Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет19/22
Дата11.01.2017
өлшемі5,68 Mb.
#7138
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Бақташылық жырлары. Бір кездері жабайы аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық төрт түлік малдың «пірі» деп ұғынып, солар жайында түрліше аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек. Бұрын жабайы аңдарга сыйынғап халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған. Ел ұғымыпда Шопан ата — қойдың, Жылқышы ата — жылқының, Ойсыл қара — түйенің, Зеңгі баба – сиырдың, Шекшек ата — ешкінің пірі. Олар малды құт деп біліп, аязды қыстан, жұтаған жұттан, аш бөрілерден аман алып шығудың жолдарын айтқан. Мысалы. Шопан ата қойларын күні-түні бақса да тойғыза алмай, қарнына асасын тығып алыпты. Содаи қойдың бір бүйірі шұқыр болыпты-мыс дейтін аңыз бар. Шекшек ата болса есі кеткен ешкі жинайды» деп, оның сүтті өсімтал түлік екенін айтады. Қазақ халқы үшін жылқы мен түйе етті, сүтті, көшсе — көлік, мінсе — ат болып төзімді түлік-деп таныған. Түйені қазақ шөл кемесі десе, жылқыны ер серігі деп таныған. Сиыр өзінің иесімен айтысқанда: «Қысқа әзірлегеп шөбің нәрсіз, кәдең дәмсіз, өзің жарсыз жалқаусың» деп сынайды. Мұндай жырларда әр түліктің өз тұтынушыларына қоятын шарттары да айтылады. Бұл туралы ел аузында сиыр «қоры үзілген қуға». қой «жүн жеп, жабағы тышқан насқа», жылқы «найза ұстаған ерге», түйе ел ішіндегі зорға бітемін. деген ұғымдар бар.

Төрт түлік мал жайындағы жырлардыд өзі тілек-бата түрінде айтылады.

Шаруаның бір түлік пірі — Шопап.

Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.

Қойды аңдыған пәленің бәрін құртып,

Бықпырт тиіп, үні өшсін қасқыр апан


Мал бағу қамынан туған бұл жырлардың енді бір үлгісі жыр формасыпда айтылған.

Мен бір тілек тілейін, Ойбай салып маңыраған,

Ай мүйізді, шоқпақтай, Қозысымен жамыраған,

Шүйделері тоқпақтай, Қозысынан айрылса.

Тегене құйрық қошқарлы, Қара тұтып маңыраған.

Малды берсең қойды бер! Аппақ қана сүті бар,

Ұлды берсең бойлы бер. Шағаладай құрты бар.

Ақылы артық ойлы бер. Шопан ата баласы,

Ақсағаннан ақсаған, Қойлар бассын үйінді.

Қозысы өлсе қақсаған, Қойлар басса үйінді,

Үй төбенің түбінде, Қоймай бассың үйіңді.

Халық жылқының етін, түйенің күшін, сиырдың сүтін дәріптеген. Кейде шөпке тоймайтын сиырды, қой мен ешкінің айтысын тудырып, «қойдың жегені — жайтақ, құйрығы жалпақ, ешкінің жегені — ошаған, құйрығы шошайған» деп күлдіргі өлеңдер де шығаратын болған.

Халық төрт түлік малдың төлін анасы қалай сүйсе, адам да солай сүйе білуге тиіс деп, қозы, лақ, құлын, торпақ, ботақан, қойшы, құс жөнінде түрлі өлеңдер тудырып келген. Қойды қасқырға бермеу үшін қойшының көлігі, құралы сайлы болуга тиіс. Кейбір өлеңдер қасқырды да сөйлетеді.

Атты қойшы. ашуы қатты қойшы.

Түйелі қойшы — тұрған қойшы,

Төбесінен ұрған қойшы.

Өгізді қойшы — өлген қойшы

Жем болғанда көрген қойшы.

Халық мал бағудың қызығы мен қиындығы көп, соның үдесінен шыға білу керек деп ойлаған.

Ешкі бақтым — едірен бақтым.

Қой бақтым — қоңырау тақтым.

Сиыр бақтым -- сидаң қақтым,

Жылқы бақтым — жорғалаттым.

Түйе бақтым — түйме тақтым,—

деген өлең жолдары жас буынды еңбекке, шаруашылыққа шақырған. Төрт түлік мал жөнінде мақал-мәтелдер, аңыз-ертгегілер де өте көп. Мал төлден өседі .

Ұлыс жырлары. Қыс ызғары кетіп, жаздың келуі — тіршіліктің ең сәтті кезеңінен саналған Оны шығыс елдері жыл басы — Наурыз,- ұлыстың ұлы күні ретінде қарсы алып, тойлайтын болған. Қазақ арасында да жыл басы — наурыздың 22 жұлдызы болып саналған. Осы орайда туған өлеңдерді ұлыс жырлары дейміз. Бұл күні тоқсан шығып, күн жылиды, жердің тоңы кетіп, өсімдіктерге жан ене бастайды. Күн мен түң теңеледі. Қыстауда отырған ел жайлауға көшеді. Мал төлден, сүт көбейеді, жатақтар соқа-сайманың сайлап егіске шығады.

Ұлыс күні әрбір үй жеті түрлі дәннен наурыз көже жасап, бір-бірін шақыратып болған. Арпа, бидай, тары, бұршақ жүгері сняқты түрлі дәндер елдің сол кездегі ұғымы боиынша жеті түрлі тірліктің иесіне берілген атама (ас) болып саналған. Сол көжені жұрт үй жағалап жүріп ішкен. Мұны — ұлыс тойы дейміз.

Тойға келген жұрт: «Амансыз ба? Ұлыс оң болсып, сүт мол болсын, қайда барсаң жол болсын. Ұлыс бақытты болсын, төрт түлік ақты болсын, бәле-жала жерге енсін» деп бір-біріне жақсы тілек білдірген. Ұлыс күндері жастар ойнап-күледі, қарт-қариялар еңбек адамдарына ақ бата береді. Демек наурыз жайындағы өлең-жырлардың да еңбекпеп тығыз байланысы бар.

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Шалдары бата беріскен:

«Сақтай көр» деп терістен, -деп келетін жыр жолдары Наурыз мерекесінің мәнін суреттейді.

Наурыз жырлары қазақ фольклорында айтарлықтай көп емес. Оның бір саласы төрт түлікке байланысты туған өлеңдермен байланысып жатады. Ұлыс жырларының мәні ескірмек емес. Өйткені оның тамыры өте тереңде халықтың көне дәуірлердегі тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты.



Бөбек жырлары. Малдың төлі болса, адамның баласы бар. Оларды ойлы да тілді етіп, еңбекке баулу — халықтың үлкен қуанышынан саналған. Әйел бала туса, оған шілдехана жасаған. Шілдехана кезінде жастар жиналып. өлең айтқан. Ауыл шамы қырық күнге дейін сөнбеген.

Өмірге жаңа келгеп сәби өсіп. жетіле келе әжесінен ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаштар үйреніп, ойы мен тілін дамытатын болған. Мұны халықтық рухани тәрбие дейміз. Ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш білмеген, білгенін айта алмаған баланы «мылқау» деп, оған жұрт күліп қараған. «Ти десем тимейді, тиме десем тиеді» деген жұмбақ баланың тілін, әрбір дыбыстың қайдан шығатынын білдірсе. саусақтарга «бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шүлдір шүмек, кішкене бөбек» деп ат қойғызу баланы санауға үйреткен. «Бір дегенім — білеу, екі дегенім — егеу, үш дегенім — үскі, төрт дегенім — төсек, бес дегенім — бесік, алты дегенім — асық, жеті дегенім —- желке, сегіз дегенім — серке, тоғыз дегенім — торқа, он дегенім — оймақ, он бір қара жұмбақ» деген сөз кестелері баланың лексикасын байытқан. Ол кезде жас балалар әрбір үйдің жан санын жұмбақтап, шешуін тауып отырған. Ондай жұмбақтарды: «Нешік? Екі құлағы тесік, ешкің арық, қойың сарық» ден бастаған. Мұндай өлеңдерде бір-біріне айтылған сұрақтар да кездесіп отырады:

– Ауылың қайда? – Қошқар тауда.

– Асқар тауда. – Қойың не жейді?

– Қойың қайда? – Жусан жейді.

– Баланы төсектен тұрғызып, бірін қойға, бірін жылқыға, бірін сиырға, түйеге жұмсаған тіршілік көрінісі де өлеңге арқау болған. Төрт түлік мал жөніндегі жырлардың балаларға лайықталған саласы аса көркем әрі қызық. Олардың мазмұны көбіне күлдіргі болып келеді. Мысалы. «Қой мен ешкінің айтысы» жайындағы өлең окуға жеңіл. мазмұнды әрі әсерлі.

– Мұнда ешкі:

– Менің жегенім жантақ,

Сенің жегенің жантақ.

Сенің құйрығың неден жалпақ? –

десе, қой:

– Менің жегенім ошаған,

Сенің жегенің ошаған,

Сенің құйрығын неден шошайған? –

деп жауап қайтарады.

Айтыс үстінде олар бір-бірін мінеп, сынайды. Қой сүт-майым көп, сол себепті мен малдың құтымын десе, ешкі де қарап қалмайды. Ақыры бұл екеуі бір-біріне топалаң келсін деп, бақ таластырады.

Жаңбырсыз жаздың ыстық аптабы мен аязды қыс малға қандай қолайсыз болса, түрлі індет те оларға жеңіл тимеген, өйткені мал ауруы – жұттың бір түрінен саналған.

«Түйе. түйе, түйелер» дегеп өлең жас буынды бір жағынан еңбекке баулыса, екінші жағынан оларды тілге үйреткен.

Бала:


– Түйе, түйе, түйелер!

– Тұзың қайда, түйелер?

– Балқан таудың басында,

– Балды қоян қасында...

Бала:

– Еніп кеттім егіске,

Қойным толды жеміске.

Жемісімді жерге бердім,

Жер маған жусанын берді.

Жусанды мен қойға бердім,

Қой маған қошақанын берді.

Қошақанды мен қонаққа сойдым,

Қонақ маған қамшысын берді.

Қамшыны қызға бердім,

Қыз маған түймесін берді.

Түймені көлге бердім,

Көл маған көбігін берді.

Көбікті терекке бердім,

Терек маған қабығын берді

Қабықты келіншекке бердім,

Келіншек орамалын берді.

Орамалды апама бердім,

Апам асық берді.

Асықты мұзға бердім,

Мұз суын берді.

Суды қара сиырға бердім,

Қара сиыр сүтін берді.

Сүтін пісіріп отыр едім:

Көбелек келіп күмп етті...


Бәдік. Бұл өлеңдерде ертедегі тотемдік ұғымдардың ізі бар. Адам табиғат сырын жете түсінбей тұрған кезде әрбір аурудың иесі бар деп ойлап, мерез, пес, рак, топалаң, қарасан, кебенек сияқты ауруларды өлеңмен емдеген. Аурудың иесіне адамның киесі қарсы қойылған. Бәдік жырларында магия, тотемизм, мифологиялық сарындар бар. Оның дуализм дейміз. Дуализмнің арғы тегі жақсылық (Ахура Мазда) пен жамандықтың (Аргра Маннйу) тартысы түрінде келеді. Төбетай қу басты сөйлетіп, оны «ырықсыз быдық» (бәдік) деп атаған.

Айт дегеннен антамын-ау бәдікті,

Қара мақпал тоным бар барша әдіпті.

Ат оттамай, су ішпей жата берсе,



Бәдік өлмей немене бір кәдікті.

Қош, қош, қош!

Бәдік кетіп барады жатқа таман,

Жүген ала жүгірдім атқа таман.

Құдай айдап бәдікті қолға берсе,

Итере салар едім отқа таман.

Қош, қош, қош!

Кетер болсаң, әй, бәдік, Меккеге көш,

Кемпір миын мүжіген шекеге көш.

«Көш айласын білмесең, мен айтайын,

Қойдан қойға жүгірген текеге көш.

Енді бірде бәдік таза жыр формасында айтылды:

Бәдік. бәдік деседі,

Бәдік желдей еседі.

Асқар, асқар тауларға,

Айнала соққаи құйынға, —

«Әй, көш» десең — көшеді.

Әй, көш.


Бәдік бір ғана адам кеселі емес, мал індетін емдеуге де қолданылған. Құрылысы жағынан бәдік жеңіл, күлдіргі өлең түрінде келеді. Үстіміздегі ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін бәдік ел ішінде қыз ойнақпен қатар қолданылып келді.

Отпен аластау — зороастризм нанымы болса керек. Шамандық наным туған кезде отпен аластау жеті жын шақыру түрінде айтылатын болған. Бақсылардың ұғымынша, жамандық иесі (ауру) өлмейді, сол себепті оны ауырған адамнан (немесе малдан) басқа бір пәрсеге көшіріп жіберуге ғана болады. «Бәдік»— аластау, емдеу деген сөз. Оны бақсылардың өзі де шала жын қалпына түсе отырып, орындаған.

Кейінгі кезеңдерге індет, адамға мерез, пес аурулары келсе, қыз-бозбала қыр басына жиналып түні бойы өлең айтқан. Оны «көшіру» деп атаған. Қазақ сөзі көп адамды «бәдік бас» деген.

Қ ы з: Бәдік кетіп барады таудан асып,

Таудан асқан бұлақпеп араласып,

Енді екеуміз бәдікті тауып алып,

Шын құмардан шығайық сабаласып.

Жігіт: Жемір, бәдік, дегенге, жемір бәдік.

Қу қыздардың шекесін кемір, бәдік. Семіз қыздың ішіне кіріп кетіп.

Бүйрек майын же-дағы семір, бәдік.

Қыз Бәдік кетіп барады мекесіне,

Ешкі арығын білдірмес текесіне.

Онан көшер жайынды мен айтайын,

Бар да жабыс жігіттің шекесіне.

Шешендік сөздер. Қазақ фольклорында жасалып, сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрінде айтылатын ғибратқа толы нақыл үлгілерін шешендік сөздер деп атаймыз. Мұндай сөздер образдап ойлау мен логикалық ойға бірдей ортақ тілдің күрделенген фразалық материалы болып саналады. Оған «орақ орып, айдарынан жел есіп» деген идиомалық фразаларды, қанатты сөздерді қосар болсақ, бұл үлгілердің тіл мен ойдың аса биік дамығандығын көрсететін өзінше бір сала екендігін байқаймыз. Ал афоризмдер сөйлеу тілі мен жазу тілінде қатар кездеседі.

Шешендік сөздер заңдық, нақылдық, философиялық, сатиралық болып жіктеледі. Шығыс елдерінде ол Қожанасыр әңгімелері түрінде сақталған. Қазақ халқының арасында туған шешендік сөздердің табиғаты одан басқалау. Қазақ шешендік сөздерді Асанқайғы мен Жиреншеден бастайды. Асан сөздері ойлы, Жиренше сөздері күлдіргілеу болып келеді. Шешендік сөздің үшінші бір өкілі – Аяз би. Солардың дәстүрін біреу өлең, біреу қара сөз түрінде сақтап, дамытқан. Дүр сөздердің арғы тегі ертегі, аңыз, эпостан басталады. Аязбидің немесе Меңсұлудың жұмбақтары аса көркем әрі терең. Шешендік сөздердің жұмбақтары аса көркем әрі терең. Шешендік сөздердің бәрін билер ортасы жасапты деген пікірдің шыңдығы жоқ.

Рас, Мөңке, Қазыбек, Әйтеке сияқты билер айтыпты дейтін сөздер бар. Бірақ ел солардың сөзін халыққа жат еді дегенді айтпайды. Ертеде қазақ шешендерді «би» деп атаған. Осы ұғым Досбол шешеннің кезіне дейін келген. Шешендік сөздер ішінде Тәукенің «Жеті Жарғысының» заңдық сипаты болған. Кейін шыққан болыс-билер ішінде сөз білмегендері болмаған. Бұлар жегіш, парақор, топас, ұсақ адамдардан сайланып, жай әкім ғана болған.

Халық қай кезде болса да аталы сөзді биік қадірлеген. Өйткені олардың этикалық-тәрбиелік мәні болған. Кейбіреулер шешендік сөз, тапқырлық біздің заманымызда жоқ деседі. Шешендік сөздердің кемуі жазба әдебиеттің өркен жаюуымен байланысты.

Енді біреулер шешендік сөздер бір ғана тапқырлыққа құрылады, олар өз ойларын дәлелдеп айтқан деседі. Мәселе дәлелдеуде ғана емес, олар логикалық ойға құрылып елдік мазмұнда болған. Ежелгі Грек, Рим жұртьнда туған риториканың нормалары бұл кезде ескірсе. Бірақ әділет, дұрыстық жолын айтқан нақыл сөздердің бәрі бірдей ескі емес. Халық сол сөздердің қадір тұтып, сақтаған. Жазуы мен сызуы кеш туған көшпелі елдерде шешендік сөздер өзінше бір өнер, мектеп, дидактика болған. Шешендік сөздің дүрі - мақал болса, одан алатын ғибрат ескірмейді. «Аталы сөзге арсыз тоқтамайды» деген нақыл содан қалған. Шешендік, нақыл сөздердің фольклорлық мәні бар.

Жарапазан. Жарапазан — қазақ ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт негізіне байланысты туындап, кең тараған өлең түрінің бірі, Ораза ұсталатын рамазан айында ғана орындалады. Жарапазанды еркектер де, балалар да айта береді. Негізгі шарты ораза басталып, ауыз бекіткеннен кейін кешке қарай ауыз ашып, ел тамақ ішіп көңілдері жадырайды. Сол мезгілде жарапазакшылар үй-үйді немесе ауыл-ауылды аралап, жарапазан өленін әнге қосып айтады.

Жарапазан айту мерзімінің де өзіндік тәртібі бар. Ораза ұсталатын отыз күн бойы үздіксіз айтылмайды. Ең алдымен оразаның бас кезінде үш күн жарапазан айтылады. Жарапазан өлеңдері адамгершілікті, имандылықты насихаттайды:

Меккеде бір ағаш бар басын иген,

Жайқалып жапырағы жерге тиген.

Береді бәсіресін бізге сақтап,

Осы үйде бір жеңгем бар кұдай сүйген.

Айтамыз жарапазан есігіңе,

Ұл берсін пайғамбардай бесігіңе.

Наурыз көктемімен ырыс келсін,

Молшылық ала келсін несібіне.

Мекеде бір ағаш бар іші қуыс

Намаз бен ораза да — үлкен жұмыс.

Ұстасаң оразаны, жұмағыңа

Шашылар жемістері уыс-уыс.

Айтқанмен жарапазан тоямыз ба,

Санатын сахабаның қоямыз ба?

Санатын сахабаның қойып кетсек

Барғанда ақыретке оңамыз ба?

Бай Мұхаммет үмбетіне жарапазан,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.



Бата. Бата-арабша фатиха, халықпен бірге жасап келе жатқан салттың бірі. Ертеден келе жатқан тамаша салт-дәстүріміздің ішіне кіретін сөз өнерінің бірі. Бата беру дәстүрі шығыс халқы арасында, соның ішінде қазақтарда кең тараған. Әдетте бата ауылдың үлкен қария ақсақалдарының, жолы үлкен адамның, құдайы қонақтың үлесіне тиген. Бата қандай жағдайда берілмесін ол адамды кісілікке, имаңдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Ата-бабаларымыз "Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ер көгереді" деп жақсы киелі адамдардың батасын алып, кейінгі ұрпаққа да ықылас білдіріп, бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырган. Міне, бүгінгі күнге дейін жақсы дәстүріміздің жалғасын тауып келе жатқаны баршамызды қуантады. Жақсы сөз, жарым ырыс демекші, отбасы, ошақ қасына амашпылық тілеп бар жақсылықты басыңа үйіп-төгіп бата беріп жатса, оның несі айып. Қайта мұндай тамаша дәстүрлеріміздің көзін ашып марапаттау — біздің тікелей міндетіміз. Салт-санамызды, дәстүрімізді қайта жаңғыртып жатқан бүгінгі күнде бата туралы неше түрлі нұсқасы жеке кітап болып басылып шығып та жатыр. Олай болса, біз де батаның әр салаға арналған бір-екі нұсқаларын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.
Жас нәрестенің шілдеханасында берілетін бата

Нәрестенің бауы берік болсын,

Ата-анасына серік болсын!

Азамат болып ер жетсін,

Ақсақал болып төрлетсін,

Азамат болсын көрікті,

Ғұмыры ұзын берікті,

Қолқанаты көп болып,

Артынан ерте берсін серікті,

Азамат болсын ардақты,

Мінезі болсын салмақты,

Өкері болсын жан-жақты,

Осы айтқанның бәрі келсін,

Алла берсін зор бақты,

Аллау әкбар!..


Тұсау кесерде айтылатын бата

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын.

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын-туысқа пейілді болсын.

Өнеге-білімге зейінді болсын,

Он саусағы майысқан шебер болсын.

Ел қорғайтын батыр болсын,

Шындықты айтар ақын болсын.

Халқым деген жүрегі болсын,

Жұртының қамқор тірегі болсын.

Абыройы өрлесін,

Жаманшылық көрмесін!

Әумин!
Беташарда берілетін бата

1 түрі

Жаратқан ием, Тілегімді қабыл ет,



Иманымызды кәміл ет,

Ынтымақсыз алауыз,

Қырқыстан сақта,

Әрі тарт, бері тарт

Жұлқыстан сақта.

Төріңді билер,

Жатыңнан сақта.

Көк долы қатыннан сақта.

Руға бөлген наданнан сақта,

Жақсылығы өзінен артылмас,

Адамнан сақта.

Қара жүрек есерден сақта,

Нан аттаған кесірден сақта.

Кеуде керген көргенсіз,

Келіннен сақта.

Мезгілсіз келген өлімнен сақта.

Татымсыз тұзыңнан сақта,

Көргенсіз қызыңнан сақта,

Бетіңе күлген сұмнан сақта,

Бетімен кеткен жыннан сақта.

Жалғасқан бәледен сақта.

Бас кетер жаладан сақта.

Қайырсыз малдан сақта,

Қазымыр шалдан сақта,

Адасқан елден сақта,

Ез болған ерден сақта.

Төтенше нәубеттен сақта,

Міндетшіл жекжаттан сақта.

Ия, жаратқан,

Өмір берсең, жайлы ғып бергін,

Дәулет берсең, сайлы ғып бергін.

Әйел берсең, әдепті болсын,

Алыс-жақынның көңілі толсын.

Ұл берсең, от болсын,

Қыз берсең, шоқ болсын.

Келін берсең, келісті болсын,

Келешегі өрісті болсын.

Құда берсең, жолдасыңдай болсын.

Құдағи берсең, сырласыңдай болсын.

Ата-баба жолынан кім ассын,

Құдалық мың жылға ұлассын.

Екі жастың бақытын берсін,

Екі жақ қызықшылығын көрсін!

Әумин
2 түрі

Бақытты бол, бағың ашылсын,

Әр күнің шаттыққа толсын.

Босағаңа жамандық жетпесін,

Тәріңнен жақсылық кетпесін.

Ұлың он шақты болсын,

Қызың моншақты болсын.

Бастарыңа бақ қонсын,

Жаратқан ием жақ болсын.

Ынтымақ серік болсын,

Шаңырақ берік болсын.

Несібесі иіп келсін.

Дастарқаның кең болсын,

Қызықшылық тең болсын.

Ауылың мерекелі болсын.

Өмірің берекелі болсын.

Жолдасың ақ болсын,

Молшылық тап болсын.

Сән-сәулетің ассын,

Мал-дәулетің тассын.

Әумин!
Ұл балаға берілетін бата

Жортқанда балам, жолың болсын,

Қалтаң ділдаға толсын!

Бір толмасын, жылда толсын,

Өмір-жасың ұзақ болсын!

Қатарыңнан озар, ерен бол,

Қыз кезінде терең бол!

Сынай қалса, құлақ сал,

Мақтай қалса — керең бол!

Әумин!

Қыз балаға беретін бата

Талдай бой берсін,

Сұңғыла ой берсін.

Жаздай жамал берсін,

Қардай жанар берсін!

Анаға шуақ болсын,

Ағаға қуат болсын,

Нәзік жаны болсын,

Еліңнің ары болсын,

Басына өнердің бағы қонсын,

Ақ орданың шамы болсын!

Әумин!
Бастарыңа бақ берсін,

Не берсе де нақ берсін!

Қырда жүрген Қызырды

Үйлеріңе ап келсін!

Карындарың тоқ болсын,

Қайғыларың жоқ болсын!

Шүпірлеген үйіңде,

Балаларың көп болсын!

Бата бердім, бақ тіледім,

Ақ дастарқан басына.

Я, құдайым, шын тіледім,

Келсін деп менің қасыма!

Көңілің көлдей болып,

Көргенің түстей болып,

Қыдыр қонсын басыңа!

Әумин!

Ардақты үй иесі:

Әуелі бердің шай,

Көңілің болсын жай!

Екінші бердің ет,

Таппасын көңілің,

Ешбір дерт!

Үшінші бердің сорпа,

Болмасын бағың орта!

Әумин!
Наурызда берілетін бата

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барсаң, жол болсын!

Жасың құтты болсын!

Өмір. жасың ұзақ болсың!

Төрт түлік ақты болсың!

Ұлыс береке берсің!

Пәле-жала жерге енсін!

Берген сыйды алған соң берілетін бата:

Бұрама темір, сым темір,

Отқа салса жанбасын,

Суға салса батпасын.

Тәңір берген нәсібе

Тепкілесе кетпесін!

Әумин!
Бақытты ас берсін,

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын,

Дәулетіңді асырсын.

Дұшпаның басылсын.

Менің берген бұл батам —

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам

Көже істеген келіндер,

Көпке жаққан елшіл бол.

Бозторғайдай төлшіл бол!

Ор қояндай көзді бол,

Адам таппас сөзді бол!

Қыстан қысырамадық,

Жаз күніндей жадырамадық,

Өткен ай өзімен кетіп,

Туған ай жарылқасын!

Аяз әлін біліп,

Күнекей күн жарылқасын,

Аллауәкпар!!!




Жарапазан батасы

Міне бата, ақ ниет,

Бола берсін берекет.

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет.

Құлшылық қыл аллаға,

Қыл көпірден таймай өт!

Кірсін дәулет,

Шықсын бейнет,

Алла атымен ниет ет.

Жоқ-жітікке рақым ет.

Тәңір сені қолдасын,

Уайым-қайғы болмасын.

Қабыл болсын, оразаң,

Әулетіңді оңдасын!

Әумин!


5.2 Қазақтың дәстүрлі ән-күй өнері

Маған бүкіл қазақ даласы ән

салып тұрғандай...
Г. Н. Потанин

Әншілік дәстүр. Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтай. Адам қоғамындағы үлкенді-кішілі барша құбылыс әнге арқау бола алады. Ұлы Абай ән өнерінің бұл қасиетін:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең",—деп түйіндеген.

Қазақтың ән өнері, оның көл-көсір мол нұсқалары өзінің өн-бойына айырықша қастерлі қасиеттер жинақтай отырып, шын мәнінде халық болмысының шежірелі сазы бола алған. Кейде творчество адамына замана тұлғасын сомдау керек, өлмес өнер тілімен уақыттың портретін жасау керек деген талап қойылады. Алайда, рухани үрдістердің қай-қайсысы да ең алдымен заманалық нәтиже екенін, уақыттың айғағы болатыны да қаперде бола бермейді. Көркем өнердің барша болмысы тарихи-әлеуметтік жағдайдан тыс болатын үрдіс емес. Тұтас бір тарихи кезеңдерде рухани құлдыраулардың, тіптен рухани ақтаңдақтардың болғаны өнер шежіресінен белгілі. Яғни, өнер түрлері өзінің шырқау биігінде де немесе жер бауырлап құлдыраған кезінде де тек қана өз уақытының айғағы болып қалатыны кәміл. Өнердің осынау заңдылығы қазақ әндеріне де жат емес. Қазақ ән өнерінің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай, оның тарихи тек тамырына ден қойып, халықтың қатпарлы өмір жолындағы белгі-нышандарын бажайлауға көңіл аударған абзал. Халықтың алыс кезеңдерден бастау алған тарихымен рухани мұраларды шендестіре қарау ең алдымен сол өнер түрінің даму, жетілу диалектикасын саралауға дес берсе, екіншіден — халықтың өмір жолын жалаң хронология тұрғысында емес, тарихи-әлеуметтік құбылыс ретінде өнермен де шендестіре тануға мүмкіндік береді. Конфуци айтты дейтін тұжырым бар: „Егер белгілі бір елдің ахуалын білгің келсе, сол ел адамдарының жөн-жобасын танығың келсе, алдымен әніне құлақ түр", депті. Ал, Конфуцидің ізбасары Сюнь-цзы: „Егер музыкасы салмақты да сабырлы сазымен баураса, ол халық — ұжымы жарасқан бақытты халық, егер музыкасы сырбаз да сыршыл болса, онда ол халық кісілікті сүйеді, бүлік шығармайды, егер музыкасы есіңнен айыра еліктіріп әкетсе, сонысымен қауіпті, себебі ондай музыкаға ден қойған халық кісіліктен жұрдай болып, жақсылықты жат санап, күйкілікке көңіл жұбатқыш болып алады... Музыка арқылы біз халыққа жол нұсқаймыз. Сондықтан да музыка — адамдарды басқарудың ең бір сыннан өткен құралы", дейді ( "Музыкальная эстетика...). Осынау ой жосықтары музыканың халықтанытқыштық, халықтәрбиелегіштік және тарихи-шежірешілдік қасиеттеріне мән беріп отыр. Демек, қазақ әндерінің төл сипатын халықтың тарихи болмысымен сабақтастықта қараудың мәні зор.

Қазіргі музыка зерттеуші ғалымдардың тұжырымына қарағанда музыка тілі халықтың рухани мәдениетінің ішіндегі ең бір тұрақты айғағы, өзгеріске оңайлықпен ұшырай қоймайтын түрі болып есептелінеді. Славян музыкасының тарихи тегін зерттеуші ғалым В. Гошовскийдің: „Тарихи жағдайға орай ассимиляцияға түскен белгілі бір халық басқа бір халықтың өлеңдерінен гөрі заттық мәдениетін, тіпті тілін әлде қайда оңай игереді" деген тұжырымы назар аударады.

Қазақ ән-өнерінің тарихи тек-тамырына әзірше байсалды барлау жасала қойған жоқ. Қазіргі танымның деңгейі „ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" кезінде туған „Елім-ай" әнінен әріге бойлай алмай келеді. Аспапты музыка ретінде оқшау жанр болып орныққан қазақ күйлерінің мың жылдық, тіптен одан да көне ("Ақсақ құлан", „Қорқыт", „Ел айрылған", т. б.) тарихының бары белгілі. Бұл жағдайлар ән өнерінің де тек-тамырын аршуға ынтықтыра түссе керек. Басқасын былай қойғанда, XVIII—XIX ғасырлар мен XX ғасыр басында дүниеге келген әндердің тек қана әуендік ерекшеліктеріне ден қойып қоймай, оларды уақытпен шендестіре қарауға мән беретін кез келген сияқты. Әсіресе, музыка мен сөз өнерінің XIX ғасырда аста-төк болып ақтарылып, қазақ халқының рухани әлемдегі айырықша жаңғыруында сыр бар. Ең кереметі, шын мәніндегі төлтумалық (самобытный) сипаттарымен ұлттық мәдени болмысты даралап, біржолата орнықтыратындай қуатқа қандай тарихи-әлеуметтік жағдай себеп болды?



Музыка зерттеуші белгілі совет ғалымы В. Виноградовтың түркі халықтары музыкасын тарихи бітім тұрғысында жүйелеуі назар аударады. В. Виноградов түркі халықтарының музыкалық фольклорын саралай отырып, мынадай бес жүйе ұсыныпты:

  1. музыкалық байланысы бар армян-азербайжандар;

2) музыкасында монғол және мари музыкасына ұқсас қасиеттер бар татарлар, башқұрттар, кейбір алтай жұрттары, ойраттар, тувалар;

3) тәжік музыкасына ұқсастығы бар өзбектер;

4) қазақтар мен түркімендер;

5) қырғыздар мен хакастар және бірсыпыра алтай жұрттары.



Осы жүйелеу бойынша қазақ музыкасында байырғы түркілік диалектінің бар екендігіне зерттеуші назар аударған. Әрине, бүл игілікті талпыныс.

Қолға түскен санаулы ғана фольклорлық айғақ аясында тұжырымдалған осынау ой ұшқыны айтылған қалпында қалмай, қарпып зерделейтін ауқымды да байсалды зерттеу объктісіне айналғаны жөн. Бұл орайла, ән мұраларын этникалық шежіремен шенжестіре саралап, қажет болса көрші ру-тайпалардың, ел-жұрттардың тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани байланысы түрғысында қарастыру жақсы нәтиже беруге тиіс. Сонан соң ән мектептері, олардың типтік және типологиялық қасиеттері білікті жүйеленсе, тарих қатпарларының рухани жік-жапсарын айырудың сәті түспек.

Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін қазақтың ән өнерін саралағанда көшпелі өмір салттағы саяси-әкімшілік жағдай тудырған жүздік бөлікке орай үш жүзде үш ән мектебі болды деп оңай қайыра салушылық байқалады. Мұндай саралаудың ұшқарылығына көз жеткізу үшін, қазақтың үш жүзге бөлінуі әлеуметтік-этикалық бөліну емес екенін пайымдаса да болады. Алг барша өмір салты мен арман-аңсары (идеалы) біртұтас қазақ халқының мәдени-рухани бөлшектенуі тіпті де мүмкін емес. „Ақсақ құлан" күйінін Алтай мен Атырау арасында бір қолдан шыққандай тартылуы — рухани ұлы тұтастықтың айғағы. Тек ән мен күй емес, тілдегі, дәстүрдегі, моральдық-этикалық нормалардағы, көшпелі өмір салтындағы ортақтық ең алдымен біртұтас елдіктің жарқын айғағы болды. Демек, рулық, жүздік құрылым, әсіресе соңғы төрт-бес ғасырда саяси-әкімшілік сипатта болғанын пайымдау рухани мәдениеттің біртұтас болмысын тануға дес береді. Бұл тұтастық үлт мәдениетінің орныққан, төлтума бітім иеленген, типологиялық бір арна тапқан қасиетін танытады. Ал енді, біртұтас рухани әлемнің ішіндегі үлгілерді, түрлерді, мектептерді, тіптен ағымдарды халықтың этникалық әр тектілігі деп қарауға әсте болмайды. Өсу, даму үстінде болатын үлкен өнер қашанда үлгі-қалыбының байлығымен, мазмұнының өміршеңдігімен дараланады.

Олай болса, қазақтың музыкалық мұрасы, оның ішінде ән өнері дәл қазіргі жинақталған қыруар айғақтың негізінде үш мектеп емес, басы ашық бес мектепке бөлінеді деп тұжырымдауға негіз бар. Бірінші, Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектебі. Екінші, Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңірін қамтитын әншілік мектебі. Үшінші, Қазақстанның батыс өңірін қамтитын әншілік мектебі. Төртінші, Сыр бойының әншілік-термешілік мектебі. Бесінші, Қазақстанның шығыс өңірін, Баян Өлке және Шығыс Түркістанды қамтитын әншілік мектеп. Бүл жіктеулер музыкалық өлшемді дәлелдермен де, естір құлақтың талғам-танымымен де өзіндік бітім-қасиеттері жеке-жеке әуен-сазын, қайырым-нақысын айқын айғақтай алады. Алайда, осынау бес отау әншілік өнері кең аяда қамтылып, типологиялық ауқымымен сараланғанын қаперде ұстаған жөн. Себебі бүл бес мектеп өз іштерінде әр алуан айтулы әнші-композиторлардың дарын-қуатымен әлденеше сала құрап, сан тарау үлгі танытып, өркен жайып жатады. Мәселен, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірінде, ғұмыр кешіп, өз өнерінде өзіндік із қалдыра білген Абай, Біржан, Ақан, Жаяумұса, Ыбырай, Әсет, Жарылғапберлі, Уәйіс, Ғазиз, Майра, Мәди, Балуаншолақ сынды біртуар дарындар бір-бірінен мейлінше оқшау бітімдегі әнші-композиторлар. Сөйте тұра, олардың өнерін типтік бітімімен ғана емес, типологиялық болмысы мен тұтастандыратын ортақ қасиеттің бар екенін жоққа шығаруға болмайды.

Дәл осы сияқты, өз ішінен сан тарау арна құрап, сала-сала үлгі танытатын қасиетті Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңіріндегі, шығысы мен батысындағы, Сыр бойындағы әншілік мектептерден де аңғаруға болады. Бір ғана оңтүстіктегі айтылатын әндердің Қаратау маңында немесе Қазықүрт етегінде, Созақ өңірінде немесе Талас алқабында өзіндік дара иірім-нақыспен шырқалатынын кәнігі тыңдаушы жазбай айырып отырады. Сондай-ақ, Алатау баурайында дүниеге келген әндер де өзінің ойлы да ойнақы бітімімен таныла кетеді. Сөйте тұра, Қазақстанның оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әндердің ортақ қасиеті, сабақтас бітімі ешкімге шәк келтірмейді. Енді осы бес арна әншілік мектептің біртұтас ұлттық-мәдени айғақ ретінде тұлға танытатыны да зерделі зерттеуші мен зерек тыңдаушыға ден қойғызуға тиіс. Қазақ ән өнерінің біртұтас ұлттық-мәдени қасиеті қандай белгілермен танылатыны сараланса лазым. Әсіресе түпкі тегінің пайда болу, даму, төл бітімді қасиетін орнықтыру жолдарын халықтың қалыптасу кезеңдерімен тұтастықта қарастыру қазіргі талғам-танымға қажет. Осы орайда музыка мәдениетімізге байсалды барлау жасап жүрген дарынды ғалым Болат Қарақұловтың ой-тұжырымы сөз болып отыран проблеманың мәнін аша түседі. „Қазақтың музыкалық тілінің (әуенінің) тарихи даму іздерін табу үшін,— дейді Б. Қарақұлов,— халықтың рухани мәдениетінің басқа түрлері тәрізді, музыкалық творчествосы да қоғамның белгілі бір мұқтажынан туғанын және оны тек қана сол мұқтаждықпен тікелей байланыста ғана зерттеп білуге болатынын ескерте кеткен жөн. Мұның өзі қазақтың халықтық музыка өнері өз бетімен емес, халықтың нақты тарихи талаптарына байланысты, этногенетикалық, әлеуметтік, экономикалық сипаттағы белгілі бір тарихи оқиғаларға байланысты және олардың қапталында өркен жайып, молығып отырды деген сөз". өнерін ұлы Мұхтар Әуезовтің „жанды шежіре" атауында осындай терең мағына болса керек.

Әзірше қазақ музыкасының жанрға, түрге сараланып бөлінуі ауыз әдебиетінің жанрлық, түрлік жіктеулерін көшірме етуден әрі ұзап шыға қойған жоқ. Рас, көшпелі елдің рухани мәдениетіне тән синкреттілік қасиет өнер түрлерін көп ретте ғажайып тұтастыққа бағындырып отырған. Бір ғана эпостың өн бойында мифтен бастап аңызға дейін, лирикадан бастап эпикалық жырларға дейін, бебеулеген құлақкүйлерден бастап алуан нақысты ән әуездеріне дейін, шиыршық атқан драмалық қақтығыстардан бастап орындаушының актерлік қанатты шабытына дейін алуан түрлі өнер түрлері тұтасып жатады. Соның бәрі де бір ғана мақсатқа бағынып, өмір сүйгіштік, өмір танытқыштық қасиетті ту етіп отырған. Өзінің эстетикалық қарым-қуаты жөнінен рухани мәдениет тарихында айырықша орын алатын мұндай өнерпаздық арнайы зерттеп, парқы мен нарқын анықтауды қажет етеді.

Бір шындықтың басы ашық, кез келген рухани өзгерістер халықтың дәстүрлі өнерін түғыр етіп қана ілгері дами алады. Халықтың дәстүрден қол үзген өнер бүгіндері әуезе болып жүрген „поп", „шоу" музыка сияқты бөгде жүрт өнеріне еліктеуге мәжбүр болады немесе ғұмыры қысқа ағымдарға ұрынады. Еліктеушіліктің дәстүрлі өнерді тәрк етуі былай тұрсын, сол еліктеу жолында нағыз өнер деңгейіне көтеріле алмайды. Өйткені, кез келген еліктеуші сол еліктеген ел өнерінің мәңгілік өкшесінде, жүріп кет-кен жолын шиырлап отырады. Демек, әр халықтың дәстүрлі өнерінің шешек ата өркендеуі ғана шынайы рухани толы-суға үлес қоса алады.



Осындайда ойды ой қозғайды ғой. Республика жұртшылығы дүлдүл әнші Жүсіпбек Елебековтың алдын көрген, Жүсекеңнің талай шеберлігін бойына сіңірген әншінің бірі Жәнібек Кәрменов екенін жақсы біледі. Сол Жүсекеңнің өзі қай бастаудан нәр алды деп ойлап көруге болады. Жүсекең өзі кешегі исі қазаққа аты мәлім асқан әнші Әміренің, дауылпаз ақын-әнші Исаның, өр әнші Мәдидің, сыршыл әнші Әсеттің алдын көрді. Әсіресе, өзінің туған ағасы Жақыпбектің әншілік өнерінен көп өнеге алған. Ал бұл әншілер өз тұсында нар — Кемпірбай, сал — Біржан, сері — Ақан, үкілі — Ыбырай сияқты саңлақтардың көзін көріп, әнін тыңдаған. Халықтың асыл өнерін мәңгілік ететін де осы сияқты ұрпақтардың, өнерпаздардың, олардың өнерінің сабақтастығы. Бүгінгі тыңдаушы Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов сынды әншілердің өнерін тыңдағанда кешегі ән өнерінің жарық жұлдыздары Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Мұхит, Мәди, Әсет, Әміре, Иса, Кенен, Жүсіпбек, Манарбектер салған ғажайып дәстүрдің жалғасы сияқты қабылдайды.

Егер кең мағынасында елестетер болсақ, адамзат баласы осы уақытқа дейін қол жеткізген барлық қасиеттері үшін алдымен дәстүрге қарыздар. Мұны өнер атаулыдан, оның ішінде әншілік, күйшілік өнерден де айқын көруге болады. Мәселен, бүтінгі күнімізге ту-у сонау VIII ғасырдан Қорқыт сарындарының жетуі, XIII ғасырдан „Ақсақ құлан" күйінің жетуі, XV ғасырдан Асанқайғының „Ел айрылған" күйінің жетуі, немесе сонау XVIII ғасырдағы аласапыранның айғағындай болып „Елім-ай" әнінің жетуі, міне мұның бәрі әлгі айтқан озық дәстүрдің айғағы. Озық дәстүр қашан да өміршең, ол халықпен бірге жасайды. Әншілік — үлкен өнер. Қазақ халқының талғам-түсінігі ежелден-ақ әншілікті айырықша дарын деп есептеп, биік өнерге балаған. Айтулы әншілеріне төрінен орын беріп, төбесіне көтере әлпештей білген. Бүл, әрине, бір сәттің ғана қолпашы емес, бір кештің ғана „ой, бәрекелдісі" емес, бүл — халықтың қателеспес талғамы қалыптастырған ғажайып дәстүрі. Мұндай жақсы дәстүрдің аясы. Қысқасы, мәселенің мәні, ән өнерінің жанрлық, түрлік, әуендік қасиеттері тек қана ауыз әдебиетімен қабаттаса жіктелуінде емес. Музыкада да ауыз әдебиетіндегі сияқты тұрмыс-салт әндерінің, еңбек әндерінің, балалар әндерінің болғаны аян. Бақсы ойыны, қыздың сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың айтлуы, жарапазан сарыны белгілі бір жүйедегі сөзіне қоса ән-әуенсіз болмаған. Сол ән-әуендердің жанрлық, түрлік, өлшемдік бітімдері таза музыкалық сарапқа түсіп, таза музыкалық белгілері анықталуға тиіс. Сонда ғана ән өнерінің төл бітімі халықтың тарихи түлғасымен түтастықта таныла-ды. Танылып қана қоймайды, бүгінгі және болашақтағы музыкалық тілдің бағыт-бағдарына мұрындық болады. Ана тілінің төл бітімді тазалықта болуы кез келген халықтың биік мұраттарымен, тарихи жауапкершілігімен ұштасып жатса, музыка тілінің таза болуы да мұндай парасатты жа-уапкершіліктен шет қалмақ емес. Б. Қарақұловтың ой-жосығы мейлінше мәнді әрі қазақ музыка мәдениетінің төл бітімді қасиетін саралауда қолқанат боларлық бірден-бір дұрыс бағыт. Музыкалық мол мұраны ғылыми кемел таныммен зерделеу тек қана сол музыка мәдениетінің парқын тануға себепші болып қоймайы, сонымен бірге халықтың тарихи тұлғасын тануға да мейлінше көмектеседі. Қазақ халқының тарихи болмысы әні мен күйінде, тілі мен дәстүрінде, қол өнері мен моральдық-этикалық қалыптарында тұнып тұр. Ән мен күй. Ән өнеріндегі дәстүр тек қана әуендік немесе орындаушылық үлгіде көрініс тауып қоймайды. әннің шығу себебі, ән сөзінің көркемдік үлгісі, шығарушы-әншінің өнер мен өмірге деген сергек араласы дәстүр табиғатының жарқын айғағы ретінде көрініс табады. Бір сәт Қараөткелден шыққан Ғазиз ақынның „Ғазиздің әні" мен Шыңғыстаудан шыққан Уәйістің „Үш дос" әніне ден қойып көруге болады. „Ғазиздің әні" мен „Үш дос" әндерінде сол әнді шығарушының өз дарынына жалтақсыз сенімнің бары таң қалдырады. „Әнші жоқ Қараөткелде менен асқан" деп көкірегінде күн нұрындай қызуы бар жан ғана айта алса керек. Сонсоң, осы екі ән де шығарушылық жалпы әншілік дәстүрге мейлінше арқа сүйеп отырады, халықтық ән өнерінің арналы үлгілерін сақтайды. Мәселен, осы екі әннің екеуі де алдымен ән иесінің тегінен, тұрағынан, қабілет-қарымнан хабар береді. Сонан соң ғана арман-аңсарын айтады. Және арман болғанда қандай, мәңгі ескірмес адал сезім, айнымас махаббат, тозбас достық. Өнердегі дәстүрдің озығы дейтін осы болса керек.

Қазақ халқының әншілік, күйшілік өнерінде Ғазиз, Уәйіс сияқты, Мүхаметжан, Шашубай сияқты, Дайрабай сияқты бірлі-жарым әнімен немесе күйімен ел есінде қалған саңлақ өнерпаздар бар. Көп ретте осындай әнші-күйшілердің кім екеніне, қашан, қай ортада өмір сүргеніне жеткілікті мән беріліп те жатпайды.

Мәселен, жаңағы „Үш дос" әнін алайық. Бүл әнді әркім-ақ білуі мүмкін. Бірақ сол әннің шығарушысы Уәйісті екінің бірі біле бермейді. Ал, Уәйіс атақты Абай ақынның ет жақын досы болған. Әсіресе, Уәйістің әншілік өнерін Абай қатты қадірлеген.

Сөз орайында Абай мен Уәйіс арасындағы бір ғана оқиғаны айта кетуге болады. Тарихтан белгілі, Ақшатау, Қоңыркөкшедегі болыс сайлауында Керей ішінің Әбен бастаған, Бегіш, Тойсары қоштаған жуан сіңір көкжалдары Абайға қол тигізіп, қамшы жұмсаған ғой. Сонда осы Уәйіс Абайдың үстіне құлап, араша түсіп, қырық қамшы дүреге өз арқасын төсеген екен. Әрине, Уәйістің мұнысы Абай үстіне құлап, Абайға ғана араша түскендік емес, исі қазақ өнеріне араша түсу ғой.

Міне, сондықтан да әншілік өнер, әншілік дәстүр сөз болғанда, сол өнердің, сол асыл дәстүрдің шығарушысы, айтушы иелері туралы терең біліп отыру қажет. Онсыз асыл өнер жетімсіреп, жүдеу тартып, дәстүрлі тегі барша салтанатымен тыңдаушы жүрегін жаңғырта алмақ емес.

Семей өңірінде Майбасардың Мұхаметжаны деген болған. Үлгі тұтқан әншісі исі Шыңғыс өңіріне мәлім Әмір сал деген кісі. Мұхаметжанның үлгі-өнеге алған, әншілік тәрбие көрген адамы осы Әмір сал болса, әндерінің денін Абайға еліктеп шығарып отырған. Абай дәстүрі, Абайдың әншілік сарыны Мұхаметжан әндерінде айқын сезіліп отырады. Мұхаметжан әндерінде, нақыш-сазында, иірім-қайырымында, тіпті өлеңдік құрылысында да Абай үлгісі, Абай әндерінің өнегесі сайрап жатады. Өкінішке орай ол әндерді бүгінгі әншілердің көбі біле бермейді.

Осы Мұхаметжан әнші туралы ой өрбіткенде халықтың әншілік өнеріндегі тағы бір жақсы дәстүр еске түседі. Қазақ әншілері тек қана ән айтушы болмаған ғой. Көп ретте ол — әрі композитор, әрі орындаушы, әрі сүйемелдеуші, ең бастысы сол айтатын әнінің жайын, шығу тарихын түсіндіруші ғой. Былайша айтқанда, бұрынғы дәстүрде әншілердің үні, дауысы ғана сүйсіндіріп қоймайды, сол әншінің өзі халықтың эстетикалық талғамының жанды айғағы сияқты. Бәлкім ел ішінде әншілердің ереке құрметке бөленуінің бір сыры осында болу керек. Мұндай жақсы дәстүр бүгінгі әншілердің бойында болса, нұр үстіне нүр. Білгеннен, біліктіліктен зиян шегетін әнші болмақ емес. Әнші сұңғыла шежіре болмаса да, сол айтатын әнінің мән-жайын, шығарушысын, шыққан заманын білуге міндетті. Сұлулық сыры ашылмаған ән тыңдаушының жүрегіне де жетпейді.

Өкінішке орай, әннің тек-тарихын білу былай тұрсын, сөзін дүрыс сақтамай, өз талғамындағы ұнаған сөзіне әнді салып алып, төпей беретіндер де төбе көрсетіп қалып жүр. Әрине, мұндай келеңсіздік, әнге ғана қиянат емес, халықтың рухани шежіресіне қиянат, жұртшылықтың талғам-талабына қиянат.

Жаңағы этноэкспедиция туралы бір көкейде жүрген ойды да айта кеткен жөн. Кезінде Затаевичтің өкшесін баса мұндай экспедиция жинаған мол мұра Брусиловский, Ерзакович, Хамиди сияқты тамаша музыка мамандарының иелігіне тиді. Оны іс қылуға жүмылған ешкім жоқ. Бұл күнде сол мол мүра әлгі азаматтардың қолында, жеке мұрасы секілді ұмытылып барады. Академия, консерватория, Композиторлар одағы, баспа орындары тізе қосып отырып, жаңағы жеке меншік болып кеткен мол мұраларды игеруге ат салысу керек. Сонда жыл сайын шығатын әндер жинағы сорақы қателерінен арылады, сонда әйгілі „Досмұқасан" ансамблі „Әупілдектің" сөзімен „Әпитөк" әнін айтпайтын болады.

Ән өнері, дәстүр сабақтастығы әнші-орындаушыларға да тікелей қатысты. Ән дәстүрі емес, әншілік дәстүр туралы, әншілік мектеп, әншілік міндет жайында ғылыми талғам мен сарап болуға тиіс. Мәселен, ойға тұғыр болу үшін Біржан мен Ақанның үш әніне ден қойып көрейік. Олар: Біржан салдың „Жамбас сипар" мен „Сырғақтысы" және Ақан серінің „Құлагері".

„Жамбас сипар" болса, Біржанның тоқтасқан шағындағы, артта қалған тәтті дәуренді егіліп еске алуы ғой. Бұл аңсауға толы, кісілігі мол ән. „Сырғақты" болса өмірдің жақсылығы мен шуағын өнеге етіп айтқан қасиет сияқты. „Өмір қысқа, бірақ оны мән-мағынаға толтырып, қызықты ету өз қолында" деп тұрған сияқты. Ал, „Құлагер" болса, бүл — орыны толмас өкініштің жүрек қанын сорғалата жарып шыққан ащы зары. Міне, осы ерекшеліктер ең алдымен орындаушылық шеберлікке, орындаушылық дәстүрге байланысты. Әншілік дәстүр мең орындаушылық дәстүр бірімен-бірі тығыз астасып жатады. Ел — халық болған соң оның ұлттық сазы, өзіндік үн-тілі, әуендік тілі болады. Сол ұлттық әуен, ұлттық нақыш-сазға жеке әншілер арқа сүйей отырып, олар өздерінше өрнек құрайды. Егер бейнелеп айтар болсақ кең-жазира алқапты белгілі бір ұлттың ән өлкесі деп елестетіңіз. Сол ән өлкесіне өскен алуан түрлі гүлдер— орындаушы әншілер сияқты. Сол топырақтан нәр алып өскен гүл, яғни әнші — орындаушы кімнің де болса көңілін қуанта алады. Ал өскен, нәр алған топырағынан тамырын үзген әнші-орындаушы жұлынған гүлмен бірдей.



Ән өнеріндегі бір қызықты дәстүр — айтыс өнері. Осы айтыс өнерін, әсіресе бұрынғы өткен айтыс өнерін бүгінгі таңда радио, теледидар арқылы насихаттау талпынысы байқалады. Жеріне жетті, көңілден шықты деуге ертерек Осындайда бір ғана әнімен халқының жүрегіне жолда-ма алған тағы бір әнші еске түседі. Ол кешегі Жамбылдың, Исаның, Кененнің тай-құлындай тебісіп бірге шыққан замандас-тұстасы — Шашубай. Өлең сөздің дүлдүлі, ән мен жырдың бұлбұлы, атақты Қошқарбайдың Шашубайы, Шашекеңнің „Аққайыңы"— қазақ халқының дәстүрлі, клас-сикалық әндерінің үлгісінде шыққан, бір де болса бірегей. Кейін Керей іші тыныштық бермеген соң, Абай өзінің Ақылбайын жіберіп, Уәйісті көшіртіп алған. Сөйтіп, Жидебай мен Қарауылдың арасындағы Ақтоғай деген жерден қоныс берген. Уәйістің зираты қазір осы Ақтоғайда жатыр. ән. Бұл әннің тал бойында шабыттың ауыздықпен алысқан арыны да бар. Мұнда жүректің лүпілі де, уақыттың тынысы да бар. Керек десеңіз тұтас бір кезеңдегі халықтың көңіл күйі де бар. Ең бастысы ақиық Шашубайдың, арқалы Шашубайдың болмыс-бітімі, портреті бар. Міне, ән деген сондай болса керек. Уақыт тынысын әнмен кестелеу тек қана дарыны тегеурінді әнші-композитордың пешенесіне жазылса керек.

Осы орайда қазақ халқының жалпы музыкалық мұрасы, оның ішінде ән өнері, әншілік дәстүрі әлі де болса жеріне жете зерттелмей келеді десек, тырнақ астынан кір іздегендік бола қоймас. Әсіресе, халық музыкасының жанрлық ерекшелігін, көркемдік ажарын ашатын ғылыми тұжырымдар қажет-ақ. Әзірше, „біздерде мынадай бар, мынадай болған!" деп кеуде қағудан аса алмай жүрміз. Одан қала берсе әннің сөзі мен әуенін, күйдің сазы мен авторын өзіміз бытыстырып алып, өзіміз тарқата алмай қызыл кеңірдек боламыз.

Ғылым дәлдікті ұнатады. Ал халықтың ән-күйін, жыр-толғауларын әріден үңги зерттеу, бұрын-соңды жазылған үзік-үзік деректер негізінен аспай шырмалу жеткіліксіз секілді. Архивтің ең үлкені — халықтың соғып түрған жүрегі, ән-күйдің өзі ғой. Соған кәнігі музыка маманының құлағын тосып, тарихшылық, этнографиялық зердемен үңіліп, әлгі асылдың барша болмыс-қасиетін, мекен-түрағын, үлгі-мектебін, бас иесін, шығу себебін саралай білу қажет. Мұндай орнықты түжырымға бүгінгі талғампаз тыңдаушы сусап отыр. Мәселен, қазақтың ән мұрасындағы бастаушы әндер, сүйіспеншілік әндер, ерлік-кісілік жайындағы әндер, жан-жануар мен табиғат құбылысы туралы әндер, тұрмыс-салт әндері, эпикалық ән-толғаулар сияқты қасиетін саралап танитын уақыт жетті. Мұның өзі ән қасиетін жыға танып, орнымен айта білуте қажет. Ән тағдыры үшін мұндай танымның мәні зор.

Затаевич жинаған мыңнан астам әннің сөзі бар. Соны неге қалпына келтіріп шығармаймыз. Онда не жоқ шіркін! Өз ошағына жете алмай қор болып жатыр. Ауыз толтырып айтқанымыз болмаса, сол мыңнан астам әннің жүзін білетін бар ма екен?! Айтайын десе сөзі жоқ. Тек нота ғана. Оның өзін іске асырып, кетігін толықтырып жатқандар шамалы. Радиодағы, архивтегі, кітапханадағы, этноэкспедициялар жинаған мұралардағы шаң басқан әндерді қайта тірілту керек. Қазақ әндерінің көп томдық антологиясын шығаратын мезгіл жетті. Айтыстың небір арқалы үлгілері арттағы ғұмыр жолын-да жатыр. Мәселен, Біржан мен Сара, Жамбыл мен Айкүміс киноға, теледидарға түспеді екен деп, солардың айтысы насихатталмауы керек пе. Ойланып, мән берер болсақ, бүл жағдайдың орайын келтіретін кейбір қисындар бар сияқты.

Бізде Сәбит Мұқановтың алғы сөзімен шыққан „Айтыс" деп аталатын үш томдық жақсы кітап бар. Сонда айтыстың мынадай түрлері жіктеліпті: „Салт-әдет айтысы", „Ақындар айтысы", „Қыз бен жігіт айтысы", „Жұмбақ айтыс", „Мысал айтыс". Осы жіктеудің өзі-ақ кісіге ой салып, насихаттау мүмкіндігінің жақсы үлгілерін тіленіп тұрған жоқ па?! Әр айтыстың, әрбір айтысқа түсуші ақындардың өзіндік ән сарыны, өзіндік орындаушылық үлгісі болған. Бүл ретте біздегі әншілер де біраз үлес қосып, ортақ істің бір басын сүйесе алар еді-ау деген ой келеді. Бұрынғы арқалы ақындардың бәрінің де өзіндік ән сарындары болған. Олар өз өлеңдерін осы күнгі жазба ақындар сияқты әнсіз оқымаған. Белгілі бір әнге, сазға, мақамға салып айтқан. Ал айтысқа келсек, ол еш уақытта да әнсіз айтылмаған. Белгілі бір әнге, сарынға салып айтысатын болған.

Міне, бүл ретте біздегі әнші-орындаушылар мол қазынаға мән бермей, қыруар байлықты көрмей жүр десек, тырнақ астынан кір іздегендік болмас. Өткен ғасырдағы әншілік өнердің өрнек-нәшін Рабиға Есімжанова мен Байғабыл Жылқыбаевтың айтуында елестетуге болады. Екеуі де дала дыбысын, бояуын таза сақтап қалған әншілер. Екеуінің үнінде дала бас көтеріп, тіріліп шыға келеді. Даусында бөтен ырғақ, бөгде иірім жоқ. Рабиғада ой-сезім мол. Байғабылда дыбыс тазалығы басым. Бұлақ суындай тұнық. Халық әндерінің қайырымдарында көп қолданылатын жүрнақ-жалғауларға еркіндікті молынан береді. Бар пәле осы жүрнақ-жалғауларда. Кейінгі әншілер жүрнақ-жалғаулардың мұртын ұстарамен басты. Сұлулап қырнады. көрер көзді, естір қүлақты түшытып мүсіндеді. Ол Жүсіпбек, Әміре, Қали, Манарбек, Қосымжан, Ғарифоллалар. Бұлар әншілік-орындаушылық өнердің, профессионалдық үлгісін қалыптастырды. Әннің мінез-құлқын ашып, ырғақ-иірімін бір жүйеге салды. Сөзін орнықтырды. Олар даланың ән-жыр керуенін қырмызыдай талдап қорғап бізге жеткізіп беріп кетті. Бүлар қоғамның өнерге қойған талап-тілегін биік түсінген жандар. Жаңалық атаулыны үлттық өнердің ең асыл қасиеттерінің деңгейімен қабылдады. Талғам-танымның үлгісін көрсетті. Біртұтас орындаушылар зерделі болғанда, бұқаралық өнердің даму ерекшеліктерінде туған жұрттың бет-бейнесі айқындалмай қоймайды. Бұл, меніңше, басты қасиет болуы керек.

Жақсы дәстүрге саналы зерде қажет. Жаман дәстүрдің жұқпалы аурудай таралуы оңай. Әншінің міндеті — әсем сазды әуенмен тыңдаушыға сұлу сезім сыйлау. Бишінің міндеті — мінсіз қимылмен көз қуанту. Осы күні қуыршақтай киініп алып, көзін ойнатып қазіргі би ырғағымен дөңгелене сабаланып, аз тыңдаушыны мәз қылғанға дәніккен әншілер төбе көрсете бастады. Олар асыл өнермен өнеге ұсынбайды. Жалған сый-құрмет дәметеді. Біреу үкісіне, біреу түзу сирағына қол соқса, қошамет деп түсінеді. Әрине, мұндай арзан даңғаза — әншілік мектепке дерт.



Бүгінгі әншілердің репертуарлары да жұтаң. Бірінен-бірі сүйреп таласып жамырай салатын төрт-бес әннің төңірегін шиырлап шықпайды. „Ақкербез", „Еркем-ай", „Ақерке" пәлен терме, түген терме. Осылардың өзі қандай жақсы әндер еді. Қазір жұлмалай-жұлмалай тамтығы қалған жоқ.

Соңғы кезде терме, жыр дегенді желеу етіп, небір парасат-пайымға толы өсиет, үлгі өлеңдерін бірыңғай тасыр сарынға салып айту әуезе бола бастады. Терменің жөні осы екен деп, Асанқайғыдан бастап, Мұқағалиға дейін бәрін бір сарынмен желпілдете беруге болмайды. Тым болмаса, әр ақынның өз әнін, өз сарынын өзіне бұйырту керек. Бүл тәртіп сақталмаса, халық мұрасына ғана қиянат емес, тыңдаушы жұртшылыққа да қиянат.

Қазақ әнді негізінен домбыраға қосып айтады. Бұл өзіндік үлгісі бар, ғасырлар бойы шыңдалған, қалыптасқан дәстүр, Ән өнері болса уақытқа жедел үн қоса алатын бір ілкімді, икемді жанр. Ал, домбырамен айтуда халықтың дәстүрлі эстетикалық-философиялық үлгісі бар. Домбырамен ән айту деген сөз — халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған асыл дәстүрінен қол үзбеу деген сөз. Сол асыл дәстүрдің көсегесінің көгергені деген сөз. Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов бастаған жақсы дәстүр. Садық Кәрімбаевтың сазды әндері, одан берідегі Сыдық Мұхаметжанов, Нұрғиса Тілендиев, Илья Жақанов, Шәмші Қалдаяқов сияқты тамаша композиторлардың творчествосында сәтті жалғасын тауып жүр. Бір ғажабы, домбырамен айтылатын әндер өзінен өзі дәстүрлі әуен сазымен табысып, төлтума қасиетін таза сақтайды. Бүл ретте домбыра аспабын қазақтың дәстүрлі музыкалық тілінің сарапшы сақтаушысы десе де болғандай. Композиторларға домбыра сүйемелдеуіне арнап ән шығару осы түрғыдан да ден қойғызуға тиіс.



Домбыра көмейі жеңіл ырғақ, желөкпе әуен, жылауық сарынды сүзіп тастайды. Ілгеріде құс жолындай сайрап жатқан Ақансерінің сыршылдығына, Біржан салдың, Мұхиттың өр үніне, Жарылғапбердінің, Үкілі Ыбырайдың, Әсеттің сазды әндеріне ұдайы мойын бұрып, сол жақсы дәстүрге жалғас іздеп отыру мейлінше қажет.

Күй өнері. Қазақ халқының тарихында XX ғасырдың соңына қарай (1991) Қазақстан тәуелсіз ел атанды. Төуелсіздіктің алғашқы қадамдарының бірі — қазақ ұлтының басынан өткен қиын тағдырына тарихи тұрғыдан әділ баға беріп, оң көзқарасты қалыптастыру болды. Бұл істі алдымен тарихшылар және т.б. ғылымдар саласындағы ғалымдар қолға алды. Олар ұлтымыздың тарихына қатысы бар көне деректер мен әр түрлі мәліметтерді жиып-теріп, ғылыми талдау жасады, әрі зерттеді. Соның арқасында қазақтың бұрынғы тарихын ақтандақтардан тазартып жазуға мүмкіндік туды. Солардың бірі — қазақ күйлерінің тарихы.

Қазақ салтында тарихты білу, атамекенді қастерлеу, туған ел-туған жерді қорғау, тілді, әдет-ғұрыпты ұмытпау, байырғы өнер түрлерін сақтау, дінді құрметтеу - ежелден бері қалыптасқан дәстүр. мұндай дөстүрлердің өзі ғасырлар бойы ұрпақтардың әмір тәжірибесінен өтіп біздің заманға жетті.

Ерте кезден-ақ қазақ өз тіршілігінің барлық қырларын тандайдағы әнімен, көкіректегі күйімен, көмейдегі жырымен баяндаған. Олар әр дәуірде, әр кезенде, әр ғасырда туғандықтан; бір жағынан халықтың рухани азығы болса; екінші жағынан өткен өмір шежіресі.

Қазақ халқы Сақ, Ғүн, Үйсін, Қаңлы, Көк түріктердің (аспан түріктері) және т.б. ру-тайпалардың тарихи Отанында отырған ұрпағы, әрі олардан қалған мәдени мұралардың да, рухани байлықтың да бірден-бір иесі болып табылады. Сан ғасырлар бойы сақталған әуен-саздарды әр ұрпақ жадында сақтап, кездің қарашығындай қорғап, ілгері дамытып келеді. Сондай мұраларымыздың ішіңдегі ең көнесі, ең байырғысы — қазақ халқының күй сазы. Сол күйлерді шығарған халық сазгерлері жайлы академик А.Жұбанов "Не бір аруақты , дарынды дала перзенттерінің аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шыгармалары тот баспай бізге аман жетті. Олардың бәрі де әліпті таяқ деп білмейтін, нота дегеннен тіпті бейхабар болса да, өз халқының өзегін өртеген мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көптеген тамаша музыкалық шығармалар қалдырып кеткені және айқын. Олар халық аспаптарына арнап шығармаларын, яғни, домбыра мен қобыз, сыбызгыга арналған музыкалық пъесаларды "Күй" деген бір-ақ сөзбен атаған" дейді (А.Жұбанов). Осы айтылған қазақтың үш күй аспабы: сыбызғы, қобыз, домбыра жайлы дерек көздері жоғарыда аталған ежелгі тайпалардың тарихында кездеседі. Ал, кейінгі түрік халықтарының әуен-саз мәдениетін зерттеуші ғалымдар да бұл деректерді толықтыра түсуде. Орта Азиядағы археологиялық қазбалардан табылған қазақтың домбырасына ұқсайтын екі шекті саз аспабы жайлы академик Р.Л.Садоков "Осыған байланысты бейім заттарды енді Орта Азияның солтүстік жағындағы, негізінен, Арал теңізі маңын мекендеген Сақ тайпаларының музыкалық өмірінен іздеу керек" дейді ("Ежелгі Хорезмнің...). Сондай-ақ, ерте ғасырлардағы сыбызғы жайлы көне деректер Ғұндарда да, Қаңлыларда да жиі кездесіп қалады. Соның бірі - Ғұн сазгері - б.ж.с.д. 36-жылы Ғұн әскер басымен бірге жерленген сыбызғышының мүрдесі. Ал, Ғұндардағы қобыз аспабының Қытай еліне қалай келгені ... туралы мәліметтер көне қытай жазбаларында ұшырасады. Бір таңғаларлығы, осы айтылған үш аспап белгілі бір дәуірлерде өздерінің даму сатысында айрықша даңққа бөленгенін көреміз.

Ескі замандардан-ақ осы аспаптарда орындалатын әуен-саздардың жалпы атауы "күй" деген сөзбен аталуы себептерін ашып берген Құдайберген Жұбанов өзінің "Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы" очеркінде: күй" деген сөздің арғы тегі "Көк" пен байлныста болғанын біз баста айтып едік. Ендеше күйдің де көкпен, аспанмен байланыста болғанын көреміз. Көк пен су екеуі, бір кезде бір ұғым болған. Бірі — жоғарғы аспан, бірі — төменгі аспан болып саналған. Алғашқы адам ұғымында екеуі де — "космос" - деген еді (Қ.Жұбанов). Қазақтың күй сазын сөз еткенде, оның молдығы мен көркемдігі жайлы "Санын сөз етсеңіз де, сапасын сөз етсеңіз де, екі шектен ескен күй, мақтауға тұрарлық қымбат дүниеміз",деп А.Жұбанов айтқандай, күйлердің санын сөз етсек - сонау XX ғасырдың басындағы қазақтың ән-күйін жинаушы А.Затаевичтен бастап бүгінгі таңға дейін бір ғасырға жуық күй жинау тәжірибесінде нотаға түскен қазақ күйлері шамамен 4-5 мындай болып қалады. Солардың ішінде 500-дейі ескі сарынды көне күйлер. Бұларды қазақтың халық күйлері деп атайды. Сонымен қоса, бүл күйлердің 200-ден астам аңыз-әңгімелері де бар. 2000-ға тарта күйлер халық сазгерлерінің шығармасы, яғни, авторлары белгілі күйлер. Мың жарымдай қазіргі заман күйлері, демек соңғы ғасырдың жемісі. Әлі де, ел ішіндегі талай күйлер нотаға түспей жатыр.

Ал, сапасын сөз етер болсақ, қазақ күйлерінің мазмұны: халықтың көне шежіресін, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрып, салт-санасын, мінез-құлқын, дүние танымын, арман-тілегін, сүйініш-күйінішін, ерлік істерін, махаббат сезімін және т.т. жырлайды.



Біздің заманға жеткен көптеген көне күйлер мен аңыз-әңгімелердің мазмұны 30 ғасырға жуық уақытты қамтиды. Мұндай сазды-сарындарды шығарған күйшілердің бірінің өмірбаяны ел ішінде аңызға айналса, енді біреулері эпостық жырлардың кейіпкерлері немесе көбінің есімдері ұмыт болып, шығармалары сақталған. Кезінде тындаушысын тамсандырған бүл әуендер, әсіресе, қазіргі көне күйлер сазының құрамында жиі кездеседі. Бұлардың ішінде әуелгі замандардағы нұсқаларынан хабар беретін: "Аққу", "Сары өзен", "Ертіс толқыны", Боз айғыр", "Шұбар ат", "Шыңырау" сияқты халық күйлері жүздеп саналады.

Осындай көне күйлердің әуен-саздары мен мазмұны қазақ даласын мекен еткен ежелгі (Сақ, Ғүн, Үйсін, Қаңлы және Көк түріктер) тайпалардың бәріне ортақ. Бұл туралы деректер мен мәліметтер қазақтың халық ауыз әдебиетінде де, Қытай, Парсы, Грек, Араб, т.б. елдердің көне жазбаларында да сақталған. Сондай-ақ, қазақ жерінен табылған көне мәдени ескерткіштер де мұны растай түседі.

Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов күймен бірге айтылатын аңыздарға мән бере қарап, оған аса жоғары баға берді. "Күй аңызы" (1948) атты мақаласында: "Барлық Орталық, Шығыс Қазақстан, Алтай, Алатау, Сыр аясындагы қалың қазақ елі тартқан сыбызғыдагы салқын саз, қобыздағы қоңыр күй, домбыраның да екі шекті ғана емес, әдейі күйге арналған үш шекті тіліне оралған көп күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін елеулі бұйым" — дей келіп, "Ноғайлы-Қазақ айырылған күй", "Қорқыт күй", "Асан қайғы күйі", "Ала байрақ", "Ақсақ құлан", "Нар идірген", "Азамат қожа", "Тепең көк", "Боз торғай", "Боз айғыр" сияқты, т.б. күйлерді атай отырып, "Осы күйлердің көбінде тек өздеріне ғана тән, нақтылы сұлу әңгіме-аңыздар болған" , — дейді (М.Әуезов).

Қазақ күйлерінің тарихына академик А.Жұбанов та үнемі көңіл бөліп, күй тарихы жайлы көптеген деректер, сындарлы ой-пікірлер қалдырды.

Олар, негізінен, "Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы" (1942), "Ғасырлар пернесі" (1975), "Ән-күй сапары" (1976) атты, т.б. еңбектерінде баяндалған. Соның бірі — 1964 жылы Москвада болып өткен Антропология және этнография ғылымдарының жетінші Халықаралық Конгресінде жасалған "Домбыра — қазақ халқының музыка аспабы" атты баяндамасы. Онда: "Көшпелі жұрттың өмір серігі болган осы, көзге қораш көрінетін шағын аспап — қазақ халқының хатқа түспеген тарихының талай беттерін паш етеді. Халық өзінің ата мұрасынан қалған "гөй-гөй кітабын" қастерлеп, артықша бағалайды" делінген.

Көрнекті ғалым Әлкей Марғұлан Қорқыт Ата туралы орасан мол дерек көздерін тауып, оны зерттеді. Күйші бабаның тарихи бейнесін сомдады. Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагәй, асқан ақын (үзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің бәрінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түрікмендерде көбірек жолығады", — деп көрсетті (Марғұлан).

XX ғасырдың соңғы он жылдықтарында 1972 жылы шыққан "Домбыра сазы" (осы жолдардың авторларының бірі) , 1992 жылы жарық көрген "Күй қайнары" (авт. А.Райымбергенов, С.Аманова) атты кітаптар да күй тарихына қатысы бар еңбектер.

М.Әуезов айтқан кеңестің бірі - күй аңыздарын жинап, зерттеу еді. Бұған жазушы, этнограф ғалым Т.Ақселеу арнайы көңіл бөліп "Күй шежіре" (1992) атты кітабын осы мәселеге арнады. Ғалым бүл еңбегінде күй аңыздарын және қазақтың күйшілік тәжірибесінде кездесетін этнографиялық мол деректерді, көне жазбалардағы мәліметтерді жинап-теріп, талдап зерттеді. Онда: "Қазақ даласында сонау ҮІІІ ғасырдың өзінде-ақ музыкалық мәдениет ән түрінде (вокалды музыка) және күй түрінде (аспапты музыка) керініс тауып, музыкалық жанрлар сараланып үлгерді", — деп, батыл тұжырым жасай отырып, әрі қарай: "Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мың жылдықтың аясына тасқа түскен бейнелердің ішінде биші адамдар ғана емес, енді музыкалық аспаптар да айқын аңғарыла бастады", дейді (Т.Ақселеу).



Күй жинаушылар да, күй сазы жайлы этнографиялық деректерді зерттеушілер де және т.б. қазақ күйлерінің тарихи тамыры теренде, ежелгі дәуірлерден бастау алатынын бір кісідей болып айтады.

Шынында да, қазақ күйлерінің сарын-сазы, әуен-ырғағы, композициялық құрылымы, ондағы көріністердің суреттелуі, оқиғалардың баяндалуы — біздің ой-санамызды ежелгі дәуірлерге меңзеп, тарихтың тұңғиық тереңіне жетелейді.

Қазақтың күй мұрасы: «төкпе күйлер»,»шертпе күйлер» деп екіге бөлінеді.



Батыс Қазақстан өңіріндегі күйлер «төкпе күйлер» деп аталса, ал Орталық, Шығыс Қазақстан өңіріндегі күйлер «шертпе күйлер» деп аталады. Төкпе күйлер дәстүрінде қарқынды, жігерлі, дауылды сарындар басым болып келсе, ал шертпе күйлер лирикалы толғау үлгісінде орындалады. Бұл күйлерден көбінесе адамның ішкі ой толғаныстарына, туған жер мен табиғат сұлулығына, адам өміріндегі сыр-сипатқа құрылған пәлсәпалық ой түйіндері аңғарылады.

Қазақ халқының аспапта жеке шығарма орындаушылық, яғни күйшілік өнері сонау көне заманнан келе жатқан ұлтымыздың рухани мэдениетінің аса бір маңызды саласы. Күй, көбінесе белгілі оқиғаға, тарихи мазмұнға орай шығарылады.

Күйшілік өнер құрылымдық жэне орындаушылық тұрғыдан өзара бірнеше дәстүрлерге бөлінеді. Әр дәстүрдің өзіндік орындау мәнері, өзіндік саздық жүйесі болады. Домбыра аспабында орындалатын күйлер негізгі екі топқа, "төкпе " күйлер мен "шертпе " күйлерге бөлінеді. Төкпе күйлер Батыс Қазақстанда, ал, шертпе күйлер Арқа, Жетісу мен Қаратау өңірлерінде көп орындалады. Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері - Қүрманғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей,. Абыл, Дина, Қазанғап, Есір, және тағы басқалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орындалады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді.

Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмүны мен орындалу, тарты-лу эдіс-тэсілдеріне орай, түрлі салаларға бөлініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне үқсамайтын, эртүрлі орындаушылық мектептер қүрайды. Мұндағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар. Мысалы, Қүрманғазы мен Дәулеткерейдің орындаушылық үрдістері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Дина күйлері де айрықша мектеп құрайды. Сыр бойының, Маңғыстау өңірінің күйлері де өзіндік орындаушылық дәстүр түзеп, айрықша құрьлымдық, орындаушылық мәнерлерді байқатады.

Шертпе күйлер ән негіздес өте сазды, құрылысы шағындау болып келеді. Күй әуені екі ішекте кезек орындалып, көбінесе бірдауыстылығы басым болады. Бұл күйлердің ежелден қалыптасқан қағыс қағу, саусақ басу тәртібі бар.

Тарихи ұзақ дамудың нәтижесінде, қазақтың халықтық аспапты музыкасында домбыра, қобыз жэне сыбызғыда орындалатын күйлердің белгілі жанрлары қалыптасты. Бұларға аңыз күйлер, тарихи күйлер, тұрмыс-салт күйлері, лирикалың күйлер және тартыс күйлері жатады.

Маңғыстау өңіріндегі күйшілік дәстүрі. Маңғыстау өңірінде күйшілік өнер ерекше дамып, өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Үрпақтан ұрпаққа беріліп келе жат-қан күй өнері Абыл, Есбай, Есір, Қулшар, Өскенбай, Қарт-бай, Байшағыр, Шамғүл, Мұрат сияқты біртуар есімдер арқы-лы өз жалғасын тауып, рухани қазына ретінде сақталып ке-леді.

Бүл өңірдің күйлері жалпы төкпе дэстүріне жатқанымен, өзіндік нақышты, ерекше сазды, қайталанбас орындалу мәнерімен өз алдына жеке түрған, күйшілік өнердің өзгеше арналарының бірі. Ел арасында Маңғыстау күйлерін "Адай күйлері" деп те атайды. Оның себебі, күй авторларының басым көпшілігі қазақтың адай руынан шыққандыгы. Маңғыстау ежелден әншілер мен күйшілердің отаны болды. Мұндағы халықтық жырлар мен жыраулардың әуені күй өнеріне де зор ықпал жасаған. Маңғыстаудың күйшілері әрі әнші, әрі жыршы болып келетіні сондықтан. Оған Өскенбайдың, Қалнияздың, Шамғұлдың, Ізбасардың өнерін мысалға келтіруге болады. Жыр, дастан айту өнері жыр-күй, ән-күй атанып, ел арасына кең тараған. Маңғыстау күйшілерінің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі - Абыл Тарақұлы, Есбай Балұстаұлы,Құлшар Бахтығалиев, Есір Айшауақұлы, Өскенбай Қалмамбетов, Мұрат Өскенбайұлы, Байшағыр.

Жетісу өңіріндегі күйшілік дәстүрі. Қазақ ұлттық аспапты музыкасындағы ерекше сарынды күйшілік мектептердің бірі Жетісу- күйлері.

Жетісу күйлері көбінесе көлемі шағындау келіп, эпикалық сипаттағы тарихи оқиғалармен ұштасып жатады. Ежелгі ертегі, аңыз, әңгімелерге негізделген бүл күйлер көне наным-сенімдегі әдет-ғұрыптарға құрылатыны байқалады. Түркі тектес халықтарға ортақ, "Мұңлық-зарлық", "Көрұлы" сияқты эпос дастандарды суреттейтін "Аққу", "Жетім бала", "Аңшылық", "Бөрілі қыз", "Қамбархан", "Көрұлы Сұлтан" күйлері қазақ музыкасының байырғы түрлеріне жататыны анық.

Осы өңір күйлерін құрылымы мен мазмұнына орай төмендегідей салаға бөлуге болады:

1) аңыз-әңгімелерді арқау еткен эпикалық күйлер;

2) әдет ғұрыптық, жоқтау күйлер;

3) күйлердегі жанрлық, аттас күйлер;

4) батырлар мен ірі тұлғаларға арналған арнау күйлер;

5) автордың өз басынан кешкен оқиғаларды суретейтін, өмірбаяндыц күйлер.

Жетісу күйлерінде "толғау" жанрындағы күйлер, яғни қобыз әуеніне ұқсас толғаулы сарын басым келеді. Осы өңірдегі көрнекті күйшілердің бәрінде дерлік "кертолғау" атты күйлер кездесетіні де содан.



Аспапты музыкадағы "Кеңес", "Бұлбұл", "Бозайғыр", "Қоңыр" сияқты өзіндік жанрға айналған күйлер тобына Жетісу күйшілері де айтарлықтай үлес қосқаны анық. Көпшілігі теріс бұрауда келетін Жетісу күйлерінің ең басты ерекшелігі деп, екі үлкен дәстүрдің шертпе мен төкпенің бір күйде қатар дамып, өрбуінде дер едік.

Жетісудің көрнекті күйшілері Байсерке Құлышұлы, Қожеке Назарұлы, Сыбанқұл Қолбасұлы.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет