Нахимов негізгі мектебінің
2016-2017 оқу жылындағы
Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күні
мерекесіне орай өткізілген онкүндіктің қорытынды есебі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” деп ылғи да айтып келе жатыр. “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” екенін терең ұғынған президентіміз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп қазақ тілінде сөйлеу үшін барлық жағдайды жасауда. Тіл-халық жаны, сәні. Оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетін өзіміз. Ана тілінің топырағында көктеп, ауасында тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Сондықтан біз ана тілін білмей ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Адам баласы білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу үрдісінде үйренеміз. Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы елдің елдігі, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін, өнеркәсібін, салт-санасын, мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін құралы. Тіл көмегімен өнер-білімге, мәдениет-ғылымға жетіп, өткен-кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа, әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй-ішімізді, қоғам- халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгереміз, сондықтан «Өнер алды қызыл тіл» дегендей, адам баласының байлығында тілден артық не бар. «Қазақ ең алдымен, өз тарихын білуі қажет». Сондықтан әр сабақ әрбір тәрбие жұмысы бүгінгі талап деңгейіне байланысты құрылуы тиіс. Демек, қазақ халқының әдет - ғұрпын, мәдениетін танып білуге талпындырып, өз ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеп, өзге тілді оқушыларды қазақ тілінде сөйлетіп жаза алатындай дәрежеге жеткізу басты мақсатымыз болуы тиіс. Тіл – халықтың тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Тілге деген құрмет - халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болуы үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуге міндеттіміз. "Тілімізді кристалдай таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиістіміз" деген Шоқан Уәлихановтың сөзі дәл бүгінгі ұрпаққа айтылғандай. От ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз, ел тағдыры сынға түскенде, абыздай күңіреніп айтқан тапқыр ойлары, мірдің оғындай өткір сөздері әлі күнге ұрпақ есінде. Абайдың «Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп, туған тілінің құдіретіне тәңірдей табынуы тегін емес шығар. Ұлылар дәріптеген ұлт тілі – ана тіліміздің мәртебесін бүгінгі күнде қандай, болашақта қандай болмақ деген ой әр қазақтың көкірегін сыздататыны бүгінде жасырын емес. Қасиетті ана тілімізді жетім балаша босағада жәутеңдетпей, төбемізге көтеріп, төрімізге шығару үлкен-кішімізге ортақ парыз деп білеміз. Осыған орай көптеген іс – шаралар Нахимов негізгі мектебінде өткізілді. 2016-2017 оқу жылының 7-қыркүйегінен 22-қыркүйегіне дейін тілдер күніне орай іс-шаралар жоспары:
№
|
Іс- шараның атауы
|
Сынып
тар
|
Орындау
Мерзімі
|
Жауапты
|
1
|
Тіл күніне арналған салтанатты жиын «Үш тұғырлы тіл - жарқын болашақ кепілі»
|
1-9
|
07.09.2016
|
Тәрбие ісінің меңгерушісі
|
2
|
Кітап көрмесі «Қазақ тілі тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
|
8 - 9
|
08.09.2016
|
Кітапханашы
Р.Д. Сатанова
|
3
|
«Бала тілі бал» -мәнерлеп оқу
|
5-6
|
13.09.2016
|
Л.Ж..Асылбекова
|
4
|
«Тіл - әр халықтың байлығы» сынып сағаты
|
1-9
|
19.09.2016
|
Сынып жетекшілер
|
5
|
Достық әні және билер сайысы.
|
1-5
|
10.09.2016
|
А.Т. Ажибаева
|
6
|
«Әлем ұлттар ойыны» -спорттық жарыс
|
5-7
|
16.09.2016
|
Н.К. Каирбеков
|
7
|
«Бір шаңырақ астында» - ертеңгілік
|
1-5
|
17.09.2016
|
А.Т. Ажибаева
|
8
|
«Тіл -халық мұрасы» - дөнгелек үстел
|
7-9
|
14.09.2016
|
А.М. Мырзахметова
|
9
|
«Мәңгілік Еліміздің - Мәңгілік тілі» -шығарма жазу
|
7-9
|
19.09.2016
|
Л.Ж. Асылбекова
Б. Б. Сұлтан
|
10
|
Викторина «Happy English»
|
7-9
|
15.09.2016
|
А.Ж. Амерханова
|
11
|
Фестиваль дружбы народов «Керегесі кең байтақ елім!»
|
6-9
|
20.09.2016
|
Л.Ж. Асылбекова
Б. Б. Сұлтан
|
Атап айтқанда:7 қыркүйекте Тіл күніне арналған салтанатты жиын «Үш тұғырлы тіл - жарқын болашақ кепілі» атты онкүндіктің ашылуы өтті. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Х.Конурова өткізген болатын. Барлық оқушылармен әңгіме, пікір алмасу, тіл жайында пікірлері тыңдалып, талқыланды. Оқышылар тіл жайында ақын - жазушылардың шығарған шағын өлең шумақтарын оқыды және «Қазақ тілі тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты кітап көрмесін мектеп кітапханашысы Р.Д.Сатанова өткізді. Көрменің ұйымдастырудағы басты мақсаты: жас оқырмандардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, тіл-біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, тәрбиелеу.
Тіл туралы жазылған өлеңдермен және мақалалармен таныстырды. Келешекте кітапхана есігі жас оқырмандарға әр қашан ашық екендігін айтты. Сонымен қатар өздерінің шығармашылықтарын газет- журнал бетіне жариялауға болатындығында оқушыларға түсіндіріп кетті. 5-6 сыныптар аралығында «Бала тілі - бал» атты мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. Онда оқушыларымыз қазақша, ағылшынша, орысша көркемсөздер оқыды. Белгілі ақын- жазушылардың шығармашылығынан және 5 сынып оқушысы Алтынай Сейдағалиева өзінің тіл туралы шығарған шағын өлеңдерімен таныстырды. 6 орыс сыныбының оқушылары Яковлеева Адина, Жусупбеков Саяжандар өздерінің қазақша өлең оқығанда өте керемет әсермен,сезіммен оқитындықтарын көрсете білді. «Тіл - әр халықтың байлығы» атты сынып сағаты 1-9 сыныптар аралығында сынып жетекшілер өткізді.Оқушыларға тілімізді білу қаншалықты маңызды екенін және «Тіл туралы Заң» жайлыда баяндап кетті. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан барлық ұлттардың мәдениетінен хабардар болуымыз қажет. Сондықтанда әр ұлттың өнерімен яғни оқушыларымыз ән-билері мен ұлттық ойындарымен танысып және өздерінің қаншалықты өнерді бағалайтынын көрсете білді. 3 сынып оқушысы Батих Кенжебек және 5 сынып оқушысы Боранбаев Әлімжан,
2 сынып оқушысы Қайрат Дәулетхан т.б.оқушылар жұртшылықты өз өнерімен таңғалдыра білді. Ән- билерімен қатар ұлттық ойындарданда жарыс өткізілді.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «асық ойыны», «тоғызқұмалақ», «ханталапай» сияқты ұмытылып барып қайта жаңғыру тапқан ойындарымыз өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімі Ақжүніс Төленовна 1-5 сыныптар арасында «Бір шаңырақ астында» атты ертенгілік өткізді. Ертеңгілікте әр сынып өздеріне берілген тапсырманы шебер орындады. 5 сынып оқушылары қазақтың үш биі жайлы қойылым қойды және өзбек халқының ұлттық биін билеп сахана көркін жандандыра түсті. 3сынып оқушылары ән сазымен кешті әрлендіре түсті. Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен қатар 7-9 сыныптар аралығында «Мәңгілік Еліміздің – Мәігілңк тілі» атты шығарма жаздырды. 9 сынып оқушысы Құрман Аружанның және 7 сынып оқушысы Қарсақ Мәденнің шығармалары үздік шығарма деп танылды. Үш тілді тұғырылы ел болғандықтан онкүндікте ағылшын тілінің мұғалімі ағылшын тілінде 7-9 сыныптар арасында викториналық ойын өткізді.Онкүндіктің соңғы күнінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Ж.Асылбекова және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Б.Сұлтан 6-9 сыныптар аралығында «Керегесі кең байтақ елім!» атты фистиваль өткізеді. Тіл күніне орай жоспарланып өткізілген іс- шараның барлығыда қызықтыда, тартымды өткізілді. Сонымен қатар оқушыларымызғада мақтау қағаздар мен сыйлықтар берілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Л.Ж.Асылбекова
Достарыңызбен бөлісу: |