2. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлектеу тәртібі.
Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден
кейін жинастыру реті.
Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.
А т а қ т ы к он с т р у к т ор М и х а и л Т и мо ф е е в и ч К а л а ш н и к о в.
5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы дербес қару, ол қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Автоматтан автоматты (АВ) немесе жекелей (ОД) атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ атумен (10 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға дейін болатын қорабы оқжатардан жүргізіледі.
Тактико – техникалық мінездемелер АК -74, РПК - 74