Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Кекс (орыс. кекс, ағылшын. cakes)



бет37/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102
Кекс (орыс. кекс, ағылшын. cakes) дәмдеуіштер, цукаттар, мейіз және т.б. заттар қосылып, майқоспа қамырдан пісірілген нан; қамырға мейіз, цукат немесе жаңғақ қосылған түрлі майқоспа кондитер өнімдерінің ағылшын тіліндегі атауы.


Кеспе (орыс. кеспе, ағылшын. kespe) – сұйық немесе қою тағамдар дайындау үшін ашымаған қамырды жаймалап, жіңішкелеп, таспалап кесілетін дайындамалар. Кеспе қолмен немесе рнаулы кескішпен кесіледі.


Кеспе-көже (орыс.кеспе-коже, ағылшын. kespe-kozhe) – жұқа жайылған қамырды орамалап бүктеп, пышақпен кесілген жіңішке қамыр дайындамаларын, етті түсіріліп алынған сорпаға қатты қайната отырылып себелеп салады. Пісуі жеткенде кеспе қоюы сорпа бетіне көтеріліп, біраздан соң сорпаның түбіне қайта шөге бастайды. Бұл кеспенің піскені. Кеспені кесіп алған соң елеуішпен елеп алса, ол ұнынан тазарып, саласы жазылып, сорпаның ішінде онша ботқаланбай, ішуге ұнамды болып піседі. Кейде кеспе дайындамаларын қамырды біраз кептіріп те кеседі. Қамырды көбіне жұмыртқа езген сүтке илеген. Мұндай кеспе жұғымды, дәмді болады.


Кепкен өрік пен кардамон қосылған бөлке (орыс. булка с курагой и кардамоном, ағылшын. bun with dried apricots and cardamom) – қамыр ашытылады. Кардамон мен мускат жаңғағы ұсақталып, илеу үстінде қамырға қосып жіберіледі. Кепкен өрік жуылып, ұсақтап туралады да қамырға маймен бірге қосылады. Қалаған формаға келтіріліп, бөлкелер майланған табаға орналастырылады. Аздап беті кебірсіген соң жұмыртқа жағылып, zheқант себіледі де пешке қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет