Зерттеудің әдістемелік негізін салыстырмалы – құқықтық әдіс, формальді логика әдісі, жүйелеу құрылымдық талдау әдісі, ғылыми абстракция, салыстыру мен ұқсастық, құқықтық процесстердің дамуы барысындағы обьективті мен субьективтінің бірлігі, сараптамалық бағалау, зерттеу құжаттары мен материалдарын контент-талдау мен зерттеу әдістері.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен арадағы халықаралық келісімдер мен шарттар, халықаралық және ұлттық заңнама, нормативтік құжаттар, мемлекеттік статистика органдарының тәжірибелік материалдары, БҰҰ арнайы органдарының құжаттары, мерзімді баспа және басқалары пайдаланылды.
Монография тақырыбын өңдеу барысында автор отандық, ресейлік және де батыстық халықаралық құқық доктриналарының және халықаралық ғарыш құқығы саласындағы ғалымдардың теориялық ережелері мен негізгі қорытындыларына арқа сүйеді.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік мәні төмендегідей, яғни ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау сұрақтарын зерттеу БҰҰ – ның құқықшығармашылық және құқыққолданушылық қызметінің тиімділігін көтеру және жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді, ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауға байланысты болашақ халықаралық ұйымның, болашақтағы орны мен рөлін көрсетеді.
Бұл зерттеуден туындайтын қорытындылар, мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың нақты жағдайлар бойынша тиісті нормалар мен ережелер дайындауы барысында қажет болуы мүмкін.
Монография материалдары халықаралық ғарыш құқығы және халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқықтарынан арнайы курстар оқу үшін, сонымен қатар ғарыштық қызмет барысында қоршаған ортаны қорғауға байланысты сұрақтарды теориялық өңдеу, ғылыми мәселелерді ары қарай зерттеу үшін қолданылуы мүмкін.
Бұл монографиялық зерттеудің негізгі ережелері басылып шағарылған ғылыми мақалаларда көрініс тапты және халықаралық ғылыми, тәжірибелік конференцияларда талқыланды.
1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҒАРЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҒЫМСЫЗ САЛДАРЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІН ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Достарыңызбен бөлісу: |