Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор


Тұлғалық педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы



бет12/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   226
1.8. Тұлғалық педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Көптеген тәлім, тәрбиелік сұрақтарды шешуде пәнаралық байланыстар мен педагогиканың баска ғылымдармен сабақтастығын білу қажет болып жатады. Осыдан, педагогиканың теориялық ойластыру үдерісінде әдіснамалық бастау алдымен философияға беріледі. Философиялық тұжырымдар әрқандай ұғым негізі ретінде қызмет етеді. Философия тарапынан ұсынылатын теориялық таным принциптері заңдар жалпылығының арқасында жанама түрде оқу-үйретім, танымдық іс-әрекет заңдылықтарын, олардың тетіктерін ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Философияның әдіснамалық талаптарына сәйкес педагогиканың категориялық және ұғымдық қоры жинақталып, жетіле түседі.

Аса тығыз байланыс педагогика мен психология арасында орныққан. Бұл байланыс зерттеулер нысаны деңгейінде өз көрінісін ежелден тапқан, ол адам психологиясы, өз ішінде тұлғаның кемелдену заңдылықтарын қамтыған психологиялық үдерістер. Ал педагогика тұлға қалыптасуы мен дамуын басқару заңдылыктарын зерттейді. Адам тәрбиелілігі, біліктілігі – бұл адам психикасының (көңіл-күй – еріктік және ақыл-ес сапаларының да) белгілі мақсат бағдарында өрістеп, нәтижеге келуі. Психология педагогикаға психика дамуын басқарудың әдіснамасын да (мысалы, іс-әрекет принципі) дәл нақтылап ұсынады. Педагогикалық деректерді ашу, сипаттау, түсіндіру, жүйелеу үшін де психологиялық зерттеу әдістері пайдаланылады. Педагогика мен психолоғияның табиғи тығыз байланысты болатынының жарқын дәлелі аралық пәндерден көрінеді: педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясы, кәсіби пвдагогикалық іс-қызмет психологиясы, педагогикалық жүйелерді басқару психологиясы және т.б. Педагогиканың қай саласы болмасын, өз зерттеулерінде өзіне сәйкес психологиялық білімдер қорына арқа сүйейді.

Педагогика физиологиямен тығыз байланыста. Балалардың тән-дене және психикалық даму тетіктерін түсіну үшін бүкіл ағзаның, оның жеке бөліктері мен қызметтік жүйелерінің тіршілік заңдылықтарын жете білген жөн. Жоғары жүйке қызметтерінің орындалу заңдылықтарын білуден педагогика дамытушы оқу-үйретім технологиясын құрастыруға, тұлғаның тиімді дамуын қамтамасыз етуші құрал-жабдықтарды пайымдауға мүмкіндік алады.

Педагогиканың әлеуметтанумен (социология) қызметтік байланысы көптеген ғылыми жетістіктердің көзін ашады. Олар – тәлім, тәрбиенің қоғамдық негіздері, тұлғаның әлеуметтену зандылықтары жөнінде жалпы теориялық түсініктер беру, отбасы тәлімі және тәрбиесі мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу. Келесідей әлеуметтану салалары: отбасы социологиясы, тәлім социологиясы, тәрбие социологиясы, шәкірт-студент жастар социологиясы және т.б. педагогика ғылымының сыбайлас салаларымен тікелей сабақтас келеді. Тәрбие және оқу-үйретім үдерістерін зерттеуде педагогикаға информатика мен кибернетика жаңа қосымша мүмкіндіктер ашып беруде. Бұл ғылым көздерін пайдалана отырып, педагогика оқу-білім игеру үдерістерінің жаңа формаларын ашады (мысалы, қашықтан оқыту), тәрбие және оқу-үйретім іс-әрекетін басқарудың тәсілдері мен тетіктерін жетілдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет