«музыкалық білім» кафедрасы


Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелері: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек. Тіл



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі5,07 Mb.
#28648
1   2

Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелері: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек.

Тіл. Бұл – дыбыс шығаруда көп жұмыс атқаратын өте жылдам жылжымалы мүше. Ауыз қуысында бірде ілгері – кейін, бірде жоғары – төмен жүйіткіп, ауыз қуысындағы өзге мүшелерге не қақтығысып, не жуысып тұруынан дыбыстарға әр түрлі рең береді.

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 12/ 26


Ерін. Дыбыс шығаруда қатысы бар жылжымалы мүшенің бірі – ерін. Екі ерін бір – біріне жымдасып тұрып, өкпеден келген ауаның оны бұзып өтуінен [п. б] дыбыстары пайда болса, астынғы еріннің үстіңгі ерін мен тіске келіп қатысуынан [ф. в] дыбыстары шығады, екі еріннің дөңгеленіп алға қарай шүйіріліп тұруынан ө, о, ү, ұ, у, дыбыстары жасалады. Сол сияқты дыбыс шығаруда екі еріннің кейін керілуінен дыбыс сапасы өзгереді. Сөйлеу тіліндегі езулік дауысты дыбыстарды: а, е, и, ә, э, і ән айтуда еркіндік дауысты дыбыстарына жуықтап дөңгеленте орындайды.

Тіс. Кейбір дыбыстарды шығаруда тістің белгеле бір мөлшерде қатысы бар. Біра, бұл жылжымалы мұше емес, ауыз қуысындағы жылжымалы мүшелер тіл мен еріннің тіске жуысуының соқтығысуынан дауыссыз дыбыстардың түрлері жасалады.

Таңдай. Мұның өзі қатты таңдай, жұмсақ таңдай болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иектен басталады да, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Жұмсақ таңдай ең соңғы тістің тұсынан басталып, кішкене тілден барып бітеді. Тілдің ұшы, орта, артқы шенінің біріне қатты таңдайға, не жұмсақ таңдайға жуысуынан, соқтығысуынан дыбыстардың сапасы өзгеріп шығады.

Кішкене тіл. Кішкене тіл бірде мұрын жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны ауыз қуысына қарай өткізеді. Бірде ауыз жолын жауып тұрады

да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын қуысына өткізеді. Сөйтіп, дыбыстардың өзгеріп жасалуына әсер етеді.



Иек. Иек ауыз қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып тұрады. Иек төмен түссе, ауыз қуысы кеңейеді де, ашық дауысты дыбыстар пайда болады: а, ә, о, ө, е. Иек жоғары көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыстар пайда болады: ы, “, и, ұ, ү, у. Сөйлеу тіліндегі қысаң дауыстыларды ән айтуда иекті төмен түсіріңкіреп, ашық даусыты дыбысты айту кезіндегі иектің қалпына жуықтап айтылады.

Мұрын қуысы. Ол- қуыс мүшелерінің екінші түрі. Мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты. Кішкене тіл жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын арқылы өткізеді. Содан барып мұрын жолы: м, н, ң үнді (сонор) дауыссыз дыбстары пайда болады.

Бұл дауыссыз дыбыстар мұрын арқылы айтылғанымн олардың жасалуы ауыз қуысындағы кедергі мүшелердің қызметі арқылы болады. Сондықтан да

жасалуы жағынан ерін дауыссызы (м), тіл ұшының дауыссызы (н), тіл арты дауыссызы (ң) деп аталады.

Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне күш түсед, ал, дауыссыз дыбыстарды шығаруда күш ауыз қуысындағы кедергі мүшелерге ғана түседі.





ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 13/ 26

Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі ерекше. Өйткені, дауысты дыбыстар созылымға бейім келеді де, ән айтудың негізін қалайды. Олар ән айту процесінде дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты және ұлғайтқыш қуыс мүшелерінің ықпалымен сан құбылып, көптеген бояулар табады. Сондықтан, адам дауысы тек дауысты дыбыстардың көмегімен ғана өзінің көркемдік қасиетін және әуенін барынша көрсете алады. Олай болса, дауысты дыбыстарды дұрыс айтып үйрену, олардың әрқайсысына тән артикуляциялық пішінмен, үн нақышын таба білу басты міндет. Сондықтан, сөзбен әуенге қатысты дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу

ерекшеліктеріне жақсы мән беруіміз қажет. Бұл ән айтудың сауатты болуына көмегін тигізеді.

Вокализ – көбінесе құлаққа жағымды, тек қана жақсылық пен инабаттылық сезімін беретін әуендер қатарына жатады.

Музыкалық терминалогияларды жаттап, айнаға қарап тұрып дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуын қайталау
Сабатың тақырыбы: Артикуляция және дикция. Вокализді нотамен беттен оқу. Шығарманы талдау, сольфеджио айту.



  1. Артикуляцияның маңызын түсіндіру

  2. Қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау әдістері.

  1. Күнделікті тұрмыста адамдардың бір – бірімен ұғынысуында қолданылатын тіл дикциясы. Бұған актерлердің сахнада сөйлеу дикциясы және адамдардың бір – бірімен тіл қатынасы жатады.

  2. Әншілердің жеке- жеке дикциясы. Дикция кең мағыналы ұғым. Ол тіліміздегі әрбір дауысты және дауыссыз дыбыстардың, сөздер мен

    ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

    Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

    Бет 14/ 26

  3. сөйлемдердің бұрмаланбай таза айтылуы ғана емес, сонымен бірге жеке сөздер қурылысы жағынан әрі сауатты , әрі ұғымды тартымды болып келуінде. Әнмен айтылатын сөздерді құрап тұрған барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың ашық айқын естілуі қажет.

Дикция әннің сөздерін дұрыс, анық және дауысты дауыссыз дыбыстардың орындалу қағидасын білу техникасы тұрмыс – салт өлең әндерді өз ырғағымен, өз сазымен ауыздан – ауызға тарап, халық ортасында бағасын ала білді. Дауысты дыбыстар: а, о, у, и, ы, е, дыбыстары ерекше көңілге болуы кажет етеді, Көмкеріп, ашық дыбыстарды жинақы, ауыз қуысының көмегімен толтырып әдемі шығуына дағдылану қажет. Әндегі дауссыз дыбыстардың ішінде әсіресе айтуға қиың: қ, п, т, ф, х, және с, ш, ц, щ, и, сияқты әріптердің міндетті түрде берік айтып, қысқа айту қажет, ал а, ш, ц, г, щ, дыбыстарын қысқа, үстіртін айтқан жөн.

Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляция (дыбысталуын) дұрыс тусінү қиын.

Тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстарын фонема дейді. Әнді жинақы жабық шеңберлі

дыбыспен (академиялық) үлгімен айту Вокал техникасындағы тағы бір маңызды вокалдық әдістің бірі болып, шығарманы орындау барысында бірыңғай вокалдық желіні сақтай алады. Ауыздың сыртқы формасының әнді айтуда өте үлкен маңызы бар, бірақ барлық әншіге бірыңғай тәсілді ұсына беруге болмайды, өйткені әрбір орындаушының өзіндік өзгешеліктері бар.

Дикция – (латынша) – айтылу, айту деген мағынаны береді. Ол негізінде екіге бөлінеді:

Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляция (дыбысталуын) дұрыс тусінү қиын.

Тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстарын фонема дейді.

Дыбыс жүргізудің тәсілі ретінде үнемі қатаң атаканы қолдану дұрыс болмайды, өйткені бұл дауыс аппаратының күштелуіне әкеп соғуы мүмкін. Қатаң атаканы орындаушылық немесе әдістемелік тәсіл ретінде сирек жағдайда қолданылуы тиіс, мысалы, сылбыр ән айту кезінде.

Шығарманы айту кезінде вокалдық тәрбиенің мақсатын табысты шешуге қолданылған әдісті мақсаттылықпен таңдау өз мүмкіндігін тигізеді деп ойлаймыз. Вокалды шығармамен жұмыстың күрделілігі соншалық, ол тек қана жалпылама сезімі мен дыбысталуы бар бірегей шығармашылык, топ қана емес, сонымен қатар ол өзінің вокалдық және әртүрлі музыкалық ерекшеліктерімен берілген жекешелердің қосылған ортасы.. Оқьпушы үнемі өзара байланысты екі мәселені ше­шуге тырысады:



а) техникалық сапасына сай музыкалық топ құрайды;



ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 15/ 26

б) вокалды шығарманы үйрету барысында әрбір жеке қатысушысын өзінің аспабы, яғни өз әншілік дауысымен үйретеді.

Жұмыстың бастапқы сатыларында айрықша көп қиындықтар кездеседі. Әнді орындау барысында кездесетін ең бірінші қиындық - бұл шығарманың мәтінін мәнерлеп айтуға өту. Егер шығарманың тесситурасы сөйлеуден жоғары болса, балалар дауыстарын қатты кернеп, айқайлап айтуға мәжбүр болады.

Балалардың дауысымен жұмыс істегенде дыбыс бастамасының алатын орны ерекше. Дыбысты дайындау және онын бастамасы - атака деп аталады. Вокалдық практикада атаканың үш түрі бар: қатаң, жұмсақ және үзік дыбыс бастамасы. Сондықтан да, балалардың дауысымен жұмыс істегенде, қандай атака кезінде баланың дыбыс шымылдыңы іске қалай қосылады және қандай дауыс атакасымен жұмыс істеу қолайлы екенін ескерген жөн. Негізінен, бала дауысымен жұмыс істегенде жұмсак дауыс атакасын қолдану дұрыс деп саналады. Сонымен біз дауыс аппаратымен біршама таныстырып болған соң, өзіміз музыка сабағында пайдаланған орындаушылық шеберлікті дамытуға ықпалын тигізген әдістемелік тәсілдерді қарастырайық.
Қолданылатын әдебиеттер:

1. №12 45-63с, №18 23-55с, №20 25-33с , № 6, № 7, №32, № 34, 35


1-межелік бақылау

1. Вокализді орындау.



2. Шығарманы жатқа орындау

3.Реферат (өткен тақырып матералдар бойынша)
Сабақтың тақырыбы: Резонатор. Регистрлер. Диапазон.

        1. Шығарманы талдау.

Әдістемелік нұсқау: Әнді жинақы қойылған дауыспен орындағанда көңіл аударарлық маңызыбар мәселе,резонаторларды пайдалана білу.

Резонаторлар деп, дыбысты жаңғыртып қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақты айтады. Дыбыс мүшелері, яғни дауыс желбезегі әлсіз, әрі нәзік мүше, оған үн күшін қосушы күшейткіш резонаторладыңүлкен ролі бар. Ол тек дыбысты күшейтіп қана қоймай,сонымен біргеоған өте мол тембрлік рең бояу береді. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді.Көмейден төмен орналасып, кеуде клеткасына шоғырланған қуыстар кеуде резонаторларын құрайды. Көмейден жоғары жатқан қатты таңдай, тіс, мұрын, шеке қуыстары, бет қанқа қуыстары бас резонаторларын құрайды. Резонаторладың қызметін әрбір әнші және басының тәжіребесінде тексеріп, оны физикалық сезім арқылы бақылап

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 16/ 26

отыруына болады. Кеуде резонаторларын дұрыс пайдалануда әнші қолын көкірегіне қойып,оның дірілін байқалады.

Сол сияқты жоғарғы дыбыстарды айтқанда кеңсірікке қол саусақтарын болар-болмас тигізіп, бас резонаторының дірілін сезуге болады. Резонаторлардың дұрыс пайдаланылғанын есту мүшелері арқылы да тексеріп отыруға болады.

Тәжіребелі әншілер дауыс үнділігін күшейту мақсатында көмейден шығарған дыбыстырезонаторларға сәйкестендіріп жіберіп отырады. Бас резонаторлары көбінде жоғары дыбыстарды, ал кеуде резонаторлары төменгі дыбыстарды айтуға қолданылады.

Дауыс диапазонының дыбыс қатары өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленіп – регистр деп аталанады.

Регистрлер, резонаторлар сияқты бас регистрі және кеуде регистрі болып бөлінеді. Мысалы, дауыс диапазонының жоғары дыбыстары жоғары, немесе бас регистрі деп аталады. Төменгі дыбыстар -төменгі, немесе кеуде регистрі деп аталады.

Бас және кеуде резонаторларымен қатар әншілер пайдаланатын орта немесе аралас регистр - микствты регистр болады. Мұны әншілер жоғарыда айтылған түрлерімен қатар пайдаланады. Регистрлерді дұрыс пайдалануда дыбыстарды вокальдық дұрыс позицияда айтудың үлкен ролі бар, бұлар өзара тығызбайланысты. Сондықтанда оларды үнемі өзін-өзі бақылай отырып қалыптастырады.

Сабақтың тақырыбы:

Вокальдық үш бағыт: Халықтық, академиялық, эстрадалық

onlin режимінде осы бағыттар бойынша орындаушыларды тыңдау..

legato, non legato. жаттығулары.

Сабақтың мақсаты:

Жаңа технологиялар мен әдістерді, бағыттарды еңгізу және олармен танстыру арқылы жас әншілердің эстетикалық талғымы мен музыкалық сауатын ашу, дамыту.

1. Білімділік: студенттердің вокалдық дүниетанымын кеңейту,

сауатын ашу.


  1. Дамытушылық: Эстетикалық талғамын дамыту және вокал өнеріне

деген қызығушылығын арттыру.

  1. Тәрбиелік мәні: Жаңа технологияларды еңгізу арқылы халық

өнеріне сыйлауға және оны дәріптеуге тәрбиелеу.

Жаттығулар мақсаты: дауыс аппаратын қыздыру және алынған тақырыпқа байланысты белгілі бір мақсатты көздейтін жаттығулар

Тақырыптың мақсаты, міндеттері: а) вокал өнеріндегі үш бағытпен толық таныстыру; б) академиялық, халықтық және эстрадалық үлгідегі шығармаларды бейнетаспада көрсету; в) блиц - сұрақтар қою; г) оқушылардың орындауында үш бағыттағы шығармаларды тыңдау


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 17/ 26

1. “Академиялық” бағыт музыкалық өнерде – классикалық үлгі бойынша, белгілі бір дәстүрі бар стильге жатады. Академиялық үлгідегі ән айту әдісі таза дыбыс шығару, ансамбльдік үндестікте, динамикалық ерекшелігімен, әдемі, жұмсақ дыбысталумен анықталады. Дыбыстың шеңберлі жинақылығы, әуендегі дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еркіндік дауыстыларға жуықтап, дөңгеленте жинақтап, қойылған дыбыспен орындалуын дыбыстың құрамындағы “жинақты үлгі” деп атайды, немесе вокалды позицияның дұрыс үлгісі дейді.

2. “Халықтық” бағыттағы үлгі өзінің табиғылығымен ерекшеленеді. Әр халық өзінің дәстүрлі ән өнері ғасырдан – ғасырға жалғастырып келеді. Мұндағы ән айту үлгісі әр халықтың тұратын география орнына, салт – дәстүріне қарай дамиды. Мысалы, грузин халқы көп дауысты әндер үлгісінде, ал қырғыз халқы тамақты қысу арқылы, татар халқы пентатоникалық қосылыстарымен орындаса орыс халқы хороводтың және дауысты дыбыстарды

ашық айту үлгісінде дамығанды өздерің білесіңдер. Қазақ халқы музыкасы да ертеден дамыған, өзінің мәнері, салты, дәстүрі бар – музыка. Ендеше, халықтың бағыттағы ән айту үлгісі табиғи дауыс, мәнерлі, халықтық тақырыпта болуы шарт.
Ал, «Эстрадалық» бағыттағы үлгі соңғы жылдары ерекше дамыған, жастардың кәзірде еліктейтін музыкалық өнердің бір түрі. «Эстрада» - ұғымы ертеректе концерттік қойылымдардың сахнасы деген мағына берген. Ал, эстрадалық өнер немесе бағыт – бұл сахналық өнердің әр түрлі орындау формаларының бірлескен жеңіл, сауықтылық өнеріне жатады. «Эстрадалық» ән айту мәнері, бұл әнді әртүрлі аспаптармен сүйемелдеу, дыбыстарды өз еркіне жеткізу, динамикалық ерекшелігімен айту сияқты үлгілерімен сипатталады. Соңғы кездері эстрадалық үлгі электрондық аспаптарда жазылған фонограммалар арқылы орындалып жүр. (Осы бағыттарды бейнетаспада мысалдар көрсету).

Қолданылатын әдебиеттер:

1. №20 9, 30-33с, № 13, № 30, № 31, № 35, № 39, № 40, № 46, № 48


Сабақтың тақырыбы: Академиялық стиліндегі шығармалар. Романс. Шығарманы фраза бойынша әуенін жаттау.

Сабақтың мақсаты: техникалық және көркемдік фразировкалаын анықтау аркылы орындаушылық шеберлігің дамыту. Негізгі тапсырмалар:

1. Динамикалық белгілерге f. mf. р. вокальдық жаттығулар.

2. Академиялық стилімен танысу.

3. Шығарманы фраза бойынша әуенін жаттау

Әдістемелік нұсқаулар: Арнайы әдебиеттермен танысу, академиялық стилиндегі орындаушылық дәйексөздерге ерекше назар аудару.

. “Академиялық” бағыт музыкалық өнерде – классикалық үлгі бойынша, белгілі бір дәстүрі бар стильге жатады. Академиялық үлгідегі ән айту әдісі таза дыбыс шығару, ансамбльдік үндестікте, динамикалық ерекшелігімен, әдемі, жұмсақ дыбысталумен анықталады. Дыбыстың шеңберлі жинақылығы, әуендегі



ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 18/ 26

дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еркіндік дауыстыларға жуықтап, дөңгеленте жинақтап, қойылған дыбыспен орындалуын дыбыстың құрамындағы “жинақты үлгі” деп атайды, немесе вокалды позицияның дұрыс үлгісі дейді.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. №20 9, 30-33с, № 13

3. № 30, 4., № 315., № 356., № 397. , № 408., № 46.
Сабақтың тақырыбы: Шығармадағы ритм сұреттерімен жұмыс жасау. Staccato штрих жаттығулары.

Сабақ мақсаты: метр, акцент, ырғақ, такт және такт сызығы деген ұғымдарға түсініктеме бере отырып музыкадағы затактыны ажырата білуге үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Акцент- бір дыбыстың айналасындағы басқа дыбыстардан өзінің қаттылығы мен ерекшеленуі.

Метр – акценттелген және акценттелмеген біркелкі уақыт қиындыларының периодты қайталанбалы тізбегі. Метрдің қалыптасуына қолданылатын акценттер метрлік акценттер деп аталады. Метрлік акценттердің арасындағы уақыт қиындылары біркелкі болып бөлінеді – үлес.

Акценттелген үлес - күшті немесе ауыр үлес деп аталады.

Акценттелмеген үлес- әлсіз немесе жеңіл үлес деп аталады.

Өлшем – метрдің санмен берілуі. Төменгі сан қандай ұзақтықтағы ноталар екендігін білдірсе, жоғарғы сан сол берілген ұзақтықтағы ноталардың неше үлес екендігін білдіреді. өлшем кілт пен кілттік белгілерден кейін қойылады.

Такт - бір ауыр үлестен келесі ауыр үлеске дейінгі аралық. Тактілерді бір – бірінен бөліп тұратын тік сызықты такт сызығы деп атайды.

Затакт –шығарманың тактіге толмайтын әлсіз үлестен басталуы.

Тапсырма:

Акцент, такт, өлшем, затакт, такт сызығы, ауыр, жеңіл үлестерді шығармалардан мысал ретінде тауып көрсету. Шыгармаларды талдау және әуенін жаттау



Әдістемелік нұсқаулар:

өлшемдерді көбінесе шығарманың басында кілттен кейін іздеу керек және кездескен өлшемдерді жазып алыңыз.

Қолданылатын әдебиеттер.

1.№ 9, 2. № 12; 3.№ 17





ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 19/ 26

2- межелік бақылау.

1. Вокализді орындау.

2. Шығарманы жатқа орындау

3.Реферат (өткен тақырыптық матералдар бойынша).
Сабақтың тақырыбы: Халық әндері және халық композиторларының әндері .

“Халықтық” бағыттағы үлгі өзінің табиғылығымен ерекшеленеді. Әр халық өзінің дәстүрлі ән өнері ғасырдан – ғасырға жалғастырып келеді. Мұндағы ән

айту үлгісі әр халықтың тұратын география орнына, салт – дәстүріне қарай дамиды. Мысалы, грузин халқы көп дауысты әндер үлгісінде, ал қырғыз халқы тамақты қысу арқылы, татар халқы пентатоникалық қосылыстарымен орындаса орыс халқы хороводтың және дауысты дыбыстарды ашық айту үлгісінде дамығанды өздерің білесіңдер. Қазақ халқы музыкасы да ертеден дамыған, өзінің мәнері, салты, дәстүрі бар – музыка. Ендеше, халықтың бағыттағы ән айту үлгісі табиғи дауыс, мәнерлі, халықтық тақырыпта болуы шарт.

Қолданылатын әдебиеттер: . № 21, № 22, № 23, № 24, № 25, № 26, № 27


Орфоэпия._Орфэпиялық_дыбыстармен_жұмыс'>.Сабақтың тақырыбы: Орфоэпия. Орфэпиялық дыбыстармен жұмыс

  1. Ұяң, қатаң дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру.

  2. Вокалдық – техникалық жаттығулар арқылы дыбыстарды таза айту.

  3. Әнді ансамбльмен айтуға дағдылану (дуэт, трио, т.б.)

Студенттерді ән айтуға оқыту вокалды - техникалық дағдылардың белгілі бір жинағын үйретумен байланысты. Ән айтуда резонаторларды айрықша ұйымдастыру талап етіледі. Әрине, жылжымалы резонаторлармен басқару да саба? барысында өзінің көмегін тигізеді. Оқытушының вокалдық есту ?абілеті өте жоғары болуы керек. Тәжірибелі оқьпушы дыбысталу сапасын баланың дауыс аппараты дұрыс немесе дұрыс емес жұмыс жасағанын анықтап, онда болып жат?ан кішкентай да өзгешеліктерін бірден байқайды. Жаттығудың «қ» дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын активтендіріп, бірден ай?ын, таза дыбыс шығаруға жетелейді. Қатаң «к» дыбысынан кейінгі орналасқан «а» дауысты дыбысынын кұлаққа жағымды, майда болып

шығуына, сөз тексінің мазмұнына лайықты сезімталды?пен орындауды талап ету әсерін тигізеді. «Гүл» деген сөзді айт?анда «ү» дыбысының

созыла айтылуын қадағалан жөн. Әдетте практикада созылу ұзақтығы мүмкін бола тұрса да, дауысты дыбыстың орнына дауыссыз дыбысты созып тұрып алатын жағдайларда кездесіп қалады («ү»-нің орнына «л»). Жаттығуды бір мезгілде бастап, бірдей аяқтауда, онын характерін жеткізе білуде мұғалімнің дирижерлік қол қимылын окушылардың дұрыс түсіне білуінін мәні зор. Әуен өз дәрежесінде орындалған соң, берілген тональды?тан бастап жарты тоннан жоғарылатып айт?ызуға болады. Алғаш?ы жаттығу балалардың

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 20/ 26

орындауына (звук) дыбыстардан басталып, бірінші октаваның сиb ,-си ноталарынан аспауы қажет. Бірте-бірте сыныптың әнді орындау қабілетінің ?алыптасуына орай, орындау диапазоны кеңейтіле береді13-сабақ-Бұл жаттығуды орындағанда орфоэпия заңдылы?тарына сүйенуге тура келеді. Әдетте балалар әрбір сөзді жазылуы бойынша айтады, сондықтан дыбыс легі үзіліп - үзіліп естіледі. Мұғалім жаттығу?а қойылатьгн талапта мынадай құбылыстарға көңіл аударуы тиіс: «әлі-ақ ұйықтап қаласын» деген сөйлемдегі «әлі-ақ» деген сөзде «а» дыбысыны? ыкпалынан «і» дыбысы түсіп қалады, ал «қ» қатаң дыбысы келесі «ұйықтап» сөзінің бірінші дыбысы «ү» -нің әсерінен

«ғ»-ға айналады. Сонда жазылуы «әлі-а?» болғанмен, орындалғанда «әлағ» болып айтылады.

Ән сөзінің ашық, таза айтылуы да әншіліккке баулудың негізгі компоненті болып табылады. Орныдалатын шығарманың мазмұнының тыңдаушыға дұрыс жетуі үшін, баланың әрбір дыбысты ай?ын айта білуінің маңызы зор. Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ерін, тіл, көмекей, төмеңгі жақ сүйегінін жұмысын өзі өте жақсы меңгеріп, оны балаларға ұғымды тілде жеткізе білуі тиіс



«Гәк», «гик», «гай» буындарында кездесетін «г», «к» дыбыстары таңдай дыбыстарына жатады. Сондықтан бұл дыбыстар бірден дауыстың

жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку», «гу», рай», т.б. буындағы «у» дыбысы болса, ежелден дауысты көмекейден ?ысын шығаратын адамдардың сол дауыс аппаратын босатуға ?олданылатыны белгілі.

«У» дыбысы ерін дыбыстары ?атарына жат?анмен, өзінің акустикалы? формасы жағынан терең, көлемді естіледі. Орфоэпия грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз. Сөзді дұрыс айта білу деген сөз. Алғашқы әншілікке баулу жайлы еңбектердің өзінде-ақ сөзді дұрыс айта білу мәселесіне назар аударылған.

Ю.Барсов өзінің «әншілікке тәрбиелеу тарихынан» деген еңбегінде, Ломакинның «ән айту методтары» (1837 жылы басыл-ған) деген

еңбектерінде былай дейді: «ән айтудағы ең бір есте ұстайтын нәрсе – сөзді анық айту. Сәзді дұрыс айта білмеу әнді мүлде түсініксіз етіп жібереді». Бұл ескертулер ?азір де өзінің мәнін жойған жо?. Көптеген ұстаздар ән айту барысында дыбыс-тың күшті де дұрыс шығуына ден

қояды да, сөзі назардан тыс қалып қояды, бұл мүлде жіберуге болмайтын қателік.

«...Көптеген әншілер әдемі де қатесіз сөйлей алмайды», -дейді - Станиславский, - міне сонды?тан да олардың салған әні тартымды естілмейді, көп жағдайда сөздерін ұға алмайсың» (33).

?алай болғанда да, ән айтушыларға да халы?тың тіліндегі әріптердің айтылуына, олардың сөз құрау ерекшеліктеріне ден қоймауға болмайтындығын сезінуі ха?. Мәселен, тілінде тама?пен айтылатын

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 21/ 26

қатаң дауыссыз дыбыстар ән айтуда қиындықтар келтіреді деп саналған. Зерттеуші С.Татубаев жұмсак дауысты дыбыстардың көптеп кездесуі, (а, ә, е, о, ұ, ү, і, ы) қазақ әніндегі сөздің айтылу үнділігін арттыратынын жазған еді. Көптеген қазақ сөздерінде ?атаң дауыссыз дыбыстардың жұмсақ дауыссыз дыбыстарға ауысып айтылып жататын кездері болады. Мәселен «?» және «К», жұмсак дауысссыз «Г» жэне «?» дыбыстарын; мұның бәрі айтылған әріптердің мынадай әріптермен қатар келуіне байланысты өзгеріп отырады «а, е, ы, і, ж, з, и, л, м, н, ң, р, у» сия?ты, немес керсінше «қ» жэне «к» дыбыстары «ғ» және «г» дыбыстарымен ауысады.

Вокал пәнінің мұғалімі мынадай ерекшеліктерді есте ұстағаны жөн, егер «б» әрпі дауысты «а, э, е, о, о, у, ү, ы, і», немесе «в» әрпіне жа?ын болып айтылады. К. Ниеталиеваның ?аза?тың орфоэпиялык сөздігінде бұл таңба былай белгіленеді: «б».

Жазылуы: Айтылуы:

Асыр сап ойнадық («Сүйікті мектебім») - асыр саб ойнадық
Жайнап өскен («Біз өмірдің гүліміз») - жайнап өскен

Келіп ем («?оңырау») - келіб ем Егер алдыңғы сөз дауысты дыбысқа ая?талып, келесі сөз дауысты дыбысты сөзден басталса, онда алдыңғы сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіп қалады. Мысалы:

Жазылуы: Айтылуы:

Шилі өзен («Шилі өзен») - шил" өзен

Жерде отыр - || - - жерд" отыр

Бізді ойла - || - - бізд11 ойла

Тұра алмаймын («?арғаш») - тұр" алмаймын

?ара орамал («Гауһартас») - қар" орамал

Ша?ырса анаң - || - - шақырс" анаң

Сүйеді ел («батыр бала Болатбек») - сүйед" ел

Етікші ата («Етікші») - етікш" ата

Кейбір сөздердің «айтылуы» және «жазылуы» заңдылы?тарын мысалға келтірдік. Бұл заңдылықтарды са?тай отырып, жұмыс істеу музыка маманының мектеп оқушыларын ән айту мәдениетіне баулу жолында жетістіктерге жетуіне көмектесетіні сөзсіз

Сабақтың тақырыбы: «Вокал өнеріндегі жанрлар, олардың ерекшелігімен ұқсастығы»

Сабақтың мақсаты: Вокал өнерінің барлық саласынан білімдер жәнеәншілік дауысты шебер пайдалана білуге қажетті мағлұматтармен таныстыру:

  1. Білімділік: Ән өнері туралы жинақтаған білімін қолдана білуге баулу.

2 Дамытушылық: Дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру және ән айту шеберлігін дамыту.

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 22/ 26

3 Тәрбиелік мәні: Вокалдық біліммен ілімнің кешенді қорытындысы нәтижесінде, академиялық концерттерде, тыңдауларды және байқауларда өзін - өзі ұстай білуге, сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

Вокал өнерінің алуан түрлерімен танысу. Олар: «Вокализ», «Ән», «Романс», «Баркоролла», «Баллада», «Эллегия», «Ария», «Контата», «Ортатория». Вокализ – бұл сөзсіз орындалатын әуен. Вокализ көбінесе құлаққа жағымды тек қана жақсылықпен инабаттылық сезімін беретін әуендер қатарына жатады. Вокализді әрине дауысты дыбыстарға немесе буынға сүйене отырып орындайды. Басқа да музыкалық шығармалар сияқты вокализдің де жай және күрделенген түрлері бар. Оны әншінің вокалды техникасының жетілуіне, дамуына байланысты күрделеніп отырады.

- Ән дегеніміз – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады. Бүгінгі кезде айтылып жүрген әндер дауысына қарай халық әні, лирикалық ән, эстрадалық, опералық орындалатын әннің түрлері және т.б. болып бөлініп жүр.

Тарихтың прогрестік жолымен дамуы дүниеге алуан – алуан идеялық мазмұнды әндерінің көлемді шығармалардың тууын жеделдетті. Мысалы: «Амангельді сарбаздарының маршы», «Өндіріс», «Жас қазақ» т.б.

Халық әндерінің бір ерекшелігін айтпай кетуге болмайды. Әрбір әнді байқап қараса, олардың өлеңдері бірнеше шумақтан пайда болып, сол шумақтардың ішіндегі тармақтары бір – бірімен ырғақ жағынан сәйкестеніп келеді. Бұны біз шумақтық әндер дейміз.

Романс – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.

Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен

романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, каватина, баллада және т.б.

Баркоролла – (Италия телінен қайық) қайықшылардың, балықшылардың әні. Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8 (мысалы: «Венецианская ночь» М.Глинки, «Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған.

Элегия – (грек тілінен аударғанда арыз айту әні). Ән көңілсіз, терең ойлы мінезі болады. Фортепианоға арналған атақты элегиялар С.Рахмановтың, Чайковскийдің шекті оркестрге арналған Серенададан алынған элегия, дауысқа, фортепианоға, виоленчельге арналған Вик.Калинкованың элегиясы жатады.

Кантата – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 23/ 26

ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады.

ХҮІ ғ. Аяғында Флоренцияда композиторлар мен әншілердің қауымдастығы мен көркем үйірме ашылып, өнердің көне түрін қалпына келтіруге үлкен жұмыс жасады. ХҮІІ ғ. Италия контантаның маңызы, бөліктері махаббат лирикасымен ерекшеленеді. Кантата жанры пайда болғаннан кейін оның жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалы, рухани кантатада.

Кантата кең қанат жайды. Көбінесе Германия мен Англияда хор кантаталары көп тарады. Кантата немістің атақты композиторы И.С.Бахтың мәдени шығармашылық өте жоғары орын алады. Бах шіркеудің жанынан кеңсе

ашып, кұдайға сыйына отырып әуен шығарады. Осылайша Бахтың 300-ге жуық кантатасы жарық көреді. Олар философиялық, лирикалық, рухани, комедиялық кантата болды. Бахтың кантаталарының тақырыбы терең ойлы және халықтың

үміті мен күресі қайғы – қасіреті жайында болады.

Оратория – қуатты католик шіркеуі әлсіреп тұрған кезде католиктер өздерінің дінін қалпына келтіру үшін әр түрлі шаралар қолдана бастады. 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос

уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен.

Осы жанрларды бейне таспадан және аудио кассеталарды тыңдау.

1-ші межелік бақылау


        1. Вокализ

        2. Шығарманы орындау

3. Шығарманы талдау

Сабақтың тақырыбы: Мелизмдер. Мелизмдер жаттығулары

Сабақтың мақсаты: Шығармада музыкалық ырғақтық әшекейлеулерді нақты орындау.

Негізгі тапсырма:

1. Арнайы мелизмдері бар вокальдық-техникалық жаттығулары

2. Мелизмдері бар әуенді таза орындау

Мелизмдердің негізгі түрі: трель, группетто, ұзақ және қысқа форшлаг,



мордент.

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 24/ 26


Дыбыс қатарының негізі сатыларынан құралған арақашықтықтар негізгі немесе диатоникалық деп аталады.: барлық таза, үлкен, кіші, ұлғайтылған 4 және азайтылған 5.

Тапсырма:

До дыбысынан барлық негізгі арақашықтықтарды құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Арақашықтықтарды құру кезінде ең алдымен олардың сатыларын санап алып, содан кейін сапасын анықтау керек.

Арақашықтықтардың сатылық және сапалық биіктіктері. Жәй арақашықтықтар. Диатоникалық арқашықтықтарға арналған жаттығулар

Трель дегеніміз екі усақ ұзақтықтағындағы дыбыстың қаталануы. Дыбыстың біреуі негізгі боп екіншісі қосымша болып есептеледі. Ол дыбысталуына ирек суретін белгілейді. Трель мелизмінің ұзақтығы қатар тұрған нота ұзақтығына сай болады.


Трель жиі поэтика лирикалық табиғат құстарының әндеріне теңейді.Әдістемелік нұсқау: Шығарманың сөздерін ырғақтық суретіне дұрыс ыңғайлап салу және олаға ерекше көңіл бөлу.

Қолданылатын әдебиеттер: .№13, № 14, №17, №20

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық арақашықтықтары. Арақашықтықтардың сатылық және сапалық биіктіктері.

Жәй арақашықтықтар. Диатоникалық арқашықтықта.



Сабақ мақсаты: арақашықтық, үндестік ұғымдарына түсініктеме беру, олардың мінездемесі , жәй диатоникалық арақашықтықтармен танысу.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Арақашықтық деп екі дыбыстың арасын айтамыз. Арақашықтықтың төменгі дыбысы негізі, ал жоғарғы дыбысы шарықтауы болып саналады. Арақашықтықтар берілуіне қарай екіге бөлінеді: Гармониялық және мелодиялық.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 25/ 26


Гармониялық деп екі дыбыстың бір уақыттағы үндестігін айтсақ, мелодиялық деп екі дыбыстың кезектесе алынуын айтамыз.

Арақашықтықтар сатылық биіктіктеріне, естілулеріне қарай әртүрлі болып келеді. Оларды Латын санағымен санаймыз: 1саты- прима, 2 саты- секунда, 3саты- терция, 4саты- кварта, 5саты- квинта, 6саты- секста, 7саты- септима, 8саты- октава.Октава дейінгі арақашықтықтар жәй арақащықтықтар деп аталады. Сапалық биіктіктеріне қарай да арақашықтықтар әртүрлі болып келеді. Мысалы: прима таза және прима ұлғайтылған т.с.с.. Бұлар арақашықтықтардың ішіндегі жарты және бүтін тондардың санына байланысты.



Қолданылатын әдебиеттер: №13, № 14, №17, .№20
Сабақтың тақырыбы: Шығармаларға аннотация құрастыру. (Мысалдар келтіру)
Негізгі әдебиет: хор және вокал пәндеріне арналған сөздіктерді пайдалану.

1.Л.Н. Морозов. Школа классического вокала. Санкт-Петербург. Москва. 2014



2.Плужников К.И. Механика пения. Санкт- Петербург,Москва, Краснодар. 2013

  1. Абт Ф. Строение голосового аппарата 2010

  2. Абт Ф. Вокальные упражнения «Вокализы» 2012

  3. ЗейдлерА. «Вокализы» 2012

  4. Бодауова Б.К, Тыныбаева Ж.Т. Дауыс қойылымы. Әншілік өнеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Семей 2012.

  5. Бейсембеков А.Т. Вокализдер. Вокалдық жаттығулар 2012

  6. Смайлова Т.А Гауһар тас. Әншілік өнеріне арналған хрестоматия. Алматы 2010.

  7. Кожахметова А.Ш. Сұрша қыз. Әншілік өнеріне арналған хрестоматия. Алматы 2012

  8. Шепаева С.А., Сыдыкова Р.Ш. Ән айтуды үйрету әдістемесі пәні бойынша лекциялардың шағын курсы. Шымкент 2010

  9. Л.Б.Дмитриев. Основы вокальной методики. – М.: Музыка, 2010

  10. А.Г.Менабени. Методика обучения сольному пению. – М,:1987.

В.Васина – Гросман Вокальные формы. М. 1973

  1. А.П.Иванов Об искусстве пения. Москва.1997.

  2. С.П.Юдин Формирование голоса певца. Москва.1962

  3. С.Р.Степанова.Г.Ю.Шестаков.Музыка. Б/энцикл. словарь. Москва.1998.

  4. Н.В.Романовский Вокально-хоровой словарь. Калининград.1973

  5. И.В.Способин Элементарная теория музыки. Москва. Кифара. 2011.

  6. А.С.Соболев. Речевые упражнения на урокаж пения.Москва. 2010

  7. А.И. Канкарович. Культура вокального слова. Музгиз Москва. 2010.

    ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

    Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

    Бет 26/ 26


  8. Б.К.Бодауова,Ж.Т.Тыныбаева Дауыс қою Вокал пәніне арналған әдістемелік нұсқау. Семей. 2013.

Қосымша әдебиет: Ән және романс қазақ тіліндегі жинақтары:

  1. Песни композиторов Казахстана Музыка. Москва 2000

  2. Тілендиев Н. Алатау.Ән мен романстар жинағы.Жазушы. Алматы 1972.

  3. Абай К Әнді сүйсең менше сүй. Алматы 1980.

  4. Қазақ вальсі Алматы 2010.

  5. Базарбаев Т. Ауылым Әндер жинағы. Семей. 2005.

  6. Бейсембеков А.Т. Әнші жүрек әуендері. Семей 2005

  7. Бодауова Б.К. Назқоңыр. Әншілер тобының репертуар жинағы 1- выпуск Семей. 2006.

  8. Жамакаев Б. Махаььат вальсі. Алматы 1997.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет