МЕКТЕПТЕ МУЗЫКА САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ
Қазіргі кезде мектептерде музыкадан теориялық және практикалық білім беру жүйесінен біраз тәжірибе жинақталған дей тұрғанмен музыка сабағын жүйелі түрде оқыту, әсіресе берілген тақырыпты ашу мақсатында материалдарды зерделі пайдалану жолдары аз зерттелген. Музыка сабағында қолданылатын өнер материалдарын сабақтастыкта қолдана білуде көп қиналамыз.
Оқушы бойьнда өнер туындыларының тұтастай көрінуі үшін салыстырмалы, қарама - карсылық принциптерді пайдалана отырып, шығармаларды тез қабылдауға әсерін тигізіп, танымдық қызығушылығын тудыратын тәсілдерді көбірек берген жөн. Окушыларға шынайы тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын, жас ерекшелігін, мінез-құлқының өзгешелігін ескеріп, тиімді өткізуге тырысқан дұрыс.
Өнер соның ішінде музыка адамның сеніміне, адамгершілік сезімталдық қасиеттерінің қалыптасуына игілікті әсер етеді. Сондықтан да халық өз ұрпағының өнердің сан-саласынан толык мағлұматы болуын аңсап, қатты көңіл бөлген. Өнер шығармаларының түрі де, мазмұны да сан алуан. Оны тыңдата, көрсете, білдіре отырып, достықка, жолдастыкқа, тапқырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке баулуға болады.
Музыка - ерекше өнер түрі. Оның көп жакты сырын игеру, түсіну, қабылдау тым ерте, яки сәби шағынан басталып, жүйелі жалғасын тапқаңда ғана көркемдікті, әдемілікті терең сезіне біліп, жан-жакты, ақылды, парасатты, тәрбиелі болуға баулуға болады. Өнерді сабақтастыра беру жолдарын көрсету үшін республика көлемінде (Алматы, Павлодар) берілген сабақ жоспарларын ұсына отырьш, шығармашылыкта жеткізілген осындай тұтас тарихы бар, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, жалғасын тапқан өнер аркылы өнегелік сезімдерін дамытып, танымдық деңгейін көтеруге болатынын дәлелдеуге тырыстық.
Сабақты кұрастырған: М.Өтемісов атындағы БҚМУ "Музыкалық білім" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Нағымова Мендығаным Мергенбайқызы.
Сабақтын тақырыбы: "Өнер өлмес, жалғасын тапса..."
"Мәңгіліккпен үндесе білген өнердің ғана көсегесі көгереді"
Ә.Кекілбаев
Сабактың мақсаты: Қоркыт, Әл-Фараби сынды ұлы адамдармен таныстырып, олардың өнеріне тән ете отырып, үйлесім гармониясы бай, келісімді өнердің бір халықтың шеңберінде шектеліп қалмай, оның сюжеті, мазмұны бірнеше халыққа ортак болатынына "Битлз", "Веселые ребята", "Дос-Мұқасан" ансамбльдерінің репертуарын тыңдата отырып, осындай жалғасын тапқан музыка өнерінің мәңгілік екендігіне көздерін жеткізу.
Көрнекілігі: Видеопроектор, теледидар аппаратура, композиторлар портреті, әннің сөзі, ноталық материал, бас қобыз, сырнай аспаптары.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу өнері пәндерімен байланыс.
Өткізу әдісі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі.
2) Жаңа материалдармен таныстыру.
Әлемнің тұтас көрінісін жасайтын, сонымен бірге, ой мен сезімнің тұтас бірлігін беретін адам әрекетінің бір түрі ол - өнер. Сондықтанда, халық өз дүниетанымын, салты мен дәстүрін, ғұмырлық тарихын ең алдымен өнерге сіңірген, сол арқылы ұрпактан-ұрпаққа жеткізген. Өнер -жеке тұлғаның сезіміне, ойына, ерік-жігеріне әсер етіп, оқушының жекелік қасиетін, ой-пікірін, оның рухани әлемін, көзқарасын, рухани қабілетін дамытады.
Қорқыт - атақты жырау, дарынды күйші, кемеңгер ойшыл. Қорқыт
атадағы аңыз-әңгімелер философиялык ойға толы және мазмұнды, ғасырлар өтсе де өзінің мәнін жоғалтпаған, өмірдің үнемі өзгеріп, жаңарып отыратындығын сөз етіп, "Өлмейтін емір кілті - өнер" - деп ой толғайды.
"Өлімді өнермен жеңуі" - асқан кобызшы күйшілігінің әрі эпостық жырлармен музыкасының арқасында жазушы Мұхтар Әуэзов "...Қорқыт өлмеудің амалын өнерден табады" - деп жазады. "VII - ғасырдан жеткен Қоркыт күйлері өзінің бар тарихи болмысымен есіктегі малшыға да, төрдегі ұлыққа да бірдей түсінікті еді. Қорқыт күйлерінің күні бүгінге дейін еш өзгеріссіз орындалатыны қайран қалдырады. Бұл ұлы далада жасалған мәдениеттің біртұтастылығын, біртектілігін, даралығын әйгілейді, яғни, Қорқыт күйлері көркемдігімен, көнелігімен, көптігімен ғана назар аударып қоймайды, шындықты көркем бейнелеуде адамгершілік, дүниетанымдық сипатымен, саф тазалығымен, тіршілікпен қойындасып жатқан шынайылығымен халық арасында өз мәнін жойған жоқ" - деп жазады ғалым Ақселеу Сейдімбек.
Қорқыттың күйі "Қорқыт ". Тындау.
Тарихымыздағы ұлы түлғалардың бірі - шығыс философы Әл-Фараби. Әл-Фараби "Музыканың үлкен кітабы" атты трактатында музыка теориясы гармония - үйлесімділік, яғни, музыканы жүрекке қондыра қабылдаудың психологиясы, музыкалық шығармаларды орындаудың әдіс-тәсілдері сияқгы өзекті мәселелерді сол кездің өзінде-ақ терең ғылыми талдап, дәлелдей білсе, күні-бүгінде өз мәнін жоймай, музыка ғылымы мен өнердің дамуына үлкен әсерін тигізіп отыр. Ұлы ғұлама ғалым музыка теориясы бойынша:
музыка - адамның жан дүниесіне көркемдік жағынан әсер етеді;
ән мен музыка адамда көркем, эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы,
кісінің өзін-өзі тәрбиелеуіне, бойдағы нашар қасиеттерден арылуына ықпал жасайды,- деп, тұжырымдар жасаған.
"Фараби сазы " композиторы Кенжебек Күмісбеков
а) тыңңату, әңгімелеу
б) виолончельде орындап, негізгі тақырыбына дауыс жаттықтыру.
Қазақ ССР-ң еңбек сіңірген өнер кайраткері, талантты композитор Кенжебек Күмісбеков - Қызылжар өңірінің азаматы (Павлодар өңірі). Ол профессионалды қазақ музыка өнерінің жан-жакты дамып, көркейе түсуіне өзіндік үлесін қосқан. "Дала сыры", "Қорқыт туралы аңыз", "Фараби сазы" т.б. көптеген шығарма, поэмалар жазып, күй өнерін, оның ізгі дәстүрін жалғастыруда шығармашылықпен еңбек еткен. "Фараби сазы" атты күй - поэмасы қазақтын ұлы ғұлама ғалымы Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толу мерекесіне арналған шығарма.
Өнер, соның ішінде музыка, бір халықтың шеңберінде шектеліп калмаған. Сюжеті, мазмұны бірнеше халыққа ортақ болған. Тілі, түсі бөлек болса да, музыка әр елде аудармашысыз-ақ өз жалғасын тапқан.
Соның бірі, тарихта өзіндік орны бар, рок-музыканы дамытушы британдық "Битлз" тобы. "Битлз" тобы Ливерпуль каласында 50-жылдардың аяғында құрылды. 1963 жылы - альбомын шығарды, 60-жылдардың ортасынан бастап әйгілі рок-тобына айналып, бірнеше альбом-дискілерін шығарды. "Битлз" көне мен жаңаны үйлестіре білді. Джон Леннон, Пол Маккартни, Джордж Харрисон, Ринго Старр.
"Битлз " тобыныц орындауында бір ән тыцдау.
Шетелде дамыған рок-музыка, Ресей елінде өз жалғасын тапты. Тек "рок" деген сөз жоғарыда отырған бастықтарға ұнамай, сондықтан да жаңадан ұйымдастырылған ұйым (ұжым) ВИА - вокалды аспаптар ансамблі деп аталды. Рок-музыка топтарына қарағанда құрамы көбірек, толықтырылған. Ырғақ беретін ұрмалы аспап (барабан) пен бас гитарадан баска 2 гитара, клавиштік аспап, үрлемелі топқа (саксофон, тромбон, труба) бірнеше солистер, т.б., олардың бірнеше үнтаспалары, магнитофондык ленталары шықты.
1967 жылы Москвада "Веселые ребята" ансамблі құрылды (жетекшісі Павел Слободкин). 20 жылдан астам уақыт ішінде бұл ансамбльдің құрамында Александр Буйнов, Александр Барыкин, Вячеслав Малежик, Вячеслав Добрынин, Александр Градский, Алла Пугачева т.б. болып, жұлдызға айналып жеке бөлініп шықты.
Осы кезде "Самоцветы", "Песняры", "Ариэль" т.б. ансамбльдер құрылып, жастардың сүйікті топтарына айналды.
Соның бірі қазақстандық, аты аңызға айналған, кұрылғанына 35-жыл толған тойларын атап өткен "Дос-Мұкасан" ансамблі. "Дос-Мұқасан" ансамблі 1967 жылы (жігіттер ансамблі) болып құралған болатын.
Жайдарман (халыц әні), Туган жер (М.Құсайынов) — тындау.
"Дос-мұқасан" репертуарынан "Су тасушы қыз" әнін үйрету.
а) Әнді орындап беріп, көрсету; ә) Әннің сөзін қимылмен үйрету; б) Әннің әуенін үйрету; г) Мәнерлеп орындау.
Сабақты қорытындылау:
Ойланайықшы, балалар: "Мәңгілікпен үндесе білген өнердің ғана көсегесі көгереді" дейді халык жазушысы Әбіш Кекілбаев ағамыз. Өлмейтін өнер деп, осындай жалғасы бар, өнерді айтамыз. (Үйде шығарма жазып келу).
Сабақ тақырыбы: "Жарасымдылықпен жалғасқан достық".
Мақсаты: а) Қазақстандағы Ресей жылына байланысты екі елдің тарихи мәдениетімен, өнерімен таныстыра отырып ,,Еділ – Жайық,, әні арқылы оқушыларға ежелден келе жатқан казақ пен орыс халқының достығын ұғындыру;
б) Балаларға өзге халықтың мәдениетін, өз халкының мәдениетімен салыстырмалы түрде таныстыру. Ән-күй шығармаларын тыңдату аркылы дәстүрді сақтауға, елін сүюге тәрбиелеу және өзге халықтың мәдениетін құрметтеуге үйрету;
в) Сабақ тақырыбына байланысты достык, жарасымдылық, жалғастық, ынтымақтастық ұғымдарын пайдалана отырып, саяхат сабақ арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Күтілетін нәтиже:
екі ел арасындағы достықтың тарихи негізін түсінеді;
екі халық арасындағы мәдени өнері, салт-дәстүрінің тығыз байланыстылығының мәнін ұғады;
достық, сыйластықтың өмірге қажет екенін біледі.
Сабак түрі: Аралас сабақ.
Көрнекіліктер: домбыра, карта, екі ел жалауы, күйтабақ, күйсандық, портрет-суреттер, сөз-жұмбақ.
Ұйымдастыру бөлімі: Сынып 2 топқа бөлініп, колдарына Қазақстан мен Ресейдің жалаулары беріліп, сыныпқа кіреді.
Мағынаны тану:
Менің байқауымша бүгін бізде бір-біріне көршілес Қазакстан мен Ресей елінің азаматтары келіп отыр екен.
Қонақтарымызды бір-бірімен тереңірек таныстыра кетейік. Осы екі ел бір-біріне қалай орналасқан?
- Іргелес, жақын, көршілес екен.
Ал осы жақын көршілер арасында не орнауы қажет, қандай қарым-қатынаста болу керек деп ойлайсыңдар.
Әрине татулық, бейбітшілік, достык көпірі болуы керек.
Осы екі ел дұниежүзінің кай материгінде орналаскан?
Еуразия.
Қазақстан Еуропа мен Азия елдерін косып жатқан "Алтын көпірі" .
Қазакстан аркылы Ресей Азия елдерімен байланысын орната алады.
Жалпы бір сөзбен айтқанда "Қазақстан достықтың алтын көпірі".
Осы достық аясында өткен, биылғы жылдар тарихта қандай жыл деп аталды?
Олай болса достық жылдарына байланысты осы екі елге саяхат жасап көрейікші.
Ал енді Қазақстандықтар болып, сапарымызды Ресей елінен бастайық.
Маған Қазақстанға шекаралас Ресей қалаларын атап берінізші?
Ендеше, Ресей калаларына сапар шегіп мәдениеті ән-жырларымен танысып қайталык.
Сапарымызды Астрахан жерінен бастасақ. Бұл қала бір кездері қазақтардың атақонысы болған. Кезінде Бөкей хандығының Астрахан губерниясына қарағандығы да белгілі. Бүгінде бұл жерде 140 мыңнан астам қазактар тұрады екен. Бір кездері қазактың күй атасы атанған – Құрманғазы бабамыздың осы өңірде ізі қалған екен. (Құрманғазының суретін көрсету).
Қандай күйлерін білесіздер?
Мынау қандай күйі?
"Аман бол, шешем, аман бол!" күйін Қазақстан жерінен әкелген сәлемдеме ретінде ойнап берейікші?
Енді сапарымызды әрі қарай Саратов жерінде жалғасақ.
Бұл қала Еуропадағы ең ұзын өзендердің бірі - Еділ бойында орналасқан. Сәл аяңдап, осы жерден әдемі бір шығармадан үзінді тыңдайықшы.
Жаңа біз шығарманы (күйді) кандай аспапта орындадық?
Енді домбыра аспабына арналған шығарманы, казіргі заман талабына сай «ямахамен» қосылып орындалуын көрейік. Бұл шығарма "Саратов саздары" деп аталады.
Келесі аялдайтын каламыз - Самара. Портты қала. Мәдениетімен қоса ірі өнеркәсіп (машина заводы) экономикасы да жақсы дамыған қала.
Балалар, осы әдемі қала туралы қандай ән бар еді?
Әнді Қазақстанның халық қаһарманы, халык әншісі - кім еді?
Роза Бағланова апамыз бірінші рет орындады. Апамыздың орындауында "Ах, Самара" әнін тындап көрейікші.
Әдемі әннің әлдиімен Орынборға келіп қалыппыз ғой.
Орынбор - Қазақстанның ежелгі астанасы. Осы жерден әже-апаларымыз оранатын түбіт орамалдары тоқылады екен (шаль, пуховый платок) /Орамал көрсету/.
Мына әнді тындап көрейікші, ән не туралы екен.
Бұл ән орыстың ұлы композиторларының бірі, 100 жылдығын тойлайын деп отырған «Музыка» бағдарламасын жасаған – Дмитрий Борисович Кабалевскийдің (хормен айтайықшы) "Наш край" әні /Кабалевскийдің суретін керсету/.
Әнге дауыс жаттықтырып, елімізге әндетіп қайталык.
Енді сапарымызды Қазақстан қалаларында жалғастырайық. Көршілес Ресейлік достарымызға еліміздің мәдениетін, әдемі қалаларын, әсерлі ән-күйлерін, ұлы тұлғаларын таныстырайық.
Сапарымызды Қазақстаннын Шығысынан бастайық.
Алдымызда Семей елі. Семейді айтқанда кім есімізге түседі, кіммен мақтана аламыз? Аты ЮНЕСКО-ға тараған мерей күнін тойладык?
Иә, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев /Абайдың суретін көрсету/.
Абай атамыздың акындығынан басқа тағы кандай өнерін білеміз? Сазгер. Қандай әндерін білесіз?
Сол Абай әндерінің негізінде А.Жұбанов пен Л.Хамиди "Абай" операсын жазды.
Операдан "Ажардың ариясынан" үзінді тыңдалық.
Ән ұнады ма? Әдемі әнмен Павлодар жеріне асайық.
Жол кысқарсын, Павлодарға жеткенше әдемі бір шертпе күй орындап берейін.
Тәттімбеттің "Көкейкесті" күйі.
Күмбірлеген күй әсерімен Павлодарға да жетіп қалыппыз ғой.
Павлодарлық қандай ақындардың өлендерін, әндерін білесіздер?
Бұл жер дәстүрлі әншілердің мекені: Жаяу Мұса, Естай, әнші Майра Уәлиқызы т.б. дүниеге келген. Ал мына бір әнді тыңдап көрейікші.
Кімнін, әні?
Жолымыз кысқарсын, Майраның "Майра" әніне дауыс жаттықтырайық.
Қос құрлық Азия мен Европаның тоғысқан жерінде орналаскан Батыс өңірі ежелден көршілес елдер арасындағы рухани байланыстар мен әдеби шығармашылыктардың көпірі болған мекен.
Еліміздің Батыс аймағына кай қалалар кіреді? Ақтөбе, Орал, Атырау.
Батыс Қазакстанды айтканда кімдермен төбеміз көкке жетеді?
Қандай күйші-сазгерлер, ақындар, батырларды білесіз?
Құрманғазы, Дина, Даулеткерей, Сейтек, Мұхит, Махамбет т.б.
Сапарымызда біздер әндер айттық, күйлер орындадык, шығармалар тыңдадық. Енді өлең оқитындарыңыз бар ма? (Махамбеттің өлеңдерін сұрау).
Олай болса осы киелі топырақ, киелі мекенге тоқтамай кету мүмкін емес.
Қараңыздаршы Орал қаласы қандай өзеннің бойында орналасқан? Бастауын Орал тауынан алып, Ресейдің Челябинскі, Орынбор жерімен
ағып, Каспийге барып құяды. Жайық немесе Урал өзені .
Ал балалар, Жайыкпен катарласа ағып, арнасын Каспийге кұятын Ресейде қандай өзен бар еді?
Біз саяхат жасаған қала қай өзеннің бойында деп ойлайсындар? (Иә, Еділ немесе Волга өзені екен).
Достықтың куәсіндей катар ағып жатқан егіз, кос өзен "Еділ мен Жайықты" жырламаған ақын, әнші кем емес.
- Әнші- сазгер І.Жакановтың "Еділ мен Жайық" әнін үйреніп қайтайық.
Қорытынды: ойын түрінде (көпір ашу).
Балалар, достық жылдарына байланысты қай елдерге саяхат жасадық. Қандай қалаларда болдық?
Кандай өзен бастауын Ресей қалаларынан алып, Қазақстанды жағалап, Каспийге құяды?
Сапарымызда кандай күйшілердің күйін тындадық?
Биылғы жылы жүз жыл толғалы отырған орыстың ұлы композиторы кім, қандай әнін орындадық?
Қазақстанның халық қаһарманы, әншісі кім еді, оның орындауында қандай ән тыңдадық?
Домбыра мен «ямаханың» үндесуімен Саратов жерінде кандай шығарма орындадық?
- Осы сапарымызда кандай жаңа ән үйрендік?
"Арамыздағы алтын көпір үзілмесін", достығымыз нығая берсін! Соңында қолдарындағы жалауларың алмасып, әнді айтып елдеріне қайтады. (Вестннк КазНУ имени аль-Фараби /Серия педагогнческие науки – №2 (11). - Алматы, 2000.)
Р.Қ.Дүйсембінова
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӘНДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен қапсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі өсиет арқылы, ізгілікті мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-құлыққа, сиқырлы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге, қазақ халқының тарихын, өмір сүру тіршілігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Казақ әндерінің дидактикалық, танымдық касиеті негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.
Казақ халық әндерінің жанрлары да көп. Оларды жүйеге келтірілген жіктемелер де баршылық (А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович, Т.Бекқожина, З.Қоспақов, т.б.). Жіктемелерін бәрін өнертану саласында толық қолдауға болады. Ал педагогикалык салада оларды осы калпында пайдалануға болмайды, өйткені олар әндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін жан жақты ашып көрсетуді шектейді. Біздің пайымдауымызша мектеп практакасында мазмұнды пайдалану мақсатында казақ әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін былайша жүктеген дұрыс сияқгы:
тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар әндері);
еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әңдер, жұмысшы әндері);
үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, құдалар әңдері);
ұлыс әндері (жарапазан); діни әдет - ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);
жаналазау әндері (естірту, жұбату, көңіл айту);
нақиялы әндер (алғыс, бата, тілек, жұмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);
қиял-ғажайып әндер (аңыз әңдер, өтірік өлеңдер);
сатиралы - юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);
тарихи әндер;
әлеуметтік теңсіздік әңдері;
эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);
айтыс әндері;
лирикалық әндер.
Казақтың халық әңдері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмастығы көзғарасты әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен оқушылар назарын өзіне аударады.
Казақ әңдерінің музыкалық-поэтикалық құрылымының күрделілігі, жас буынның ой-сезімі мен танымдылығына әсер етуші күштерінің сан қилы болып келуі, оның өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып келеді.
Ал біздер сөз еткелі ытырған окушылардың музыкалық-эстетикалық дамуын жетілдіруде ән тәрбиелік мүмкіндіктерін нәтиежелі пайдалану казақ әндерінің өзіндік бітім-тұлғасын, мазмұнын түп төркінін, көркемділік мәнерін жете білмейінше, ойдағыдай жүзеге асырылмайды.
Казақ әндерінін ерекшеліктері әдебиет саласында А.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Б.Уақатов және баска зерттеушілердің еңбектеріңде талданды. Педагогикалық зерттеудерде казақ әндерінің ерекшеліктері жөніңде арнайы еңбектер болғанымен, осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірлер мен пайымдауларды С.А.Ұзақбаеваның, А.Нұғымованың, М.Х.Балтабаевтың, Ж.Өтемісовтың ізденістерінен байқауға болады.
Біздер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерге сүйеніп педагогикалық түрғыда карастырылған ән мұраларының казақ өмірімен тығыз байланыстылығы, тарихилығы, көп варианттылығы, философиялық ой тереңдігі, көркем образдылығы, синкреттілігі, дидактикалық және танымдық маңыздылығы жөне мелодиялық интонациялық кұрлымындағы әуен өсемділігі деп ажыраттық. Осылайша байлам жасауымызға А.Қоңыратбаевтын ән-өлең шығармаларына берген сипаттамаларын, ерекшеліктерін: "Олар - фольклордың коллективтік және үлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлігі, тарихилығы және ауызекі дамуы... фольклор синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй енері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде керінеді", - деген тұжырымдарын негізге алуга болады.
Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның есте калғыш, тартымды әрі карапайым, көркем образдылығы. А.Қоңыратбаевтың осы пікірі ән-елеңдерінің тағы бір ерекшелігін оның көркем образдылығын дәл көрсетеді. Халық әндерінде ақылғой қария Асанкайғы, Қорқыт, Жиренше еліне қиын-қыстыу кезде болған Кобланды, Алпамыс, Ертарғын, Қамбар батырлар, өнегелі ару қыздары Қыз-Жібек, Баян-сұлу, Қарашаш, Ақжүніс тәрізді жасампаз образдар әсем сазбен, сырлы әуен көгендерімен жиі кездеседі.
Ән синкреттік өнер. Оның бойында біртұтас бірлкте сомдалған. Ән өнерінің әсер етуші механизімінің күрделігі, біздің оның негізгі ерекшелігі синкреттілігіне байланысы зор.
Қазақ әндеріндегі философиалық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен капсырыла қапталдасқан. Қазақ әндерінің қай жанрын алмасақ та, өнегелі есиет арқылы, ізгілікті мейірбандықка, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалды мінез-кұлықка, сақилы ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге қазақ халқының тарихын, өмір сүру тірішлігінің сан қилылығын, қоғамдық қөзқарастарын, ақыл-ойының жиынтығын танытады. Яғни, қазақ әңдерінің дидактикалык, танымдық қасиеті оның негізгі ерекшеліктерін тағы бір қырынан көрсетеді.
Біздер казақтың халық әндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін талдағанда жоғарыда аталған зерттеушілердің ән жанрларын классификациялауына сүйеніп педагогикалық мақсатпен жүйелеп, төмеңдегі классификациямыз бойьнша карастырамыз:
- тұрмыс салт әндері (бесік жырлары, балалар мен жастар әндері);
еңбек, шаруашылық, кәсіп әндері (бақташылық, төрт түлік мал туралы әндер, диқан, егіншілік әндері, аңшылық, саяткерлік әндер, жұмысшы әндері);
үйлену әндері (той бастар, той тарқатар, жар-жар, беташар, қоштасу, сыңсу, кұдалар әндері);
ұлыс әңдері (жарапазан); діни әдет-ғұрыптар тудырған әндер (бәдік, бақсы, сарыны);
жаналазау әңдері (естірту, жұбату, көңіл айту);
- нақиялы әңдер (алғыс, бата, тілек, жүмбак, мысал-әжуа, күлдіргі мыскыл әндер);
киял-ғажайып әндер (аңыз әндер, өтірік өлеңдер);
сатиралы юморлық әндер (әзіл-қалжың, мысқыл, күлдіргі әңдер);
тарихи әндер;
әлеуметтік теңсіздік әндері;
эпикалық шығармалар (терме, толғаулар);
айтыс әндері;
лирикалық әндер.
Турмыс салт әндері адам баласының өмірге келіп ержетіп, есеюі, қаза болуы сияқты елеулі кезеңдерге, уақиғаларға байланысты туындаған. Нәрестенің өмірге келуі, әр шаңырақты қуанышқа толтырып, шілдехана жасалып, ат қойылған. Кіндігі түскен баланы 5-6 күннен соң бесікке салып, түрлі ырым-жоралғылар жасалған. Ал бесікке салынған баланың өсіп жетілуінде бесік жырларының тәрбиелік маңызы айрықша болады. Бесікке салынған бөбек анасының сүйіспеншілікке толы, жанға жағымды нәзік әуеніне балқып, тәтті ұйкыға кетеді. Бесік жырларының құрылымы карапайым болғанымен, сазы жан тебірентер мамыражай, әрі көркем болып, жас сәбидің нерв жүйелеріне, жалпы психикасына жағымды әсер етіп, көңіл-күйін орнықтырады. Ананың бесіктегі нәрестесін уата отырып айтқан игі тілектері, болашақка деген жақсы үміттерін сүтімен, әлдиімен ерте бастан-ақ құлағына кұйылып ержетеді.
Балалар мен жастардың өндері көшпелі өмір сүрген халықтың күделікті тіршілігіне байланысты туыңдаған. Балалардың өздеріне қоршаған табитаттағы жан-жануарлармен, кұстардың дыбысын, іс-әрекеттерін қызық көріп бейнелегендері "Асау мәстек", "Қоғый гөк", "Соқыр теке" және сол сияқты турлі ойын элементтерінде кездеседі. Осы ойындардың өндері де бала табиғатына сай, ойнақы, көңілді, ширақ болып келуі олардың музыкалық-эстетикалық кабілеттерімен, мәнерлеп ән салу дағдыларын дамытуға септігін тигізіп отырған. Ал "Камажай" сияқгы жастардың ауыл арасындаға той-томалақ, алдыбақан және басқа ойындарында айтылатын әндері оларды әсерге бөлеп, әнге деген ынта-ықыласын канағаттандырып, сүйіспеншілігінг арттырады. Балалар мен жастар әндерінін бәріне тән ерекшеліктері олардың, ойнақылығы, эмоциялық көңіл күінің көтеріңкілігі, дидактикалык; мән мағынасы күнделікті оку тәрбие жұмыстарында пайдалануға өте қолайлы жағдай жасады.
Еңбек, шаруашылык, кәсіп әндері мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінеді және тақырыбы мен поэтикалық тексі орыңдалатын еңбек, шаруашылық түріне байланысты болады. Казақ халқының негізгі кәсіпшілігі төрт түлік малмен байланысты болғандықтан, оның өмір тіршілігінде үлкен орын алғаны белгілі. Халық төрт түлік малды кұт санаған және Шопан ата - қойдың, Жылқышы ата - жылқының, Сексек ата - ешкінің, Ойсыл қара - түйенің, Зеңгі баба - сиырдың пірі ұғынып табынған. Аңшылық, саяткерлік әндері жігіттің арманы болған жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, сұлу қызға деген ғашыктық сезім арқау болып, мінсіз сұлулық, шынайы мөлдір сезім, жан-жануар, табиғат сұлулығын дәріптейді.
Егіншілік әңдері Наурыз мерекесіне байланысты тақырып елеулі орын алды. Сабантой кезінде "Кеусен", ,,Ат желі" сияқты речитативті әндер айтылған.
Жұмысшы әндері Қарағанды, Қарсақпай, Жезқазған, Риддер шахталары мен рудниктері иелерінің зорлық-зомбылығы, жұмыскердің ауыр еңбектері, көрген мехнаты тақырыптары аркау болған. Оған "Ауыр еңбек астында", "Ақшамды бермей қойды ғой" тәрізді әңдерін жатқызуға болады.
Үйлену әндері - казақ халқының от басының тағдырына, жас буынның өсіп, мұрат-мақсатына жетуіне, арман-кайғысына ортак әндер. Үйлену әндерінің алуан түрлері жасалып, халықтың тұрмыс тірішлігіне, әдет-ғұрпы мен салт-санасы, ой сезімі мен арманниетін білдіретін танымдық мәні елеулі. Әдет-ғұрыпқа байланысты бұл әндердің өзі жар-жар, сыңсыма, қоштасу, жұбату, беташар, той бастар түрінде айтылады, Халыкпен бірге жасасып, өркендеп келе жатқан бай салт-дәстүрінің ішіндегі өміршеңі - келін түсіру той-томалағы. Бұл жоралғы халқымыздың қадір қасиетін, өнеге өрісін, тұрмыс тіршілігін сонымен қоса адамгершілік-этикалық кағидаларын танытады.
Халықтың педагогикалық шарттары мен талаптары беташарда мол көрініс береді. Жаңа түскен келінге тойдың ең көңілді кезінде өнеге түріңде айтылады. Беташар әдетте "Келін, келін келіп тұр, келін үйге кіріп тұр)" деп басталып, келінге келген үйі мен бүкіл ауылдың адамдарын таныстырып, олардың өмірдегі, ауыл арасындағы алатын орны мен беделі, мінез ерекшелігі әзіл мен ңақыл сөздермен айтылады.
Ұлыс күңдері еңбекпен тығыз байланысты әндер айтылады. Казақ халқы ұлыс күнін "жыл басы" санайды. Бұл күндері жастар ойын-сауық құрып, қарт-қариялар еңбек адамдарына бата береді.
Наурыз мейрамы күндері жарапазан айтылады. Жарапазан "Шахарзабан" - парсы тіліңде шахар кезуші, тақыр, күлдіргі ақын деген ұғымды береді. Бізде ол үй арасында кезіп жүріп ән айтушы болмак; "Тұсында келіп тұрмыз ақтап қана, жарапазан айтамыз мақтап қана" - деген жолдарға қарағаңда, оны кейде жұптасыпта айтатын болған. Жарапазан халық поэзиясының дәстүрінде жасалып мақтау ниеттестік, кейде әзіл-күлкіде болады. Бірде жыр, бірде кара өлең түрінде айтылып, басы хикаялау, мақтау, аяғы-алғыс, бата болып келеді. Сый-сияпат көрсетпеген үй иелерінің сараңцығын бетіне салық қылып аямай сынаған.
Жаназалау әндері - тарихи оқиғаларға, адам казасына байланысты туындап, ел аузында сақталған естірту, көңіл айту, жоқтау сиякгы салт әңдері. Мұнда жеке адамның немесе бүкіл бір елдің көңіл-күйлерінің сан алуан толқыны бар. Жерімен, елімен, жарық дуниемен қоштасу әндері ел басына түскен ауыр күндерге туған. Оның өлген адамның тірі күнін де айтқан өсиеті түрінде кездесетін үлгілері де болды.
Тұрмыс салт жырларының бұл арнасын біз мұң-шер өлеңдері деп те айтамыз. Адамның көңіл-күйін, өмір құбылыстарын терең толғайтын жаназалау әңдерінің тәрбиелік мәні бар.
Накиялы әндер қатарына, мысал, алғыс-бата, тілек, әндері кіреді. Бұл әндерде халық педаготкасының ең құнды жинақтары бар. Салт дәстүрлердің сәнін мәнін арттара түсетін ән үлгілері - бата-тілек әндері. Шынайы халыктық сипатқа бөленген, бірақ кез-келген жайға арналып айтыла бермейтін бата-тілектің карапайым тәрбиелік, тағлымдық мәнінің орасан зор екендігін оның өн бойындағы, ой ұшқырлығын, ақыл-парасатты, өмірлік тәрбиені, кемелдік пен көсемдікті шешендік пен шеберлікті байкауға болады. Ол өзі - терең философиаық астарымен ерекшеленіп тұрады.
Күн шуақты болсын,
Көлің суатты болсын!
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті болсьш! - деген бірер шумақтың өзінде көңілге көп жайды тиіп, оның халық тіршілшндегі, тұрмысыңдағы орны мен рухани салмағын толық түсінгендей боламыз.
Нақлият әндерде аса бағалы дидактикалық бай тағлымдық қазына жатыр, қоғамдағы адам өмірін бағыттайтын жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен парсыздықтың, моральдык, этикалық ұғымдарды жырлаған.
Нақлият әндерінің бір түрі - мысал әндер. Оларда аллегория түрінде ақыл-кеңес, мораль мәселелері айтылады. Сондықтан халық жыршыларының шығармаларында параллелизм, астарлап айту, символикалар жиі кездеседі. Олардың басты кейіпкерлері қорқау қасқыр, қу түлкі, аңкау қой, әнші бұлбұл, ақылсыз есек, өсекші карға тағы сол сияқтылар. Мысалы, Ж.Жұмабаевтың ән-мысалында:
Қарға менен сауысқан
Түбі бірге туысқан.
Тілейтіні қарғаның,
Ағайынның бірлігі.
Шықыддаған сауысқан,
Ед бүлдіру тірлгі, - деп еңбекшіл қарға мен өтірікші, өсекші және жалқау сауысканның тірлігін баяндайды.
Мысал әндерде параллелизм мен символика астасқан түрде де пайдаланылады. Мысалы аққу - сұлулық символы, сұңқар - батырлық, көгершін - бейбітшіліктің, қарлығаш - достықтың, өгіз - еңбекқордың, туйе - дала кемесінің символы ретінде беріледі. Мысал - әндерде кейіпкерлер ретінде құстар мен жануарлар келтірілген.
Жұмбақ өлеңдерде дидактикалық тәлім-төрбие мәселелері арқау болған. Ән-жұмбақтардың әр түрлі өзінің көркемдік ерекшеліктерімен коса аса бағалы төрбиелік мәні бар. Жұмбақ өлеңдер I, 2, 3 немесе 4 жолдардан құралады. Көркемдік мәнерілілігі жағынан мақал - мәтелдермен пара-пар деуге келеді. Мысалы, Ертай, Құлсариевтің трактор туралы ән-жұмбағында:
Бір базар көшіп келген Мәскеу жақтан,
Білмеймін ауырлығы неше батпан?
Ақын - жырлар ән - жұмбақтардың екі түрде: біреуінеде жұмбақтай отырьш, қолма-қол жауабын беріп отырса, еккіншісінде, халықтың өзі шешімін табуға арнап айткан. Мысалы, ән жұмбақтарда салыстырмалы метаформалар мен антитездер көптеп кезігеді.
Қиял ғажайып әңдердің катарына аңыз-әңдері, өтірік өлеңдері де жатады. Олардың сюжеттік мазмұны әр тұрлі болғанымен, негізінен халық өмірінен алынады. Карапайым адамдардың болашақка деген үміт-арманы, бақыт пен шынышылдық, ақиқат туралы сенімі арқау больш ән соңында дидактикалық ой-тұжырым мен байқаулар жасальш отырады.
Сатиралық-юморлық әндер ақын-жазушылардың орындауында халық тұрмысындағы келеңсіздікпен күресте айбынды қару балды. Халық жаршылығы күні бүгінге дейін юморлық, әзіл-қалжың, әжуа әңдерді шығарып келеді. Сан қилы әндерде жақсы әзіл, сын, сарказм, ирония кезігеді. Құрбы кұрдастарына арналған достық шаржлар, табыстары мен жетістіктеріне, олардың кәсіптік және мінездеріндегі кейбір қасиеттеріне тоқталады. Халық ақындарының ішіңде өте көп таралған сатиралық әндерде адамдардың ақылы тарлығы, тәрбиесіңдегі сорақы мінездерін аямай әжуалаған. Арсыз жалкаулықты, арсыздықты тамаша өткір теңеулермен шенеп - мінеген.
Мысқылдың ең шарқау шегі - сарказм екені белгілі. Өткір сатиралық әндер Сүйінбай мен Бахардың, Баймағамбет сұлтанның қыздары мен әйелін мақта дегеңде айткан Шернияздың ирониялық әндерін жатқыызуға болады. Сондай-ақ антитезге Т.Ізтілеуовтың, К.Тәкежановтың диалог, монолог түріндегі өзіл-қалжың, сатиралық әңдерін атауға болады.
Сатиралық әндер әрдайым кемшіліктермен күресу құралы ретінде өзінің карапайымдылығы және стилінің айқындығымен, идеялық мазмұнының тереңдігі мен оқу-тәрбие жұмысының аса пәрменді құрал болмак, әрі олардың азаматтық, қоғамдық мотивтермен, отансүйгіштік идеялармен үнемі байып отыруы жастар тәрбиесіңде кеңінен пайдалануға кең жол ашады.
Тарихи уақиғаларды суреттеу әндері халықтың тағдырына байланысты өмірлік маңызы бар көптеген оқиғаларды үлкен көркемдік дәрежеде бейнелеп отырған.
Тарихи әндердің бір түрі - шежіре әндер, терме түрінде ата-бабаларымыздың тарихи шежіресін тарату мақсатында өмірге келгендер. Шежіре әуендерде ірі уакиғалар суреттелмегенімен, айбынды аталарымыздың кімдер екенін, кім-кімнен тарайтындығын анық көруге болады. Сонымен, тарихи әндер казақ музыкасының үлкен бір бөлігін құрайды, тақырыптарының идеялык мазмұны күшті, халық есінен өткендегі тарихи жайлар ұмыт калмай, ұл-қыздарымызды едін-жерін сүюге, ұлтжаңдылыққа тәрбиелеуге маңызы зор.
Әлеуметтік-теңсіздік әндерінің тақырыптары қазақтың ән жанрларының әр түрлерінде көрініс тапқан. Олар әсіресе еңбек такырыптарындағы сонымен бірге сатиралық әндерде көп кездеседі. Халық творчествосында демократиялық бағыттарының дамуында больш, негізгі тақырыбында әлеуметтік мәселе басты орын алады.
Өзінің кұрлымы жағынан әлеуметтік-теңсіздік әңдер лирикалық әндерге жақын болғанымен, өзінің мақсаттылығымен, интонациасының қаһарлығымен, мелодиясының айшықтылығымен және сергек те ширақ ырғағымен, кең диапозонымен ерекшеленеді.
Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар. "Эпос-идеялық, көркем мәні және композициялық құрлысы жағынан музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңцер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтұрған, Бүхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.
Терменің ұлы міндеті - елге ізгі ұғымдарды тарату, халықты тарихтың тағылымы арқылы рухани жетілдіру, әрі эстетикалық ләззат беру. Терме өнерінің көркемдігі кемел, ғибараттылык қуанышы мол, асқақ та әдемі. Ерекше сүйкімді тыңдаушының кұлағын елітіп, жүрегін билейтін сазы, әуені, өздеріне лайық мақамы мен ырғағы бар. Өзінің халықкқа ерекше ұнамдылығымен, ғасырдың көркемдік даналығын саф таза қалпында бүгінгі қауымға жеткізуге мүмкіндігі молдығымен, өткен өмірдің ең жүрек жарды өсиетін, ата-бабалардьщ өмір сабағын, дүниетанымдылық құбылыстарға берген батасын, үміті мен арманын айта алатындығымен, терме өнері - рухани байлығымыздың, мәдениетіміздің заңды мұрагері. Жас буынды парасатка, биік адамгершілік, сергектік, әдептілік, ата-бабаның үлгі-өсиетін, қағидасын қадір тұту кең ойлап үйренушілік, дүниетанымдық рухында тәрбиелеуде қызметі ерекше.
Терме дидактикалық пәрменділігі риториялық сауалдар аркылы "Біріншіден не жаман?" - деп оған қолма-қол жауап беріліп, тәрбиенің шұрайлы сөздері мен жүрек қағысын еліктетін әуені мен қысыла отырып, тағылым сырлары төгіле береді. Сөйтіп, тыңдаушының назарын негізгі мақсатқа аударып, мәселеге ойланып, адамның ақыл-ой мен санасына эмоционалдық әсер береді.
Желдірме - жеддірме, речитативті әуен. Оның синонимі - "төкпе","төк" жылдам екпіндегі дыбыстар төгілмесі. Терме жоғарғы дауыспен басталған кіріспеден, кейде кіріспесіз айтылады, екпінді, жүрдек, ырғақты әнге құрылды.
Толғау - қазақ фольклорының көп тараған жанры, түрі мен мазмұны жағынан термеден кенірек те, дастанға қарағанда шағыңаду болып кедеді. Толғау - дала өмірінің дидактикалық, педагогикалық дастаны деуге келеді.
Дәстүрлі философиялық толғау Асан қайғы творчествосымен байланысты. Ел қамын ойлап, толғауын толғауларында дүниеде не жаксы не жаман деген ҰҒЫМ төңірегінде философиялық пікір тастаушы Асан қайғы ой пікірлері - жастар үшін мән-мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті тәрбиелік құрал.
Халық қамын жеген, біркелі бірлікке, достыкқа шакырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшалай келе Асан қайғы:
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбіңде жатады.
Ой түбіндее жатқан сөз,
Шер толқыса шығады, - деп толғана келе көрікті ойдың адам
сезімімен, көңіл-күйіне байланысты туатынын қортыңдылап, философиялық байлам жасады.
Казақ халқының аса мол дамыған дербес саласы - айтыс. Айтыс -"айту", "айтысу" деген сөздерден туған. Айтыс поэзиясының нышандары казақтың эпостык жырларынан көп кездесіп отырады.
Лирика әндер - қазақ музыкасында ең бай мұрасы. Идеялық-эмоциялық мазмұны кең, тақырыптары адамзаттың қуаныш-мұңы, өкініші, махабаты, табиғат сұлулығы, жан-жануарлар әлемі, сұлу қыз, жүйрік ат, алғыр тазы, өкіншті өмір т.б. туралы сан қилы болады.
Лирикалық әндердің поэтикалық мазмұны музыкалық әуенмен тамаша үйлесіп, көркем тоғысады. Сонымен бірге интонациялық ерекшелігі мен мәнерлік қасиеті сұлу сомдалады. Қайырмаларындағы "Ай-ай", "Беу-беу", "Ей", "Ахау", "Қарағым-ау", "Сәулем-ай", "Шіркін-ай" сияқты әсем әуен қозғалыстармен көмкеріліп әдемі көрік берді.
Қазіргі күні казақ халқы өзінің жаңа дамуын басынан кешіп, тәуелсіздік алып, өз туын қабылдап, тілін, дінін тереңірек игеруге бет алып отырған жағдайда "Елім-ай" әнінің ыргағы әр жүректі дүрсілдетіп, елін, жерін, Отаным деген ой-санасымен болашақтағы зор үмітімен астасьш жатқанын айтуға болады. Үлкен жүректі ел ағалары көтерген игі бастамаларын осы "Елім-ай" атымен айдарлап халық игілігіне үн қосуда. Дәстурлі халық әңдері өмірлік мәні бар дидактикалық маңыздылығы мен бала тәрбиесіне қолдануға өте қолайлы болып келеді. Оның поәтикалық тексі сезімді билеп қана қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой салады, терең толғанысқа түсіреді.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында мектептердің жағдайы өте ауыр болды.
Казак, мектетеріңдегі оку-жоспарлары мен алғашқы оқулықтар 1922 жылы казақ халық ағарту комиссариатының "РСФСР-дің I және II басқыштағы бірыңғай еңбек мектептерінін программалары" негізінде жеті жылдық казақ мектептерінің оқу-жоспарын бекіткеннен соң ғана қолға алынды. Оқу тәрбие ісіндегі мұқтаждықтар балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін кажетті деңгейге ұйымдастыруға мүмкіңдік бермеді.
Қазақстандағы мектептерде ән-күй сабақтарының өте төмен дәрежеде өткізіліп, сапасының канағаттандырғысыз болғандығын Казақ ССР халық Ағарту Комиссариатының 30 жылдардың аяғындағы есептерін талдау барысында байкауға болады.
Салыстырмалы талдауға Б.Ғизатовтың (1984) және М.Балтабаевтың экспериментті (1988) оқу бағдарламалары алынды.
Казақтың халық әндері 1984 жылғы бағдарламада тым аз беріліп, әндер туралы теориялық мағлұматтар жуйесіз енгізілді. Мысалы, 1 сыныпта бар-жоғы 2-ақ ән енгізілген. Оның біреуі "Камажай", тыңдау үшін енгізілген де, авторлар осы әнді әнге салып айтуға, би билеуге болатындығын хабарлауды мақсат етіп қояды. Ал екінішсі - "Елім-ай" алынып, тыңдауға және үйреніп орындау барысында әннін шығу тарихын әңгімелеу, сипатын ажырату сияқты дидактикадық және тәрбиелік мақсаттар кең қойылған. Біздіңше, осы бағдарлама бойынша оқытқанда бірішпі синып окушыдары казақ халқының ән мұраларынан мүлде мақұрым калды десек артық айтқандық болмас еді.
Біздің ойымызша, осы мәселені шешудің бірден-бір жолы, ән үлгілерін дидактикалық принциптерді қатаң сақтай отырьш, ірікітелген оқу материалы осы еңбекте ұсынылған педагогикалық классификация негізінде қолданса, музыкалық-эстетикалық тәрбие өз мақсатында жетеді.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті идеалогиялық комиссиясының 1988 жылғы казан айының 4-дегі мәжілісінде бекітілген, "жас ұрпақка адамгерішлікті-эстетикалық тәрбие беру жөніндегі концепциясында "Республикамызда осы кезеңге дейінгі рухани өнер тәрбиесіңдегі орын алып келген кемшіліктердің беті ашылып көрсетілді. Олар мына тұрғыда болады: мектептегі музыкалық-эстетикалық тәрбие ұлттық және аймақтық мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерге бағдарланбады; сол себепті жастардың ұлттық сана-сезімдерінің дамуына түрткі бола алмады, оқу-төрбие жұмыстары халқамыздың ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогакасымен байланысты өтілмеді Сонымен катар бұл концепцияда осы кемшіліктерді шешудің жаңа принциптері, бағдарламалары берілді. Онда жастарға музыкалық-эстетакалық тәрбие беруде қазак поэтикалық мәденитіміздің түлеріне /айтыс, қисса, жыр, терме, мақал-мәтелдер т.б./ халық билері мен халықың қолтаңбалары өнері, фольклорлық ұлт аспаптарын игеруге балалар оркестр-ансамбльдерінің ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөлінуі керектігі айтылады. Міне осы айтылған талап-тілектерге сай ұлттық мектебі концепциясының негізінде "Елім-ай" атты ән-күй пәнінің жаңа бағдарламасы дүниеге келді. Профессор М.Х.Балтабаевтың баскарудағы шығарымпаздар тобы казір де республикамыздағы жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасының алғашқы кезенде әжептәуір жинақталды.
"Елім - ай" бағдарламасының басты мақсаты - окушының рухани дүниесін байытып, идеялық-эстетикалық талғамды дамыту және өмірді саналы да терең түсіне білуге баулу.
Осыған орай бағдарламада оқытудың сабақтастып, өнер түрлеріне сай музыкалық іс-әрекеті интеграциялылығы, тарихи принциптері де карастырылған. Көренекілік, білімділік сабақ процесін оптимизациялау сияқта жалпы оку принциптері де орын алады.
Сөйтіп "Елім-ай" - бағдарламасында ұлттық көркемдік мәдени дәстурге ерекше көңіл аудара отырып, халқымыздың рухани дүниесінің шығармаларын кеңірек пайдалануға ұмтылған. Оқушылар музыканы тек кабылдап қана қоймайды, оның өмір мен байланысы жайлы түбігейлі мәліметтер алады. Екінші жағынан мұнда жол басқа да халықтың ән-күйін түсінуге жоя ашады.
Енді бір көңіл аударарлық мәселе ән-күй тәжірибе жүзінде ұйымдастыру көзделген. Аспапты іс жүзінде игеру баланың білім дағдыларын дамыту (аспаппен өн айту, би билеу, сұйемелдеу, т.б.) "Елім-ай" бағдарламасының казақтың халық әндері материалдары ретінде көлемді орын алады. Сонымен бірге халық күйлерінің негізіңде әуен-жаттығулар айтқызу өте ұгымды педагогикалық тапқырлықпен карастырылған. Бағдарламада І-ші тоқсаңда казақтың халық әндерін іріктегенде бірізділік,
жүйелік, жас ерекшеліктері тағы баска принциптер жақсы сақталған. 2-3 тоқсаңдарда "Бала уатудан" соң "Той бастар", одан кейін "Карлығаш" келесісінде "Әй-әй бөпем", "Жаңа" әндеріне ұласады. Авторлар әрине, халық дәстүрін кеңінен пайдалануға ұмтылғанымен, шешуін таппаған мәселелер алі де болса өз мәнінде жүзеге асырылуын қажет етеді.
Біздің ойымызша, "Елім-ай" бағдарламасында халық әндерін енгізуде логикалық жүйелілік, жекеден жалпыға, карапайымнан күрделіге өрістеуде бірізділік тәрізді дидактикалық принциптердің сақталмауы балалардың қазақ фольклоры туралы түсінік, кабылдауларының біртұтастығын қамтамасыз ете алмады. Яғни музыкалық-эстетикалық төрбиелілігін оқу материалы ретінде халық әндерінің күңделікті өмірмен, халық тарихымен, елдің тыныс-тіршілігімен, сана-сезімімен түсіндіре алатын жанрлық сипатына сүйенгенде ғана өз мәнінде жузеге асыруға болады.
Бұл мақала алғашкы рет жарияланып отыр.
Ж.Ж.Еңсепов., А.Ж.Еңсепов
Достарыңызбен бөлісу: |