- студенттердің халықтық педагогика негізіндегі ұлттық тәрбиесін
мақсаттылықпен, рухани құндылық бағдар мәнінде ұйымдастыру, халықтық
мұраларды, этнопедагогиканы, ұлттық психологияны, пәндер мазмұны
жүйесінде үйрету;
-
студенттерге ұлттық тәрбие
беруде студенттердің дара
ерекшеліктерін
зерттеу,
олардың
тұтастай
ішкі
психологиялық
ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеру және
әдіснамалық принциптің сана мен іс-әрекеттің бірлігі негізінде осы іс-
әрекеттің тұлғалық субъектісі деп тану;
- студенттерге ұлттық тәрбие беруде этнопедагогика идеяларына
негізделген танымдық сипаттағы құндылық бағдарын дамыта отырып,
ұлттық мәдениет мазмұнын таңдауда және рухани-адамгершілікті
қатынасын кеңейтуге бағытталған педагогикалық жұмыстарды қамтамасыз
ету;
- студенттерге ұлттық тәрбие беруде ұлттық рухтағы ой-санасын
дамыту; студенттердің өз бетінше ізденушілік, ұлттық мәдениетті дамытушы
тұлға ретінде қабылдауын қалыптастыру.
Студенттерге ұлттық тәрбие беруде
жинақталған эмпирикалық
білімнің практикамен тексерілген, ұрпақтан-ұрпаққа берілген мағлұматтар,
іскерлік пен дағдылар жиынтығы және халықтың әлеуметтік және тарихи,
мәдени тәжірибесінің жемісі ретіндегі ұлттық мұралар қазіргі ғылыми-
педагогикалық мәліметтермен ұштастырып, заман талабына сәйкес жоғары
мектеп тәжірибесіндегі оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану маңызды
міндет болып табылады.
Бұл қазіргі жоғары оқу орындарында оқыту жағдайында дәріс,
семинар, конференциялар, экскурсия, студенттердің
өзіндік жұмыстары,
үйірмелер, диспут және дебаттар, консультациялар, фолъклорлық
экспедициялар, көрмелер, жарыстар,
сайыстар, олимпиадалар, ғылыми-
шығармашылық бірлестіктер мен клубтар, әңгіме, пікірталас т.б, түрінде
ұйымдастырылады.
Дәріс
сабақтарында ұлттық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық
негіздері, ұлттық тәрбиенің ғылым салаларымен байланысы, өзіндік
ерекшеліктері,
ұлттық тәрбиенің бағыттары, мазмұны мен тәлімдік мәні
айтылып, студенттерге ұлттық тәрбиелік жүйелі білім беру мақсаты
қойылады.
Дәрістер
ұлттық тәрбие материалдары жөніндегі оқу-
танымдық әрекетінің құрылымы мен сипатын түрлендіріп,
студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында ұсынылады және
оның мазмұнын конспектілеу мен ең маңыздысын ажыратып,
туындаған сұрақтарды жазып отыру ескертіледі.
Дәрістер соңынан
қызықтыратын сауалдарға жауаптар беріліп, ой-пікірлер алмасады, сөйтіп,
олардың ұлттық тәрбие мағлұматтары, ұғым-түсініктері арта түседі.
Халық шығармашылығы, салт-дәстүрлері, жөніндегі дәрістер қазақ
халқының өміріндегі фактілерді логикалық тұрғыда тұтастай әрі өзара
байланыста үғынуға, басты мәселеге ден қойып, баса назар аударуға
көмектеседі, логикалық ойлау қабілеттерінің дамып, кеңеюіне ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: