Морфологиясы



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата17.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#191874
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
MaksutbekovaGT ZhSOAmM

histos; 
лат.
textum
) ̶ өсімдіктердің шыққан тегі, 
құрылымы бойынша ұқсас, бір немесе бірнеше қызмет атқаруға 
бейімделген тұрақты және заңды қайталанып отыратын жасушалар 
жиынтығы. Ұлпаны 
атқаратын 
қызметіне, 
шыққан 
тегіне, 
морфологиясына т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. 
Егер ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса оны қарапайым 
(колленхима), ал бірнеше жасушалардан тұрса ̶ күрделі (эпидерма) деп 
жіктейді. Негізгі ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты 
ассимиляциялық, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш 
болып ажыратылады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер ұлпалары төмендегідей түрлерге 
бөлінеді: 
-
түзуші ұлпа (меристема); 
-
ассимиляциялық ұлпалар; 
-
қор жинаушы ұлпалар; 
-
аэренхима; 
-
қабылдаушы (сорушы) ұлпалар; 
-
жабындық ұлпалар; 
-
өткізгіш ұлпалар; 
-
бөліп шығарушы ұлпалар; 
-
механикалық ұлпалар. 
Түпкілікті ұлпалардың жасушаларын жасап, үнемі толықтырып 
отыру арқылы өсімдіктердің денесін құрайтын ұлпаларды түзуші 
ұлпалар немесе меристемалар деп атайды. Меристема (гр.
meristos ̶
бөлінгіш

istós ̶ ұлпа
) бөлінуге қабілетті ұлпа. Меристема жасушалары 
майда, ядросы ірі, жасуша іші цитоплазмаға толы, вакуольдерінің саны 
аз, майда, жасуша қабықшасы жұқа, жасушалары өзара тығыз 
орналасқан. Жасуша пішіндері төрт бұрышты, изодиаметрлі, көп 
қырлы, кейбіреулері жіңішке, ұзын болады. 
Меристемалар өсімдіктің барлық өмірін қамтитын мерзім бойы 
өте ұзақ (кейбір ағаштарда мыңдаған жыл) сақталуы мүмкін, себебі көп 
мөлшерде бөлінуге бейім, меристема қасиетін сақтайтын кейбір 
инициалды жасушалары болады. 
Орналасуына қарай мынадай түрлерін ажыратуға болады: 


28 
1.
Төбелік (апикальды) ̶ бұл меристемалар өсімдік сабағының, 
тамырының ұзындығынан өсуін қамтамасыз етеді. 
2.
Бүйірлік (латеральды) меристемалардың жасушаларынан сабақ 
пен тамырдың ішкі қабаттары, атап айтқанда: перицикл, прокамбий 
және тоз қабаттары түзіледі. 
3.
Қыстырмалы (интеркалярлық) меристемалар кейбір өсімдік 
сабағының буын аралығы түбінде орналасады да, өсімдік сабағы соның 
есесінен бойлап өседі. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктер, 
жылбұрындар т.б. 
4.
Зақымдалған меристемалар ұлпалар мен мүшелердің зақымданған 
жерлерінде тірі жасушалардың дифференциялануынан пайда болады 
да, одан әрі тоз немесе басқа ұлпаларға айналады. 
Түзуші ұлпалар өзінің жасына және атқаратын қызметіне қарай екі 
түрлі болады: алғашқы және соңғы түзуші ұлпалар. Алғашқы түзуші 
ұлпалар өсімдіктердің тамыры мен сабағының және бұдан өсіп шыққан 
бұтақтарының, өркендерінің ұшында орналасады. Бұл жерді бой 
немесе өсу конусы деп атайды. Соңғы түзуші ұлпалар өсімдіктің негізгі 
мүшелерінде жүре пайда болады. Соңғы меристемаға камбий жатады. 
Ассимиляциялаушы ұлпаларға тән ерекшелік ̶ олардың құрамына 
енетін жасушаларда үнемі хлорофилл дәндерінің болуы. Сондықтан 
бұл ұлпаны хлоренхима деп те атайды, ол фотосинтез жүргізу қызметін 
атқарады. Фотосинтез кезінде көмірсуларының түзілуі хлоропластарға 
ғана емес, күн сәулесінің түсуіне де байланысты. Сондықтан 
хлоренхима негізінен жапырақ пен сабақ эпидермасының астында, 
кейде одан да тереңірек орналасады. Әдетте, хлоренхима жапырақта, 
шөптесін 
өсімдіктердің 
сабақтарында, 
сүректі 
өсімдіктердің 
сабағының алғашқы қабығының паренхимасында, шикі жемістерде, 
эпифиттердің ауа тамырларында жинақталады. 
Өсімдіктердің әр түрлі мөлшеріндегі хлоренхима жасушаларының 
мөлшері мен пішіні бірдей емес. Жапырақтағы ассимиляциялаушы 
ұлпаларды бағаналы, борпылдақ (қос жарнақтыларда) және қатпарлы 
(қылқан жапырақтыларда) деп бөледі. 
Қор жинаушы ұлпалар ̶ өсімдіктер денесінде жүретін зат 
алмасудың нәтижесінде пайда болған органикалық заттар мен су қорын 
жинауға бейімделген жасушалардың тобы. Қор заттары қатты және 
еріген күйде болады. Қатты күйіне ̶ крахмал, еріген күйіне қант 
жатады. 
Аэренхиманың (ауа алмастырушы) басқа ұлпалардан басты 
айырмашылығы ̶ оны түзетін жасушалар пішінінің алуан түрлі болып 
келуі. Ол жасушалар бірде өзара ірі жасушааралық қуыстар қалдырып, 
енді бірде жасушалардан түзілген тізбектер ауа қуысын қоршап 
орналасады. 


29 
Аэренхима 
өсімдіктердің 
су 
астындағы 
мүшелерінде, 
эпифиттердің ауа тамырларында жақсы жетілген. Негізгі қызметі 
тамырды оттекпен, кейбір жағдайларда жапырақты көмірқышқыл 
газымен қамтамасыз ету. 
Қабылдаушы (сорушы) паренхимаға жататын ұлпалардың өсімдік 
тіршілігінде маңызы зор. Сыртқы ортадан өсімдіктердің денесіне су 
және онда еріген заттар осы ұлпалар арқылы қабылданады. 
Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап тұратын жасушалар тобы 
жабындық ұлпалар деп аталады. Жабындық ұлпалар өсімдіктердің ішкі 
нәзік беттерін буланудан, төменгі және жоғарғы бөліктерін 
температурадан, құрғап кетуден, зиянды микроорганизмдердің 
әсерінен және т.б. сондай сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен 
қорғайды. Жабындық ұлпалар өсімдік мүшелерінің жасына, пайда болу 
жолына қарай алғашқы және соңғы жабындық ұлпа болып бөлінеді. 
Алғашқы жабындық ұлпалар өсімдіктің жас мүшелерінің сыртын 
қаптап жатады да, өзінің астында орналасқан нәзік жасушалы 
мүшелерді сыртқы ортаның түрліше әсерінен қорғап тұрады. Алғашқы 
жабындық ұлпаларға ̶ сабақтың өң (эпидермис), тамырдың эпиблема 
қабаттары, ал соңғы жабындық ұлпаға тоз және қыртыс жатады. Өң ̶
өркеннің, жапырақтың сыртын жауып жататын бір қатпарлы, түссіз, 
мөлдір жасушалар тізбегі. Өң өсімдіктің сыртқы ортамен байланысын, 
газ алмасуын қамтамасыз етеді. Өңде бұл қызметті лептесіктер 
атқарады. Лептесіктер көршілес жатқан бүйрек пішінді екі жасушадан 
тұрады, олар жанаспалы жасушалар деп аталады. Лептесіктің 
ортасында саңылау ̶ сайы болады. Құрлық өсімдіктерінің лептесіктері 
жапырақтың астыңғы бетінде, ал су өсімдіктерінде жапырақ 
тақтасының үстіңгі бетінде болады (4-сурет). 
Тоз ағаш бұтақтарының, көпжылдық шөптесін өсімдіктер түп 
негізін, тамырдың ескірген бөліктерін, жерасты өркендерін 
(тамырсабақты, түйнекті), кейбір жемістерді қаптайды. Тозда газ бен 
судың булануын реттейтін жасымықша болады. Бұтақтардың өңінің 
түлемеген бетінде пішіні сопақтау, түсі бозғылт болып үлкенді-кішілі 
төмпешіктер көрінеді. Бұлар ̶ жасымықшалар. 


30 
4-сурет. Жыланқияқ жапырағының өңі: А 

үстіңгі бетінің көрінісі;
Б 

лептесік аппараты; В 

көлденең кесіндісі: 1

жанаспалы 
жасушалар; 2 

лептесік; 3 

ауа қуысы; 4 

өң жасушалары;


кутикула; 6 

мезофилл жасушалары. 
Қоректік заттарды өсімдіктердің денесіне тарататын жасушалар 
тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Өткізгіш ұлпалар күрделі, оның 
құрамы, морфологиясы және атқаратын қызметі әр түрлі 
элементтерден тұрады. Олар өсімдіктердің құрлыққа бейімделуінің 
нәтижесінде пайда болған. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің денесі 
ауадан және топырақтан қоректенуді қамтамасыз ететін екі бөлікке 
бөлінеді, олар жоғарғы және төменгі ағыс жолдарын құрайды. Даму 
барысында заттарды екі бағытта жүргізуді қамтамасыз ететін екі 
өткізгіш ұлпа пайда болады. Өсімдікте өткізгіш ұлпалар дамудың өте 
ерте кезеңінде қалыптасады, тіптен тұқымның ұрығында алғаш 
өткізгіш элементтер болады. 
Өсімдіктерде жоғарғы ағыс топырақтан тамыр арқылы сорылған 
су мен минералды заттардың ерітіндісін жер үсті мүшелеріне 
бағыттайды. Ал төменгі ағыс органикалық заттардың, яғни жапырақта 
синтезделген заттардың тамырға, өркендердің өсу нүктесіне, гүлге, 
тұқымға, жемістерге бағытталуы. Жоғарғы ағысты ̶ ксилема (сүрек), 
төменгі ағысты ̶ флоэма (тін) қамтамасыз етеді. 
Ксилема арнайы маманданған өткізгіш элементтерден, трахея 
және трахеидтерден, негізгі паренхимадан, механикалық ұлпалардан 
құралады. Трахеидтер ұзындығы бірнеше мм, ені 10-100 мм-ге жететін 
прозенхималық жасушалар. Қалыптасқан трахеидтердің қабырғалары 
қалыңдаған өлі жасушалар. Трахеидтер суды өткізумен қатар арқаулық 
қызмет атқарады. Жалаңаш тұқымдылар мен кейбір гүлді өсімдіктер 
сүрегінде арнайы арқаулық элементтер жоқ, сондықтан да сабақтың 
беріктігін трахеидтер қамтамасыз етеді. Кейбір жекелеген өсімдіктерде 
нағыз трахеидтерден талшықты трахеидтер өтпелі кезеңін байқауға 
болады. 
Трахея ̶ түтік (сосуд), бұлар арасы қуыс, орташа ұзындығы 
бірнеше см-ден 1 м-ге, кейде одан да артатын түтіктер. Мысалы, емен 
сосудтары 2 м-ге жетеді, ал лианаларда 5 м. 
Трахея тік жалғаса орналасқан паренхималық жасушалардан 
түзіледі. Алғашқыда олардың өзара түйіскен көлденең қабырғалары 
бұзылады да тесік (перфорация) қалыптасады. Трахеидтерге қарағанда 
түтіктерде ерітінділер біршама жеңіл жүреді. Трахеяларды құрайтын 
жасушаларды олардың бунақты мүшелері деп атайды да, жасушалар 


31 
арасындағы көлденең қабырғаны перфорациялық (лат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет