Күстілі (орыс. хворост, ағылшын. brushwood) – сүт, қаймақ, жұмыртқаның сары уызы, қант ұлпасы, тұз және коньяк әбден араластырылып, біртіндеп ұн қоса отырып, қаттылау етіп қамыр иленеді.
Қамыр кеспеге арналғандай жүқалап жайылады да, ұзындығы 10-12 см жіңішке жолақша етіп кесіледі. 2-3 жолақшаны бірге өріп, шеті біріктіріледі де, жұмыртұаның ақ уызы жағылады. Қамырды гүл тәрізді кесуге де болады. Ол үшін әр түрлі көлемдегі дөңгелектер кесіліп, бірінің үстіне бірі (бетіне кішкентайы) орналастырылып, ортасы басып жабыстырылады да, шеттері тілініп қойылады.
Қайнап тұрған майға қуырылады. Шанышқымен алынып, қағазға түсіріледі де, қант, ұнтақталған лимон қабығы немесе даршын қосып себіледі.