Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина



бет1/17
Дата05.11.2016
өлшемі3,94 Mb.
#1018
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

НАЦИОНАЛЬНАЯ АКАДЕМИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ИМ.Ы.АЛТЫНСАРИНА



УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ
по предметам образовательной области «Язык и литература»

уровня общего среднего образования

(10-11 классы общественно-гуманитарного и естественно-математического направлений)

Астана 2013


Утвержден приказом Министра образования и науки Республики Казахстан №115 от 3 апреля 2013 года
Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан №8424 от 10 апреля 2013 года

Учебные программы по предметам образовательной области «Язык и литература» для 10–11 классов общественно-гуманитарного и естественно-математического направлений общеобразовательной школы. – Астана, 2013. – 190 стр.

©Национальная академия

образования им.Ы.Алтынсарина, 2013



Учебная прграмма по предмету «Қазақ тілі»

(общественно-гуманитарное направление)



  1. Түсінік хат




  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Тіл және әдебиет» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән.

3. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын жоғары буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.

4. Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш білім деңгейінде қарапайым деңгей 1-3-сыныптарды қамтыса, негізгі және орта деңгейлер 4-сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен аяқталады. Ортадан жоғары деңгей 10-11-сыныптарды қамтиды.

5. 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілде емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат.

6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етеді.

7. Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен олардың сипаттарының негізінде Қазақстан Республикасындағы оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарында қазақ тілін үйретудің деңгейлері айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді.

8. 10-11-сыныптардағы Ортадан жоғары деңгей-В 1 екі игерімді қамтиды:

тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В 1.1 – 10-сынып;

тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В 1.2 В 1.2 – 11-сынып.

9. Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынды:

1) еуропалық жүйеге сәйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің 1-11 сыныптары бойынша сараланды;

2) негізгі және орта деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды;

3) негізгі және орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді;

4) оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізгі және орта деңгейлердің ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша сараланды;

5) әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша нақтыланып ұсынылды.

10. Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады.

11. Оқу пәнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас нормаларын игерту.

12. Оқу пәнінің міндеттері:

1) жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, лингвомәдениеттанымдық, этномәдени және әлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін игертудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;

2) оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;

3) оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту;

4) мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси тақырыптардағы оқу материалдарымен жұмыс аясында оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

13. Тілді меңгеру деңгейлерін игерімдерге жіктеу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асырылады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.

14. Қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, ункционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды:

1) үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология сабақтастығы тұрғысынан оқытуды қамтамасыз етеді;

2) оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылай алу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

3) пәнаралық байланыс ұстанымы мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі,

мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және қосалқы ойды ажырата алу және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс) жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;

4) түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық үйлесімді жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты болып табылады.

5) оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.

6) шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

15. Пәнаралық байланыс өзге тілді мектеп оқушысының қазақ тіліндегі сөздік қорын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Жалпы білім беретін өзге тілде оқытатын мектептердің негізгі сатысында «Қазақ тілі» пәнін төмендегідей пәндермен байланыстыра меңгерту көзделеді.

1) «Қазақ әдебиетімен»:

қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз жүргізіліп отырады;

олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл байлығын молайтады;

2) «Орыс тілімен»:

қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру әдісі, бір жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы меңгертуге, саналы түсіндіруге әсер етеді;

орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз әдебіне қатысты ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;

3) «Қазақстан тарихымен»:

тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады;

сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;

4) «Информатика» пәнімен:

оқушыларға ұсынылатын өздік және шығармашылық тапсырмаларды сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор;

интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту, алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар оқушылардың ақпарттық мәдениетін дамытуға жол ашады;

5) жаратылыстану циклі пәндерімен:

қазақ тілінің жаратылыстану пәндерімен сабақтастықта меңгертілуі оқушылардың сөздік қорларын молайтуға және түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді;

қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.

16. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған Типтік оқу жоспарына сәйкес (9-қосымша) қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Қазақ тілі» пәні аптасына 10-11-сыныптарда 3 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағатты құрайды.

17. Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытында (11-қосымша) «Қазақ тілі» пәні аптасына 2 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;

2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.

17. Оқу бағдарламасының білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту тіліне байланысты келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 27/16 сағат. 1. Отбасы бюджетін жоспарлау - 9/6 сағат. Мұндағы алдыңғы сан орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр, тәжік тілді мектептерге арналып көрсетілген.

18. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1) оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер негіз болады.

19. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:


  1. әлеуметтік-тұрмыстық ая;

  2. әлеуметтік-мәдени ая;

  3. оқу-еңбек аясы.

20. Әрбір аяда қамтылған тақырыптар бірізділікті сақтай отырып, бірте-бірте күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің нәтиже көрсеткіші ретінде ұсынылады.

21. 10-сынып:



  1. әлеуметтік-тұрмыстық ая:

отбасы бюджетін жоспарлау;

«Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық) »;

отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы;


  1. әлеуметтік-мәдени ая:

«Қазақстанның белгілі ғалымдары»

«Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы»

«Сенің есімің қандай мағына білдіреді?»

«Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)»;



  1. оқу-еңбек аясы:

«Мен мамандық таңдаймын»,

«Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?»;

22. 11-сынып:

1) әлеуметтік-тұрмыстық ая:

«Сапарға шығайық», «Әуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде»;

2) әлеуметтік-мәдени ая

«Жастар киімі», «Мектеп формасы», «Сән»;

«Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам»;

«Театрға саяхат»;

3) оқу-еңбек аясы:

«Пошта қызметін қолданамыз»;

«Қалта телефоны»;

«Компьютер: пайдасы мен зияны»;

«Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын».





  1. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

23. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 27 /16 сағат:

1) «Отбасы бюджетін жоспарлау» - 9/6 сағат (Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу стилі. Лексика. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру. Тілдесім. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог-сұрақ. Диалог-жауап. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Отбасы туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер);

2) «Біз қонақ күтеміз (дәстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық)» – 9/5 сағат (Тілдік бөлім: Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің көптелуі. Зат есімнің септелуі. Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі.Арнайы сұрақ. Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мәтіндер. Оқылым. Қонақ күту дәстүріне байланысты мәтіндер. Айтылым.. Қонақ күтуде жасалатын іс-әрекеттерді баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны қонақ күту туралы өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың түрлерін үйрету). Диалог-мәлімет. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ халқының қонақжайлығы туралы мәтіндер);

3) «Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы» – 9/5 сағат (Тілдік бөлім: Көркем-әдебиет стилі. Лексика: Тақырыпқа байланысты лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Әке мен бала қарым-қатынасы туралы мәтіндер. Оқылым. Әке мен бала қатынасы туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын баяндау. Жазылым. Көркемдік жазылым (Абзац, диалог т.б. сақтап көркем жазу). Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Диалог-мәлімет. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы, ата-ана арасындағы қарым-қатынас туралы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, тиым сөздермен танысу. Мақал туралы ой бөлісу);

24. Әлеуметтік-мәдени ая – 47 /34 сағат:

1) Қазақстанның белгілі ғалымдары– 14/10 сағат (Тілдік бөлім: Құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Оқылым Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мәтіндер. Айтылым. Ғылыми жоба туралы мәтіндер. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Ресми тілдесімді үйрету (оқушыларға ресми қарым-қатынастың элементтерін меңгерту). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мәліметпен таныстыру);

2) Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы – 10 /8 сағат (Тілдік бөлім: Грамматика: Туынды сын есім. Тұйық етістік. Тәуелдік жалғауы.Ілік, табыс септігі. Өздік есімдік. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. Көсемше. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазақстан мемлекеті және оның құрылымы туралы мәтіндерді түсіну. Оқылым. Мәтіннің стилін айыру. Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Мемлекеттік құрылым туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру(тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Мемлекеттік құрылым туралы мәтіндерді оқып, пікір алмасу);

3) «Сенің есімің қандай мағына білдіреді?» – 9/6 сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Біріккен сөз. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың салт-дәстүрлері туралы мәтін. Мәтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Оқылым. Мәтіннің ұлттық-мәдени мазмұнын танымдық тұрғыдан түсініп оқу. Айтылым. Диалог-талап. Шілдеханада орындалатын белгілі бір әрекетті не істі жасауды бір-бірінен өтіну. Баланың дүниеге келіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мәліметтерді жазу. Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (әр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Отбасылық дәстүрлер);

4) «Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)» – 14 /10 сағат (Тілдік бөлім: Есімшенің септелуі. Ашық рай. Бірыңғай мүшелер. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Балаларға арналған басылымдар туралы мәтін. Оқылым. Балалар басылымдары туралы мәтіндерді оқу. Айтылым. Газет/журналдардың пайдасын бағалау тұрғысынан баяндау. Жазылым. Осы тақырыпқа қатысты жазбаша жұмыстар. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог. Диалог-мәлімет – белгілі бір газет, журнал туралы мәлімет беру. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Алғашқы қазақ газеттері туралы пікір алмасу);

25. Оқу-еңбек аясы – 28 /18 сағат:

1) «Мен мамандық таңдаймын» – 14 /9 сағат (Тілдік бөлім: Кейінді ықпал. Қос сөз. Туынды зат есім. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мамандыққа қатысты мәтіндер. Оқылым. Мамандыққа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Өзі таңдаған мамандықты сипаттай отырып, болашақта соған қатысты істейтін істері туралы баяндау. Жазылым. Өзі таңдаған мамандық туралы әңгіме жазу. Кәсіби-тақырыптық тілдесім – мамандық туралы тақырыптар төңірегінде пікір алмасуды жүзеге асыру, кәсіби сөздер құрамын кеңінен қамтитын тілдік қатынасты кәсіби түрде іске асыру. Диалог-реплика – тілдік қатынаста ойын қысқа сөздер мен сөз тіркестері арқылы тез жеткізу. Диалог-сұрақ. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Қазақ суретшілері туралы мәтіндер. Көптілді білетін жастар туралы мәлімет);

15) «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?» – 14/9 сағат (Тілдік бөлім: Қос сөз. Ресми стиль. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндер. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтінді оқу.. Айтылым.. Болашақта істейтін жұмысын сипаттай отырып баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлім: Белгілі мамандар туралы мәлімет).

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
26. Әлеуметтік-тұрмыстық ая - 32 / 22 сағат:

1) «Саяхатқа шығайық», «Әуежайда», «Теміржол бекетінде» – 12/10 сағат (Тілдік бөлім: Біріккен сөздердің емлесі. Құрмалас сөйлем. Себеп-салдар мәнді құрмалас сөйлемдер. Өзгелік етіс. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Ұшақтың ішіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: әуежай, теміржол бекеттеріндегі анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мәтіндер. Айтылым.. Әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мәліметтерді айту.. Жазылым. Әуежай мен теміржол бекетіне байланысты тірек сөздер бойынша мәтін. Кеден мағлұмдамасын толтыру. Тілдесім. Әуежай мен теміржол бекеті туралы пікірлесім. Бекет қызметкерлерінен (анықтама бюросы, касса, жүк қоймасы) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Сапарға шығу, жол туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер);

2) «Қонақ үйде» – 10 /6 сағат (Тілдік бөлім: Салт және сабақты етістіктер. Модаль сөздер. Мекен үстеу. Туынды сөздердің жазылуы. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қонақ үйдегі қызмет түрлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: қонақ үй туралы жарнамалық, анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мәтіндер. Айтылым. Өзінің сапары туралы. Әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мәліметтер. Жазылым. Қонақ үй түрлері мен қызметіне байланысты тірек сөздерге бойынша мәтін. @-mail –мен тапсырыс беру, ақша жіберу, есептесу, жаздыру. Тілдесім. Қонақ үй туралы пікірлесім. Қонақ үй қызметкерлерінен (қонақ үй әкімшілігі, анықтама бюросы, касса) өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-салдар диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Сыныптағы оқушылардың өздері тоқтаған қонақ үй туралы сөйлесімі);

3) «Сен қайда тұрғанды ұнатасың? (қалада ма, ауылда ма? )» – 10/6 сағат (Тілдік бөлім: Етістіктің келер шағы. Мақсат үстеу. Ілік септіктегі сөздердің жазылуы. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қонақ үйдегі қызмет түрлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Ауыл/қала өміріне байланысты ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Мәдени орындардың ақпараттық-жарнамалық (буклет, блокнот, айлық репертуар қағазы,т.б.) мәтіндері. Айтылым. Монолог-суреттеу (қала мен даланың табиғатын сипаттап, оның ерекшеліктерін баяндау). Өзінің сапары туралы. Әуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Қаладағы мәдени орындар туралы мәтін. Ауыл/қала өмірі бойынша сұхбат жазу. Тілдесім. Ауыл/қала өмірі туралы пікірлесім. Мәдени мекеме қызметкерлерінен өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Мәдениет аралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ ауылының тіршілігі, шаруашылығы туралы пікірлесу);

27. Әлеуметтік-мәдени ая – 30 /20 сағат:

1) «Жастар киімі», «Мектеп формасы», «Сән» – 12 /8 сағат (Тілдік бөлім: Сапалық және қатыстық сын есімдер. Есімше. Біріккен сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Жастар киімі, мектеп формасы және сәнге байланысты ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Сән орталықтарының ақпараттық-жарнамалық (буклет, киім үлгісі жинақтары, жарнама қағазы,т.б.) мәтіндері. Айтылым. Монолог: Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы мәліметтер. Диалог: Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Жазылым. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы мәтін. Киіну әдебі туралы сұхбат жазу. Тілдесім. Жастар киімі, мектеп формасы және сән туралы пікірлесім. Ателье, киім дүкені қызметкерлерімен сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Жастар киіміндегі ұлттық нақыштар туралы сұхбат. Киімге қатысты мақал-мәтелдер);

2) «Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам» – 10 /6 сағат. (Тілдік бөлім: Жалпы және жалқы есімдер. Қаратпа сөздер. Тіркесті сөздердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Сайлау, депутатқа үміткер туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Электронды дауыс беру туралы ақпараттық мәтін. Депутатқа үміткер. Қазақстан Парламенті туралы ақпарат-мәтіндер. Айтылым. Қазақстан Парламенті туралы мәліметтер. Жазылым. Қазақстан Парламенті туралы мәтін. Тілдесім. Қазақстан Парламентіне сайлау жүйесі туралы пікірлесім. Депутатпен сұхбат. Тілдесім. Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақтың үш биі: Төле, Қазыбек, Әйтеке);

3) «Театрға саяхат» – 8 /6 сағат (Тілдік бөлім: Туынды сын есімдер. Термин сөздердің орфоэпиясы. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Театрдағы қойылымдар туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Қазақ театрлары туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Қазақ актерлары туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Қазақстан Парламенті туралы мәліметтер. Жазылым. Театрда көргендері мен қойылым бойынша мәтін.Тілдесім. Қазақтың театр ордалары туралы пікірлесім. Театр туралы сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Алғашқы қазақ театрлары мен актерлары туралы мағлұматтар);

28. Оқу-еңбек аясы – 40 /26 сағат:

1) «Пошта қызметін қолданамыз» – 10/6 сағат (Тілдік бөлім: Салалас құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Пошта қызметі туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Пошта қызметі туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Пошта қызметі туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Пошта қызметі туралы мәліметтер. Жазылым. Пошта қызметі бойынша мәтін. Тілдесім. Пошта қызметі туралы пікірлесім. Пошта қызметі туралы сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Ұлттық маркалар);

2) «Қалта телефоны» – 8 /6 сағат (Тілдік бөлім: Қазақ тіліндегі калька сөздер. Неологизмдердің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қалта телефоны туралы ақпарат-жарнамалар. Оқылым. Оқу мәтіндері: Қалта телефоны туралы ақпараттық мәтін. Диалогтік мәтіндер. Қалта телефоны туралы сұхбат-мәтіндер. Айтылым. Қалта телефоны туралы мәліметтер. Жазылым. Қалта телефонымен сөйлесу әдебі туралы мәтін. Тілдесім. Қалта телефоны қызметі туралы пікірлесім-сұхбат. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі Телефонмен сөйлесу әдебі);

3) «Компьютер: пайдасы мен зияны» – 10/6 сағат (Тілдік бөлім: Сабақтас құрмалас сөйлем. Ақпараттық технология терминдерінің емлесі. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазіргі заманғы компьютерлердің мүмкіндіктері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндері: компьютерлердің жетілдірілген мүмкіндіктері, компьютердің пайдасы мен зияны жайлы баяндау, хабарлау, жарнама сипатындағы мәтіндер. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы диалогтік мәтіндер. Айтылым. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы мәліметтер айту. Жазылым. Компьютердің пайдасы мен зиянына байланысты мәтін. Тілдесім. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы пікірлесім. Дүкен қызметкерлерінен компьютер түрлері туралы қажетті мәліметтер алу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Компьютердегі мәліметтердің қазақша жазылуы);

4) «Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын» – 12/8 сағат (Тілдік бөлім: Публицистикалық стиль. Қысқарған сөздердің емлесі мен орфоэпиясы Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлімі: Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының, өзге де тілдесетін адамдардың сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған өз еліндегі оқу жүйесі туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мәтіндердегі өз еліндегі оқу жүйесі туралы жарнамалық, анықтамалық ақпараттар. Айтылым. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы мәліметтерді айту. Жазылым. Өз еліндегі оқу жүйесіне байланысты білетінін мәтін түрінде жазу. Сұрақтарға жауап жазу. Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы пікірлесім. Білім саласы қызметкерлерінен өзіне қажетті мәліметтерді сұрап білу. Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі Еліміздің оқу жүйесі туралы пікір алмасу).




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет