96
жапырақшалары жоғарғы жапырақтардан шыққан, оған дәлел олардың
бір-біріне байланыстылығы және морфологиялық, анатомиялық
құрылымының ұқсастығы.
Тостағаншаның астында бір-біріне жамылғы тәрізді орналасқан
үш жапырақты көреміз, олар да тостағанша жапырақшалары тәрізді,
бірақ ірі. Бұл гүл серігінің екіншісі
күлте. Күлтенің тостағаншадан
айырмашылығы: желектері ірі, реңі өсімдік түріне қарай алуан түрлі,
ашық түсті болып келеді. Күлте де тостағанша тәрізді, кейде кіріккен,
кейде дара бөліктерден тұрады. Олардың әрқайсысын желек немесе
күлтежапырақша деп атайды, бұлардың саны көбінесе сол өсімдіктің
түрі үшін тұрақты болады. Кіріккен желекті күлтелердің кірігіп кеткен
бөлігін түтік, ал оған перпендикуляр орналасқан енділеу бөлігін ернеу
деп атайды. Түтіктің ернеуге өтетін жерін езу дейді. Кейде күлте ернеуі
анық көрінбейді (қоңыраугүлділерде), онда күлте түтік пен
тісшелерден тұрады. Тісшелердің саны күлтенің неше желектен
тұратынын білдіреді.
Күлте ернеулерінде түрлі қабыршақтар қорғаныштық, ал күлте
жапырақшасының қабыршақ, тісше, түтікше сияқты өскіндері
(қалампыр) өзіне тозаңдатқыштарды тартатын қызмет атқарады.
Күлтелерді түтіктерінің ұзындығына байланысты долихоморфты,
мезоморфты және брахиморфты деп жіктейді (гр.
Достарыңызбен бөлісу: