Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологияс


Бейне – музыкалық сананың құрылыс өлшемі. Оқушылармен сабақ үстіндегі музыкалық бейнелеушілікті қолдауы (ынталандыруы)



бет3/8
Дата04.11.2016
өлшемі1,55 Mb.
#355
1   2   3   4   5   6   7   8

5.3 Бейне – музыкалық сананың құрылыс өлшемі. Оқушылармен сабақ үстіндегі музыкалық бейнелеушілікті қолдауы (ынталандыруы)

Музыкалық сананың ең негізі және құрылымының ортасы – дыбыс бейнесі. Қандай да болсын процесте дыбыс бейнесі басты.

Сондықтан музыкалық бейнесі арқылы музыкалық қабылдау, бағалау, әрекетте, қандай да болсын синзитивтік, рух процесінде музыкалық санада құбылыс болмайды. Сондықтан өнер адамы (сазгер, ақын) көркем бейне, көркем сурет пен көрінісітер арқылы жетеді.

Музыкалық бейне – ол «сезім-ой»; музыкалық шығарманың «идеялық мазмұнының дәні», тани білуі және шығармашылығы; музыкалық бейне сезімінің процесін көрсете білуі, эмоциялық қалпы, психологиялық жүрісі, көңіл-күйінің қалпы т.с.с.

Эмоция – оқушының сана сезіміндегі сәулесі. Эмоция – іс-әрекетінің жүргізу механизмі, «өнім» ретінде музыкалық бейненің мазмұны.

Қиял мен елесі – бұл психологиялық «құдай», идеал саласындағы бейнесі.

Тәжірибелі педагог – музыкант, психолог. Сабақ үстінде музыка мұғалімінің салыстыру, оқушылардың «қорынан» алу және музыкалық бейнемен байланыстыру деген ұғым.

5.4 Өнер жинақтауы (синтезі) музыкалық сананың әдіснамалық принципінің қалыптасуы және дамуы. Музыкалық сана құрылысының логикалық - түсінушілігі

Өнер синтезінің ерекше қолдану кезіндегі музыкалық сананың қалыптасу - дамуы ол маңызды педагогикалық канал (жол). Кезінде Гегель өнер түрлерін қарастырғанда Абсолюттік Идеяның қырын, көркем бейнені байқаған; бұл әдіснамалық принцип басқадай көркем – шығармашылық пәндерде сияқты музыка сабағында беру барысында қаралады. Сондықтан көркем бейне ол әмбебап (универсал) сияқты, озіне бояу, дыбыс, қимыл, силуэтті жинап, бейне өнері, поэзия, драмалық театр, архитектура, қолөнер музыкантқа ерекше психологиялық «обертондар» бере тұра, көпқырлы, толықтырылған бейнені құрайды.

Өзің сезінгендей боласың, әлдеде жасырын, ұйықтап жатқан сияқты, ішкі жан-дүниеңде бір жарық ашылған сияқты, сондықтан сол жарық күшті бір нәрсені оятып, жебе (стрела) сияқты болып дәл қадалады. Оны кәсіби құралдармен шешуге болмайды. Ол сезім, ояну керек, не оны ояту керек.

«Логикалық түсінушілік» өнерге байланысты. Музыкант музыкалық бейнені көрсете алушы еді, «музыканы» жақсы түсінсе. Сондықтан музыкалық санада білім маңызды роль атқарып, орын алады.

Педагог әрекетінде факт маңызды орын алады – қызықтыра, біле, өнертапқыш білімді жеткізе отыра, оқушыларды музыкаға, өнерге қызықтыру барысында және керісінше. Баланың білімге құштарлығы, тартысы, «жалпы» білімге деген ұғым.

Өзіндік байқау, өзіндік есеп, өзіндік тану – міне, стратегиялық мақсат, бағыт музыкалық сананың қалыптасу-дамуы, осы білім беру әрекеті, әрине педагог арқылы.

В.Брюсов: «Ми мәдениеті қана сезім мәдениетін қамтамасыз етеді».

5.5 Музыка ғана адамның қоршаған әлемге қатынасы мен байланыс контексі. Музыканың тану - аксиологиялық функциясы

Қоғамның дамуы мен болуы негізгі проблемасы – қалай, қандай құралдармен аға ұрпақ жас ұрпаққа өткен уақытта жинаған қорының бәрін бере алады, әлеммен сезімдік пен саналық қатынасты, тәжірибе жолындағы білімді, икемділікті, дағдыны, құндылықты, шығармашылық тәжірибенің тіл бейнелерін, бейне күйінің жүйесін, нормаларды, эталонды, идеалды, өйткені онсыз өмірдің жүрісі болмайды. Музыкалық пайымдауды ғалымдар «музыкалық тану қалыптасуы» дейді.

Сондықтан музыкаға, басқадай өнерге сүйену – жаңа ұрпақтың қалыптасуы, болуы, тәрбиелеуі, дамуы білім жүйесін әлеуметтік басқаруы, тәрбиелеуі, білім беруі барлық қоғамға, мемлекетке бірдей фундамент негізі дейміз. Сондықтан, музыка ол - өнер, адам рухының ішкі өмірінің қалпы мен белсенділігі.
5.6 Музыкалық сана – қоғам санасының көркем - эстетикалық негізгі бөлігі

Музыкалық сана - ол адамның сезімінің ерекше, арнайы түрі, ең жоғары психикалық деңгей, психикалық белсенділігінің ерекше формасы – жеке адамда не қоғамда бола алады.

«Музыкалық сезім» терминіне ғалымдар түрлі анықтама береді, ол кәсіби контекстке байланысты. Дұрысы – музыкалық сезімді обьект ретінде музыкалық мәдениетті білеміз, оның көптілік түрлері, формасы, болуы (музыкалық өнер ол негізгі мәдениеттің ортасы). Ал, музыкалық субьектісі, ол - тұлға, қоғам. Қоғамдық музыкалық санасы әртүрлі, әрқилы. Бүгінгі қоғам санасы түрлі дыбыс ақпаратпен толығып тұрады, сондықтан ол қоғам санасына әсер етеді, кей уақытта керісінше. Дыбыс ақпараттың көбі есту арқылы қоғам санасына кіреді, ол да қазіргі музыкалық айналымы. Сондықтан музыка қоғамды бөлмейді, керісінше біріктіреді, адамдарды жақындатады. Қарым-қатынас, түсінушілік пайда болады.
5.7 Музыкалық сана өзінің негізгі аспектісінде: композиторлық, орындаушылық, тыңдаушылық

Музыкалық сананы тұлғаның түрлі іс-әрекетінде қарастырамыз – музыкалық шығарманы жазу, орындау және есту қабылдауы. «Өнер шығарманы түсіну, ол өзіндік ішкі жаңа қабылдауы». «Интерпетация болмаса музыка өлі». Интерпретация ол музыкалық шығарманы шығармашылықпен көрсетуі.

Композитор, орындаушы, тыңдаушы санасындағы бейне бірбіріне ұқсайды, кей кезде айырмашылығы да болады. Ұқсастық – «екінші», «үшінші» бейне «біріншіден» шығады да негізгі келбетін сақтайды, оның көркем ойы болады, шығарманың құрылысын музыкант шығарады, біреуі орындайды, ал екіншісі тыңдайды.

С.Е.Фейіндерг: «Композитордың ерігі орындаушының ерігі бола тұра, оның тұлғалық дарындылығы мен өзінің көркемдік көрсетуінде». Сондықтан музыкант - педагогтың мақсаты – оқушының санасына әсер ету, болашақта оқушы өзінің қандай құқығы мен міндеті бар, оның өнерді музыкалық-орындаушылық табиғаты мен ерекшелігінде.


6 Музыкаға оқыту: психологиялық - педагогикалық аспектісі
6.1 Оқушылармен жұмыс істеу барысындағы әдістемелік бағдардағы этномузыкалық өнер үлгілері

Қазіргі МББ негізгі проблемасының бірі, ол қазіргі ойын-сауық музыка мен халықтық, классикалық музыкадағы интонациялық кедергінің пайда болуы. Сондықтан ұрпақтан ұрпаққа ұлттық музыка қорын жеткізу заңдылықтары бұзылады, оның негізі халық музыкасы болды ғой. Ұлттық музыканың негізі - халық фольклоры. Сондықтан мектеп қабырғасынан оқушыларда халық музыкасының мәдениеті қалыптасқан, - деп сеніммен айтуға болмайды.

Сонда да жастардың көбі әлде де халық музыкасын қабылдау барысында, көркем-эстетикалық көзқарасын, өзіндік музыкалық ойлауының қалыптасқан нышандарын айыра алмайды. Әлде де ұлттық музыка шығармаларында мәнерлеушілік құралдарын: саз, лирика, дәстүрлі музыка т.б. меңгере алмайды.

Қазақстанның әншілік дәстүрлері, күй мектептерінің түрлері өзінің ерекше қасиеттері бар екені, оны айыра білу, оны зерттей білу, оны орындай білу көптеген айырмашылығы, салыстыруы, оның тембрі, оны орындай білу ерекшелігі, ол әншілердің, бишілердің стилистика тәртібін сынайды.

Қазіргі кезеңде халық музыкасында қазіргі электроқуат аспаптарын қолдану, басқадай дыбыс бояуын табу, қазіргі ырғақты қолдану және бейімдеу - халық музыкасын, күйін тыңдаушыға жеткізу мақсатында қолданатын әдіс-тәсілдері болып есептеледі. Фольклор - балама жүйесінің музыкалық тіл нормасы, ережесі.

6.1.1 Халықтық музыкалық шығармашылық

Сондықтан орта арнайы, жоғары арнайы музыкалық мекемелерде тәрбие жұмысы келесі қалыптарды сақтайды:

1) музыкант-оқушыны музыкалық дәстүрге, дыбыс атмосферасы арқылы фольклор үлгілеріне бағыттау (саз, дыбыс қатар, биіктік, интонация, тембр бірінші орында тұрады);

2) үйрету процесінде жоғары деңгейдегі дыбыс аппараттарын қолдану (аудио, видио);

3) оқу процесінде халық дәстүрлі музыкасына бағыттау;

4) оқу барысында фольклор музыкасының көркем-мәнерлеушілік негізін байқау;

5) оқыту барысында жаттығу жұмысын жүргізуде халық әуендерін қолдану, оны екі, басқадай көп дауыстыға әндетуге үйрету;

6) оқыту барысындағы теориялығы, оқушыларды халық музыка үлгілері, нота, жинақтармен танысу (жаңа техникалық құралдарды қолдану).

Жоғарғы аталған ережелерді қолдану барысында әдіснамалықты қарастыру:

- халықтық музыкалық шығармашылықпен танысу, есту сезімін дамыту арқылы, жаңа интонация жүйесімен, музыкалық метроырғақтық ұйымдастыру арқылы және де жоғары деңгейдегі халық музыкасының үлгілерін пайдалану. Осы жұмысты мектептен, сыныптан тыс үйірмесінде, не музыкалық студияларда жетілдіру;

- сабақ барысында оқушыларды халық музыка ерекшелігіне, оның түрлеріне, оның аймақтық ерекшелігіне, қасиеттеріне, орындау ерекшелігіне, орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлу;

- оқыту барысында екі бағытты сақтау: есту арқылы және визуальды;

- музыканың поэтикалық мәтініне көңіл аудару.

Үйрету барысында келесі ережені сақтау: бірінші әннің мәтінімен орындау (сөзі мен әні бірге жүреді), сосын әнді толық орындау. Ондай кезде ән жатталмайды, ол қайта туғандай болады. Осы кезде ән жылдам және саналы түрде қабылданады.


6.2 Дәстүрлі музыка. Халықтық-музыкалық өнерге бастапқы баулу

Жоғарғы музыкалық оқу орындарында «Дәстүрлі ән», «Дәстүрлі музыка» атты мамандандыру баршылық. Осы оқыту курсында халық дәстүрлі музыкасымен танысу, білу, үйрену деген әдіс-әдіснамалық жұмыс бар. Сондықтан арнайы бағдарлама, ерекше бағыт, ерекше репертуар, дәстүрлі музыканы үйрету әдіс-тәсілдері бар.

Бағдарлама құрғанда келесі негізгі қалыпты қолдану:

- дарынды, халық музыкасын сүйетін студенттер қабылдану керек;

- халық дәстүрлі музыкасын қазақ музыкасының негізі ретінде қарау;

- халық дәстүрлі музыкасын эстетикалық тәрбие жүйесінің бөлігі ретінде қарастыру (оған қоса музыканы, хореографияны, бейнелеу өнерді, халықтық қолөнерді кіргізу);

- халықтық дәстүрлі музыканы әдебиет, тарих, музыка, бейнелеу өнері пәндерімен қоса жүргізу.
6.2.1 Іс-әрекет түрлері мен формалары

Дәріс-әңгіме, дәріс-концерт, практикалық сабақтар, мерекелік шаралар. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасымен танысу. Міндетті түрде ұлттық киім кию. Фольклор - ол дәстүрлі деген мағынаны береді. Ұлттық үйрету дәстүрін қолдануға болады, мұғалім жай ғана әңгімелеу, түсіндіру және көрсете білу керек. Қандай да болсын халық әні халық арасында орындау барысында өзгереді, түрленеді.

Бір әншіде, оның көңіліне, жан - дүниесінің жағдайына байланысты, ән өзгерісті талап етеді. Сондықтан оқытушы жай ғана үйрету мақсатын қоймай, сабақ процесін құра білуі керек, бірізділік халықтық дәстүрлі әннің икемділігі мен білімділігі. Сондықтан әнді түрлі қабылдау, ол жалғыз ерекше үлгі емес.

Әншілік кезінде әншілік негізін меңгеру, таза интонациясы, дұрыс дем алу, дауыс аппаратын дамыту, есте сақтау сезімін дамыту, есту сақтау қабілетін қалыптастыру, ырғақ, жүріс гармониясы т.б. маңызды болып саналады.

Репертуарға құнды дәстүрлі музыканы қолдану.

Осындай мақсатқа жету үшін, келесі бағыттар болу керек:

- халықтық - дәстүрлі музыканың негізін көрсете білу, оның көркемдік - эстетикалық құндылығын және оның қазақ музыкасындағы орны;

- дәстүрлі музыка мен қазіргі музыканың ара қатынасы;

- халықтық дәстүрлі музыканың көп қырлылығы, әннің түрлері, жанрларының түрлері және ықшам дәстүрі;

- халық әндерді «есту» және «ести алатындай» қылып үйрету;

- халықтық өнерін жанымен шығару құштарлығын дамыту;

- оқушыларды музыканы жақсы түсінуге тәрбиелеу, оны айыра

білу т.б.
6.3 Музыкаға баулу – оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті

Музыка мұғалімінің алдына қойылатын бірінші мәселе – оқушылардың дайындығының қалыптасуы, кәсіби, психологиялық, «өнімді» іс-әрекеті. Бізге келген студент музыка мамандығын екінші, қосымша мамандық деп есептесе, онда оны жай үгіттеу аз, оған білім беру жүйесін қайта құру қажет, сонда ғана бітірген соң түлек мұғалім болуға психологиялық тұрғыдан дайын деуге болады.

Ол үшін қалай және кімді дайындау қажет? Мұғалім мамандығының сыры оның ішінде музыка мамандығы бойынша шығармашылығы - өз бетімен ерекше оқушылармен музыкамен айналысу, музыкада жаңалық ашуы оның әдісінде, оқушыда, өзінде. Психологиялық негізі - өз-өзіне ашылуы, өз өміріне қатысы. Осындай ашылу болмаса, онда дамушылық болмайды. Шығармашылық негіздің психологиялық мотивациясы: ашу үшін, жаңалық кіргізу үшін адам бірінші көру керек, қабылдау керек, өзінің білмегенін сезінуі керек. Сондықтан студент шығармашылық жұмыс істеу алдында шығармашылықпен оқып, ізденіп, білім алуы керек. Оқу-тәрбие процесінің сапалық деңгейін көтеру, оптимизация бағытын қарастыру - ол дамушылық, бірлік қатынасының тереңдігі, қарым-қатынасы, оқытушы мен студенттің ара қатынасы.
6.4 Музыканы оқыту процесінде маманды «жасауға» болмайды, ал «маман болуына» болады

Музыка мұғалімнің әлеуметтік пен материалдық статусы жағынан әліде де мамандықтың күрделілігі мен қиын екеніне сәйкес келмейді. Қазіргі қоғамда жоғары деңгейдегі білімсді, мәдениетті мұғалімнің, оқытушының, ғалымның еңбегі бағаланбайды (материалдық жағынан болса да). ЖОО бітірген түлек көбінесе мектепке бармайды, сондықтан ол жалпы мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, психологиялық мәселе.

Сондықтан білім беру «реформа», «модернизация» сияқты мәселелерді қолдау үшін, нақты мақсаты, кемшіліктердің талдауы, болып жатқан деңгейінің жетістігі болмаса, финанс жағы және де басқадай жағдайларына қажет.

Білім беру және оның проблемалары, жеке болмысы Әлемге, Адамға, Өмірге байланысты болмайды. Егер жұмыскердің мемлекеттік кепілдемесі болмаса, онда ол жұмысты өзі іздейді. Онда маманды кінәлауға болмайды (мектепке келмесе).

Ертеден қалыптасқан мынадай заңдылық бар: пәндерді жүргізетін мұғалімнің дайындығы жақсы болса, білімі жоғары деңгейде болса, шығармашылықпен айналысуға бейімі болса, ізденіс жұмысымен шұғылданса, онда оның «жақсы жұмыс» табуға мүмкіншілігі бар (высокоаплачиваемый). Ол деген, түлектің сапалық деңгейі және де ЖОО мәртебесінің биіктігі.

Білім беру процесі кәсіби психологиялық сүйемелдеуді және қолдауды сұрайды.



Акмеология – тұлға құндылығының ғылымы, оның жетілдіруі, өз кәсіби әрекетін қалыптастыру, әлеуметтік роль атқару, толықканды өмір сүру.

Акмеология – тұлғалық-психологиялық деңгейінің жетілуі, өзінің мүмкіншілігін қиын жағдайларда пайдалана алады. Әлеуметтік өсуін, өзінің тұлғалық жетіктігі мен кәсібилігін, өзінің даралығын, өз орнын табуын, қазіргі қоғамдағы өзінің орнын тұлға өзі анықтайды. Бұл тұлғаның (орынын) даму процесі мен өзіндік дамуы деуге болады.


6.5 Мәдениет деңгейі және тұлғаның кәсібилік дамуы. Акмеологиялық жағдайы

Психологияда даму принципі көп қырлы, сондықтан ол арнайы психологиялық білім аймағы болды. Акмеология психологиялық дамуымен жақындай келе, даму принциптерін анықтайды. Олар:

- дамушылық жетілдіру, өсуіне, жоғары деңгейдегі барысы;

- даму сипатының субьектілігін тану;

- даму процесі мен талдау процесі қарама – қайшылықсыз болмайды, субъектісі болмаса;

- акмеологияда даму принципі жекешілік даму сипатын анықтайды;

- акмеологияда дамуды өмірлік дамуында және іс-әрекетте, өмір жолындағы дамуының байланысы;

- акмеология бірізділік кезеңдерін анықтамайды, тұлғалық кезеңі идеямен және болашақпен байланысты.

Акмеологиядағы дамушылық ол: сапалық, мәдениеттілік.

Акмеологияға сүйенсек – тұлғаның мәдениет қасиеті өз-өзіндік бейнелеушілігі, өз-өзін жүзеге асыруы, бұның бәрі кәмелеттік дейді.


6.6 Кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі

Қазіргі ғылым (педагогика, психология) былай дейді: «Тұлғаның ашылуы кәсіби іс-әрекетінде. Адам өзінің тұлғалық және кәсібилік сапасын көрсете алады, өзін-өзі дамушылығын көрсете алады, қоғамда аты шығып, белсенділігін байқатады». Осы қағидада өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі бекітуі көрінеді.

Өзін-өзі кәсіби анықтау деген – кәсіби әрекетіндегі тұлғаның дамушылық процесі және өзінің қабілетін, тұлға-психологиялық мүмкіншілігін жүзеге асыру. Ол бір кезеңде болмайды, толық белсенді жұмыс әрекетінде атқарылады. Осы жолда мақсаттар мен міндеттер қалыптасады. Осы процесс адамның өмір бойғы жолымен табады және де өзін-өзі бекітуінің толықтай негізі болып саналады.

Өзін-өзі кәсіби бекіту – кәсібилік қабілеті, кәсібилік мотивация, кәсібилік өзіндік санасы, мінезінің қасиеті. Олардың мамандық алу жолының құрылысы қызық. Ол кезде тұлға әрекетінің стилі қалыптасады, тұлғаның кәсібилігі қалыптасады.

Сондықтан, тұлғалық-кәсібилік даму, өсу - адам дамуындағы үзілмейтін процесс. Осы кезде өзін-өзі басқаруы, қоғамның өзгерістерін байқауы, қоршаған ортамен байланыс жасай отыра, өмірдің көп қырлылығын қабылдауы өмір мен кәсіби тәжірибесінде анықталады.
6.7 Музыка сабағын беру жалпы тәжірибеде кездесетін қиындықтар және «тар орындары»

Жоғарыда тұлғаның даму процесі туралы айтылса, ал музыка саласындағы тұлғалық және кәсібилік дамуында оның өзінің қасиеттері, сипаты, ерекшеліктері бар екенін білдіреді.

Музыканттың даму - қалыптасуы мақсат бағытында, жоспармен, психолого-педагогикалық кезеңде, олар оқу-білім алу процесінде ерекше орын алады, ол оның ұйымдастыруы, мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері.

Үлгі ретінде ЖОО-ның музыкалық-орындаушылық оқыту тәжірибесіне көңіл аударайық (фортепиано, шекті, үрмелі, халық аспаптары және дирижерлау). Келесі фактілерге назар аударайық:

1) музыкалық-орындаушы оқушысы күнделік тәжірибеде, азды-көпті көлемдегі оқу-педагогикалық репертуардан музыкалық шығармаларды меңгереді. Ол деген тұлғаның аз көлемді көзқарасы, даму процесінің баяулауы, қызығушылық пен қабылдауы төмендейді;

2) музыкалық-орындаушылық сыныптарда қабылдаған іс-әрекет жұмыстары «жаттығу» сияқты; оқушыларда теориялық және жалпылама сипатының «қоры» аздауы және «өнім» бермейді; музыкалық-танымалық білімінің аздығы. Осының бәрі жастардың музыкаға деген көркем-интеллектуалды және эмоционалды даму «қорының» аздығына келіп әсер етеді;

3) оқу барысы көбіне авторитарлық бағытында. Бостандығының жоқтығы оған деген қысымы өзіндік, шығармашылық инициативаға, белсенділікке жол ашпайды. Сондықтан, бостандық пен даму (оның ішінде тұлғалық-кәсібилік дамуы) – бір-бірімен ішкі байланыс категориясы, бірін-бірі қосатыны;

4) аспапта ойнау, оқытудағы икемділік пен дағды кей уақытта тығыз арнайлығы, оның әрекет диапазонына әсер етеді және бұрын үйреніп қалған, бұрын қалыптасқан икемділік пен дағдылар жаңа тәжірибесіне, жаңа жағдайда қойған мақсаттарға тез көше алмайды;

5) қазіргі техникалық құралдардың мүмкіншілігін (аудио, видео) пайдаланбайды. Оны оқу барысында қолдана білуі де маңызды;

6) музыкант-оқытушы өз бетінше оқуға үйрету керек. Оқуда, білім алғанда, оқытқан «қоры» өмірде кей уақытта келмейді, осы кезде қайта бейімдеу, қайта оқу, қайта бетбұру, қайта өзінің кәсіби білемін, икемділігі мен дағдыларын қарау.



Оқуға үйрету (учить учиться) - өзіндік әрекетінің «әдіснамасына» бейімдеу, оқушыда өмірлік пен кәсібилік позициясы қалыптасады, өз жүрісі, өз дамуы, өз актуалдығы, әлемге, мамандыққа, өзіне деген көзқарасы. Сондықтан, тұлғалық - кәсібилік дамуы арнайы қабілет кешеніне байланысты (музыкалық есту сезімі, музыкалық ырғақ сезімі, музыкалық есте қалу сезімі).
6.8 Музыканы оқытудың дамуының принциптері

Сонымен, оқушы - музыканттың жалпымузыкалық, тұлға - кәсібилік дамуы оқу процесінде қалыптасады. Оқу процесінде, оның ұйымдастыра білу кезінде даму нәтижесінің көрінісі, жетістігі болып саналады. Ол оқу барысындағы дамушылық нәтижесі, проблеманың шыңы, негізі.

Музыкалық - орындаушылық сыныпта, жалпы мектепте музыкалық оқу дамуының принциптері келесіде:

1) оқу- ілім беру практикасындағы қолданатын материалды көбейту, оқушылардың репертуарын (шығармалар көп болу керек, көркем - стильдің көптігі) көбейту. Көркем - ойшылдық сапасын көтеру;

2) оқу материалының (музыкалық шығармаларды орындау үшін) бір бөліктерін жедел оқыту, ұзақ созылатын орындаушылық класынан бас тарту;

3) музыкалық орындаушылық сабақтарының ұлғайту барысындағы теориялық көлемі, сабақта музыкалық - теориялық және музыкалық орындаушылық класын қолдану;

4) еліктеу тәсілінен бас тарту, орындаушының белсенділігі, өзіндігі, шығармашылық инициативасының басымдылығы. Еркіндік пен тәуелсіздік беру;

5) қазіргі ақпараттық технологияны қолдану (аудио, видео);

6) жас музыкантты «оқыта» оқуға үйрету.
6.9 Музыкалық шығармаларды нобайы үйрену және музыканы парақтан оқу дамуының потенициалы

Музыкалық - орындаушылық сыныбының жұмысы туралы айтатын болсақ, кәсіби-дамушылық түрлері мен формаларының бірі – ол парақтан оқу.

Парақтан оқу тәсілі қандай пайда береді? Ол оқушының жалпымузыкалық дамуында қандай әсер, белсенділік көрсете алады, оның қуаты неде?

Музыканттың көз алдында, оның санасында, ойында қаншама түрлі музыкалық шағырмалар, көркем стильдер, тарихи замандар өтуде. Парақтан музыканы оқу - іс-әрекеттің бір түрі, музыкалық әдебиетпен қолдамалы және кең түрде танысу барысын ашады. Сондықтан парақтан музыканы оқу әрқашанда және музыкалық қабылдаудың әсерлі, «жаңа ашуы», жедел және түрлі сипатты музыкалық ақпараты ауысып отыруында. «Қанша оқысақ та – сонша білеміз» келе жатқан ақиқат қазіргі уақытта музыкалық білім беруде өз мәнін жойған жоқ.

Музыканы оқи отыра, музыкалық шығармалармен танысу, жаңашылын ашу. Ол жаттау емес, есте сақтау емес, меңгеру емес танысу үшін жасалатын іс-әрекеттің бірі. Осы кезде ерекше психологиялық қалып пайда болады. Музыканы оқу кезінде музыканттың ойлауы табиғилығы, дұрыс оқу кезінде, кәсіби оқу кезінде түсі өзгеріп, қабылдау шағы жарқырау, жанды, тұтқырлығы. Парақтан оқу барысында музыкамен танысу – процесс, ерекше жарық, эмоциялық бояуды қатыстыруы. Оқу - ол да сабақ, музыкалық ойлау процесінінің сапалығы көтеріп, жаңартады. Сондықтан, парақтан оқу – оқушылардың жалпы музыкалық дамуына, болашақ барысындағы қысқа жол.

Әрине нотаны парақтан оқу процесінде дамушылық оқыту принципі көрінеді, оқушының музыкалық материалды кең көлемінде пайдалануы және жедел танысуы.

Расында да парақтан оқу - ең аз уақытта барынша ақпарат алуы. Осыдан қорытынды жасауға болады: егер оқушының жалпы музыкалық дамуы – оның қабілеті, интелектісі, есту сезімінің кәсібилігі музыкалық педагогиканың арнайы мақсаты болса, онда парақтан оқу, осы мақсатқа тәжірибе барысында жетудегі арнайы құрал бола алады.

Ендігі бір мәселе – музыкалық шығармаларды нобайы уйрену, ол да бір музыканттың ерекше іс-әрекетінің формасы. Бұл да музыкалық шығарманы үйрену қорытындысы емес. Осы жұмыстың қорытынды кезеңі – музыканттың музыкалық шығарманы бейнелік - поэтикалық жағын қамту, шығарманың нақты көркем, түзелмейтін ойын орындаушының осы ойды жүзеге асыруында болып есептеледі.

Сұрақ туады: немен, қалай, музыкалық педагогиканың мамандары нобайы үйренуді қызықтырады? Оның ерекше арнайы артық жері неде? Нобайы үйрену әрекеті оқу - педагогикалық процесті немен байытады, оқушы - музыкант болашақта не істей алады?

Шығармамен жедел жұмысын қысқартып, нобайы үйрену формасы оқушының музыкалық материалдарды сан жағынан үйренуі көбейеді, оқу процесіндегі материалды меңгеруі мен білуі.

Сондықтан, шығарманы нобайы үйрену кезіндегі санаулы уақыт музыкалық материалды жедел үйренуінде (тез екпінде). Сондықтан, оқу-педагогикалық процесінің жеделдетуі: оқушының алдында қойылған мақсат – берілген ақпаратты меңгеруін қысып, нығыздау уақытта.

Сондықтан, нобайы үйрену формасы музыкадағы дамушылық оқу принципін өмірде жүзеге асыруы, оқу репертуарымен жедел жұмыс істеуі, оқушының үздіксіз, жылдам қадамы болып саналады.

Жоғарыда айтқандарының қорытындылауға болады: музыкалық аспапта сабақ жүргізуі, «нобайы» орындаушылық әрекетті құру, осының бәрі оқушының жалпымузыкалық дамуына ықпал етеді (оның ішінде – музыкалық - интелектуалдық дамуы).

Нобайы үйрену кезіндегі репертуар жөнінде бірер сөз. Талаптың бірі: құрылыс жағынан түрлі, стилистикалық байыған және көпжоспарлы болу керектігі (әртүрлі композиторлардың шығармалары). Жас музыкантқа нені ойнау керек, нені үйренуге шұғылдану. Сондықтан оқушы нені ойнағысы келеді, оған кедергі жасамау керек.

Ал нобайы үйрену кезінде музыкалық шағарманы жаттау керек пе? Беделді ғалымдардың ойынша, жоқ, керек емес. Музыканы нотамен парақтан оқу барысындағы кәсібилігі жетеді дейді.

М.Фейгин былай дейді: «Біз оқушыны парақтан жақсы оқығанын талап етеміз ... Бұл болашақтағы музыкалық өмірдегі концертке қатысу емес, нотаны парақтан оқуын талап ету. Қысқасы, нотамен парақтан оқуын дамыту қажет және жүйелі түрде».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет