«музыкалық білім» кафедрасы



бет1/5
Дата21.04.2017
өлшемі0,83 Mb.
#14278
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» КАФЕДРАСЫ

Құжат СМК 3 уровня

ПОӘК



ПОӘК

042-18.1.32/02-2014

ПОӘК

«Музыкалық білім берудің әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік құралы


Редакция № 1 ______

«Музыкалық білім берудің әдістемесі»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ


2014-2015 оқу жылы





ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

Ред. № 1 _______2014__ ж.

Бет 2__





Мазмұны:





1

1 Глоссарий













2

2 Дәріс және Тәжірбиелік сабақтар













3

3 Студенттің өздік жұмысы














































































ПОӘК

042-18.1.32/02-2014



Ред. № 1 _______2014__ ж.

Бет 3_


1 ГЛОССАРИЙ
Әдіс сөзінің грек тіліндегі мағынасы да таным тәсілі, зерттеу жолы деген ұғымды береді. Осы әдіс сөзінен әдістеме (методика) ұғымы туындайды.

Әдістеме дегеніміз осы бұл ұғымға әдіснаманың грек тіліндегі әдістер жиынтығы туралы ілім деген мағынасы да сай келеді.

Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

Музыкалық білім – музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалдық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер.

Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгерту бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

Музыкалық іскерлік – меңгерілген білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу. Музыуканы оқытуда жалпы іскерліктер музыкалық шығарманы эстетикалық тұрғыдан қабылдауға байланысты анықталды.

Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Музыканы оқыту әдістемесі – болашақ музыка пәні мұғалімінің музыалық білім беру процестерінің әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеуге, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрететін пән.

Музыканы оқыту теориясы – музыкалық білім беру педагогикасының заңдылықтары мен негізгі қағидаларын зерттейтін пән.

Музыкант-педагогтың мәдениеті – түрлі педагогикалық көзқарастарды салыстыра білу, пайымдау және өзінің қорытқан пікірін қорғау, оны ғылыми негіздей алу қабілеті.

Абстракциялау (дерексіздендіру) – Оның екі түрі бар: Талдап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетін бөліп алу процесі.

Саралап оқыту – студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпыну.

Шаталовтың тірек сызбалары - көрнекілік арқылы оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстау технологиясы.

Музыкалық іскерлік – меңгерілетін білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу.

Музыкалық дағдылар – музыкалық іс-әрекетпен тікелей байланыстағы музыканы орындау тәсілдерінің жиынтығы.

Анкета – бұл арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымы.

Реферат – жазбаша түрде немесе көпшілік назарына ұсынылатын, талқыналатын ғылыми жұмыс.

Д ӘРІС САБАҚТАР
Тақырыбы:1. Пәннің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыттылығы, оның жоғарғы оқу орындарының музыка – педагогикалық алатын орны.

Мақсаты: Музыкалық білім беру әдістемесінің мәнін және маңызын түсіндіруі, Пәннің қандай пәндермен байланысын аша білу, Пәннің міндеттерінің түрлері, мақсаттарының ерекшеліктерін айыра білу

Тапсырма: Музыкалық білім беру әдістемесінің мәнін және маңызы

қандай пәндермен байланысы мен ерекшеліктерін қарастыру



Әдістемелік нұсқау: Әр түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту, екінші – сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі – музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттер негізінен жалпы білім беретін мектептің музыка сабағы барысында іске асырылады. Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу және шығармашылық жұмыстану – музыкаға тәрбиелеудің басты іс-әрекеттері болып есептеледі. Студенттердің жан-жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады. Музыка өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы// Қазақстан мұғалімі, 5 ақпан, 1993.

  2. 2.Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе: Учебное пособие. –М.,1983.

  3. Теория и методика музыкального образования детей: научно-методическое пособие /Л.В.Школяр, М.С.Карашникова, Е.Д.Критская и др. –М., 1998

  4. Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Музыкально-педагогические технологии учителя музыки: Учебное пособие. –М., 2005.


Тақырыбы: 2. Музыка сабағы орта мектепте музыкалық білімнің негізгі формасы, оны ұйымдастыру өнер сабағы ретіндегі ерекшелігі

Мақсаты: Музыка сабағын ұйымдастыру, формасы мен мазмұнын түсіне білу, Музыка сабығының драматургиясы, біртұтастығы, музыкалық іс-әрекет түрлерінің өзара байланысын сезіну, Музыка сабағын өткізудегі көркемдік-эмоционалдық бағыттарын аша білу

Тапсырма: Музыка сабағының ерекшелігі, Музыка сабағын ұйымдастыру, оның құрылымы, мазмұны, Басқа пәндерден айырмашылығы неде?

Әдістемелік нұсқау: Музыка сабағы – мектептегі музыкалық білім берудің негізгі формасы. Оны ұйымдастыру өнер пәні ретіндегі ерекшелігін анықтай білуге қалыптастыру педагогтың басты міндеті. Музыка сабағын ұйымдастыру, оны жоғары дәрежеде өткізу әдіскер мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Оқушыларды музыка өнеріне қызықтырудың басты бір формасы. 20 ғасырдағы музыкалық тәрбиенің қалыптасуына және мектепте оқытылатын пән әрі өнер сабақтары ретінде қарастыра келе, оның өзге пәнге ұқсамайтын басты еркешеліктерін ашып беруі үлкен жетістік болып саналады. Оның пайымдауынша, музыка пәні-өнер пәні. Оның бұл ееркешелігі музыка пәнін оқыту мазмұнының өнер туындыларына және музыкалық іс-әрекеттерге құрылумен анықталады. Музыка пәнінің екінші ерекшелігі – музыканың адам психикасына, моторикасына, физиологиялық процестерге кешенді түрле ықпал ететіндігінде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе. - М., 1983

Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Содержание и организация занятий в различных формах общего музыкального образования. – Липецк, 2006.

Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Теория музыкального образования: Учебник для студ. Высш.пед.учеб.заведений. – М., 2004.



Абдуллин Э.Б. Теория и практика музыкального обучение в общеобразовательной школ: Пособия для учителя. –М.,1983.

Тақырыбы:3. Музыкалық қызметтің түрлеріндегі музыка сабағының құрылымының әдістемесі.

Мақсаты: Музыка сабағын ұйымдастыруды, оның құрылымын мен мазмұнын білу, Музыка сабағын дұрыс жүргізуде музыка мұғалімінің шығармашылығы жөніндегі көзқарасын айқындау, Музыкалық іс-әрекет түрлерінің бағыттарын ұғындыру.

Тапсырма :

  1. Музыкалық қызмет түрлері

  2. Музыка сабығының құрылымының әдістемесі

  3. Музыкалық іс-әрекеттің түрлері

Әдістемелік нұсқау: Тиімді окыту — оқыту процесін жоғары сапалы, ең озық әдістер арқылы жүргізу болып табылады. Бұл принцип бір сарынмен, үнемі бір үлгімен оқытуға, оқушыларға шектен тыс күш түсіруге, оқу материалын тез қарқынмен үстірт өтуге қарсы. Негізгі мақсат – жеке музыкалық шығарманың, композитордың атын есте сақтап қалу емес, оқушының берілген музыкалық шығарманы терең сезінуі мен тақырыпты жете түсініп, меңгеруіне қол жеткізуге студенттерді баулу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ахметова А.Қ. Мектептегі музыка сабағын оқыту принциптері. Оқу құралы. – А., 2005.

  2. Джардемалиева Р.Р. Организация самостоятельной работы студентов по методике музыкального воспитания: учебное пособие. – Алма-Ата: КазПИ им.Абая, 1991

  3. Апраксина О.А. Методика музыкального воспитания в школе. –М., 1983.

Тақырыбы:4. Музыкалық білім берудің әдістері, оның саласын бағалау. Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері, оқытудың әдістері мен тәсілдерінің байланысы

Мақсаты: Музыкалық оқыту әдістерінің түрлерін студенттеге түсіндіру, Музыкалық драматургия әдісі нені мінездейтінін ұғындыру

Тапсырма:

  1. Музыкалық білім берудің әдістері туралы түсінік

  2. Музыкалық білім берудің әдістерінің түрлері, саласы

  3. Музыкалық білім берудің әдістері мен тәсілдерінің байланысы

Әдістемелік нұсқау: Сөздік әдістер. Бұл әдістің көмегімен ақпараттар (білімді) жеткізетін құралдар мұғалімнің сөзі және баспа сөздері (кітап) болып табылады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, эвристикалық әңгімелесі, дискуссия, лекция, кітаппен жұмыс.

Көрнекілік әдістер. Әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрінде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен, процестермен, объектілермен сезімдік тұрғыдан таныстыруға арналған.

Практикалық әдістер. Бұл әдістерге жаттығулар (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық, практикалық әрекеттер, есептер шығару, үлгілеу және тағы басқалары) жатады. Бұл әдістерді қолдану нәтижесінде оқушылар жаңа білімдер алады. Ал музыкалық білім беруде музыкамен белсенді әрекетке түсу, музыка шығару, түрлі орындау, интонациялық – дыбыстық процестерді моделдеу арқылы еске түсіру, елестеу сияқты есту – көрнекілік әдістерінің диалектикалық бірлігін құрайтын практикалық әдістер ретінде қарастырылады.

Музыкалық білім беру әдістері өзінің құрылымы бойынша күрделі әрі мұғалім мен оқушының өзара іс - әрекеттерінің көптеген аспектілерін қамтиды. Музыка оқыту әдістері музыкалық білім берудің жалпы және нақты мақсаттарына, мазмұнына тәуелді болып келеді. Олар оқушылардың психологиялық және жас балалар организімінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктеріне, сондай – ақ келгенде мектептің материалдық – техникалық жабдықталуына байланысты таңдаланады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Музыка. Оқыту әдістемесі :жалпы білім беретін мектептің 5-сынап мұғалім. арналған .-Алматы,2001

  2. Кабалевский Д.Б. Основные принципы и методы программы по музыке для общеобразовательной школы. //Кабалевский Д.Б., Педагогические: Избранные статьи и доклады,-М.,1986

  3. Алиев Ю.Б.Методика музыкального воспитания детей (от детского сада к начальной школе). –Воронеж, 1998.


Тақырыбы:5. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбиелік, ұйымдастырушылық, насихаттаушылық жұмыстар Мақсаты: Мектептен, сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен танысу, Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, принциптерімен таныстыру

Тапсырма:

  1. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар

  2. Оқушылармен жүргізілетін мектептен тыс жұмыстар

  3. Музыкалық тәрбиелік, ұйымдастырушылық, насихаттаушылық жұмыстар

Әдістемелік нұсқау: Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын екі салаға бөлуге болады:

    1. Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие.

    2. Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.

Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбиелеу жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпесе де, олардың музыканы білуге деген ықыласы болуы керек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық нештерді ұйымастыру, жүргізу, карнавалдар, конкурстар, байқауларды өткізу кіреді.

Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім берумен шектелетін білікті маман ғана емес, ол музыкалық – тағылымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерді, концерттерді, түрі үйірмелерді ұйымдастырушы.

Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала – танымдық, тағылымдық мәні зор лекция-концерттер ұйымдастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қыдырбаева М. Музыка сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары // Музыка әлемінде №3, 2006-17-19б.

  2. Мендіяқова Қ.М., Қарамолдаева Г. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі. Алматы. Әл-Фараби, 1997-132б.

  3. Мұқажанова Б. Білікті Маман даярлау туралы // Музыка әлемінде №3, 2006-30б.

  4. Мұстафина С. Музыка тыңдату – баланы жан-жақты дамытудың негізгі әдісі // Музыка әлемінде. №1, 2007-26-27 б.

  5. Мусин З. Мәселені тәрбие шешеді // Сыныптағы тәрибе №4, 2004-5б.

  6. Набуова Р. Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының педагогикалық мәні // Бастауыш мектеп №1, 2005-23-24б.

  7. Нарымбетова М. Оқушылардың музыкалық танымын қалыптастыру жолдары // Музыка әлемінде №2, 2006-39-40б.

Тақырыбы: 6,7,8. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жүзеге асырылып жатқан музыка бағдарламаларындағы музыкалық білім беру әдістемесінің жалпы сипаты.

Мақсаты: Жалпы білім беретін қазақ мектебінде «Елім-ай» бағдарламасы (құрастырғандар: М.Балтабаев, Т.Қышқашбаев, Б.Өтемұратова және т.б.) (1-4 сыныптар).

Жалпы білім беретін қазақ мектебінде «Мұрагер» бағдарламасы (құрастырған: А.Райымбергенов)

Жалпы білім беретін қазақ мектебінде музыкадан бағдарлама (құрастырғандар: Ш.Құлманованың жетекшілігімен 1-4 сыныптарға арналған бағдарлама).

Тапсырма: Жалпы білім беретін мектептерге арналған музыкалық бағдарламалар, «Елім-ай», «Мұрагер» бағдарламаларының мәнін, Бағдарламалардың принциптері Орта мектептің 1-6 сынып бағдарламасының мазмұны

Қазақстандағы алғашқы музыкалық әліппе қашан дүниеге келді? Авторы кім? Оның негізгі мазмұнын ашыңдар?



Әдістемелік нұсқау:

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ұлттық сана-сезімнің өсуі бастауыш мектепте ұлттық негізде музыкалық тәрбие беру бағытында бірқатар жаңашылдықтың дамуына ықпал етті. Нәтижесінде «Музыка» пәні бойынша «Елім-ай» жетекшісі М.Х. Балтабаев және «Мұрагер» жетекшісі А.Райымбергенов бірнеше баламалы бағдарламалар дүниеге әкелді. М.Х.Балтабаев жетекшілігіндегі ұжым «Елім-ай» ән-күй бағдарламсын дайындады. Бағдарлманың мақсаты – оқушылардың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын музыкалық мәдениетін қалыптастыру. «Елім-ай» ән-күй бағдарламсының білімділік, тәрбиелі мақсат, міндеттері жеке тұлғаның дәстүрлі көркемдік тәрбиесінің өлшемдері мен көрсеткіштеріне анықталған:

- халық өнері туындыларын қабылдау процесінде музыканы санлы түрде түсіну;

- ән салу, би, ойын, сурет салу, музыкалық аспаптарды шертуді қарастыратын орындаушылық іс-әрекет;

- қарапайым әндерді импровизациялау, би элементтерін түрлендіру, ән, ертегілерді драматизациялау, музыкалық ойындарының кейікерлерінің образдарын жеткізе білу.

Бағдарламада «Сарыарқа», «Тұлпар», «Аққу», «Елім-ай» сияқты тақараптық құрылдар енгізілген. «Елім-ай» - қазақ халық мәдениетінің өзара байланысы мен синкреттілігін ашап көрсететін бағадрлама. Оның авторлары өскелең ұрпаққа өнер түрлернің ән, аспаптық, сәндік-қолданбалы, би, ауызекі-поэтикалық мәні мен маңызын, олрадың халық өмірінде алатын орныны түсіндіруді, шығармашылық мұраға деген сыйластықты көзқарасын, сондай-ақ балаларды осы өнер түріне қатысты іс-әрекеттерге тартуды мұрат еткен.

Сонымен бірге оқушыларды қазақ халқының ерекше мәдениетіне тартуға деген талпыныс А.Райымбергеновтың авторлық ұжым дайындаған «Мұрагер» атты музыкалық бағдарламасынан байқалады. Бағадрлманың мақсаты – Қзақастандық патриотизмді, ұлттық рухани байлықтың мұрагері екендігін сезінетін, өз халқының салт-дәстүрін, өнерін, ана тілін білетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу. Аталған бағдарлманың басты рекешелігі – балаларды домбыра шертуді нотасыз, ауызша әдіспен үйрету және халық әндерін домбыраның сүйемелдеуімен орындауға машықтандыру. бағдарламалар Ш.Б.Құлманованың, М.А.Оразалиеваның, Б.Сүлейменованың авторлық бірлестігінің арқасында жарыққа шығып, қазақстан мектептерінің игілігіне айналды. Бағдарлама 1993 жылы 8 сәуірде жарияланған «Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептеріндегі білім мазмұны тұжырымдамасы», мемлекеттік оқу жоспары және оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық қағидалар негізге алынған.

Ш.Б.Құлманова – жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні оқу бағдарлманың көрнекті авторының бірі. Ол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы музыка пәні оқу бағдарлмасына және қазақ халық музыкасынанегізделген типтік бағдарлмамаларға жасаған талдауы арқылы музыкалық педагогика тарихын зерделеуге және музыкалық білім беру мазмұнын анықтауға үлкен үлес қосқан. Автор осылайша бұған дейінгі музыка пәні бағдарламаларының жеткен жетістігі мен олқылықтарын сыни тұрғыдан сараптай келе және оқу бағдарламасын құру, білім мазмұнын анықтау жөніндегі педагогика ғылымның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстандық ғалым-педагогтардың М.Оразалиева, Б.Сүлейменова қатысуымен музыка пәнінің типтік бағдарламасын жасап ұсынды. Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы мектептерінде қолданыс табуда. Бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз ету үшін әдістемелік тұрғыдан негізделген түрлі нұсқаулар, хрестоматиялар, білім стандарты жарық көрді. ХХ ғасырдың осы 90-шы жылдарында Қазақстандық ғалымдар музыкалық білім саласында елеулі жетістіктерге жетті. Солардың қатарында болашақ музыка пәнінің мұғалімін даярлау проблемасына айтарлықтай үлес қосқан Қазақстандық ғалым, яғни педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рита Рамазанқызы Джәрдемалиева. Р.Р.Джәрдемалиева музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығын әдістемелік білім, іскерлік, дағдылардың қалыптасуына, интеллектуалдық тұрғыдан ойлауды дамытуға және педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылықты, музыкалық педагогиканың әдістемелік проблемеалеарын шешудегі жеке тұлғалық-құндылықты бағыттылығын айқындап алуға бағытталған жүйелі, тұтас процесс ретінде қарастырады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Учебники по музыке для 1-6 классов, Алматы «Атамура», 1998-2005 г.

А. Райымбергенов,

2. С. Раймбергенова, Ұ.Байбосынова. Музыка. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған. / - Алматы: Атамұра, 2006.

3. Ю.А.лиев. Настольная книга школьного учителя-музыканта. М.,2000.

4. Д.Кабалевский. Основные принципы и методы программы по музыке по общеобразовательной школы. /Программа дл общеобразовательных учебных заведений. -М. Музыка, 1994

5. Программа по музыке для каз.общеобразов. школы «Елим-ай» /Авторы: Балтабаева М.Х., Утемуратова Б.С. идр. –А., Атамекен, 1993

6.Программа по музыке для каз.общеобразов. школы «Мурагер» /Авторы: Раимбергенов А.И. – Алматы, 1990,2003.



Тақырыбы:9. Жалпы білім беретін мектепте музыкадан Д.Б.Кабалевскийдің бағдарламасы (1-8 сынып)

Мақсаты: Педагог - музыканттың көзқарасының негізі көркем - педагогикалық процестің байланысы – музыкамен және оқушымен. Сондықтан педагог - музыканттың өзінің кәсіби білімділігімен болып жатқан уақыт – заманына, уақиғаларға өз бағасын беру, талдауы және өз тұлғалық өмір көзқарасының ұстанымын білдіру, оның ішінде өнерде, педагогикада, қоршаған шындылықта және нақты музыкалық – педагогикалық практикада екенін ұғындыру

Тапсырма :

  1. Жалпы білім беретін мектептерге арналған музыкалық бағдарламалар

  2. Д.Кабалевский бағдарламасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет