«Музықалық аспаптар» пцк-сы


Репертуардың музыкалық қызмет түрлеріне



бет6/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kursovoi

Репертуардың музыкалық қызмет түрлеріне сай болуы. Музыканы тыңдау, ән айту, ырғақ жөніндегі музыкалық тәрбие программасына репертуар да сай болуы тиіс. Тыңдау үшін вокальдық және аспаптық музыка, көбінесе программалық музыка (мәселен П. Чайковскийдің «Қуыршақтың ауруы» («Болезнь куклы»), «Жаңа қуыршақ» («Новая кукла») пьесалары деп көрсетілген нақты программасы, тақырып тізімдері бар) іріктеліп алынады. Сондай-ақ шығарманың тақырыбы, жанры, сипатының алуан түрлі болып келуі көзделеді.
Халықтық-ән творчествосынан бесік жырлары, ойын, хоровод, күлдіргі әндер мен билер іріктеліп алынады. Олар қарапайым, әсерлі, алуан түрлі — жұмсақ сазды, көңілді және ширақ қимылды келеді. Мұндай шығармалар (орыстардың, украиндардың, белорустардың, литвандардың, эстондардың, армяндардың, грузиндердің, азербайжандардың, татарлардың т. б.) жинақтарға енгізіліп, еліміздің барлық республикаларында балаларға арналып басылып шығарылып жүр.
Тыңдаған кезде баланың рухани дуниесін байытатын орыс және батыс-европа классиктерінің көркемдік сапасы жоғары шығармаларын балалар музыкасы қатарына қосуға болады. Бұларға: П. Чайковскийдің «Бала альбомын» («Детский альбом»), М. Глинканыд, С. Рахманиновтың полькаларын, П. Чайковскийдіц «Аққу көлі» («Лебединое озеро») балетіпің, Н. Римский-Қорсаковтың «Салтан патша туралы ертегі» («Сказка о царе Салтане») операсының жеке фрагменттерін, Э. Григтің, Ф. Шуберттің, Р, Шуманныц кейбір шығармаларын жатқыза аламыз.
Балаларға арналған көптеген шығармалар совет композйторлары С. Прокофьев, Д. Кабалевский, Ан. Александров, А. Островский, Е. Тиличеева, М. Раухвергер, М. Иорданский, Т. Попатенко, А. Филиппенко, 3. Левина, В. Герчик, Н. Леви, В. Агафонников және басқалардың ойларынан туындады және туындап келеді. Композиторлар өз творчествосында қиындықтарға жиі кездесіп отырады: балаларға арнап музыка жазғанда олар ән әуеніндегі, үйлесіміндегі, баяндау түрі мен шығарманың формасындағы ең қарапайым құралдарды қолдануы тиіс.
Тыңдау үшін белгіленген барлық, шығарманың тақырыдтары (тематикасы) балаларға жалпы тәрбие жұмыстарының барысында таныстырылатын құбылыстарға арналады, бірақ музыкалық образдарда бейнеленген өмір әсерлеріне жаңаша өрнек бояу беріліп, тереңдетіле түседі. Мәселен, С. Маршак сөзіне жазылған В. В. Витлиннід «Шекарашылар» («Пограничники») әнін тыңдағанда балалар біздің Отанымыздың шекараларын солдаттардың күзетіп тұрғанын ғана біліп қоймайды. Олар әуеннің шиеленісі мен интонациялық құбылысынан «шекарашылардың туған ел шебінде қас қақпайды» деген сөзді іштей ұға алады:



Ж
әне сонымен бірге олар әннін «теңіздерімізді, жерімізді, аспанымызды күзетеді» деген сөздері айтылғанда үзік-үзік ырғақ және іркіліс (пауза) арқылы бейнеленген батылдықты, табандылықты сезеді:



Балалар үйреніп, айтатын әндердің өз ерекшелігі — жарқын әуені болуы тиіс. Әнді бейнелі, әсерлі орындау үшін оның сипатын сезіп қана қоймай, сонымен қатар оны дұрыс айта білу керек. Мәселен, Н. Найденованың сөзіне жазылған Е. Тиличееваның «Барабан» деген әнінде әуен асықпай, анық, төменгі дыбыста орындалады. Бірақ әннің неғұрлым күрделі бөлігін дәл айту қажет



Бұл арада ырғақ сызығын дұрыс беру, көтеріңкі интервалдың (соль-до) сарынын дәл келтіру, екінші октаваның жоғары до дыбысының күшеюіне, даралануына назар аударттыру керек.
Сондықтан, әндерді іріктеп алғанда, қандай дағдыларды үйретуге баса күш салу керектігін айқын түсініп алған жөн. Балалар бақшасындағы ересек топта жеңіл, дыбысты ән айтуды қалыптастыру жұмысында репертуарға М. Иорданскийдің «Көгілдір шаналарын» («Голубые санки»), Р. Рустамовтың «Біз ән саламыз» («Мы запели песенку») атты шығармасын, ал ән айту дыбысын дағдыландыру үшін — орыстың «Әлди-әлди әлди-ай» («Бай, качи-качи») әзіл әнін (өңдеген М. Магиденко), А. Филиппенконың «Баққа барып бүлдірген тереміз» («По малину в сад пойдем») деген әнін алуға болады.
Түрлі музыкалық ойындарға, жаттығуларға, хороводтар мен билерге арналған репертуар музыкалық-ырғақ дағдысына және бейнелі қимыл дағдыларына үйретудің құралы болып табылады. Ойынның әр түрінің атқаратын өз міндеті бар. Мәселен, сюжеттік ойындар мен хороводтар балалардың әр түрлі кейіпкердің өзіне тән қимылдарын бейнелеуіне мүмкіндік береді; жаттығулар бидің алуан түрлі элементін меңгеруге мүмкіндік туғызады т. т. Бірақ қимыл қандай формада жасалса да ол өз қызметін атқарады - программалық дағдыларды меңгеруге үйретеді. Мәселен, Т. Ломованың музыкасына жазылған «Метро» ойынында балалар аккордтармен ерекше байқататын («есіктердің жабылуы») екпінге сай қимылдайды (бірде баяулап, бірде «жүйткіп» келе жатады, орындарын алмастырады, аялдайды т. т.). Музыка сарынының құбылуына қарай екпіндерін өзгертулері, дыбыстың даралану (акцентті) сәтін дәл аңғара білуі балалардық музыкалық-ырғақ дағдыларын меңгере түсулеріне мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет