Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет63/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

 
Дәріс № 
Тақырыбы: Ұлттық тәрбие әдістері 
Жоспар:
1. Ұлттық тәрбие әдістері, оның жүйесі. 
2. Ұлттық тәрбие әдістерінің топтастырылуы. 
Дәріс тезистері: 
Адамның талғамдары, ар-ожданы, сағынышы өзі өмір сүрген қоғам 
мен тәрбиесіне байланысты болады. Олай болса, ұлт нәсілге, қауымға, 
жағрапиялық жағдайға, саясатқа, адамның ерік күшіне байланысты 
бірлестік емес. Ұлт – тіл, мораль және өнер салалары тұрғысынан ортақ 
тәрбие алған адамдардан тұратын бірлестік. Әр ұлттың патриоттық 
сезімдерінің ерекшелігі де осында. Адам үшін рухани дүниесі оның 
материалдық құрылымынан бұрын тұрады. Сондықтан ұлттан шежіре 
талап етпей, тек тәрбиенің және идеалдың ұлттық болуы сұралады. 
Қалыптасқан тұлға қай ұлттың тәрбиесін алса, тек соның идеясы жолында 
еңбек етеді, сол ұлттың, елдің патриоты болады Дамып, өрістеу 
сабақтастықты, халықтың тәрбиедегі озық тәжірибесімен байланысты 
жоққа шығармайды, ол халық педагогикасының озық үлгілері көрініс алған 
жаңа жағдайдағы тәрбие мен оқыту жүйесін дамытады. 
Тәрбие - адамның жеке басының дамуындағы мазмұнды әлеуметтік және 
адамгершілік-эстетикалық қатынастырдың қалыптасу дәрежесі. Ұлттық 
тәрбиенің әдістері – бұл тарихи қалыптастқан халық тәрбиешілерінің жетілген 
жеке тұлғаның бойында білім, білік дағдылары мен қасиеттерді қалыптастыру 
мақсатымен әсер ететін жолы. Ұлттық тәрбие тәрбиенің әр бағыты бойынша 
әдістер жүйесі ұсынылады. 
Адамгершілік тәрбиесі бойынша әдістер: сендіру, кеңес, бата беру, үйрету, 
жаттықтыру, әңгіме, баяндау, жарыс, сынау, сөгіс, жазалау, айыптау т.б.
Әдістерді топтастыруда біз олардың тұлғаға әсер ететін тәрбие 
амалдарымен байланыстылығына сүйендік. Сол құрал аясында әдістердің 
жіктелуінің ұлттық тәрбиенің құралдары арқылы жүргізілу тиімділігін білдіреді. 
Ұлттық тәрбие әдістерін мынадай топтарға біріктіруге болады: 
Сөзбен тәрбиелеу әдістері: еркін қатынастар, баяндау, әңгіме, түсіндіру, 
кеңес, ишара, наным, сендіру, ақыл-кеңес, бұйрық, өтініш, сөгу, иландыру т.б. 
Іс-әрекетпен тәрбиелеу әдістері: көрсету, тапсырма беру, үйрету, жаттығу, 
әрекетке араластыру, талап, бұйрық т.б. 
Дін арқылы тәрбиелеу әдістері: сену, бата беру, жалбарыну, тәубеге келу, 
діни уағыз, дұға оқу т.б. 
Табиғат және өнер арқылы тәрбиелеу әдістері: бақылау, сүйену, 
салыстыру, қайта өңдеу, өзіндік шығармашылық, орындау т.б. 


Дәстүрлер арқылы тәрбиелеу әдістері: дәстүрлермен танысу, оған 
бейімдеу, оны баланың орындауы, дәстүрлерді сақтау, дамыту; 
Ойын арқылы тәрбиелеу әдістері: рөлдік ойындар (иммитация), жарыстар, 
күш сынасулар; 
Қоғамдық пікір арқылы тәрбиелеу әдістері: құптау, мадақтау, жазалау, 
жазғыру, кінәләу, тиым салу, қауіп-қатер, марапат т.б. 
Зерттеулер дәлелдеуі көрсеткендей, ұлттық тәрбиенің әдістері нақты 
тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Тәсіл педагогикалық әрекеттің элементі 
ретінде нақты жағдайға байланысты тәрбие әдістерінің ойдағыдай жүзеге асуына 
ықпал жасайды: тұлғаның жасы, жеке ерекшеліктері, тәрбиелеу жағдайлары, 
тәрбиелеудің қалыптасқан дәстүрлері т.б. 
Ұлттық тәрбие әдістерін зерттеу барысында кейбір еңбектерде «тәрбие 
тәсілдері» деген ұғым кездеседі, оның мазмұндық толымдылығы нақтыланбаған. 
Тәсілдер ретінде, сендіру, тапсырма беру, мадақтау, жазалауды т.б. айтқан. 
Тәрбие тәсілдері белгілі бір әдісті нақтылау құралы. Біздің ойымызша, ұлттық 
тәрбиедегі жазалау бірнеше түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылған: ұялту, 
сүйсіну сезімінен айыру, белгілі бір шарттарға байланысты жаттығу әдісіне 
машықтандыру 
(жаттықтыру) 
жатады 
ырымшылдыққа, 
әдептілікке, 
қонақжайлыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа машықтау. 
Әдістердің әр тобының көлемінде біз жалпы тәсілдерді көрсеттік. Сөздік 
әдістер белгілі бір фольклорлық шығарманы орындау арқылы жүзеге асырылады. 
Ұлттық тәрбие беруде фольклор шығармалары кең қолданылады. Қоғамдық 
пікір арқылы әдісінің жүзеге асуында жинақталған тәсіл ретінде белгілі бір 
ықпалды пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет