85
Гетерогамияда (гр.
héteros
әр түрлі, өзгеше, gámos
некелесу
)
жынысты көбею кезінде қосылатын гаметалардың пішіні, көлемі әр
түрлі. Аналық гамета аталықтан ірі болады және баяу қимылдайды.
Жынысты көбеюдің оогамия түрінде гаметалардың біреуінің
көлемі үлкен, қор заты мол, талшықсыз, қозғалмайтын болып келеді.
Мұны жұмыртқа жасушасы немесе аналық гамета деп атайды. Екінші
гаметаның көлемі кіші, талшықтары арқылы қозғалады, ядросы ірі,
цитоплазма мөлшері шамалы болады. Бұл
аталық гамета немесе
сперматозоид (гр.
spеrma
тұқым
). Тұқымды өсімдіктердің басым
көпшілігінде эволюция барысында аталық гаметалар талшықтарын
жоғалтқан, қозғалмайды, олар спермия деп аталады.
Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жұмыртқа жасушасы пайда
болатын гаметангийлер оогонийлер (гр.
ооn
жұмыртқа, gоnоs
туу,
шығару
) деп аталады, ал жоғары сатыдағыларда архегонийлер (гр.
arche
алғашқы, бастапқы,
gоnоs
туу, шығару
) деп аталады. Аталық
гаметангийлер екеуінде де антеридий (гр.
antherós
гүлденген
) деп
аталады.
Балдырлар мен саңырауқұлақтардың кейбіреулері, қазіргі гүлді
өсімдіктердің барлығы да жынысты жолмен көбейеді.
Қайталау сұрақтары
1.
Жынысты және жыныссыз көбеюдің ерекшелігі неде?
2.
Вегетативті жолмен көбеюдің қандай жолдары бар?
3.
Телудің түрлерін атаңыз
4.
Спорангийдің атқаратын қызметі не?
5.
Жынысты көбеюдің қандай түрлері бар?
6.
Жыныссыз көбею қалай жүзеге асады?
5.2
Ұрпақ ауысу және ядро фазаларының алмасуы
Көбеюдің жыныссыз және жынысты түрлері бірін бірі
толықтырып отырады. Өйткені жыныссыз көбею кезінде түрдің саны
артса, жынысты көбеюде ұрпақтың сапасы жақсарады. Сондықтан да
өсімдік түрлерінің басым көпшілігіне ұрпақ ауысу тән, яғни жыныссыз
ұрпақ жынысты ұрпақпен және керісінше ауысып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: