Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер
Мұстафа Шоқай
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. . Мұстафа қазақ даласына белгілі үлкен шонжар, Хиуа ханының үлкен датқасы болған Торғай бидің немересі. Әкесі – Шоқай.Анасы – Бақтыбике.Ағасы – Сыздық.Інісі - Нұртаза