Нахимов негізгі мектебінің 2014– 2015 оқу жылындағы гуманитарлық әдістеме бірлестігінің жылдық жұмысының қорытынды есебі



Дата25.11.2016
өлшемі170,12 Kb.
#2500
Нахимов негізгі мектебінің

2014– 2015 оқу жылындағы

гуманитарлық әдістеме бірлестігінің

жылдық жұмысының қорытынды есебі
Гуманитарлық пәндердің әдістеме

бірлестігінің жетекшісі: Л.Ж.Асылбекова



  1. Барлық мұғалім саны - 7

  2. Жоғары санатты -1

  3. Бірінші санатты -1

  4. Екінші санатты -2

  5. Санатсыз - 3

Мектептің жұмыс жасайтын мәселесі: «Педагогикалық үрдістің инновациялық түрлері,құралдары мен әдістері арқылы білім беру үрдістің тиімділігін арттыру жолдары.

Әдістеме бірлестігінің мәселесі:« Білім беруді жетілдіру жағдайында жаңа әдістер негізінде оқытудың сапасы мен нәтижелігін арттыру»

Әдістеме бірлестігінің мақсаты:Гуманитарлық бағыттағы мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейін көтеру және пәндер бойынша әдістеме лерді жаңарта отырып жетілдіру.

Міндеттері:

1.Оқушылардың сауаттылығын жетілдіру,

2.Маниторинг жүргізу арқылы жеке қабілеттерін ашу;

3.оқушылардың шығармашыл қабілеттерін ашуға жағдай туғызу;

4.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты тереңдету;

5.Жаңа технологияларды кеңінен қолдану,

6.Оқу-әдістемелік кешендерді жаңартып отыру;

7.Оқу-тәрбие процесінде шығармашылық жұмыстарды кеңінен қолдану;

8.Ата-ана ,мектеп, қоғам, психолог арасындағы байланысты жетілдіру;

9.Мектепішілік, қалалық деңгейдегі пәндік олимпиада, интеллектуалды ойындарға катысу;

Әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары әдістеме бірлестігінің мүшелерімен талқылынып, бекітілген болатын.

Әдістеме бірлестігінде жыл бойына бес отырыс жоспарланған болатын. Әдістеме бірестігінде өткізілген отырыстар: бірінші отырыста мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары мен ашық сабақтары бекітілді.Мұғалімдердің өз білімдерін көтеру мәселелері және оқулықтардың авторлары бекітілді.Барлық отырыстардағы мәселелер хаттамаға енгізіліп ,жазылып отырды.



Әдістеме бірлестігінде оқылған баяндамалар: «Өзін – өзі тану пәні арқылы оқушыларды рухани - адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу»,«Оқытуда білім сапасын арттыру үшін заман талабына сай жаңа технологияларды сабақта пайдалану», «Орыс әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауатылығын дамыту»

2014 – 2015 оқу жылында екі мұғалім аттестациядан өткен болатын.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Асылбекова Лазат Жанбыршиновна екінші санатты дәлелдесе, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Давлаева Мадина Құдайбергеновна екінші санатқа өтті.

Биылғы оқу жылында біздің мектебімізде оқушылардың жетістігін сырттай бақылау өткен болатын. Қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндерінен тапсырған болатын. Жалпы орташа балл – 53% құрады.

Гуманитарлық әдістеме бірлестігіндегі мұғалімдер жайлы мәлімет:

Қаирбекова Гулбану Қабдешовна – білімі жоғары,КазГПИ – ді 1978 жылы орыс тілі мен әдебиет мамандығын тәмандаған. Еңбек өтілімі – 41 жыл, жоғары санатты мұғалім. 8-9 сыныптарға орыс тілі мен әдебиет сабағынан береді. Мақтау қағаздары: ҚР- ның құрмет грамотысы, Облыстық білім бөлімінің грамотысымен және аудандық білім бөлімінің грамотыларымен марапатталған.

Мұғалімнің жұмыс жасайтын мәселесі: «Орыс тілі мен әдебиет сабақтарында оқытудың жаңа түрлерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту»

Гулбану Қабдешовна өзінің сабақтарында жаңа технологияларды қолдана отырып өткізеді.Өткізген ашық сабақтары: 9 сыныпта сәуір айында «С.Тургеневтың өмірі мен шығармашылығына шолу» ,«Орыс тілінің білгірі» атты интеллектуалды ойын сабақтарын өткізді. Сабақ тартымды да, қызықты өтті.



Давлаева Мадина Құдайбергеновна – білімі жоғары, Көкшетау қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университеттің орыс тілі мен әдебиеті мамандығын 2014 жылы тәмандаған.Еңбек өтілімі – 3 жыл,сағат саны – 24. Біліктілігін көтеру курсынан 2013 жылы Көкшетау қаласынан «Оқушылардың функционалдық сауатылығын дамыту»көтеру курсынан өткен. Биылғы жылы Державин қаласында АКТ курсынан өтті.

Мұғалімнің жұмыс жасайтын мәселесі: «Орыс тілі және әдебиет сабақтарында қазіргі технологияны пайдалана отырып оқушыларға білім беру»

Мадина биылғы жылы аттестация қорытындысы бойынша екіші санатқа өтті.Мадинаның өткізген ашық сабақтары төмендегідей: «Өзімнің ойыным» және «- пре, - при қосымшаларыдың жазылуы» атты 7 сыныпқа қазан айында ашық сабақ өткізді. Мадина Құдайбергеновна әдістеме бірлестігінің отырысында «Орыс әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауатылығын дамыту»атты баяндама оқыды.Сонымен қатар шығармашылық есеп берді.Аудандық ғылыми жобаға 9 сынып оқушысы Штанбекова Айгерім қатысқаны үшін сертификатқа иеленді.



Асылбекова Ләззат Жаңбыршықызы еңбек өтілімі – 15 жыл, екінші санатты, білімі жоғары 1998 жылы Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының филалогия факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын тәмамдаған. Жалпы сағат саны – 21 сағат. 7-9 сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті сабағынан сабақ береді.Біліктілігін көтеру: 2011 – 2012 оқу жылында Державин қаласында өткен Қараевтың Деңгейлеп оқыту технологисы бойынша және Көкшетау қаласындағы Білімін жетілдіру институтнда қазақ әдебиеті бойынша 12 жылдық білім беру жөнінде курстан өтті. Биылғы жылы АКТ курсынан өтті. Марапат қағаздары және жылдары: 2008,2010,2011 жылдары ауданды білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды, Ақмола облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған.

Мұғалімнің жұмыс жасайтын мәселесі: «Қазақ тілі мен әдебиет сабағында Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың қызығушлығын,қабілетін,ынтасын арттыруға мүмкіндік жасау»

Деңгейлеп оқыту элементтері оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға үлкен мүмкіндік туғызады. Сабақта топтастыру, салыстыру сияқты дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолданады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы арта түсті. Сонымен қатар оқушылардың кейбір қазақ тілін сөйлеуге келгенде қысылады. Ондай оқушылармен сабақта ойын түрінде жұмыстар жүргізіледі. Мысалға айта кететін болсақ, сыныптарға сабақтан тыс үлестірмелі карточкалар және мақал – мәтелді құрастыр деген сияқты қосымша жұмыстар беріледі. Кез келген әріпті айтқан кезде, сол әріпке байланысты бірнеше сөздер айтуы керек. Оқушылардың ойлау және сөздік қорын молайту үшін сөздік жұмыстарыда жүргізіледі.

Биылғы оқу жылында Асылбекова Лаззат Жаңбыршиновна ауданымызда өткен «Үздік авторлық бағдарлама» атты байқауға және Көкшетау қаласында өткен V халықаралық жәрмеңкесіне қатынасып грамотылармен және сертификатпен марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 5-8 сыныптарға Ү.Т.Талапова береді. Білімі жоғары 2014 жылы Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының филалогия факультетінің қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын тәмамдап. Нахимов негізгі мектебінде еңбек жолын бастады. Қазіргі уақытта өз мамандығы бойынша Нахимов негізгі мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 5-8 сыныптарда сабақ береді. Жалпы еңбек өтілімі 1 жыл 4 ай,сағат саны – 16 сағат.

Мұғалімнің жұмыс жасайтын мәселесі:

Ол өз сабақтарында Ж.Қ. Караевтың «Үш өлшемді технологиясының», «Дамыта оқыту технологиясының» және АКТ-ның элементтерін қолданады. Мұғалім қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында өзінің шеберлігін көрсете біледі.Мұғалімнің өткізген ашық сабақтары: Қаңтар айында А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңіне 5 сыныпта және ақпан айында 7-8 сыныптарда «А.Байтұрсыновтың мысалдары» атты сабқ өткізді.Жас маман болсада Үміт Талапқызының сабақ беру әдіс – тәсілі жақсы жолға қойылған және оқушылардан талап ете алады.Көбінесе оқушылардан таза сөйлеуі мен көркем оқуларын қатты талап етеді.



Нарзиева Феруза Анорбаевна – білімі жоғары , 2014 жылы Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының филалогия факультетінің шет тілі мамандығын тәмамдап. Нахимов негізгі мектебінде еңбек жолын бастады. Қазіргі уақытта өз мамандығы бойынша Нахимов негізгі мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 1 сынып және 5-9 сыныптарда сабақ береді. Жалпы еңбек өтілімі 1 жыл. Биылғы жылы Державин қаласында АКТ курсынан өтті.

Мұғалімнің жұмыс жасайтын мәселесі:«Ағылшын тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың қызығушлығын,қабілетін,ынтасын арттыруға мүмкіндік жасау» Дарынды балалардың бейімділігі мен мүдделерін аттыру мұғалім ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады. Ғылыми жұмыс тақырыбы «Ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдер қолданылуы» тақырыбында 8-сынып оқушысы Сайлаубек Диана осы тақырып бойынша зерттеуді бастады. Ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс екі жылға есептелген. Мақсаты: Оқушыларға ағылшын және қазақ тілдерінде мақал-мәтелдердің қалай пайдалану идеясын қалыптастыру. Феруза сабақты қызықты да, тартымды және әр сабақтың тақырыбына сай материалдар дайындап өткізеді. Сонымен қатар жаңа заман талабына сай өткізеді.

Рыспбеков Ғалым Жумагелдиевич – білімі жоғары , 2010 жылы Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының филалогия факультетінің тарих мамандығын тәмамдап. Нахимов орта мектебінде еңбек жолын бастады. Қазіргі уақытта өз мамандығы бойынша Нахимов негізгі мектебінде тарих пәнінен 1 сынып және 5-9 сыныптарда сабақ береді. Жалпы еңбек өтілімі 4 жыл, сағат саны – 23. 2013- 2014 жылы Көкшетау қаласынан «12 жылдық мектептің білім беру үрдісін ұйымдастырудың ғылыми – әдістемелік негіздері», 2014 – 2015 оқу жылы Үшінші (базалық)деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарынан өтті. . Аудандық білім бөлімінің мақтау грамотасымен марапатталған

Мұғалімнің жұмыс жасайтын мәселесі: «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы тарих сабағында оқушылардың қызығушылығын ояту» Ғалым Жумагелдиевичтің өткізген ашық сабақтары :«Қазақ хандығының құрылуы» 7 сыныпта және 7- 9 сыныптар аралығында «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын өткізді.Сонымен қатар 2013-2014 оқу жылы 9-14 желтоқсан аралығында тарих пәні бойынша «Тарих-өткенге сабақ, келешекке-өнеге» атты апталық өтті.

Апталықтың мақсаты:  Елін, жерін сүйетін,  Отанның патриоты " бала білетін, рухын жоғары азамат тәрбиелеу".

      Қазіргі кезде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – 
қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін жоғарлату. Ол үшін 
мектептерде жүйелі жұмыс атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек 
күттірмейтін ауқымды істер.  "Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем, демек апталықтың жоспарымен оқушылар лездемеде танысты.

Желтоқсан айының 08- 14 күндер аралығында Нахимов негізгі мектебінде тарих апталығы өтіп, оқушылар оқуға білім жолына деген ынтасын арттырп тарих жолын зерделеуге ынта білдірді.

     Оқу үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру  жаңашыл педагогтардың 
озық дидактикалық идеяларынан көрініс табады.  Осындай жаңа технология элементтерін пайдалана отырып «Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы» желтоқсанның 9- күні 7 сыныпта СТО технологиясы бойынша ашық сабақ өткізілді және 10- күні 6-8 сыныптар аралығында «XXI- ғасыр көшбасшысы» атты сынып сағаттар өтті. XXI- ғасыр көшбасшысында оқушылар өз белсенділігін көрсетті. Сонын ішінде 8- сынып оқушысы Қайрат Қажымұқан 1-ші орынды иеленді. Желтоқсанның 11-күні «Завоевательные походы эмира Тимура» тақырыбында 7-орыс сыныбында ашық сабақ және 12желтоқсанда «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!» атты ашық тәрбие сағаты 6 – 9 сыныптар аралығында өткізілді. Ашық тәрбие сағатына оқушылар өздерінің отан сүйгіштігін көрсетіп белсене қатысты.Желтоқсанның 13- күні Игра – викторина «Знатоки истории» 6 – 9 орыс сыныптарында жүргізілді.

Қорта айтқанда тарих апталығы оқушылар зердесінде өткен тарихтан өнеге алып бүгін мен болашағымызды берікте бекем ету мақсаты қалыптасты.



Конырова Гульнара Хибадулиновна- білімі жоғары, 2007 жылы Арқалық қаласының Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының мектепке дейінгі дайындық мамандығын тәмамдаған. Еңбек өтілімі– 26 жыл,бірінші санатты мұғалім.Жалпы сағат саны - Г.Х.Конурова өзін- өзі тану пәні бойынша барлық сыныптарға сабақ береді. Ақмола облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен,аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталған.

Мұғалімнің жұмыс жасайтын мәселесі: «Өзін –өзі тану пәні арқылы жасөспірімдерді адамгершілікке және инабаттылыққа тәрбиелеу» Конырова Гульнара Хибадулиновна әдістеме отырысында «Өзін – өзі тану пәні арқылы оқушыларды рухани - адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу» атты тақырыпта баяндама оқыды. Баяндамада оқушыларды адамгершілікке және рухани білімге тәрбиелеу баса айтылған. Ақпан айында 4 сыныпта «Табиғаттың тылсым күші» атты ашық сабақ өткізді.

2014-2015 оқу жылындағы Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің қорытындысы:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” деп ылғи да айтып келе жатыр. “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” екенін терең ұғынған президентіміз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қазақ тілінде сөйлеу үшін барлық жағдайды жасауда.

“Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл” деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, тіл – ұттың мәдени коды. Ана тіліміздің жанашыры Г. Бельгердің сөзімен айтқанда: “ Сөз жарықтық адам іспеттес. Бұл мұңаяды,налиды, жылайды, жүрек жара күрсінеді, бұл жұбатады, шаттандыра да алады”. Яғни бұл қазақ тілінің, қазақ сөзінің құдіреті, мүмкіншілігі. Демек, осы құдіретті, осы мүмкіншілікті сақтау, оны дамыту- жастарымыздың парызы. Адамның білімділігі, мәдениеттілігі оның сөйлеген сөзінен байқалып тұратыны белгілі.

Осыған орай көптеген іс – шаралар Нахимов негізгі мектебінде

10-қыркүйектен 22-қыркүйекке дейін тілдер күніне орай іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда:

10-қыркүйекте «Тіл мерекесіне» арналған онкүндіктің ашылуы. Барлық оқушылармен әңгіме, пікір алмасу, тіл жайында пікірлері тыңдалып, талқыланды. Оқышылар тіл жайында шығарған шағын өлең шумақтарын оқыды.

10-13-қыркүйекте бастауыш сынып мұғалімдері:Б.С.Кенжегулова, А.М.Жусупова, А.Т.Әжібаева, А.Қ. Есенгелді «Қазақ, орыс, шетел тілдерінің білгірлері» атты байқау өткізді.

11-қыркүйекте «Бабамның тілі ұрпағына аманат» атты аудандық мемлкеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатындағы әдеби кеште мектебіміздің мақтанышы 8-сынып оқушысы Әмірқаш Ғұмырбек ІІ-орынды иеленіп келді.

13-қыркүйекте 8-9 сыныптар арасында «Тіл тұтастығы ел тұтастығы» тақырыбында шығармалар байқауы болды. Ең жақсы шығарма 9-сынып оқушысы Жалмагамбетова Айсананың  жазған шығармасы деп танылды.

15-қыркүйекте барлақ сынып жетекшілер «Тіл халықтар достығының кепілі» атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді.

16-қыркүйекте «Ұлттарды біріктірген ұлы ел» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Бұған ерекше көзге түскен, белсенділік танытқан ортаңғы буын оқушылары еді. Ең жақсы деп танылған суреттер Қарсақ Мәден 5-сынып,Мукашев Батыргелді 5-сынып, Султанов Арман 6-сынып, Конурова Саяжан 6-сынып оқышыларының суреттері.Осы оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

16-қыркүйекте кітапханашы Сатанова.Р.О. «Тіл әр халықтың байлығы» тақырыбында кітаптар көрмесін өткізді.

17- қыркүйекте мемлекеттік тілде Халық әндері, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен салт-дәстүрлері білгірлерінің сайысына 5 -9 сынып оқушылары қатысты. Оның ішінде ерекше көзге түскендер:Сапарбек Сабина 7-сынып оқушысы, Сайлаубек Диана 8-сынып оқушысы, Қарсақ Мәден 5-сынып оқушысы. Аталған ақушылар да мақтау қағазымен марапатталды.

18-қыркүйекте «Тілден артық қазына жоқ» тақырыбында мәнерлеп  оқу сайысы өтті. Онда оқушылардың оқу мәнеріне ерекше көңіл бөлініп, өлеңдерін өте жақсы оқыған Сапарбек Сабина 7-сынып оқушысы мен Әмірқаш Ғұмырбек 8-сынып оқушысы кішігірім сыйлықтарға ие болды.



20-қыркүйекте «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында онкүндіктің жабылуына арналған фестиваль өтті. Бұл фестиваль 6-9 сыныптар арасында өткізілді. Фестивальда І-орынға 8-сынып,9-сынып ІІ-орынға 6-класс,8-класс ІІ-орынға 7-сынып,9-сынып осы сыныптар мақтау қағаздармен марапатталды. Барлық аталған іс-шаралар мектеп әкімшілігінің қолдауымен әрі қатысуымен өткізілді.

Гуманитарлық пәндердің әдістеме бірлестігіндегі дарынды балалармен жұмыс тың мақсаты:мектептің білім беру кеңістігінде балалар дарындылығын айқындау,дамыту және қолдану негізінде мұғалімнің оқушылармен жұмыс түрлерін айқындау және ықпал ету.Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ізденгіш баланың тереңде жатқан талап – тілегіне, ұстаз бен ата – ананың атқаратын рольі зор. Егеменді елдің ертеңі оқу білімінің терендігімен өлшенеді.Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында» Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға және касіби шеберлігін шындауға бағытталған білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.Казіргі қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістер білімді және білімін практика жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мектептің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігімен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістемелерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру.Бүгінгі таңда оқушының алған білімі мен іс - әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің мазыңы зор. Психологтардың зерттеуіне сүйенсек, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзіндік қабілет, бейімділік болады. Ол үшін баланы жүйелі түрде баулу қажет.Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін психологиялық дайындықтан өткізу керек.Шығармашылық оқушыға қуаныш, жаңалыққа деген құлшыныс сыйлайды.Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді практикада қолдануда, пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда қазақ тілі пәнінің алатын орны ерекше. Қазақ тілі заңдары мен ережелері табиғат пен өмірден алынған және бүкіл адамзатқа ортақ.Қазақ тілі пәнінің мұғалімінің міндеті еліміздің тіл байлығын дамытудағы алатын орны ерекше. Дарынды оқушыларды бүгінгі өмір талабына сай дайындауда. Қазақ тілі пәні бойынша 8 сынып оқушысы Әмірқаш Ғұмырбекті,Тарих пәне бойынша 9 қазақ сыныбының оқушысы Кенжеғұлов Бағдатты,Сейполла Камила, Сапарбек Сабинаны,Сайлаубек Дияаннаны дарынды оқушылар деп айтуға болады.Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілінің ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне айналдыру. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.Сонымен қатар 2014 оқу жылында аудандық білім бөлімінің және Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен ұйымдастырылған « Бабамның тілі – ұрпағына аманат» атты байқауға 8 сынып оқушысы Әмірқаш Ғұмырбек екінші орынды және «Нұрсұлтан нұры -2014» байқауынанда екінші орынды жеңіп алды.«Жарқын болашақ » олимпиядасы бойынша 2,3 орынға Әмірқаш Ғұмырбек иеленді.Абай оқулары бойынша 7 сынып оқушысы Сапарбек Сабина 2 орын алды және көркемсөз оқу байқауынанда 2 орынды иеленді. Махамбет оқулары бойынша 8 сынып оқушысы Әмірқаш Ғұмырбек 2 мәрте 2 орынға иеленді. Тарих пәні бойынша 8 сынып оқушысы Есен Жеңіс «Мұстафа Шоқай тағылымы және ашылмаған деректері» атты және орыс тілі пәні бойынша 9 сынып оқушысы Штанбекова Айгерим «Фразеологичекие неологизмы с колоративным компонетом»ғылыми жобаны аудандық байқауда қорғап,сертификатқа ,ал қазақ тілі пәні бойынша 7 сынып оқушысы Сапарбек Сабина «Ғалымбек Әбілқайырұлының өмірі мен шығармашылығы » атты ғылыми жобаны қорғап 2 орынға ие болды. Дарынды оқушыларға арнап пән бойынша жоспар құрылып,тест,бақылау жұмыстарын алады. Оқушыларды күнделікті өмірмен байланысты шығармашылық жұмыстарға баулуда байқағаным, ғылымға құштар әр жеткіншек еңбектенудің, жаңалық енгізудің қаншалықты қиын екенін сезінген сайын, өзін жауапты сезініп, құлшынысы артады. Жұмысын жарыстың әр кезеңінде қорғай жүріп шешендікке, алғырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Жаңа достар табады, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыланып, қойылатын сұраққа ұтымды жауап беруге қалыптасады, ойын ұшқырлап, өзін еркін ұстауға үйренеді. Оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысудың осындай көптеген тиімді жақтары бар.Дарынды балалармен жұмыс барысында оларды өз бетінше ізденуге, ғылыми – зертеулермен айналысуға,баяндама,реферат,ғылыми жұмыс жазуға және оларды байқауларда қорғап алып шығуға машықтанады. Келешекте дарынды оқушыларымыз биіктен көрінеді деген сенімдеміз.

Гуманитарлық пәндер бойынша үш жылдық

білім сапасының көрсеткіші:

Орыс тілі пәні бойынша М.Қ.Давлаеваның және үш жылдық

білім сапасының көрсеткіші


Оқу жылы

Білім сапасы

Оқу үлгірімі

2012 – 2013

93

100

2013 – 2014

63

100

2014 – 2015

61,9

100


Ағылшын тілі пәні бойынша Нарзиева Феруза Анорбаеваның

үш жылдық білім сапасының көрсеткіші:

Оқу жылы

Білім сапасы %

Оқу үлгірімі %

2012 – 2013

69,23

100

2013 – 2014

76,67

100

2014 – 2015

58,62

100


Қазақ тілі пәні бойынша Асылбекова Лазат Жанбыршиновнаның

үш жылдық білім сапасының көрсеткіші:


Оқу жылы

Білім сапасы %

Оқу үлгірімі %

2012 – 2013

65

100

2013 – 2014

70

100

2014 – 2015

53,2

100


Тарих пәні бойынша Ғ.Ж.Рыспбековтың үш жылдық

білім сапасының көрсеткіші:

Оқу жылы

Білім сапасы %

Оқу үлгірімі %

2012 – 2013

75

100

2013 – 2014

83,3

100

2014 – 2015

72

100

2014 – 2015 оқу жылында гуманитарлық пәндер бойынша емтихан тапсырмалары әдістеме бірлестігінің отырысында қаралып бекітілді.

Сонымен қатар оқу ісінің меңгерушісі Жусупова Жанна Сабыржановна жас мамандарды және пән мұғалімдерін емтихан жүргізу ережесімен таныстырып өтті.

Биылғы оқу жылындағы әдістеме бірлестігінің мұғалімдерінің жұмысның тұжырымы:

Пән бойынша білім сапасын көтеруде әліде болса жұмыс жасалу керек.былтырғы жылға қарағанда білім сапасы төмендеген және дарынды балалармен жұмысты ,әсіресе аудандық пән олимпиядыларына және ғылыми жобаға қатынасуға атсалысуы керек.Сыныптан тыс жұмыстарғада қатты көңіл бөлінсе келесіоқу жылында.



2015- 2016 оқу жылында әдістеме бірлестігінің мұғалімдеріне берілген кепілдеме:

Пән мұғалімдері сыныптан тыс және ашық сабақтарын сайтқа және пәндік әр түрлі басылымдарға жіберу.

Сонымен қатар аудандық және облыстық байқауларға қатынасу.

Гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестік мұғалімдерінің жұмысы жақсы көрсеткішпен аяқталды.



Келесі оқу жылында жүргізілетін жұмыстарға белсене араласып,биіктерден көрінеміз деген ойдамыз.
Каталог: 7B318F42BBB9D37C
7B318F42BBB9D37C -> 7-сынып Ғалымбек Әбілқайырұлының өмірі мен шығармашылығы Бағыты
7B318F42BBB9D37C -> Секциясы: Физика Жетекшісі: Акабаева Мухое Коргановна физика және информатика пәнінің мұғалімі Жарқайың, 2016 жыл
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2015– 2016 оқу жылындағы гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің жарты жылдық жұмысының қорытынды есебі
7B318F42BBB9D37C -> Ақмола облысы Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» мм «Нахимов негізгі мектебі» мм
7B318F42BBB9D37C -> Шығармашылық есебі
7B318F42BBB9D37C -> Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин. «Бала Шоқан»
7B318F42BBB9D37C -> 1 – бөлім. “Мұғалім жөнінде жалпы мәліметтер”
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2016-2017 жылының І жарты жылдығындағы
7B318F42BBB9D37C -> Үйірме "Келіңіз, қазақша үйренейік!" Үйірменің мақсаты
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет