Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі



бет40/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102
Көкнәр күлшесі (орыс. лепёшка из пресного теста с маком, ағылшын. made scone with poppy seeds) – сода қосылған ұн еленіп, үйіледі де, ортасы шұңғылданады. Оған көкнәр, қаймақ, май, жұмыртқа, қант салынып, пышақпен араластырылады да, тездетіп иленеді. Қамыр 15-20 минут салқын жерге шығарылып, 1см қалыңдықта жайылып, стаканмен кесіледі де, майланған табаға салынады. 230-250° С температурада пісіріледі.


Көкнәр қосылған орама (орыс. рулет с маком, ағылшын. roll with poppy seeds) – сода қосылған ұн үстелге еленіп, үстіне сары май салынады да, ұсақ бөліктерге бөлінеді. Содан соң үйіліп, ортасы шұңғылданады да, алдын ала араластырылған жұмыртқа, қаймақ, қант, тұз құйылып, тездетіп иленеді. Қамыр 15-20 минут салқын жерге шығарылып, 1 см қалыңдықта жайылады. Күлшеге қант және жаңғақ араластырылған түйілген көкнәр себіліп, оралады. Орама майланған металл табаға салынады да, бетіне жұмыртқа жағылып, қант пен жаңғақ араласқан көкнәр себіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет