Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет21/22
Дата11.01.2017
өлшемі5,68 Mb.
#7138
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Әулиелерді пір тұту. Біз төменде «Әулиелерді пір тұту» тақырыбына белгілі ғалым С. Әжіғали, Е. Оразбектің «Қазақтардың дінге сенгіштігі» атты мақаласын негізге алдық.

Әулиелерге табыну Қазақстан мен Орта Азиядагы түркі тілді халықтардың дінінде айрықша орын алады. Негізінде ортодоксальді (алған бағыттан, ұстанган принциптен қайтпайтын) мұсылмандық қағидаларына қайшы әулиеге табынушылық өз кезегінде ислам тегінде кең қанат жайып келеді. Ата-бабаларды, жергілікті желеп-жебеуші рухтарды құрметтеуге негізделген бұл ғибадат табынушылық феодалдық қоғам идеологиясында (санасында) жеке отбасы ғана емес, бүкіл ру-тайпалардың әл-ауқатының артуы деп түсінгендіктен қоғамның әлеуметтік саласына бойлай енді. Сол себепті бұл айрықша құбылыстың сарқыншақтары бүгінгі таңда да берік орын алып отыр.

Қазақстанда әулиеге табынудың қалдықтарын әдебиеттерде атап көрсетілгеніндей, зерттеу қиыншылықтарынан және оның атүсті зерттелуінен, көбінесе Ахмет Ясауи мен оның шәкірттерінің өмірбаяндарын зерттеу мен толықтыру сияқты жайттармен шектеліп отырғанымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар жер-жердегі өулиелерді пір тұтудың әр қилы көріністері жайлы мол деректер тиісінше қарастырылмай келеді.

Мәселен, Талдықорған облысының Киров ауданында (негізінен жалайыр руы тұрады) жергілікті Балпық, Ескелді, Қабылиса және Жолбарыс әулиелерге табыну белгілері анық байқалады.

Осы XVIII ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалардың (Қабылисадан басқалары) мүрделері шамамен бір атызда, яғни Қаратал мен Көксу өзендері қосылған сағада (Амангелді ауылының оңтүстігіне қарай) орналасқан. Сірә, бұл өңірде жалайырлардың бас қыстауы болса керек. Аталған тұлғалар жүрт үшін атқарған істерімен ғана халқының құрметіне ие болған. Балпық, Ескелді, Қабылиса есімдері жаумен шайқастар кезінде айбат беретін ұранга айналған. Мұнда әулиеге табынып, пір тұтудың ата-бабалар рухын ардақтап, әруақтарға сыйынумен тонның ішкі бауындай қиысып жатқанына көз жеткізуге болады.

Әдетте әулие деген ұғым көріпкелдік, шындықты болжау, жалғандықты әшкерелеуге қабылеттілікті білдіреді. Алайда аталған «әулиелердің» бұл әрекеттері уақыт өте келе өзінің маңызын біршама жоғалтқандай болып, емшілік қабілетіне орын бере бастады. Мұнымен қатар тұрғындар арасында әулиелер өз ұрпағын қамқорына ала жүреді деген сенім болды. Мәселен, бізбен әңгімелескен адамдардың бірі майданда жүргенде түсінде Балпық әулиені көргенін айтты. Содан келер күні ол үш дүркін жараланса да аман қалды. Айтушы өзін ажал аузынан аты аталған әулие алып қалды деген сенімде.

Әулие қамқоршы болғандықтан, оны құрмет тұту парыз саналады. Әулие жерленген қабірге жақындаған кезде көлікті тоқтату керек. Дене сияқты нанымдар кең тараған. Мәселен, 70 жастағы әйел (Амангелді ауылы) өзінің Балпық атаның ұрпағы екеніне қарамастан қасиетті орындарга келгенде немесе айналып өткенде автокөліктен (арбадан) түсіп, 1-2 шақырым жаяу жүретінін айтты. Әдетте ырымшыл адамдар өулиені ескермегендердің қалай жазаланғандығы жайында көп мысалдар келтіреді.

Жалпы әулиелерді пір тұту соңғы 20 жыл көлемінде Қазақстанның ауыл тұрғындарының (оған кейде қалалықтар да қосылады) дінге сенгіштігі тұрғысынан қарағанда кеңірек тарады. 1980 жылдардың өзінде Жетісудың зерттелген аудандарында дінге нанушылардың, жергілікті молдалардың әулиелерге, ең алдымен қасиетті орындарды безендіру тұрысына баса көңіл аудара бастағандығы айқын болды. Әулиелердің бейіттерінде дінге сенушілер мен табынушылар қаржысымен мазарлар тұрғызылды. Әдетте олардың жанында қасиетті ағаштар, шүберектер байланған бұтақтар өсіп тұрады. Дара ағаштар мен бұлақтарды өулие деп қарайды. Солардың бірі аңызға қарағанда Тарғын батыр тыныққан Жалаулы мекеніндегі («Ақтекше» ауылы) «қасиетті» ағаш, Қапал ауданындағы шипалы қайнарды да (Арасан әулие) соған қосуға болады. Алайда 1980 жылдардың ортасында қасиетті орындарга табынудың аталған түрлері әлі тарала қоймаған еді. Бұл тұста ауыл тұрғындары арасында «әулиелерге» сену дінге нанушылар қатарында қартаң адамдар мен әйелдердің белгілі бір топтарының ішінде ғана сақталғанды. Қасиетті зираттарға арнайы, негізінен емделу мақсатымен: ауыр дертке шалдыққан адамдар, нәресте көтермеген әйелдер (жастары әр түрлі) және тағы басқалар келіп, әдетте бейсенбіден жұмаға қараған түні түнейтін болған. Осы мақсатпен құрбандыққа шалынатын қой бауыздалады, 7 шырақ жағылып, қасиетті орында түнеп шығады. Жалпы мазарлар (мәселен, Балпық ата) түнеуге арналган зиратхана мен көрханадан тұрады. Сондай-ақ қасиетті орындарда қолайлы жағдайға қарай көбінесе қарт адамдар болады. Қасиетті орындарга кіре берісте міңдетті түрде «Ассалаумағалейкум, Балпық ата!» деп дауыстап сәлем беріледі.

Содан кейін, әдет бойынша мазардың айналасын аралап болғаннан кейін мазардың сыртында бас жаққа қарсы қабырғаға әлсін-әлсін маңдайын төсеп, Құран аяттарын оқып шығады.

1980 жылдардың ортасында зерттелген ауданның ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі «әулиелердің» ықпалды күшіне нанбағанын, әдетте әулиелікке сенімнің ата-бабалардыц әруағын құрметтеу ырымдарымен ұштасып жатқанын атап өткен жөн.

1990 жылдары ғана әулиелерді пір тұтуда аса ауқымды - біршама сыртқы, сандық болғанымен ірі өзгерістер болды. Аттары аңызға айналған және тарихи тұлғалардың есімдеріне байланысты көптеген орындар дінге сенушілер мен қасиетті орындарды аралап, өлке тарихын білгісі, әулиеліктің куәсі болғысы келетін әуесқой адамдардың сүйікті орындарына айнала бастады. Қазақстан жеріндегі көптеген қасиетті орындар күрделі жөндеуден өткізіліп, безендірілді, кей жерлерде қайта жаңғыртылды. Бұл ізгі шаралар орталық және жергілікті өкімет орындарының тапсырмасы бойынша да, сондай-ақ жергілікті қарапайым тұрғындардың бастамасымен де жүзеге асырылды. Жергілікті өлкетанушылар мен маман тарихшылардың, журналшылар мен басқа да белсенділердің күш-жігері арқасында тарихымызды көрсетіп, айтулы қасиетті орындарды (мәселен, Қожа Ахмет Ясауи, Шақпақ ата, Бекет ата мазарлары, Сайрамдағы, Тараз қаласындағы және т.б. кешендер) насихаттайтын сандаған деректемелер құрастырылып келеді. Қызылорда облысында әулиелерді пір тұту кең етек жайғаны сонша, олар жайлы аңыздар көптеп сақталған.


    1. Бақсылық және оның қазақ арасындағы ерекшелігі

Төмендегі «Бақсылық» жайлы деректеріміздің негізінен Ә.

Төлебаевтың «Қазақтағы бақсылық» атты зерттеу мақаласынан алынғанын ескертеміз.



Бақсылық. Бақсы деген сөздің шығуы көбінесе «бағу» - ауруды бағу, емдеу, қарау ұғымдарымен байланыстырылады. В.В. Бартольд кезінде өзбек тіліндегі бақсы сөзін санскриттік «бикшу» ұғымымен байланыстырып, «алғашында ол буддистік тақуаның аты болып, кейіннен шамандық емші-балгерді де білдіретін болған» дейді ( Бартольд).Моңғол тарихын зерттеуші Б.Я. Владимирцовтің пікірі бойынша, «бахши» сөзі моңғолдардан шыққан, ол сауатты, тәлімгер дегенді білдіреді (Владимирцов). Түркімен, жартылай көшпелі өзбектер мен қарақалпақтар тілінде бахши сөзі «жырау», «ақын» деген ұғымды білдіреді. В.Н. Басиловтың пікірі бойынша да, бақсы сөзі бертін шыққан болуы керек, ол ең арысы XIV ғасырдан бастап кездеседі (Басилов). Өзіндік өмір танымы, философиясы, рәсім-жоралары, өзіндік негіздемелері бар бақсылық дүниетанымның, кезқарастың мән-жайына назар аудару да қажеттіліктен туып отыр. Қазақ даласындағы бақсылар негізінен ауру-сырқауларды емдеумен айналысқаны белгілі. Қобыз, домбыра тартып, науқас адамның рухани күш-жігеріне қозғау салатын айрықша дарынмен енер көрсете білген. Әрине, "зікір салған кезде жындарын шақырып, сосын құдайға, одан соң аруақтармен қорқытатын" (Тоқтабаев) бақсылық сарынды діни сенімдік көзқарастық жүйемен салыстырауға болмайды.

Қазақ халқының бақсылық ілімі дүниежүзілік шамандық іліммен тығыз байланысты дамыған. Сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері мен бірліктері де баршылық. Жалпы ұқсас қырлары: шамандық ілімнің идеялары, яғни, зиянды және зиянсыз рухтардың барлығына сену; табиғатты терең сезіне білу мен оның кереметтеріне иланудың қажеттілігі; өмір мен өлім қатынасы; жаратылысқа қатынасы; табиғат пен өлген ата-бабаларының рухын қасиеттеулері. Шамандық ілімінің шығуы жөнінде Д.Банзаров былай деген еді: "монғолдардың қара діні, ертедегі көптеген діндердің шығуымен бірдей жағдайда пайда болған. Сыртқы дүние - жаратылыс, ішкі дүние - адамның рухы - шыққан негіз осы" (Банзаров). Яғни, шаман ілімін ұстанған адам сыртқы жаратылысқа - күнге, айға, аспан тәңірісіне табынатын. Адамның жаны, қабілеті, ақыл-ойы әр нәрсені құмартады, осыдан келіп тірі рух - бақсыға, о дүниелік рух - аруаққа табынған "Шаманизм" деп белгілі бір дүниетанымдық түсініктер жиынтығын, нанымдық жүйені ұғынсақ, "шамандық" деп бақсы мен оның ойынына қатысты атрибуттарды айтамыз.

Көне сібір халықтарында, көне түріктерде, одан бертінгі уақыттарда да бақсының "қам" деп аталғаны белгілі. Бас бақсыны "атақам" деп лауазымдайтын болған Сібір халықтарында шаман іліміне қатысты "делбеші", "бұғұ", "қам" деген сөздер әлі де бар. Бұл сөздер қазақ тіліндегі "қамдану", "қамығу", "қамқор болу", "қамшылау", "делебесі қозу", "бұғу" сөздерімен тамырлас екен (Сейдімбеков). Ал, біздегі бақсы сөзінің қайдан шыққандығы жөніндегі пікірлерді кезінде Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, В, Радлов, А. Диваев т.б. ғалымдар айтқан. Бақсы этимологиясы туралы сөз болғанда көбіне аталған ғылымдардың пікірлеріне сүйенеміз. Сөйтсе де, бақсы сөзінің түбірін "бағу", "күту", "емдеу" сөздерімен байланыстырған И. Чеканинскийдің тұжырымы біздіңше дұрыстау сияқты (Чеканинский).

Қ. Шүленбаевтың және Ә. Төлеубаевтың жарық көрген еңбектерінде бақсылар жөнінде толымды пікірлер бар. Жалпы, бақсы - шамандық іліміндегі басты тұлға. Ол - діни культті атқарушы, оны іске асырушы. Сондай-ақ басқа әлеуметтік құбылыстар сияқты бақсылық та бір орнында қатып қалған құбылыс емес, оның да туу, қалыптасу, даму, жоғарылау, тоқырау, қайта қалпына келтірілу кезеңдері бар. Соған сәйкес бақсының қоғамдағы орны да, атқаратын қызметі де, ол жөніндегі түсініктер де әртүрлі болуы мүмкін. Бізге бақсылық ілімнің даму барысының төрт түрлі сатысы белгілі:

1) үй ішіндегі бақсылық - рулық қауымға дейінгі сатысы;

2) маманданған бақсылар - әлі де болса әлеуметтік қоғаммен тығыз қарым-қатынастағы топқа айналмаған;

3) рулық қоғамдағы бақсылық ахуал - олардың экономикалық және әлеуметтік ықпалының күшеюі;

4) дамыған тайпалар кезеңіндегі бақсылықтың ықпалының әлемдік діндердің тегеуріндеріне сай ыдырай бастауы (Абылқасымов). Бақсылықтың бүл түрі әсіресе қазақ қауымына тән. Мұндағы маңызды мәселе бақсылықтың өз дәуірінде халықтың жалпы танымдық процесінің даму барысына қарай өркендеп, өз әлеуметтік қызметін шегіне жеткізе, межелі сатыға дейін атқарғанын көреміз. Қазақ даласындағы бақсылыққа қатысты материалдар XVIII ғасырдың соңғы ширегінен бері қарай ғылыми айналысқа түсе бастады. Қазақстан территориясында болған саяхатшылар, ғылымдар, дәрігерлер, әскери адамдар т.б. бақсының ойынын көбінесе экзотика (таңсық көрініс) ретінде тамашалаған. Бақсыға "врач", "чародей", "волшебник", "колдун", "знахарь", "лекарь", "прорицатель" деген түсінікпен қараған. Сол алғашқы бақылаулардан-ақ XIX ғасырдың басына дейін қазақ бақсылығының әрекеттік аясы емдеу, болашақты болжау, жоғалғанды іздеу тәрізді қызметтермен шектелетінін байқаймыз. Сонымен бірге, саяхатшылар бақсылардың құрбандыққа мал шалып "сиқырлы өлеңдер" айтатынын аңғарған (Паллас). Мұндағы сиқырлы өлең деп отырғандары бақсы сарыны екендігіне күмән болмаса керек. Ал, бақсылардың әлеуметтік өмірдегі орнының XIX ғасырдың соңына қарай тарыла түсуінің себептері: Қазақ даласын билеудің жаңа ережелеріне сәйкес бақсылыққа заң жүзінде тиым салынды;

1) мұсылмандықтағы аруақ шақырудың шариғат талаптарына қайшы келуінен бақсыдан көмек сұрау күнә болатыны жайлы уағыздардың ықпалынан;

2) қазақ даласында етек жая бастаған орыс медицинасының да бақсылыққа қарсы үгіт жүргізуінен.

Негізі, бақсының емшілік қызметі екі жолмен жүргізілген - тәннен зиянкесті қуу; ұрланған жанды тәнге қайтару. "Бақсы - өзінің білімді, сиқырлы талантымен өзгеден ерекше биік тұратын адам. Ол - ақын, әрі сәуегей, әрі емші. Сонымен бірге, кез келген адамның ақын бола алмайтыны сықылды кез-келген адам бақсы да бола алмайды" (Уәлиханов). Яғни, бақсы болу үшін жынның да, пірдің де көмегінен бұрын табиғи дарын күші қажет екендігін байқаймыз. Бақсының қасиетті негіздемелері, киелі саналатын аспаптары, сыртқы киім киісіндегі айрықшылықтары, ерекше сөз саптаулары көптеген филологиялық, лингвистикалық ізденістерде кең түрде зерттелген. Біздің бұларға қоспағымыз, мұнда нақты жағдайлардағы бағдар және жеке адамның тәжірибесі мен ұжымдық тәжірибені үйлестіретін, өмірде сыналған тәртіп үлгілері бар. Яғни, бақсылық әрекеттегі адам - жеке тұлғалық, әлеуметтік және қоғамдық жауапкершіліктің жүгін көтере алған адам. Өз қызметі арқылы тән мен жан тазалығы, қуаты үшін күрес жүргізу жауапкершілігі жоғары, рухы берік, нанымы тастай түйілген, азаматтық борышты мүлтіксіз атқарушылықты талап етеді. Негізінде бақсылық ілімдегі жын мен перілер қазіргі көзқарастарда айтылатындай тек қана ойдан шығарылған көзсіз наным-сенім, адасулар емес. Шын мәнісінде олардың біздің санамыздан шығып қалған нақты тарихи себептерінің болғандығы анық. Тарихи тұрғыдан қарасақ, ол "ертеден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың қайнар көзі, қазір біз шамандық - ескі наным деп атап жүрген, кезінде бүкіл халық табынған дін еді" (Уәлиханов). Шығыстағы бүкіл қоғамдық өмір мен қайта өрлеуді тек "мұсылмандық дүниенің" көрінісі ретінде дағдыланған әдеттің қателігі де осында деген пікір дұрыс айтылған. Оның үстіне "тек арабтар, парсылар ғана емес, түркілер де өз халқының, жалпы әлемдік мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан" (Бахтин) деген Г. Э. Фон Грюнебаумның орынды ескертпесін айта кеткен жөн.

Бақсылық (шамандық) наным-сенімнің кейбір ерекшеліктеріне тоқтала кетелік:

1) бұл ілімде ислам немесе христиан дінінің түсініктеріндей күнә мәселесі, догмаларындағы жұмақ және тозақ түсініктері де болмаған. Отбасындағы адам жаны саны мен мал басының санына байланысты тиым салу рәсіміндегі жасыру мәселесінде о дүниеден қорықпағаң бұл дүниедегі жанымыз не малымыз азаяды деп түсінген;

2) о дүниелік өмір осы дүниедегі өмірдің жалғасы болып есептелінген. Өлген адамның жанының жақсы немесе нашар болуы оның артында қалған туыстарының оны құрметтеуіне байланысты деп түсінген;



3) құдай туралы түсініктері де әлемдік діндердегідей мағынада емес. Қазақ арасында "Ұра берсең құдай да өледі", "шұнақ құдай" т.б. баламалар соны білдірсе керек.

Ислам мен христиан дініндегідей емес бақсылық ілімінің ұғымында көк Тәңірінің ықпалы тек тірі адамға ғана қатысты. Ал, өлген адамның өзі еркін тәңірі болып саналып, барлық күнәларынан тазарып, артында қалған ұрпағына игілікті әсер ете алатын дәрежеге жететін болған. Мұндағы маңызды нәрсе ата-бабалар аруағы тек демеуші ретінде емес, құдіретті Көк Тәңірісі алдында өкіл, қолдаушы болып табылатындығында.

Ескере кететін мәнді бір мәселе бақсылық ілімнің өміршеңдігі: күнделікті әдет-ғұрыпқа сіңісіп, оның діни ілімі дәстүрлі салт-санамен араласып "әдет-ғұрып қайсысы, діни дәстүр қайсысы екенін ажыратудың аса қиындық келтіретіндігі" (Ақатаев).

Бақсылық туралы Ә. Төлебаев өзінің «Қазақтағы бақсылық» мақаласында жақсы сипаттап жазған. Төменде біз негізінен осы мақалаға сүйендік.

Жалпы ғылыми әдебиетте «шаманизм» және «шаманство» деген түсініктер бар. «Шаманизм» деп әдетте бірқұдайлык дінге дейінгі көпқұдайшылық, түрлі рухтар мен иелерге сенетін діни сенімдер мен дүниетаным, идеологияны атайды. Ал «шаманство» түсінігі бақсы-балгерлердің емдеу, бал ашу, сәуегейлік іс-әрекетіне дәл келеді. Біздің мақаланың объектісі - осы «шаманство» мағынасындағы бақсылық.

Біздің ойымызша, бақсылық адамды емдеу тәжірибесі ретінде өте ерте заманда пайда болды, тіпті адамзатпен бірге жасасып келе жатыр. Оның арғы түбінде халықтық медицина жатыр. Жалпы бақсылық бертін келе де халықтық медицинасымен астасып, сіңісіп өмір сүрді. Халықтық медицинадағы рационалдық ілім-білімдерді кейбір бақсылар кеңінен пайдаланды. Дегенмеп, бақсылықты толығымен халықтық медицинамен байланыстыруға болмайды. Егер халықтық медицина халықтың ғасырлар бойғы ауру түрлерін емдеу жолдары жөніндегі рационалды ілім-білімдеріне сүйенсе, бақсылықтың негізі зиянкес және қолдаушы рухтар, жан, ие туралы түсініктерге құрылған. Бақсылықтың екінші бір сыры оның психотерапиялық қасиетінде.

Жалпы бақсылық - халықтық этнографиялық мәдениеттің бір құрамдас бөлігі. Ол халықтық дәстүрлі дүниетанымның, идеологияның, мінажаттық ғұрыптардың, емдеу практикасының қалыптасуына әсер етті.

Түркі жұртының алғашқы бақсысы, дана абызы, ұлы сазгері Қорқыт саналады. Қорқыттың бақсылық қасиеті әсіресе қазақ арасында жақсы сақталған. Қазақтың ертедегі ірі бақсылары Қорқытты өздерінің ұстазы, пірі, өулиесі санаған. Қазақ арасында Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер көп сақталған. Олар: «Қорқыттың өлімге қарсы тұруы», «Қорқыттың өлімнен қашуы», «Қорқыттың өлімі», «Қорқыттың Әзірейілмен алысуы», «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Тәңірі биі», «Қорқыт туралы аңыздың бір түрі».

Қорқыттың бақсылыққа жақындайтын ең бір жарқын қасиеттерінің бірі - оның қобызшылығы. Қорқыт қобызды алғаш рет өз қолымен жасап, оны түйенің терісімен қаптаған. Алғаш қобыз күйлерін шығарған да Қорқыт деп есептеледі. Қобызға дауыс қосып сарын айту дәстүрі Қорқыттан бастау алса керек. Қорқыттың бізге жеткен күйлері: «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Тәңірі биі», «Арыстан баб», «Ұстаз», «Аққу», «Ұшардың ұлуы», «Кілем жайған», «Қоштасу», «Желмая», т. б (Марғұлан). Қорқыттың өлімнен қашуы, қайтсе өлмеудің жолын іздеуі, одан дауа іздеуі әфсанасында бақсылықтың түпкі идеясы жатыр. Сондықтан да қазақтың кейінгі атақты бақсылары Қойлыбай, Балақай, Қара мырза, Жаман сарт, Шүмен, Досжан өлімге қарсы күрескенде Қорқыт күйлерінің сарындарын тартқан. Сарыбай Құлназар жырау Қорқыттың өлімнен қашқанын былай суреттеген:

Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан,

Қазылған көрді көріп қатты сасқан.

Тағдырдың тақымына тәнті болмай,

Ажалмен арпаласып жан таласқан.

Өлімнен Қорқыт қашқан қырық жыл бұрын,

Арбасқан бір ажалдың болжап сырын.



Ажалдан амал тауып құтылсам деп, ,

Тағдырға тәнті болмай келген қырын .

Шыңғыс ханды хан етіп жариялау керектігін, Көктің әмірі екендігін жеткізген қоңырат руынан шыққан Көкше бақсы деген екен. Ол ақбоз атка мініп, әр түні «көкке ұшып келем, көк Тәңірден хабар алып тұрам...» дейді екен (Қазақ бақсы-балгерлері....).Ә. Марғұланның пікірінше, ежелгі бақсы-жыраулардың бір тобы «абыз» деп аталған: Нысан абыз, Құрманбай абыз, Сабырбай абыз, т.б. Бұлардың ерекшелігі - ескі заманның хаттарып, жазылған сөздерін тани білген... қазақтың абыздары ескі замандағы оқымысты бақсылардың дәстүрін соңғы заманға дейін сақтап келген, солардың қалдығы деуге болады...

Бұл дәстүр әсіресе Алтайда, Ертіс бойында, Тарбағатайда кебірек сақталған (Марғұлан ). Қазақ бақсыларының ішіндегі Қорқыттан кейін ерекше кең атағы шыққаны - бағаналы Қойлыбай бақсы. Ә. Марғұланның бағалауында Қорқыттың шәкірті болған ол ерте заманда Торғай өзені мен Сыр өзені арасында көшіп жүрген. «Қойлыбайдың қобызы» атты дастанда Қойлыбайдың Қорқыт әулиенің шәкірті екені, олардың өнері, қобызы, даналық істері сипатталады ( Марғұлан). Қойлыбай жөнінде Ш. Уәлиханов: « Бақсылардың атақтысы бағаналылық Қойлыбай, ол бақсылардың бақсысы, әлде пірі... Ескілердің әңгімелеуінше, Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып бақсылық ойынын бастап, сарынын айтады. Кенет бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады... Алғашқы аттар көріне бастайды, ал бәрінің алдында сексеуілді сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады» (Уәлиханов). Кім көрінген бақсы бола алмайды. Бақсылық адамға қонады. Әдетте бұл қасиет тұқым қуалайды. Атадан балаға, немереге беріледі. Кейде бірнеше ұрпақ үзіліп қалып барып, кейінгі ұрпақтардың бірінде жалғасады. Бұл қасиет кейде нағашыдан жиенге беріледі. Әдетте бақсылық қасиет жеті атаға дейін үзілмейді деп есептейді.

Бақсылық қасиет кейде ананың құрсағында туа пайда болады, кейде бала кезден-ақ қонады. Қазақ бақсыларының атасы Қорқыт туралы аңызда былай дейді: «Қорқыттың анасы оған жүкті кезінде құланның жаясына жерік болып, жерігі бір жылда әрең басылыпты. Анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп, жылына бір рет толғақ қысып отырыпты. Ең соңында, туатын жылы тоғыз күн толғатып, жер дүниеге үш күн, үш түн караңғылық түсіпті, қалың қара жаңбыр, сұрапыл қара дауыл соғып, біреуді-біреу көре алмай, ел жұрты қатты қорқынышқа батады...Сол қараңғылық корқынышта туғандықтан атын «Қорқыт» қойыпты» ( Марғұлан). Кей бақсыларға бақсылық қасиет бала кезден қонады. Сондықтан да болар қазақ жерінің әр тарабында «бала бақсы» деген атпен бақсылар белгілі болған. Қазақ арасында жастайьшан бақсылық қонғандар аз болмаған. Соның бірі XIX ғасырдың 80 жылдарында туып, Арқа жерінде өмір сүрген Хамидолла бақсы. Оған бақсылықтың қонуы былай әңгімеленеді. Жасы ондардағы Хамидолла балалармен ойнап жүрген бір мезетте өзіне ерекше бір қуат біткенін сезінеді. Күрескен өзі теңдес, тіпті үлкен балаларды біріне-бірін қосып лақтырады. Сөйтсе оған жын қонайын деп қысып жүр екен. Содан Хамидолла атақты Қойлыбай бақсының басына түнеп, түсінде одан бата алып, бақсылығын бастаған. Хамидолла әбден жынына мінгенде оған атқан от өтпейтін, өткір пышақ ішіне кірмейтін, беліне арқан орап екі жақтан он-он кісіден тартса да қысылмайтын. Жыны қысқанда ол қолын керегеге сілтесе туырлық, тіпті темір затқа сілтесе де темір зат қақ бөлінетін. Хамидолла емдеумен, болашақты болжаумен ғана айналысқан жоқ, сонымен қатар жоқты табатын, ұрланған малдың қайда, кімде екенін айтатын. Оған жындары қырық жыл қызмет етті. Өлерінде «менің жындарымды ұстайтын мұрагерім жоқ, жындарым өзіммен бірге кетеді» деген екен.

Арқада сондай-ақ Бала бақсы деген болған. Оны да жын жастайынан, тіпті бесікте жатқаннан иеленген деген әңгіме бар. Ол перілердің иесі Оспанқожа деген әулиеден бата алған екен. Ал Оспанқожа деген кісі қырық жыл кұтырған адамды емдеген, перілерден әскер ұстаған деген аңыз бар.

Бала бақсы да емшілікпен қатар көріпкелдік, балгерлікпен, тіпті улы жәндіктерді шақырумен де айналысқан екен.

Көпшілік жағдайда бақсылык касиет адамға 30-45 жастар арасында қонатын болған. Бақсылық қасиет қонарда адам ауырады. Әдетте бақсы ауруы аяқ-колдың тартылуы, тұйықталу, көпшілік орыннан безіну, т.с.с. белгілермен қатар жүреді. Кейбіреулер «бақсы ауруымен» аз ғана-ақ уақыт ауырса, ал енді біреулерде бұл ауру созылмалы болады. Бақсылық қонардағы аурудан әркім әрқалай шығады: біреу сол өңірдегі белгілі бақсыдан бата алады, енді біреу касиетті аталарының басына барып түнейді, үшіншісі сол өңірдегі атақты бақсының зиратына зиярат етеді, төртіншісі өзінен-өзі біраз уақыт ауырып жатып жазылады да, аян бойынша кісі емдеуге кіріседі.

Халықтық сенім бойынша, адам бақсылық, балгерлік қасиетке ие боларда оған қонғалы жүрген жындар, иелер қысады. Бастапқыда болашақ бақсы мен қонайын деп жүрген жындардың арасында өзара түсіністік болмайды. Адам өзіне ерекше қасиеттің қонайын деп жүргенін алғашқы кезде білмеуі де, түсінбеуі де мүмкін. Жындар кейде адамды жылдап ауру қылады. Адам бақсылықты ұстамай, жындардың айтқанына көнбей біраз жүреді, аяғында бақсы жын-иелердің айтқандарына көніп адамдарға ем жасап, бал ашып, бара-бара бақсы ойынын жасайтын болады.

Жын-ие қонған адам таза жүруі керек, өзінің көмекші рухтарын үнемі риза қылып, ренжітпеуі керек. Олай болмаған жағдайда тағы да буылып қалуы, ауруға айналуы мүмкін.

XIX ғасырдың аяғында Торғай уезінің Сүйменбай деген бақсының ойынын Орыс географиялық қоғамының мүшесі А.Е. Алекторов жазып алған екен. Сүйменбайдың өз аталары жағынан да, нағашылары жағынан да күшті бақсылар болған екен. Әкесі де үлкен бақсы болған. Әкесі өлген соң бақсының жындары оның ағасы Керегебайды мазалайды, ол бақсы болғысы келмейді, содан әйтеуір өліп тынады. Екінші ағасы да бақсы жынының қыспағынан өледі. Содан соң жындар енді Сүйменбайды мазалай бастайды. Бірде түйелерін іздеп, қамыс арасында түнге дейін қалып қояды. Бір мезгілде өзіне қарай бір жақтан басына ақ шалма киген бір топ адамның, ал екінші жағынан қалың әскердің келе жатқанын көреді. Қатты қорыққанынан сол жерде есінен танып қалады. Бір уақытта есін жиса, түн ортасы ауып кетіпті, ешкім жоқ. Үйіне келіп жатайын деп ыңғайланғанда жындардың күбір-күбір сезін естиді: «Сүйменбайды өзімізге басшы сайлап алайық. Ол адамдардан шайтанды қуып емдесін. Әй, Сүйменбай, естисің бе біздің сөзімізді, бар да адамдарды емде!». Дәл осы кезде төрде ілулі тұрған әкесінің қобызы сарнай жөнеліп, оның қолына келіп қонады. Содан бері аталары мен әкесінің жындары оны иелеген. Бұл кезде Сүйменбай 30 жаста еді.

Бақсының көмекші-жебеуші рухтары қазақта арабтың «жын» деген сөзімен аталады. Кейде бақсының жынын «ие» деп те атайды. Кейбір бақсылар жын-көмекшілерін «кісі», «әскер», «қожайын» деп те атаған. Кейбір өңірлер бақсылары жын сөзінің орнына пері, перілер, ақ сайтан деген сөзді пайдаланған. Біздің ойымызша, бақсының көмекші рухтарын «жын», «пері», «сайтан» деп атау кейінірек қазақ жеріне мұсылмандық енгеннен кейін қалыптасқан, ал ертеректегі атауы «ие» болса керек.



Бақсы жындары түрлі бейнеде кездеседі. Кейде жындар сырт пішіні ерекше қорқынышты адамзат, қалың әскер бейнесінде елестетілсе, енді бірде бақсылардың жыны қасқыр, жолбарыс, бүркіт, самұрық құс сияқты жыртқыш жануарлар мен құстар түрінде бейнеленеді. Әдетте олардың аттары да болады, Көкбарақ, Теміржан, Соқырым, Сарбүркіт, Бостанай, тағы сол сияқты болып келеді. Кейбір көне көз қариялардың айтуына қарағанда, өте күшті «дәу перім» бақсылардың жынымен қатар тіпті қаптатып жіберетін «әскерлері» де болады. Кейбір бақсыларда бірнеше жын болған, бақсы оларды емдейтін адамның ауруына қарай пайдаланған.

Сүйменбай бақсының айтуы бойынша, оның жындарының әр қайсысының өз қызметі бар. Мысалы, Есдәулет өте ақылды. Ол - жындарының басшысы, желіккен, жынданған адамдардан шайтанды қуып шығады. Еркөбек айна - адамның ішіндегі ауруын анықтап береді. Ол бірнеше минутта жүздеген, мыңдаған шақырымға барып келуі мүмкін. Оның астында құйрығын шарт түйген ақ маңдайлы қара аты бар. Еркөбек әрі көріпкел, алдын ала не нөрсені болсын болжап отырады. Үшінші жыны - Ақмарал. Ол да Есдәулет сияқты аурудың бойынан зиянкес рухтарды қуып шығады. Әдетте Есдәулет екеуі бірге әрекет жасайды. Бірде екеуі аурудан жынды қуа алмағанда Сүйменбай өзінің дәу перім жыны Қазманбетті шақырған екен. Оның отыз әскері бар көрінеді. Әшейіндегі тұрағы Түркия жері екен. Өзінің иесі шақырғанда Қазманбет көк күймесімен, бес найза бойы биіктен ұшып келіп, зиянкес жындарға тиіседі екен. Бірде Қазманбет келіп жындарды аурудан аластап қуғанда ауру: «Кетті, кетті, киіммен кетті», - деп киімдерін шешіп, шаңырақтан лақтырған екен (Алекторов). Сүйменбай бақсының Телсары деген де жыны болған. Оны бақсы жыныс ауруларын, қуығы бос адамдарды емдеуге пайдаланады екен. Алтыншы жыны - тоқсандағы дәу кемпір түріндегі көмекшісі. Оның ірілігі сондай, оған тоқсан қойдың терісі тон шықпайды екен. Бір ерні жерде жатса, екінші ерні көк тіреп жатады екен. Бұл жынның аты жоқ, оны жәй «кемпір» деп қана атайды. Бұл жынның көзі кішкене шүңірек, маңдайы құшыңқы. Ол суықтан болған ауруларды, сынықтарды, ішкі ауруларды емдейді екен. Көржылан деген жыны әйелдердің іш, бел ауруларын емдейді. Бұл ұзыны он құлаш, ені бес құлаш үлкен көр жылан. Ол адамның аузы мен мұрнынан кіріп, бүкіл ішектерін аралап, ауруды алып шығады. Көржыланды жұмсағанда бақсы: «Кереге бойлы кер жылан! Босаға бойлы бөз жылан», - деп шақырады екен. Сүйменбай бақсының осындай ірі жындарымен қатар ұсақ жындары да болған. Олардың аттары - Ерсары, Апат, Қырғи, т.б. Жындар әдетте сіңір, тарамыстармен қоректенеді екен. Бақсының айтуынша, күннің әр мезгілінде жындар әр жерде жүреді. Түсте моланың басында, кешке өзен-су, құдық басында, түнде ауыл ішін аралайды. Таңертең тағы да су басына оралады. Сүйменбай әдетте әйелдердің ауруын түнде, таңертең ерте суға барғанда зиянкес жындардан жабысқан деп түсіндіретін (Алекторов). Сүйменбайдың айтуынша, кейде бақсылар жындарын бір-біріне сататын да жағдайлар болады. Мысалы, Есдәулетті бір ат, шапанға сат деп сұраған. Бірақ ол сатпаған. Өйткені Есдәулет өте берілген, сенімді. Қожайыннан да ол соны талап етеді. Әйтпегенде иесін ауруға шалдықтыруы мүмкін.

Сүйменбай бақсы қобызбен сарын айтып ойнаған. А. Алекторовтың бағалауы бойынша, оның төменгі ноталардан жоғары ноталарға өтуі өте жағымды және дұрыс. Дауыс кейде қалқып келсе, енді бірде күрт бәсеңдейді. Ойын кезінде бақсы бірде қатты айқайлап, селкілдеп, қобызын тоқтата қойып, «Тек-ау» деп бір түрлі дыбыс шығарады. Еркөбек келеді. Біраздан соң бақсы секіріп келіп, қобызды тастай салып, қолына енді қамшы алып, отырған жұртты айналып, жын қаққандай өзін-өзі қамшысымен сабалап жүгіреді. Қамшысы бақсының өзінің арқасын осқанмен ол Еркөбекті айдаған болып есептеледі. Содан бақсы айнала отырған жұртты кейде қамшысымен жасқап қорқытып, кейде бет-аузын қисаңдатып шошытады. Біраздан соң қайта қобызын алып сарындарын айта жөнеледі. Біраз айтып, шыр айналып, секіріп жүріп, қобызбен өз бетіне өзі салып қалады, содан соң өзін қобыздың ысқысымен ұрдыма-ау, содан аузынан көбік ағып құлап қалды. Біраздан соң қайта тұрғанда қып-қызыл темір жалады, қып-қызыл шоқта жалаңаяқ жүрді (Алекторов). А. Алекторов Сүйменбай бақсының сұқ саусағымен үстіне жүзімен төмен қаратып қойылған семсер бар қобызды шыр айналдырғанын, сол күйде жүріп шыр айналып билегенін, содан соң бақсының күтірлетіп ине шайнап, ішіне қанжар сұққылап билегенін жазады. Кейінде бақсы қолын қарсы жақта киізге сермеп қалып еді, киіз қылышпен шапқандай кақ айырылды дейді

Досмырза деген бақсының шақыру сарыны былай болған:

Төрт аяғы болатты,

Жал құйрығы қанатты,

Адымы жерді қуырған,

Азуы шөпті суырған.

Қиған қамыс құлақтым,

От орнындай тұяқтым,

Үзенгісі үзбе алтын,

Тебінгісі терме алтын,

Құйысқаны құйма алтын,



Жүгені бар түйме алтын (Ястребов).

М. Ғабдулиннің пікірі бойынша, 7-8 буыннан тұратын осы бақсы сарыны батырлық эпос жырларына өте ұқсас болып келеді (Ғабдуллин). С. Сейфуллиннің материалдарында кездесетін бақсы жындары жылан, айдаһар түрінде болып келеді:

Кереге бойында кер жылан, Алты жылан ат етіп,

Керілмей-ақ кел, жылан. Екі жылан қамшы етіп,

Үй айнала сұр жылан, Алты құлаш ақ жылан,

Сумаңдамай кел, жылан. Белдемеден соқ, жылан (Сейфуллин).

А. Байтұрсыновтың еңбектерінде келтірілетін бақсы жыры мынадай:

Әуелі құдай еншалла!

Іс бастаймын бисміллә!

Тайғақ кешу тар жолда,

Жарылқа, алла әр жолда!

Алтын сандық хазірет,

Әбиір бер әр жерде,

Айналайын құдырет!

Исламға пана Мұхамбет,

Сиындым сізге бір мезет!

Су басында Сүлеймен,

Сиынғанда медет тілеймін!

Сізден медет тілеймін!

Күн көзінде әулие,

Жер жүзінде әулие,

Машырықтағы әулие,

Мағырыптағы әулие,

өлде жүрген әулие,

Шөлде жүрген әулие,

Бәріңнен медет тілеймін!

Жаңа келді Шарабас,

Алпыс қойдың терісі

Бөрік шықпаған Шарабас.

Жетпіс қойдың терісі

Жең шықпаған Шарабас.

Тоқсан қойдың терісі



Тон шықпағаТаста жүрген әулие,

Кн Шарабас.

Жаңа келді дәу пері,

Жаңа келді күн пері,

Жаңа келді су пері,

Жаңа келді Айқожа.

Ойдан келді он қожа,

Қырдан келді он қожа.

Айналайын нұр қожа,

Сол қожаның ішінде,

Әсіресе бір қожа.

Жаңа келді қолаң шаш,

Екі иінінен мықтап бас!

Жаңа келді Теңгетай.

Жаңа келді Жирентай,

Перілердің бәрі де.

Астына бір-бір мінген тай,

Осыншама шақыртып,

Келмеймін деп шаршатты-ай!

Ай, қобызым-қобызым!

Әбден де болжа доңызым!

Үйеңкінің түбінен :

Үйіріп алған қобызым!

Қарағайдың түбінен ,-

Қайырып алған қобызым!



Қызыл қыршын тобылғы;

Жәшік қылған қобызым!

Желмаяның терісінен

Қапшық қылған қобызым!

Жүйрік аттың құйрығын

Ішек қылған қобызым!



Ор текенің мүйізін

Тиек қылған қобызым!

Тасқа шыққан ырғайдан

Құлақ қылған қобызым!



Сексендегі кемпірдей

Белі бүкір қобызым!

Буаз қатын секілді

Арты шөмек қобызым!



Әбден де болжа доңызым! (Байтұрсынов).

Қазақ түсінігі бойынша бақсыларда көмекші жындардан басқа жебеуші рухтары болады. Әдетте, жебеуші рухтар бақсының арғы аталарындағы бақсылар, батасын берген бақсы, не сол елдегі атақты әулие адамдар болады. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген қазақ бақсылары өз сарындарьна мұсылман әулие-әнбиелерінің атын қосып, шақырып та ойнайтын.

Бақсы таза рухтар, жындар жайлаған адам. Бақсы жындарының көмегімен ауруды жайлаған зиянкес жын рухтарды ауру адамның бойынан қуалап шығады. Сонымен қатар кейде бақсы жындары бір нәрсені алдын ала болжап сәуегейлік жасауға, жоқты тауып беруге де көмектесе алады.

Бақсы адам мен Алланың, әулиелер мен таза рухтардың, адам мен әруақтың арасындағы елшілік, байланыстырушылық қызметін атқарады. Исламның ықпалына ұшыраған бақсылықта адамның аурудан жазылуы, жоқтың табылуы, сәуегейліктің шынға айналуы бірінші Алланың, одан соң әулие-әнбиелердің, аруақтардың қолдауымен, шарапатымен деп түсіндіріледі, ал бақсы осылардың арасындағы дәнекер, себепші ғана болып есептеледі.

Бақсылықтың классикалық түрін басынан өткерген халықтарда бақсылыққа, бақсылық өнердің қыр-сырына үйрену, баулу болған. Қазақта бақсылыққа ешкім арнайы үйретпеген. Дегенмен, бақсы ойынының кейбір қыр-сырын болашақ бақсы өзі көре жүріп, ести жүріп үйренген. Әйтпегенде бақсы сарындарындағы қысастық, бақсы ойындарындағы ортақтастық, бақсылық дүниетанымдағы біркелкілік, осы саладағы тағы басқа дәстүрлік жалғастық болмас еді.

Әдетте болашақ бақсы болуға дайындалған адам үлкен бақсылардан ықылас бата алатын немесе бұрын өткен бақсылардан түсінде аян алған. Бақсының ерекше қасиеттерін алдымен ауыл-үй танып біліп, содан атағы ауыл-аймаққа, содан қалың ел-жұртқа тарайды. Қазақ бақсыларының ойын кезінде пайдаланатын құралдарына мыналар жатады: музыкалық аспаптар - қобыз, домбыра, сирек жағдайда даңғара; қорқытатын-үркітетін құралдардан - қамшы, пышақ, қанжар, шоқпар, қолағаш, орақ, шалғы, кетпен, т.б. Кейбір бақсылар қолына ерекше асатаяқ ұстаған, 41 құмалақ салған кішкене дорбасы болатын, өзімен бірге қойдың жауырынын, кәрі жілігін, әр түрлі тұмар, меңдуана, арша алып жүретін.

Қазақ бақсыларының негізгі әуендік құралы - қобыз болған. Қара қобыз өзінің негізгі тетіктері жағынан кәдімгі қобыз болуымен катар, өзіндік ерекшелігі де бар. Бақсы қобызының басын қозғағанда сыңғырлап дыбыс беретін салпыншақтардың, қоңыраушалардың, айнаның болуы. Бақсы қобызына кейде үкі тағылатын болған.

Атақты бақсылардың қобызын әдетте «қара қобыз» дейді. Мұндағы қара деген сөз көнелікті, күштілікті, ерекше қасиеттілікті білдіреді. Мысалы, «қара шаңырақ», «қара қазан» деген мағына іспеттес. Қобыз әдет бойынша атадан балаға, немереге мұра болып өтеді. Егер өз ұрпағында қобыз тартып, бақсылық құрған адам болмаса, онда қобыз жиендерден шыққан бақсыға өтетін болған. Қобыздың иесі дүниеден қайтқан соң, оны аққа орап таза, қастерлі жерге іліп қоятып. Қазақ бақсылары кейініректе, әсіресе ХҮШ-ХІХ ғасырларда қобызбен қатар домбыра да пайдаланған. Әдетте домбырамен ойнайтып бақсылар аса ірі бақсы қатарына жатпайтын. Қазақтың кейбір аймақтарында, оның ішінде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста даңғырамен де ойнайтын бақсылар болған.

Сонымен қатар, бақсыларды өзге жұрттан ерекшелеп тұратын өздеріне тән ерекшеліктері – бас киімдері болған.

Биқұмар Кәмалашұлы өзінің «Бақсылық деген дәстүр ме ?» деген мақаласында бақсылардың бас киімін былайша сипаттайды: «Көшпелі халықтардың әртүрлі тайпаларында кездесетін бақсылардың бас киімдері әр алуан келеді. Олар көптеген бағытта, әртүрлі жанды бейнелерге табынатындықтан, бас киімдері де соған сай келеді.Құс – самұрық, үкі жындылар бас киімін құсқа ұқсас істетеді. Көбінде самұрық, үкі бейнелі және үкінің бітеу сойған басын бас киім еткен бақсылар кездеседі. Сондай-ақ, күләпіраға ұқсастары да болады. Бақсының бас киімінің маңдайына тоғыз қатар асыл тас, маржандар тағылады. Төбелеріне, тымақ жақтауына әртүрлі құстар, соның ішінде киелі деп көрінетін бүркіт, аққу, үкі тағы басқадай құстар қауырсындары тікірейтіліп қадалады. Бас киімінің маңдайы самайы тұсынан ұзын шашақтар тағылып, салпыншақтар түсіріледі. Бетті жауып тұратын шашақ, салпыншақтар бақсы бетін жауып тұрса, кей жағдайларда оны сұсты көрсетеді. Бақсының бас киімін киелі деп көрсетеді. Кейбір түркі тектес тайпалар бақсылары тымағының екі жағынан ақкіс терісін ұнжытып қояды. Мұнысы ақкіс терісі бақсыны жамандықтан қорғап тұрады деп сенуші еді.

«Бақсы» болушыларды арнайы орындарда, яғни мектептерде дайындайтын болған деген тарихи деректер кездеседі. Бақсылық шәкірттерге, дәуперім бақсы өнерін жетік меңгерген ғұлама бақсылар сабақ беретін болған. Оған кейбір деректердегі «Кезінде күллі көшпенділер әулетінің бақсыларын дайындайтын орыны, яғни, оқу орны – мектебі түркі-монғолдардың бір мекені Байкөл (Байкал) көлі маңайында, Амар (Жайсаң, Тынық) өзені жағасындағы ну орман ортасында болғаны жайлы да жазба деректер баршылық. Бұл бақсыларды арнайы халық, үкімет саясатына сай қажетті адамдар деп көрушілітен туындаған қажеттілік болмақ. Орта ғасырдағы күллі көшпелілерге аты әйгілі Көкеші бақсыны осы мектептің түлегі деген де болжам айтылады» (Биқұмар Кәмалашұлы). Өз заманының әлеуметтік-рухани құралы ретінде бақсылар көне қазақ қоғамында емшілік және дүниетанымдық-идеологиялық, қоғамдық реттеушілік қызмет атқарды. Қазақ елінде мұсылман дінінің ықпалының күшеюіне байланысты бақсылардың қоғамда атқарған қызметінің көбі біртіндеп ислам дін иелерінің колына қарай көшті.

ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ арасындағы бақсылық синкреттік (аралас, дүбәрө) мәнге ие болды. Қазақ даласының оңтүстік және батыс аймақтарында бақсы ойыны кейде сопылық зікір сипатында өтетін болды. Бақсының ойынына жиналған жұрт сілесі қатқанша «Алла-һу» деген сөзді қайталап, ұжымдық естен тану күйіне (экстаз) түсетін. Дәстүрлі қазақ бақсылығында естен тану күйіне тек бақсы, кейде онымен қоса ауру адам ғана түсетін. Ал былайғы «көрермен» жұрт бақсының сарынына елтіп, көзбайлауына шалынғанмен де жаппай естен айырылу күйіне (экстаз) түспейтін.



Бақсы бар ауруға бірдей жын шақырып ойнай бермейтін. Ұсақ-түйек, жеділ-желпі ауруларды үшкіру, ұшықтау, қақтыру, көшіру, отпен аластау, шақыру (қарақұрт шақыру) арқылы да емдейтін болған. Кейде аталған жеңіл емдер бақсының жын шақырып ойнайтын емдерінің ішіне кіріп те кететін.

Халық бақсыларға сенген. Сондықтан олардың әлеуметтік орны жоғары болды. Халық бақсыларды қорқып та сыйлаған болуы керек. Шын бақсылар өз өнерін құрметтеген, халықтың сенімінен шығуға тырысқан. Сондықтан олар бақсы ойынының шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруымен қатар, халықтық медицинаның рационалды (пайдалы) әдіс-тәсілдерін пайдаланып отырған. Жалпы бақсылардың көпшілігі табиғат, адам, қоғам туралы халықтық білімді жақсы меңгерген адамдар болған.

Шоқан Уәлихановтың ойынша: «Шамандар аспан тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары есебінде саналды. Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, күйші де, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір сырлы болған» (Уәлиханов). Қазақ бақсылығы өзінің қоғамдағы атқарған қызметі жағынан адамға тек жақсылық жасайтын, пайдалы, яғни «ақ бақсылыққа» жатады. Зиянкес - «қара бақсылық» қазақ қоғамында көп таралмаған. Әйтсе де қазақ бақсыдан сескенетін де еді. Бақсыны өкпелетсе, оның жындары қастандық жасауы мүмкін деген сенім болған.

Сонымен қазақ бақсылары халық мәдениетінің бір киелі, жан-жақты, тылсымды өкілдері саналды. Олардың көпшілігінің бір басында болашақты болжағыштық, емшілік, музыканттық, әншілік, әртістік, білімпаздық ұштасып жатады.

X. Қостанаевтың хабарлауы бойынша, бір бақсының ойыны былай өткен. Болыстың бір беделді адамының әйелі желігіп ауырып, күні-түні ұйқыдан қалыпты. Басы ауған жаққа жүріп кетіпті. Содан оны емдеуге бір бақсыны шақыртады. Бақсы қобызының құлағын түзеп алып тартып-тартып жіберіп, аз ғана үн қосып, содан соң қатты күрсініп былай деді: «Ауруды жын иеленген, оны үш күн, болмаса әруақтардың көмегімен тоғыз күнде қуып шыға алады». Содан ол ауруды емдеуге кірісті. Ауру әйелді киіз үйдің ортасына отырғызып, бетіне жаулық жауып қойды. Содан соң әйелдің жанына көзі ауырған бір кемпірді, көзіне ақ түскен бір баланы шешесімен бірге отырғызды. Содан соң қобызына қосылып сарын айтып жындарын шақыра бастады. Сарын әуелінде жай басталып, барған сайын қатая берді. Қобыздың үні мен сарынға әбден еліткен бақсы бір уақытта қобызын тастай салып шыр көбелек айналды, қисаңдады, қатты қарқылдап келіп аурудың бетіне үшкірді. «Бас», «тарт», «кес», «айда» деп ақырып, аурудың жан-жағын қамшымен сабалады. Киіз үйді айнала отырған жұртта бақсының ақырған сөздерін қайталап отырды. Отырған елдің де қолдауын көрген бақсы жындары тіпті күшейді. Біраздан соң бақсы әбден есінен айырылып ауруға шауып, оны сілкілеп, тістеп «шық-шық» деп арқасынан ұрғылады. Ауру еш қарсылық білдірмеді, тек арасында ах-ух деп ыңырсып қана отырды. Содан соң бақсы басын көкке көтеріп ысқырып жындарын «Жердің төрт бұрышын аралап, дабыл қағып тез келіңдер» деп шақырды. Бұдан кейін бақсы тағы да әрі-сәрі күйге түсті. Ішіне пышақ тықты, қып-қызыл болып қыздырылған кетпен жалады, тағы да басқа фокустар жасады. Бүл енді бақсының жыны оған келіп қонғандығын білдіреді. Бақсы ойыны түн жартысынан асып барып аяқталды. Әбден тер басып шаршаған бақсы біртіндеп қобызын жайлата тартып даусын да ақырындата берді. Өзі көмекші жындарына: «Аурудан қуып шығарған, тұтқындалған зиянкес жындарды алысқа апарып тастаңдар», - деп бұйырды. Содан соң біртіндеп тынышталып, бәтуа жасады. Көзі ауырған әйелге: «Сіз ит жалап кеткен ыдыстан тамақ ішкенсіз, содан ауру жабысқан, ертең күн батқаннан соң сумен ұшықтаймын, содан жазыласың», - деді. Ал баласы ауырған әйелге: «Сен баламен бірнеше күн таңертең емге келесің», - деді.

Х.Қостанаевтың жазуына қарағанда, оған бақсының емі жөнінде хабар берген адам бақсының келесі күндердегі ойынына қатыса алмаған, тек соңғы «көшіру» сеансын ғана көрген. Сонымен бақсының айтуы бойынша иттің қуарған басын әкелді. Бақсы оны бірнеше түрге бояды. Бұдан кейін бақсы ауылды аралап жүріп, бірнеше үйден қуыршақ жинады. Қуыршақ саны тақ болуы керек. Дерек берушінің айтуына қарағанда, қазақтар қуыршақты жын-шайтанның бейнесі деп есептеген.

Күн батқаннан соң бақсы ауруды ауылдың сыртына алып шығып, жол шетіне иттің бас қаңқасын қойып, оның маңына қуыршақты айналдыра тастады. Содан соң ауруды осы заттардан үш рет айналдырып, қайта ауылға алып келді. Зерттеушіге дерек берушілердің түсінігі бойынша, иттің қу басын айналғанда ауруды қинаушы зиянкес рухтар сол қу басқа көшеді. Сондықтан ауру енді артына қарамай ол жерден тез кетіп қалуы керек (Кустанаев). Бақсы ойынының ең бір маңызды бөлімі - сарынмен жын шақыру. XIX ғасырдың аяғында Шымкент уезінен Ә. Диваевтың жазып алған бір сарыны мынадай:

Су басында Сүлеймен, Кеселін тауып берлерім.



Су аягы ер Қорқыт, Жер жүзіндегі әулие,

Балаларды сен қорқыт. Күн көзіндегі әулие,

Айдашы бермен дәу перім. Мағрыптағы, Машырықтағы

Шақырғанда кел, перім. әулие,

Мұңлы менен жарлының Түркістанда Түмен бап,



Сіздерден медет сұраймын. Айналайын атыңнан,

Сайрамдағы сансыз бап, Тілеуімді оңдай көр,

Отырарда отыз бап,

Ең үлкені Арыстан бап, Шайхы бұрхы дуана,

Ең кішісі Алаша хан, Аруақты жиып жете ғой.

Сіздерден медет сцраймын. Шайтан көрсе айлаған,

Қарамцрт ата әулие, Қайда бір менің дәу пірім?

Ары жақта қаңғырақ бар, Айналайын қарақұс,

Бері жацта қырақ бар, Жан-жағыңды қарап ұш.

Сіздерден медет сұраймын. Былқылдаған бүйрегіңнен,

Бектау ата, бек ата, Мылқылдаған жүрегіңнен,

Беріш ата, қолдай гөр . Шерменде қылмай байқап түс.

Шақпақ ата әулие, Келші бермен молда қыз,

Қошқар ата әулие, Аруақ көрсе жайнаған,

Сіздерден медет сцраймын. Жын-сайтан көрсе байлаған,

Түлкібас әулие, алла-һу, Мойнына моншақ байлаған,

Әулие ата әулие, Шақырмасам сағынған,

Айша бибі әулие, Шақырған жерден табылған,

Сіздерден медет сұраймын. Келші бермен сары қыз,

Тектұрмыс ата әулие, Тһу деген сөзі дәрі қыз,

Қарахан бабам қолдай гөр,

һу алла!

Жинашы бермен, дәу пірім, һу!

Шілтен бабам қолдай гөр!

(Диваев). Ә. Диваевқа дерек беруші Шымкент уезінің тұрғыны Еркінбек Аханбековтың айтуына қарағанда, ауруы асқынған адамды емдегенде бақсы жеті күнге дейін ойнап, жын шақыратын болған. Ауру иесіне сары ешкі, не маңдайында ағы бар қара қой сойғызады. Оның етін пісіріп елге тараттыратын.

Бұл еттен ауру адам мен бақсы татпайтын. Содан соң ауру адамды ауылдың сыртындағы жолға алып шығып, жол бойынан жерошақ қаздырып, сол жерошақтың тесігінен оны ары-бері үш рет өткізетін, содан соң әлгі сойған малдың сүйегін терісіне орап жерошаққа тастап кететін (Диваев). Ауруды көшірудің тағы бір түрінде далада өлген малдың қу басын жосамен бояп, әр жеріне күйе жағатын. Жеті қуыршақ жасап, жеті шырақ дайындайтын. Содан бақсы ауруды жеті жолдың торабына апарып, қу басқа қуыршақтарды кері (теріс) шиыршықталған түрлі түсті жіптерімен байлап, қу басқа отырғызып, айнала шырақ жағады. Шырақ жанып болған соң бақсы ауруды қолынан жетектеп, «саттым-саттым» деп дауыстап, бұл арадан тез тайып тұрады (Диваев). Ә. Диваевтің жазбалары бойынша, қазақтың кейбір ұғымында адамға ауру жын-періден, диюден, су перісінің салқынынан тиеді, кейде әруақтардың назасынан да ауру болады.

Бір бақсы жынданған ауруды былайша емдейді екен. Бақсы еміне қатысқан адамдардың дәрет алуы шарт. Оларды киіз үйдің ішіне айнала жайғастырып, ортаға ауруды отырғызады. Содан соң қарақұс, не тауық, не көгершін әкелуді өтінеді. Осы жәндіктің табылғанын аурудың қолына беріп, оны бауырына қысып ұстатады. Кейде құстың орнына түйенің, иттің қураған қу басын пайдаланады. Бақсы ойыны басталғанға дейін ошақта жанып жатқан отқа сапсыз 2-3 кетпен, бірнеше басқа да темір заттар салып қояды. Бақсының ойынына қажет 5-10 шырақ, алдаспан, семсер, қанжар, шоқпар, қамшы, т.б. заттар дайындалады. Содан соң бақсы мынадай сарын айтып ойнай бастайды

Істің басы бісміллә,

Құранның басы бісміллә,

Оңдай көргін ісімді,

Жаратқан жаппар бір Алла.

Айналайын, ей, Алла!

Сен қолдасаң мен мұнда.

Әуеден көмір түсірген,

От жақпай темір пысырған,

Қау көрігі бапылдап,

Балға төсі шақылдап,

Ер Дәуіт пірім, сен қолда,

Сен қолдасаң, мен мұнда.

Тах Сүлеймен, қолдай көр,

Сунақ-ата, оңдай көр,

Ата пірім емес пе ең?

Ер Мақам, енді сен қолда,

Сен қолдасаң, мен мұнда.

Су аяғы ер Қорқыт,

Пәлекетті сен қорқыт,

Бақсы пірі емес пе ең?

Көзіңді сал, қолым тұт,

Бақсы баба, сен қолда,

Мен сыйындым тар жолда,

Мен сыйындым сіздерге,

Медет бергін біздерге,

Бере көргін бағымды-ай,

Құдай медет бере көр,

Ойнап тұрған шағымда-ай ( Диваев). Осы сарынды айтып ойнаған бақсы бір сәт тоқтай қалып маңайындағыларға «Иля, иля, илолла» деп бірнеше рет қайталатады да, әрі қарай жындарын шақыра жөнеледі:

Қойқапта жатқан перілер

Мен шақырдым, келіңдер,

Бәрекелді, ерлерім,

Тілегімді беріңдер.

Әскери ту дара Қарабас,

Үйіріліп қонар аралас,

Қобызыңды көтеріп,

Қойқаптан келші, Шарабас.

Тоқсан қойдың терісі

Тон шықпаған Шарабас.

Сексен қойдын терісі

Бөрік шықпаған Шарабас.

Қатты қиын іс болды,

Кідіргенің жарамас.

Тоқсан қойдың терісі

Тон шықпаған Көкаман.

Сексен қойдың терісі

Жең шықпаған Көкаман,

Келші бері, Көкаман !

Мен шақырдым, келіңдер.

Бәрекелді, ерлерім,

Тілегімді беріңдер.

Әскери ту дара Қарабас,

Үйіріліп қонар аралас,

Қобызыңды көтеріп,

Қойқаптан келші, Шарабас.

Тоқсан қойдың терісі

Тон шықпаған Шарабас.

Келші бері, Көкаман!

Ызғарыңнан қорқамын,

Тоқсан тоғай қыдырған,

Балағын шеңгел шалдырған,

Келші бермен, жолбарысым,

Жан аямас жолдасым,

Жан аямас жолдасым.

Жазылмай қалса бағымым,

Келмей ме менің намысым.

Арқадан келген боз үлек,

Мойныңды соз үлек.

Қайырып басын суға сал.

Атаңа нәлет тіл-көзің,

Алдыма келіп ойын сал,

Көкенай деген жын келді,

Айқайлап бәрін алға сал. ( Диваев). Бұны айтып болып, енді маңайындағыларға «Алла-һу, Алла- һу» деп

қайталатып, қайта сарынға басады:

Жынның басы Досыбай, Көнбес іске көндірді,

Жын шақырдым осындай, Қу ағашқа төндірді.

Жын әулие келе ме, Төбеге шыққан төрт атым,

Бір-біріне қосылмай. Көк киімді бөрте атым,

Дауысым саған не болды, • Алты құлаш ала атым,

Қобызыма қоса алмай. Ойбай менің боз атым.

Қарағай қобыз қолға алдым, Үйде де бар он қожам,

Ақ жыландай толғандым, Қырда да бар қырық қожам,

Бұл қобызым сынбады, Әсіресе жас қожам,

Ғаріп жаным тынбады. Тұлпар деген мес қожам,

Он бесімде жабысты, Кел тұлпар, кел тұлпар!

Жиырмада табысты, (Диваев).

Осыны айта жүріп бақсы өз денесін қанжармен сұққылайды, қып-қызыл кетпенді жалайды да, тағы да жындарын шақырады:

Жынның аты Қараман,

Енді қайда барамын?

Атамнан қалған Қараман,

Сеніменен боламын.

Үлгісіз көйлек пішпеймін,

Аллалап жолға түспеймін,

Айтқанымды қылмасаң,

Алдана сірә түспеймін.

Жын атасы Жирентай,

Қолыңа жасыл ту алдың,

Найзаңды қанға суардың,

Дертті көріп қуандың.

Ақсақ қойдай маңыранып,

Соқыр қойдай жамыранып,

Зияндасты қатыннан,

Бір құдайым аңыратып,

Жын келеді айдап ал,

Аяқ-қолын байлап ал.

Жын атасы Жирентай,

Жал-құйрығын түйген тай,

Айналайын, пірім-ай.

Қара сақал балталым,

Қара мақпалдан қалталым.

Зияндасын алмасаң,

Бір айда болса жатқаным.

Ел емес едің, ер дәу-ай,

Ерінбей сен кел, дәу-ай.

Көрсетші күшің енді, дәу-ай.

Арқадан келген ақ төбет,

Айнала үрген сақ төбет,

Төбетім үріп қашырғын,

Жайына кетсін пәлекет.

Екі бетің албырап,

Қызыл тілің салбырап,

Саулы інгендей ыңқылдап,

Өзінің сөзін мақұлдап,

Сары қыз келді жақындап.

Шақырдым келгін, Сары қыз,

Келмегеніне барыңыз.

Көмегіңді көп қылып,

Бөлені байлап алыңыз (Диваев). Осыдан соң әбден еліріп алған бақсы отқа қызған темірлерді жерге жайдырып, солардың үстімен жалаң аяқ жүреді, темір жалайды. Сонда жалаған темірі шыжылдап жатады. Бірнеше шырақты аузына салып, қайта алып, қайта салып аузында өшіреді. Аурудың бас жағына тұрып алып өз кеудесін өзі тоқпақпен соққылайды, қамшыны ала салып онымен ауруды, маңында отырған адамдарды тартып-тартып жібереді. Бірақ ұрған адамдардың айтуынша, оларға қамшы батпайды, оны жындар батырмайды-мыс. Содан тағы жындарға қаратып сарындататы:

Жол, жол жатыр, жол жатыр, Ту сыртынан қарасам,

Жол жағалай қол жатыр, Қырғиға қойған аяқтай.

Сол қолдардың ішінде Бүйірінен қарасам,

Сары Азбан деген ер жатыр. Белге асқан садақтай,

Сар Азбанда сақал жоқ. Толғанып жатқан жыландай,

Көк шолақта кекіл жоқ. Келіншек таққан қырандай.

Арқадағы ауылдай, Қара шұбар қабыланым,

Қияға біткен қауындай, Әбжыланды ат еткен,

Берекелді ерлерім, Су жыланды сот еткен,

Келіп ұршы дабылд-ай. Жәдігөйім жарғышым.

Егінші киген шекпендей, Тінтуші қара байқұсым,

Базардағы кетпендей, Түйе басты Шаракөз,

Жаныңа келді Дауылбай. Айналайын жаршығым,

Қарсы алдынан қарасам, Қанға тоймас байқұсым.

Тұжырап қойған таяқтай (Диваев).

Әбден жынына мінген бақсы қолдарын жан-жаққа сермеген жақтағы 5-10 метр жерде түрған заттар быт-шыт болып сынады, не тілініп түседі. Бұның бәрі жарғыш, сындырғыш жындардың ісі-мыс. Бара-бара бақсы толық экстазға жетеді, сонда бура болып ақырады, бұқа болып өкіреді, айғыр болып кісінейді, ит болып үреді. Бұл осы хайуандар кейпіндегі басқа бір жындардың дауысы деп түсініледі. Содан бақсы жалаңаяқ табанымен қылыштың жүзінде тұрып, бір аяғымен ауруды түрткілейді. Содан қайта қобызын қолға алып, ойнап-ойнап кетеді. Бір кезде ойынын тоқтатып, үйдің ортасында қол-аяғы байлаулы жатқан жынды адамды шешіп босатады. Айнала отырған ел жындыдан жасқаншақтап қорқа бастайды. Жоқ, жынды тып-тыныш, жуас күйге түскен екен. Бақсы тағы сарнап кетеді:

Жалғыз шыққан тобылғы

Жайшық болған, қобызым

Желмаяның терісі

Шарайна болған, қобызым.

Жүйрік аттың қылынан

Жайшық қылган, қобызым.

Жеті кенттің мақпалын

Тұмар қылған, қобызым.

Айналайын, дүлейім,

Дулығалы су перім.

Бәрекелде бектерім,

Тартшы бермен дәулерім.

Баймөңке келді осында,

Малайы бар қасында,

Қырық жігіт қасында

Айдаһары астында.

Айда бермен шұбарым,

Нар күмістен тұмары.

Шұбарым менің келмесе,

Тарқамайды құмарым.

Айда бермен сексен жын,

Бармағың бар, өкшең жоқ.

Сірә-ау уайым қылмаймын,

Қуалар деп көңілім тоқ.

Айдаушы қара айдап кел,

Жүрмегенін байлап кел,

Шашау шығып қалмасын,

Бәрін алып жайнап кел.

Баймөңкемдей ер қайда,

Ер Баймөңкем келгенде,

Залымдарға күн қайда?!

Айда бермен Қарамес,

Қараместің аузын шеш,

Мен шақырдым сіздерді,

Кеселдердің атын шеш.

Айда бермен Құлашар,

Айдашы бермен Құлашар.

Алпыс атты ауғаным,

Атын байлап сауғаным.

Араласып алып қал,

Аямайын жау малын.

Әуедегі ала атым,

Торып жүрген торы атым,

Шабуылшы сары атым,

Айда бермен қара атым.

Аруақ қоймай тербеттім,

Бәрекелді көр біттім.

Қиядан ұшқан сұңқарым,

Жүгіріп жүрген тұлпарым.

Бәрекелді Жирентай,

Келдіңіз бе, іңкәрім.

Жын келеді жиылып,

Ауруыңа түйіліп.

Байлағалы келгенде,

Аяқ-қолы қалар бүгіліп (Диваев). Осылай бір жын-көмекшілерін шақырған бақсы енді Аллаға, әулиелерге сыйынып былай сарындайды:

Құдай абиыр бере көр,

Көзімнің жасың көре көр,

Сенен медет тілеймін!

Сайрамда бар сансыз бап,

Сізден медет тілеймін!

Сайрамда бар сансыз бап,

Сізден медет тілеймін!

Отырарда отыз бап,

Сізден медет тілеймін!

Ең үлкені Арыстан бап,

Сізден медет тілеймін!

Сунақ-ата әулие,

Сізден медет тілеймін!

Қорқыт-ата әулие,

Сізден медет тілеймін!

Әулие-ата Базырық,

Сізден медет тілеймін!

Тоқсан тоғыз машайық,

Сіздерден медет тілеймін!

Мынау шөңгің қадалды,

Босатқын деп жағамды (Диваев). Жындары әбден қысқан бақсы киіз үйдің ішінде аласұрады. Көзі жартылай жұмулы, бірақ іздегенін тез-ақ табады. Біртіндеп тек ауру ғана емес, бақсының ойынына бүкіл жұрт елітіп, құзырына көнеді. Бақсының «Саф болды», «Бәрекелді» деген сөздерін бүкіл отырған жұрт өзінен-өзі қайталап кетті.

Содан бақсы біраз сабасына түскендей болып, қолына қобызын алып, жын қайтару сарынына салады:

Айналайын, дәулерім!

Айналайын, бектерім!

Бәрекелді, дәулерім!

Айдаушы қара айдап қайт!

Қол аяғын байлап қайт!

Шашау шығып қалмасын!

Барып алып жинап қайт!

Үлкен-кіші, аға бар,

Бесікте жатқан бала бар,

Жан-жағыңа барлай қайт!

Түндігі ашық бейбақ бар,

Назар көзің салмай қайт!

Әскеріңді аралап,

Жаралы бірі қалмасын,

Тастамай бәрін алып қайт! (Диваев). Кастанье Құмақ болысының бақсысы талма ауру адамды қалай жазғанын былай сипаттайды. Бақсы емі кештен таң шапақтап атқанға дейін жалғасты. Бақсы ауруды әдетте не қуыршаққа, не тірі қоянға көшіретін. Бұл жолы ауруға таң атқанша қоянды бауырына қысып ұстап отырғызды. Алдымен аурудың алдына екі қысқа таяқша шаншып, сол таяқшаларға түрлі түсті мата жыртпаларын байлады. Содан соң үйге аттың бас қаңқасын алып кірді, оған ескі-құсқы жіптерден жүген салды. Бақсы аурудың жанына жайғасып, алдындағы жерге қанжар (пышақ) қадап қойды. Сөйтті де қобызға қосылып сарын айта бастады. Ара-арасында аурудың бетіне, ішіне үш-үштен үшкірді, арқасынан алақанымен сипады. Содан соң аурудың алақанына өз алақанын үш реттен соқты, қолындағы пышақпен аурудың бетіне, ішіне қарай жасқап қорқытты. Таң ата бере бақсы жүгенделген басты, қуыршақты алып тысқа шықты, ауру артынан ерді. Сөйтіп олар бір шақырымдай алыстап барып, жол бойына тоқтады. Бақсы ауруды ат басына мінгізгендей отырғызып, қуыршақты басынан үш рет айналдырып, оның қолына ұстатып тұрып, «Көш-көш!» деп айқайлайды. Ауру «Түфү, бәлекет, кет!» деп бірнеше рет дауыс шығарып, қуыршақты лақтырып жіберді, егер ұстағаны қоян болса оны қоя бере салады. Содан соң ауру алды-артына қарамай ауылға қарай тез кетіп қалады (Кастанье). Біз жоғарыда Ә. Диваевтің, тағы басқа авторлардың бақсы емі жөніндегі сипаттамаларын толық беруге тырыстық. Ендігі бақсылардың ойынын, емін жазған кезімізде ерекше қызықты деп есептеген тұстарымен қатар бұрынғы бақсыларда кездеспейтін кейбір детальдарына ғана тоқталмақшымыз деп жазады ғалым Ә. Төлебаев.

Торғай өңіріндегі Аманқұл болысының тұрғыны Д. Щетинкин Танабай Қоскелдин деген бақсының емдеу ойынын жазған. Бақсы домбырамен ойнаған. Ауруды жанбастатып, аяғын ортада жанып тұрған ошаққа қарай созғызып жатқызған. Әбден ойыны қызған кезде аурудың аяқ жағына 7 шырақ жаққан, сондай 7 шырақты алып ауру баланың шешесі киіз үйді айналып шыққан. Бақсы баланың аяқ-қолын уқалаған. Содан соң бірі бос, екіншісінде суы бар екі ағаш ыдыс алдырып, басына суы бар ыдыстан 40 қасық су құйған. Бақсы аузына қара бүрыштың 7 түйірін салып, соны шайнап жүріп ойнаған. Содан бір бос қазанды отқа қойып, әбден қыздыртқан да аурудың жанына алып келіп, ыдыстағы судан аузына ұрттап алып, қазанға 40 рет бүріккен. Ыстық қазаннан шыққан бумен ауруды аптап, оның аяқ-қолын ысқылап емдеген (Щетинкин). И. Кастаньенің бір дерегі бойынша, қазақтың екі бақсысы бір орыстың шенеунігін емдейді. Олардың айтуынша, албасты аурудың басына еніп алған. Емдеуге ең қолайлы уақыт деп жаңа ай туған уақытты таңдаған. Ауруға мас қылатын бірдеңе тарттырған. Содан бақсы ойынын ойнаған. Біраздан соң ауру жатқан үйді жыққызып, аурудың бас жағына лаулатып от жаққызған. Содан бір жігітті шымқай қара (баран) атқа мінгізіп, шауып келіп аурудың үстінен секіртіп өткізген. Осылай бірнеше рет қайталаған. Осы әрекетпен қара албастыны қудық деп есептеген. Ауру дертінен келесі ай туғанға дейін толық айығады деп сендірген (Кастанье). 1929 жылы Семейде өткен этнографиялық кеште Шыңғыстау ауданынан келген Сләмбек деген бақсы ойын көрсеткен. Оның әкесі Берікбай деген кісі де өте белгілі бақсы болған екен. Ол да 1900 жылы Орыс жағрафиялық қоғамының Семей бөлімшесінде ұйымдастырылған этнографиялық кеште өнер көрсеткен екен. Сләмбектің, зерттеуші И.А. Чеканинскийге айтуына қарағанда, ол әкесі өлген соң оның қара қобызын төрге іліп қояды. Өзі бақсылықтан қашып, оны қолына да алмайды. Біраз уақыт өткен соң өзі бір түрлі дел-сал күйге түседі, жындана бастайды. Оған түсінде де, өңінде де жындар келіп қинағандай болады. Бара-бара бұл жағдайға оның бала-шағасы да ұшырайды. Бірде сапардан келе жатқан оны жын қамалап, есін алады. Далада қанша жатқаны белгісіз, жындар тағы да үйге әкеліп тастаған болуы керек. Бірде Сләмбек үйде отырып қобызға көзі түсіп қалғанда қобыз озінен-өзі керегенің басынан ұшып келіп Сләмбектің бетіне сарт етіп соғылады. Содан бері ол бақсылықты ұстаған (Чеканинский).

Перовск уезіндегі Дүйсенбі деген бақсының емі жөнінде мынандай деректер бар. Ауру әйелдің ішкі құрылысында дерт болған. Содан бақсы адамның ішін жарып, дертті алып тастауға туыстарынан рұқсат алады. Қасына мықты жиырма жігіт алып, қобызын сарнатып ойнай бастайды:

Дәулерім екі бірдей айда Көкаманым көкте ойнар.

деймін! Алпыс қойдың терісі



Қан ішер келмей Көбен қайда Ау шықпаған Қорабай, деймін?!

Алға менің жарғышым, Жетпіс қойдың терісі

Іштегі дертті алғышым. Жең шықпаған Қорабай!

Мен шақырдым сіздерді, Жең шықпаған Қорабай!

Мен шақырдым сіздерді, Келші бермен жарандар!

Келші де бермен жарғышым! (Миропиев). Содан соң бақсы қобызын жерге қойып, ауруды шалқасынан жатқызып, ішін жарып, қолын тығып жіберіп, бір уыс майды суырып алды. Қарап тұрған жұрт қорыққанынан жан-жаққа қашып кетті. Бақсы жарған жерге үш рет үшкіріп, үш рет сипап еді, бірден бітіп кетті. Ауру түк болмағандай кезін ашып, орнынан тұрды. Үш күннен кейін жазылып кетті.

Бақсының кереметі жөнінде мынадай бір аңыз бар. Бір бай атақты бақсыны қонаққа шақырды. Бірақ Сырдариядан өзің өтіп келесің, менде қайық жоқ дейді. Сонда бақсы айтады: «Қонақ күтетін үйді тігіп, тағамыңды жасап қой, содан соңғысын өзім шешем», - дейді. Содан бақсы қара қобызын алып, тартып-тартып жіберіп сарнайды

Қобызымды шаламын, Көлеңкесі жерде ойнар, әйт жан-ай!

Отқа майды саламын, Ойда жатқан он жігіт,

Жапанда жатқан көп жыным, Қырда жатқан қырық жігіт,

Аттарын шақырып аламын. Ал, мен шақырдым сіздерді.

Қырық нарга қос артқан, Келші бермен қырық жігіт!

Қырық жігіттің бастығы, Алпыс қойдың терісі

Қара дәуім кел шапшаң. Ау шықпаған Қорабай!

Көкаманым көкте ойнар,

Сөйткенше болмайды, бақсы жындары жасаулы тағамымен үйді көтеріп бергі жаққа әкеледі. Бақсы тамағын жеп, қымызын ішкен соң байдың үйін арғы жаққа қайта өткізіп тастайды (Миропиев). Бақсының сарындарының бірін М. Миропиев жазып алған екен: Ей, шайтан, сенің нең бар аулақ жүрмей,

Жүр ме едің әлі күнге мені білмей.

Сазаңды енді сенің тарттырайын,

Тұрсаң да не етесің деп күлімсірей.

Ей, шайтандар, шайтандар!

Мынау өкпені алыңыздар.

Осымменен барыңыздар.

Бұл қатынды өлтірме,

Бұған зиян келтірме.

Қатыны бұның біреу-ақ,

Өзеуреніп қоймайсың,

Жалғыз көзді сен бейбақ.

Тілімді менің алмасаң,

Мекеніңе жылдам бармасаң,

Ізіңе сенің түсері-ақ,

Атадан қалған көп аруақ.

Жылдамырақ мұнан кетпесің,

Үйтермін сенің шашыңды,

Кесермін залым басыңды.

Қой өкпені өкпеге санамай ма?

Өкпені алып жайыңа сен кетпесең,

Мен-дағы тек тұрмаспын қарап жайға.

Қынаптан қылыш алармын,

Күркіреген көп дәумен

Үстіңе төніп қалармын,



Басыңды сайтан жоярмын (Миропиев). Шығыс Қазақстан аймағында Тәуке руынан шыққан Қайырхан бақсы деген болған екен. Ол бақсылықты ерте бастаған, сондықтан оны кейде «бала бақсы» деп те атаған. Қайырхан бақсы Шерубай деген байдың әйелін бедеуліктен емдеген екен. Ауылдың сыртына ақ үйге алғызған. Басқа ел-жұртты үйдің ішіне айналдыра отырғызған. Содан домбырамен қосылып:

О, шолағым, қайдасың?

Ауруға бастай гөр.

О, Сарбалақ, қайдасың?

Бір көтеріп тастай гөр.

Жын-шайтаннан сескенбей,

Өз ісіңді бастай бер! -

Содан ортада жанып тұрған отты айналып, секіріп, қышқырып, аузынан ақ көбік кетіп, есеңгіреп, тізерлеп отырып, «Ақ, келдің бе, хақ! Ақ, келдің бе хақ!» деп жалынышты үн қатқан. Содан соң ала арқан алғызып әйелдің белінен жеті рет орап тағы да



О, шолағым, қайдасың, Түйіншегін шеше гөр.

Арқан ұшын шеше гөр. Баба түкті Шашты Әзиз,

Белде жатқан көп дерттің Күнәсі болса кеше гөр, -

деп сарын айтқан. Содан соң әйелдің белінен арқанды шешіп, отқа тастаған. Сонымен кесел кетті деп есептеген.

Найманнан шыққан атақты Жаңқа бақсының немересі Садуақас бақсы қобызбен ойнаған. Ол қобызын ат бәйгесіне қосқан деген аңыз бар. Садуақас бақсы ойнағанда «Хақ» деп шаңыраққа шығып кетеді, қышқаш жалайды, шоқ таптайды. Аузына қып-қызыл қышқашты апарған сайын «Суф-ф сайтан! Суф-албасты!» деп ұшықтайды екен. Екінші күні тағы да кешке сарынын бастап, енді әр түрлі пірлерді көмекке шақырады:

Төрт түлік мал төлім-ау, Ойсыл қара қауымы-ау,

Пірлеріңді шақыршы! Пірлеріңді шақыршы.

Қамбар ата қауымы-ау, Тарқұрсаққа тығылған,

Пірлеріңді шақыршы. Белден соққан бес шайтан,

Шопан ата қауымы-ау, Албастының қанынан,



Пірлеріңді шақыршы. Перілердің жолынан,

Зеңгі баба қауымы-ау, Арылтсаңшы, жаным-ау!

Пірлеріңді шақыршы.

Берікбол деген бақсы емдеу сеансында Ақ шағыр атты пайдаланады екен. Қобызын ойнап, әбден қызған кезде:

Ақ тай, Ақ тай, Ақ тай келді, қру-қру!

Ақ шағыр ат жақтай келді, қру-қру!

Төккен терін сатпай келді, қру-қру!

Пәле дертті таптай келді, қру-қру! -деп атын шақырады. Ақ шағыр ат алдыңғы екі аяғын бүгіп, киіз үйге кіреді, ауруға жақындап келіп, оның кеудесіне екі алдыңғы аяғын қояды. Сонда бақсы: «Жұмсақи, жұмсақи жануар. Минауи, Минауи жануар», - дейді. Сонда аттың салмағы ауруға мүлде білінбейді-мыс.



Таласбай бақсы да ауруларды қуыршаққа көшіру арқылы емдеді. Оның бір жынының аты Сарбүркіт, ол Тарбағатайдың биігін мекендейді, ал енді бір жыны Көкбарақ - көкбөрі бейнесінде, ол Бөртөстаған деген тауды жайлайды екен. Бақсы аурудың себебін тек жындары келіп анықтағаннан кейін ғана айтады.

Қаракерей руларының арасында Бұйдаш деген атақты бақсы болған. Оның қобызы да ат бәйгесінен озып келген деген аңыз бар. Осы Бұйдаш бақсының немересі Сәрсенбаев Мырзағали деген кісі де бақсылық, емшілік құрған. Мырзағали суықтан болған және бала көтермеген әйелдері қойдың жас терісіне орап емдеген. Әдетте ер адамды саулық терісіне, әйелді еркек қойдың терісіне орайтын болған.

Ақнайман руынан Қазығұмар деген белгілі бақсы болған екен. Оның өзі әкесі Күнтуар, атасы Жалпақ та бақсылық ұстаған. Қобызбен ойнаған. Олардың да қобызы бәйгеден келді деген аңыз бар. Ол жындарын Теміржан, Соқырым дейді екен. Теміржаны мұздай темір құрсанған батыр да, Соқырымы - шашы алба-жұлба жалғыз көзді кәрі кемпір. Қазығұмардың бүркіт пішіндес те жыны болған. Осы жыны қысқанда Қазығұмар «қыч-қычтап» үйде секіріп жүріп, шаңыраққа шығып алып, шикі ет жеп отырады екен. Қазығұмардың әкесі ауруды жолға, тауға, жеке тұрған ағашқа көшірген.

Бақсылар туа алмай жатқан әйелге де көмек берген. Әдетте туа алмай жатқан әйелдің алдына тұрып алып, қатты ақыратын, от жалайтын, темірді темірге ұрып, шақ-шұқ дыбыс шығаратын.

Берікбол деген бақсы туа алмай қысылып жатқан әйелдің алдына келіп, қобыздың сарын күйін тартқан. Сонда әйелдің 22 мың тамыры босап, тез босануына себеп болған дейді білушілер.

Шөмекей руынан шыққан Дәмолда деген бақсы негізінен бала тоқтамаған әйелдерді, бедеу әйелдерді емдейді екен. Ол кісі де әйелдің белін буып тастаған кеселді көшіреді. Жөбішеңкі ауруы ғана бар деген әйелді тазаланып кел деп қайтарып, келген соң жай ғана үшкіріп емдеген екен. Үшкіру кезінде басқаға түсініксіз «Қабибике, қайрүл, қам күйкіл» деген сөздерді бірнеше рет қайталайды екен.

Арғыннан шыққан Қайырбек деген бақсы бедеу әйелдерді емдегенде дәстүрлі сарын айту, ойнаудан басқа аурудың маңайына жиналған елге мынадай бәдік өлең айтқызады:

Би-ағалар, би-ағалар,



Би-ағалардың не

Сиза қағылар.

Бұл қайырма өлеңнің эротикалық, фаллистикалық мәні болса керек. Көптеген дерек берушілердің айтуына қарағанда, бедеу әйелдерді емдегенде кейде бақсылар бура болып барқырайды, айғыр болып кісінейді, бұқа болып бұрқырайды. Бұл жануарлардың өсіп-өнуге, ұрпақ жалғастыруға «тілектестік», символикалық мәні болған сияқты.

Бедеу әйелдерді емдегенде бақсылар әйелдің етегінің арасынан бала өткізген. Әдетте бақсылар: «Бала туғанда оның жанын алып кететін алып қара құсы бар, соны қайтардым, енді тұрады», - дейді екен. Кейде бала қырқынан шыққанша баланың жанын қорғайды деп үйде бүркіт ұстатқан.

Шығыс Қазақстан жерінен жиналған деректерге қарағанда, бір бедеу әйелді алдымен бақсы, содан соң молда емдеген. Содан кейін әйел үш құрсақ көтерген. Кейде бақсылар бедеулік кесірін 7 қуыршаққа көшірген.

Кіші жүз ішінде XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында Кунтуов Сейітқазы деген бақсы болған. Оны елде «Қара бақсы» атаған. Ол ауруды кейде жауырынға қарап та айыратын, кейбір ауруларды қойдың не сиырдың өкпесімен қағып, көп ауруды ұшықпеи емдеген. Ұшықты күн таласып тұрған мезгілде, яғни күн енді батып бара жатқанда жасайтын. Ұшықтайтын суға қазанның күйесінен, ошақтың, босаға мен терезенің балшығынан кішкене уатып салатын болған. Содан қып-қызыл темірді аурудың төсіне, арқасына, қолтығына ұстап тұрып, суды аузымен соған бүркіп, «Ұшық, ұшық» деп ұшықтайды екен. Кей ұшықтарын жеті жолдың айырығында жасайды. Ол кезде ауруды құбыла жаққа қаратады екен.

XIX ғ. аяғында Жамбыл өңірінің Қордай жерінде Абай деген бақсы болған. Қобыз тартып, сарын айтқан бақсы. Оны елде «Дәуперім бақсы» деп есептеген. Ойыны әбден қызған кезде: «Қараңдаршы, терезеден менің жындарым келді», - дейді екен. Содан «Келдіңдер ме, аһ» деп түсініксіз тілде жындармен тілдескен. Содан соң оны жындары жабылып сабап жатқан сияқты болады, сонда ол «молла, молла!» деп көмек шақырады. Содан аузынан ақ көбік ағып, есінен танады. Бақсы жыны қысқанда желбаудан өрмелеп, шаңыраққа шығып кететін.

Дулаттан шыққан Сарқұл бақсы туралы әңгімеде оның қара қобызбен ойнайтынымен қоса мынадай бір ерекше қасиеті айтылады. Сарқұл ауылға қостағы жылқыны айдатып, ішінен бір шу асауды ұстатады. Бақсы жақындағанда ат дірілдеп басын төмен салып, жуаси қалады. Бақсы жамбасынан бір, маңдайынан бір сипағанда жүген-құрық тимеген айғыр артынан еріп жүре береді. Сол жолы бір сал болып жатқан балаға атты алып келеді, ат баланы 2-3 рет жеңіл тарпиды, сонда бала атып тұрып, үйді айналып жүгіріп кетеді.

Қазақ ауру-кеселдің тағы бір себебі - жады деп есептеген. XIX ғасырға жататын материалдарда әдетте жадыға көбінесе ер адамдар ұшырайды. Еркекті өзіне қарату үшін әйелдер еркекті жадылаған. Ш. Уәлихановтың дерегіне қарағанда, қызғаншақ әйелдер де ерлерін ауру қылу үшін жадылаған. Ал қазақтар мен қырғыздар адамды арбау арқылы да кеселге ұшыратуға болады деп есептеген.

Біздіңше, ертеректе қазақтардың ата-тектерінде адамға адам арқылы әдейі жасалатын кеселге сену болған. Бұл шамандық дүниетаным бойынша - «қара магия». Қара магия бар жерде бақсылықтың кесел келтіруші түрі - «қара бақсылық» та болған болуы керек.

«Жады» деген сөз бен «жады тас» ұғымының арасында өте терең байланыс бар сияқты. Көне түркілерде «жады тас» арқылы жаңбыр жауғызатын жайшылар болған. Біздіңше, осы жайшылар да атақты бақсылардан шыққан.

Қазақта бақсылық негізінен ерлерге тән қасиет болып есептелген. Дегенмен, XIX ғасырда қазақ арасында әйел бақсылар да болған. Шоқанның айтуына қарағанда, қазақта «рухы бар, арқалы әйелдерді Елті деп атайды, олар да бақсы». Әйел бақсылар жөніндегі деректер В.Н. Басиловтың, К. Байбосынов пен Р. Мустафинаның еңбектерінде кездеседі. Олар XX ғасырдың орта шеніне дейін, кейбірі одан да асып өмір сүрген Жұмағыз, Балбике, Кенжеғыз, Қадиша, т.б. бақсылар. Бұлардың барлығы да оңтүстік өңірлерде өмір сүрген адамдар. Менің өзім жинаған деректер бойынша, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Торғай жерінде Нәзипа деген, Маңқыстау өңірінде Қарақыз деген, Тарбағатай өңірінде Бөшекей деген бақсы әйелдер болған. Мен зерттеген бақсы әйелдер негізінен бедеулікті, бала ауруларын емдеген, ауыр босанған әйелдерге көмектескен.

Оңтүстіктегі бақсы әйелдер қобыз да тартып, көп ауруларды да емдеген сияқты. Менің ойымша, жалпы өзбек, тәжік сияқты отырықшы елдерде бақсылықтағы әйелдердің үлесі кейде еркектерден де күшті болған. Оңтүстікте әйел бақсылығының кеңірек тарауы осы көрші жұрттардың дәстүрінің тікелей әсері болуы керек.

Қазақ емшілігінің ішінде жылан, шаян, қарақұрт, бүйі шаққанда шақырып, арбап емдеу болған. Шақыру, арбау жөніндегі деректер негізінен XIX ғасырдан бергі замандарға жатады. Деректерді келтіретін авторлар шақыру, арбау арқылы кімдер емдегендігін айырып жазбайды. Біздің ел арасынан жиналған мәліметтерімізде бүл мәселенің нақты шешімі жоқ. Кейбір информаторлар «құрт шақыру», «жылан арбауды» бақсылар жасаған десе, енді біреулері «үлкен молдалар дұға оқып арбап, шақырады», үшінші бір топтың айтуынша, «улы жәндіктердің шағуынан келген қатерді арнайы дарымшылар қайтаратын» дейді.

Арбаушы улы жәндік шаққан адамды алдына салып қойып, егер табылса шаққан жәндікті де шала жансар (жыланды басын төмен қаратып іліп қойып) алдына тастап қойып, арбауын оқитын.



Кер, кер, кер жылан, Парманнаи қатты жарлық

Кереге басты мер жылан. келді!

Бір жылан бар сұм жылан, Мары-мары, мары жылан,

Бір жылан бар сұр жылан. Ұзын-ұзын, ұзын жылан,

Бір жылан бар жеті жылғы Ұзын шашы келте жылан,

тужылан, Марқары, сарқары,

Құралай таудыц басынан Былдыр-шылдыр болған түннің басынан Қуып келген қу жылан.

Пайғамбардың демінен Лек-лек келді шық, жылан!

Дегелек келді шық жылдам... Ат жылан, қат жылан,

Ақ жылан, аты жылан, Ыс жылан, қара жылан,

Сары жылан, сары бас Отыз бес көзді,

жылан, Қырық жүзді,

Көп жылан, көбер жылан, Орман түннің басынан

Шың тәңірден парман келдіі Лек-лек келді шық, жылан

С. Сейфуллин жыланның уын қайтару арбауын келтіреді. Қара-құрт шаққандағы арбаудыц бір нұсқасы мынадай:



Ай-қай мекрі, цай мекрі, Күллі ер мұрт,

Жылан мекрі, шаян мекрі. Әзкер, мүзкер,

Күллі, күллі, күллі мекен, Жия-жия, пара-пара, - деп түсініксіз ұйқастармен жалғаса береді. С. Сейфуллин осындай тылсым сыры бар, тылсым қуаты бар сөзді «сырлы» сөз деп атаған: «Әрбір жылан, яки шаян, ұлу, құртқа әсер ететін бір «сырлы» сөз болады. Сол «сырлы» кереметті сөз табылса, әлгі адам арбауына алған жылан, яки құрт дегеніне бағынады, жеңіледі. Ал шағылған адам жазылады деп сенген... және әлгі «жат» сөздердің, «сырлы» сөздердің бірі ізделінген ең керек сөз болады. Ол сөз жыланның яки шаянныц аты болып шығуы мүмкіп. Толып жатқан сөздерді айтып отырғанда бірі әлгі жыланның аты болып шықса, жылан жеңіліп, уыты өзіне жайылып өледі. Шағылған адам яки мал жазылады деп сенген...» (Қазақ бақсы-балгерлері...). Көнекөз қариялардың айтуыпа қарағанда, оқу кезіпде, арбаушы-дарымшы мен шаққан жәндік арасында қатты күрес жүреді. Арбаушы да, улы жылан да әбден ісінеді. Содан дарымшының күші басым болса улы жәндік жарылады.

XIX ғ. аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ этнографиясы мен фольклорын зерттеуші Ә. Диваев Перовск уезінің Қысбөгет болысына жазып алған арбаушының өзін жариялаған. Бірақ бір кемістігі арбау өленнің қазақша түпнұсқасы емес, орысша аудармасын берген. Бұл материал кейініректе И. Кастаньенің еңбегіне сол күйінде көшкен. Біз орысша мәтінді қоя тұрып, арбаушы өлеңінше сонында берілетін орынсыз қисындарға назар аударғымыз келеді. Бақсы-арбаушы әр түрлі әулиелерге, табиғат, жануарлар иелеріне қаратып айтқан өлең-сөздерінен соң мән-мағынасыз, түсініксіз, бірақ дыбыс үндестігіне құрылған мына сөздерді айтады: «Арысыны, құрысыны, мұртыны, чұртыны, қырғаны, қиратқаны, чуя, чуя, чига, чига, бара, бара, дава, дава, ашиндау, бушиндау, дарипдау, мирандау, килюки, килю сасыр, бары-булы, бары-бұла, исиндау, фишиндау, имандау, шамандау, чпы, чны, чны би, чны ходжа тны би, құдай бастан мен қостап, шыға берсін бір бастан» (Диваев). Ә. Диваевтың айтқанындай, арбауға көбінесе мүлде түсініксіз, құпия, ажарсыз сөздер сыйымды болып есептелген.

Сонымен қазақтың этнографиялық мәдениетінің ең бір тылсымды, құпиясы көп саласының бірі осы бақсылық. Бұнда халықтыц дүниетанымы, сенімдері, ырымдары, сөз, музыка өнерлері, халықтық медицинаның кейбір тұстары көрініс табады.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет