-қолаңдарын, жақын туыстарын шақырады. Сыбаға әкелген
табаққа тиісті сыйлығын салып қайтарады. Көбінесе отау үйдің адамдары
қара шаңыраққа немесе жасы үлкен адамдарға сыбаға береді.
Сыйлық
– тұрмыс салт-дәстүрі, құрмет көрсету, ол барлық халықтар
арасында ертеден келе жатқан дәстүр. Сыйлық бұрын қазақ қауымдарында
мәртебелі адамдарға, дарынды ақын-әншілерге,
құда-жекжаттарға
берілген. Сыйлыққа түйе бастаған тоғыз берген, ат мінгізіп, шапан жапқан
немесе басқа да бағалы заттар берген. Ал қазіргі кезде үздік өнерге, озат
адамдарға, үздік спортшыға ақшалай сыйлық беру әдетке айналған.
Достарыңызбен бөлісу: