Н. УӘЛИҰлы фразеология және тілдік норма Алматы 1 Н. У



Pdf көрінісі
бет49/77
Дата13.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#172120
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
Байланысты:
51b105703156b768745b2653bd121476

аман-есенсіз бе, сәлеметсіз бе,
ассалаумағалейкум, армысыз
тәрізді синонимдік қатары бар. Оларды тіл
жұмсауымызда ретіне қарай қолдана береміз. Ал радио, теледидар
дикторлары соңғы хабарды
армысыздар!, ассалаумағалейкум!
деп
бастамайтыны белгілі.
Сәлеметсіздер ме, құрметті жолдастар!, Кеш
жарық! 
немесе
 Қайырлы таң! 
тәрізді сөз орамы радио, телевизия тілінің
дәстүріне айналды. Микрофон арқылы өзгеше амандасу құлаққа мүлде
жат естілер еді. Сондай-ақ
-уда
тұлғасы
«Цех коллективі шикізатты
тиімді пайдалануда», «Механизаторлар жасыл орақты
ұйымшылдықпен өткізуде»
тәрізді газет хабарларында, радио
репортаждарында жиі жұмсала келіп, публицистика стилінде орныға
түсті. Ал мұндайларды үйреншікті ортасынан «көшіріп», өзге жерге
(стильге) «қондыру», болмаса газет бағанасынан мүлде аластау көпе-
көрнеу зорлық тәрізді көрінер еді.
Немесе баяндауыштың құрамында айтылатын
болып табылады,
болып есептеледі, бірінен саналады
тәрізді етістіктерді ресми жағдайда,
ғылыми баяндауларда орынды болғанымен, оларды көркем шығарма
немесе сөйлеу тілінде жұмсаудың ешбір лайығы жоқ. Ешбір адам
сөйлеуде жігіт көркі сақал болып табылады, сөздің көркі мақал болып
табылады
демес еді. 
Бұл айтылғандардан байқарымыз – әдеби тіл стильдерінің өзді-өзіне
тән қалыптасқан немесе қалыптасып келе жатқан тілдік амал-тәсілдері
бар. Солар арқылы стильдік жіктеліс тереңдей түспек. Олай болса,
стильдік жіктелісті қазіргі әдеби тіліміздің дамуындағы негізгі бағыттың
бірі деуге болады. Бұл үрдістің көркем шығарма тіліне де тікелей қатысы
бар. Өйткені, кейбір сөздердің, грамматикалық тұлғалар мен
синтаксистік құрылымдардың қалыптасқан стиль аясын сезінбей, я
болмаса ескермей екінші бір стильде, мысалы көркем әдебиет тілінде
жұмсай берсек, шғарманың тіл өрнегімен үндеспей селкеуленіп тұрады. 
Эксперессиялық-стильдік қызметі жағынан да фразеологиялық сөз
орамдары біркелкі болып келе бермейді. Осымен байланысты бір алуан
фразеологизмдер тілдік қарым-қатынастың белгілі бір саласында ғана
жұмсалып, әдеби тілдің белгілі бір стильдік тармақтарына телулі болса,
кейбірі барлық салада еркін қолданыла береді. Осымен байланысты
77


қазақ әдеби тілінің айналымындағы фразеологизмдерді негізінен үш
топқа бөлуге болады: 1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет