Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Қаймаққа иленген қаусырма (орыс.пирог на сметане, ағылшын. pie with sour cream)



бет48/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102
Қаймаққа иленген қаусырма (орыс.пирог на сметане, ағылшын. pie with sour cream) – еленіп, сода қосылған ұн үстел үстіне үйіліп, ортасы шұңғылданады да, оған қаймақ, қант, тұз салынып, қамыр иленеді. Қамыр төртке бөлініп, одан десертті тәрелке көлеміндей төрт күлше жайылады. Күлшелер 220-240° C температурада пісіріледі. Қаймақ (1 кеседей) қант және ваниль қанты қою көбіктенгенше пісіліп, күлшелердің арасына жағылады.


Қайнатылған қамырдан пісірілген сыр қосылған бауыр (орыс пончики., ағылшын. donuts) – су мен май қайнатылып, оған ұн салынады, баяу отта қамыр қоюланып, кастрюльдің қабырғасынан ажыратылғанша бұлғай отырып пісіріледі. Қамыр аздап салқындатылып, оған 4 жұмыртқа, 3 жұмыртқанын сары уызы қосылады да, тағы да бұлғанады. Оған үгілген сыр себіліп, әбден иленеді. Дайын қамыр қайнап тұрған майға шай қасықпен салынып қуырылады. Қамыр көтеріліп, жарылып, сәл қызара бастағанда алынып, қағазға дегдітіледі де, үгілген сырға аунатылады. Мұндай бауырсақтар шұңғыл вазаға салынады.


Қаймақ қосылған бисвит (орыс. бисквит со сметаной, ағылшын. sponge cake with cream) – жұмыртқаның сары уызына қант қсылып, ағарғанша бұлғанады. Бұлғауды жалғастыра отырып, қаймақ, аниль қанты және аз-аздан ұн, ең соңынан жұмыртқаның көпіршігенше бұлғанған ақ уызы қосылып, біркелкі массаға айналғанша абайлап араластырылады. Сөйтіп,қамыр майланып, ұн себілген металл формаға аударылады (форма биіктігінің 3/4 бөлігіне дейін). Бисквит 200-2200 С температурада піседі.
Дайын тағам елекке орналастырылып, салқындаған соң тосап жағылады да, қант ұлпасы себіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет