Сүзбеге жанышқан сөк (орыс. майсок с творогом, ағылшын. maysok with cheese) – кеңірек ыдысқа салынған сүзбе бірнеше рет бұлғанады да, үстіне сөк, мейіз, ұсақтап туралған кепкен алма, тұз салып, араластырылады. Сөйтіп беті 15-20 минут жабылып қойылады да, тағы бір рет араластырылып, дастарқанға әкелінеді.
Сұйық күстілі (орыс. жидкий хворост, ағылшын. liquid firewood)– жұмыртқаның сары уызы қант түйіршіктері езілгенше бұлғанады да сүт қосылып,ұнның үстіне құйылады,біртұтас қоспа шыққанша араластырылады содан соң оған жұмыртқаның кқпіршігенше шайқалған ақ уызы қосылады. Қамыр абайлап араластырылады. Содан соң қамыр тұтік арқылы қайнаған майға жіңішкелеп ағызылады. Қамыр торкөз шығатындай етіліп әр бағытта ағызылады.сөйтіп кепкірмен торкөздің үстінен басылып, 1-2 минут қуырылады. Дайын болған қытырлақ нанға қант ұлпасы себіледі.