Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Құрғақ майсөк (орыс.кургак майсок (сухой майсок) , ағылшын. kurgak maysok)



бет56/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102
Құрғақ майсөк (орыс.кургак майсок (сухой майсок) , ағылшын. kurgak maysok) – бұл тағам дастарқанға әкелер алдында ғана дайындалады, яғни сөкке сары май салынып, әбден араластырылады. Соған орай сөк майды бойына бірден сіңіре алмайды. Май тек оның сыртын ғана жібітеді. Сөйтіп жегенде қытырлап тұрады. Осыған байланысты ол құрғақ майсөк деп аталады.


Қауынға жанышқан сөк (орыс. майсок с сушеной дыной, ағылшын. maysok with dried melon) – сары не қара күләбі қауын ортасынан қақ жарылады. Дәні (шопағы) алынып тасталады. Қабығын тесіп алмай, әр жерінен тілінеді. Сөйтіп алдын ала мөлшерлеп алынған сөк салынып, қалың матамен немесе таза сүлбемен тұмшалып тасталады. Жарты сағаттан кейін сүлгіні алып, жақсылып араластырылады да, 10-15 минут тағы да жауып қойылады. Содан соң ешқандай ыдысқа салмай сол күйінде дастарқанға әкелінеді. Қасына ағаш қасық, нан қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет