Қосымша А
(ұсынатын)
А.Қ.Жұбанов
Шеберлік
Қандай мамандық болса да оны меңгеруде шебірлік керек етеді. Егін өсіруші шаруа, темір қорытатын инжинер, бала оқытатын мұғалім, оқырманның санасын билейтін шығарма беретін жазушы, «құлақтан кіріп бойды аларлықтай» музыка шығарған композитор, қарағанында көзіңді ала алмайтын сугірет салатын бейнелеу өнерінің өкілі – бәрі де өздерінің істеріне шебер болғанда ғана алдарына қойған мақсаттарына жетеді.
Тағылық кезде таяқ ұстауға ғана жараған адамның қолы өнер өсе келе дүниеге Паганиниді, Листі келтіргендігін Ф.Энгельс айтып кетті. Әрине олардың орындау техникасы адам айтқысыз күшті болып туа қалған кісілер емес, шеберліктерін арттыру, дамыту, шынықтыру жолында үнемі қызмет істеген адамдар.
Мысалы, Паганини кей күндерде 14 сағат скрипкада ойнаған. Ал біз көзімізбен көрген Дина әрбір жарты сағаттан кейін домбырасын қолына алмай отырмайтын. Ол 9 жасынан домбыра тартып машықтанған адам болса да, техникасы сондай жоғары болса да өле-өлгенше оны шынықтырумен болды. Міне осы жағынан қарағанда біздің алдымен оқытушыларымыздың, екіншіден оқушыларымыздың орындаушылық шебеоліктерін арттыру жолындағы жұмыстары әлі күнге біздің заманымыздың тіргіне сай келеді деп айта алмаймыз.
Ондай домбырашы, қобызшыларды бітіртіп жатқанда солардың бәрі бірдей жеке орындаушы болып шыға алмай жүр. Лның басты себебі консерваторияда жүрген кезін бағаламай, немқұрайды қарағаннан. Біздің оқытушыларымыз да концерттерге аз шығады. Кейбіреулері шыққанның өзінде үлкен үміт, «қамшы» арқылы әрең шығады. Әрине оқушылар орындаушылық жағынан класта ақыл үйреніп қана қоймай, сол оқытушыларының ойынынан үлгі алулары керек. «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» дейтін заман қалған. Шеберлік деген тек орындаушылыққа жатады деп түсінсек те қате болады.
Шығарманың техникалық жағын жетістірумен қатар оның идеялық - көркемдік мазмұнын талдай, айыра білу де шеберлікке жатады. Әрбір шығарма белгілі идеяға арналып шығарылады. Сондықтан тек техникалық жағынан шебер болып, шығарманың идеясын аша алмаса, о да музыканттық шалалық болып есептеледі. Бұл жағынан мамандық сабақтардың оқытушылармен қатар, біздің музыка талдау сабақтарын жүргізетін кісілеріміз де осы мәселеге шұғыл назар аударулары керек. Немесе «шығарма үш бөлімдлі, вариация формалары» деп шолып өте шығу дұрыс болмайды. Гармония сабағында да бірқатар оқытушылар «терцияны қосарлауға болмайды, қатар квинта беруге болмайды» деп қана қояды. Оның неге болмайтынын түсіндірмейді. Ал олай түсіндіру құран оқығандағыф догмадан артық болып шықпайды.
Қысқасы, орындаушылық шеберлікке де, мазмұн-идеяны айыра білетін шеберлікке де оқытушылар шәкірттерін баулуы керек. Ал оқушылар болса жатпай-тұрмай осы шындықтарды меңгерулері керек. Шеберлік – бірінші шарт.
А.Қ.Жұбанов. Ән-күй сапары.-
Алматы, Ғылым баспасы,
1976. - Б.433-443.
Достарыңызбен бөлісу: |