2. Гандбол сабағында қауіпсіздік техникасын білу. Ойын сәтінде спортсмен орын ауыстыруға, допты қабылдауға әрдайым дайын тұруы қажет. Ойыншының бұлай дайын тұрысы «берік тіке тұрыс» деп аталады. Гандболистің екі аяқты жеңіл бүгіп, қолдарын шынтаққа дейін иіп допты қағып алуға арқасын тіктеп, иығын бос ұстауы негізгі тұрысы болып саналады. Бұл тіке тұрысты ойыншы доппен ойнап қарсыласын алдағанда қолданады. Қақпашы зонасы сызығында орналасқан ойыншы тұрысының басқалардан айырмашылығы қолдары доп ұшқан жаққа қарай созылыңғы, арқасы алға қарай еңкіш тартылған жағдайда тұрады. Бас қақпашының зона сызығында тұратын ойыншы допқа ие болысымен қарсылас қақпасына қарсы шабуылға шығып, допты жұлқа қақпаға дәлдеп лақтырады.
Шаршы алаңда ауысып қозғалу үшін гандболист жүрісті, жүгіруді, бір орнында тоқтап тұруды, секіруді пайдаланады. Осы әдіс-айлалардың көмегімен ойыншы қарсыластың қорғаушысынан босанып, өз серіктестерімен әрекеттесіп допты қолға түсіру үшін алаңнан өзіне ыңғайлы жер іздестіреді. Дұрыс ауысып қозғалу техникасына доппен жасалатын барлық тәсіл-айла тәуелді. Әдеттегі жүріс және адымдап жүруді гандболист ойын алаңында позициясын өзгерту үшін пайдаланады. Алаңдағы жүгіріс-гандболисттің негізгі орын ауыстыру қозғалыс көзі болып табылады.
Гандбол ойынында ойыншы аяқ ұшымен және аяққа күшін сала табанымен де жүгіреді. Аяқ ұшымен жүгіру серпіле көтерілумен қатар қимыл қозғалысты жылдамдатуға ыңғайлы. Көбіне спортшы аяқтағы табанға күш сала жүгіреді, бұл жағдайда екі аяқтың қозғалысы өте сенімді, жерге нық басылады. Гандбол ойынында ойыншы доппен тәсіл жасауда қол қимылы аяқтың жылдамдығы мен шапшаңдығына бағынышты болмайтындай жүгірісті меңгеруі тиіс. Ойын сәтінде көп жағдайда жүгірістің бағытын өзгертуге тура келеді. Ол сәтте гандболист бұрылатын бағытына бір аяғымен алға қарай бір қадамға басып, екінші аяғының ұшымен бар денесімен кері қарай жүгіруге бағыт жасайды. Бұл үрдістің орындалуына секундық уақыт өлшемі ғана қажет, яғни ойыншының жаттығу деңгейі өте жоғары болған жағдайда ойын кезінде жүгіріс бағытын өзгерту тездік пен жылдамдық астасқан жағдайда ғана өз нәтижесін көрсетеді. Жүгіріс бағытын өзгерткен ойыншы өз алдынан кездесетін «кедергілерге» зигзак қозғалысы арқылы төтеп береді. Ондай кезде гандболист қарсы алдынан шыққан қарсылас команда ойыншысы, немесе «кедергіге» қарсы тікелей емес, қиғаш бағытта бір адым аттап, әрі қарай жүгірісті бұрыңғы бастапқы қалпына келтіріп ойынды жалғастырады.Егер, шабуылдаушы ойыншының алдына кедергі болып шыққан қарсылас қорғаушы қиғаш бағытталған қадамның оң жаққа, болмаса сол жаққа басылатынын тез аңдап, сол бағытқа қарай ұмтылып,
шалт қимылдаса, шабуылдаушы бастапқы тұрыс қалпына оралып, жүгірісін жалғастырады.
Алаңдағы ойын жағдайының әр кезде лезде өзгеруіне байланысты гандболисттің кенет тоқтауына тура келеді. Қатты екпінмен келе жатқан
жүгіріс жылдамдығын іркіп секундтық мөлшерде кілт тоқтап өзін ұстай білу әрі қарай қандай қимыл-қарекет жасауда үлкен қажеттілік құралы болып есептеледі. Ойын кезінде кенеттен тоқтау бір немесе екі аяқты іркумен орындалады. Бір аяқты тез тоқтату үшін гандболист денесін артқа жіберіп, алға кеткен аяғына күш сала екінші аяқты тізеден бүге артқа жіберіп барып, дене тепе-теңдігін сақтап қалуы шарт. Ойыншы кенеттен тоқтағанда қол мен кеуденің қалыпты қозғалысы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Бұндай сәтте ойыншы дене бұлшық еттерін қатты ұстауына болмайды. Ойын барысында ойыншы екі аяқпен бірден кенеттен тоқтағанда, одан кейінгі сәтте секіріс жасалады. Бұл тоқтау екі аяқты тез алға қарай жіберіп, денеден күш ала ұмтылыс жасағанда орындалады. Ептіліктің әдеттегі жаттығулары болып табылатын секірісті гандболист допты жоғарыдан қағып алу, ұшып бара жатқан допты ұстау, допты қолдан-қолға беру, лақтыру мен қақпаға шабуылдау сәтінде пайдаланады. Секіріс қол добы ойынында бір немесе екі аяқпен адымдап орындалады. Секіру сәтінде ойыншы аяқты иық кеңдігінде қатар ұстауы керек те, қолды алға созу қажет. Бұл жағдайда ойыншы аяқты неғұрлым алға қарай серпуі қажет. Содан кейін жерге түсу адымдап келіп секіргендегі аяқты бүгу тәсілімен орындалады. Секіру кезінде ойыншы серпілетін аяқты тез жинап алуға басты назар аударуы қажет. Ойын сәтінде осы қалыппен секіру «аяқты бүгіп секіру» деп аталады. Гандболист секіріп қимылдағанда қай аяғымен тез, қатты серпіліс жасайтынын алдын-ала білгені дұрыс. Ол серпілетін аяқтың жерге дәл түсуі үшін керек. Соңғы қадам алдыңғысынан 25-40 см қысқа
Жазбаша: Қызықты фактілерді, маңызды жарыстарды немесе гандболмен байланысты басқа да қызықты оқиғаларды атаңыз.
Мен колледжде оқып жүргенде басымнан мынандай қызықты жағдай өткен. Әдеттегідей дене сабағынды алдымен жаттығулар жасап,денемізді қыздырдық.Содан кейін ағайдан доп алып ойынға кірістік. Допты алып қарсылас командаға жүгіріп бара жатқанда аяқ кимімнің бауына шалынып ет бетімен түстім. Қатты құлағандықтан ба ертесі сабаққа бармадым.Бірақ содан кейін бірнеше мәрте жарыстарға барғанмын.