52
болжаулар мазмұны және жайылу хронологиясы бойынша
келістіріледі; бұл – бақыланатын жоспарлық болжаулар катего-
рияларына негізделген сценарийлер. Салыстыру нәтижесінде ең
ыңғайлы сценарий анықталады. Сценарийлердің негізгі үш түрі
бар:
–
оптимистік
– экономикалық және әлеуметтік перспекти-
валар қолайлы болады;
–
реалистік
– экономикалық және әлеуметтік перспектива-
лар өз орнында қалады;
–
пессимистік
– экономикалық және әлеуметтік перспекти-
валар қолайсыз болады.
Поливарианттық (скриптілік) тұрғыдан болжаудың негізгі
мәселесін болжау қатаңдығын олардың қажетті икемділігімен,
сыртқы орта факторларының ықпалы арқылы сабақтастыруды
шешуге көмектеседі.
Болжау қызметі жетекшіден оның барлық зерделік және
психологиялық мүмкіндіктерін жұмылдыруды талап етеді.
Мақсат қою қызметіндей, болжау қызметінде де адамның
психикалық құрылымы ұқсас. Бұл – арнайы психологиялық
ұғымдармен, яғни алдын орау көрінісімен, ықтималдық болжау-
мен, оқиғаны болжап білумен (антиципация) сипатталатын бол-
жаудың психикалық процесі. Сондықтан ол жетекшінің іс-әре-
кетіндегі болжау қызметін жүзеге асыруға арналған психоло-
гиялық негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: