Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады



бет1/10
Дата30.11.2022
өлшемі85,53 Kb.
#160646
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаконай курстық жұмыс


Кіріспе

Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.


Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс.
Бухгалтерлік есепті Ұлттық стандарттарды және бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын жасау және ендіру жолымен реформалауға байланысты тұңғыш рет отандық бухгалтерия тарихында “материалдық емес активтер” ұғымы пайда болды. Ол материалдық-заттай нысаны жоқ объектілерді айқындау үшін арналған.
Қазіргі таңда кәсіпорын мүлкінің құрамында материалдық емес активтердің үлесі күннен күнге артуы байқалады. Бұл Қазақстандық қаржылық нарықтағы технологиялық өрлеу, ақпарат құралдарының жедел дамуы, инновация, интеграциялық байланыстардың жедел қарқынмен дамуы салдарынан байқалады.
Материалдық емес активтер - бұл интеллектуалды меншік объектілерінің шартты құны, сондай–ақ жер-су мен басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары. Материалдық емес активтерден туындайтын болашақ экономикалық тиімділіктер тауарларды салу немесе қызмет көрсетуден алынған табыстарды, шығындардың үнемделуі немесе мекеменің активті қолдануының нәтижесі болып табылатын басқа табыстардан құралуы мүмкін.
Қазіргі таңда, материалдық емес активтердің есебі, оларды ұйымдастыру тәсілдері әлемдітолғандыратын сұрақтардың бірі болып отыр. Сонымен қатар, материалдық емес активтердің есебі қазіргі таңда, Қазақстандық бухгалтерлік есеп методологиясындағы маңызды орынды алуда және басты мәселелердің бірі болып табылады.
Материалдық емес активтерден туындайтын болашақ экономикалық тиімділіктер тауарларды сату немесе қызмет көрсетуден алынған табыстарды, шығындардың үнемделуін немесе ұйымның активті қолдануының нәтижесі болып табылатын басқа табыстардан құралуы мүмкін.
Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау-беру» актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады. Және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтері көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер дегеніміз - нақты физикалық нысаны жоқ, ұйымның өндіріс процесі мен тауарлар және қызметтерді сату кезінде, сонымен қатар әкімшілік мақсаттарда, жалға беруде ұзақ уақыт пайдаланылатын ақшалы емес активтер.
Материалдық емес активтерді қабылдап алужөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бахгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.
Амортизациясын есептеу материалдық емес активтер құны толық өтелгеннен кейін немесе актив табыс әкелуді доғарған сәттен бастап тоқтатылады.
Курстық жұмыстың объектісі болып «Самұрық-қазына» акционерлік қоғамы табылады.
Белгіленген мақсаттарға қарап, бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
-нарық жағдайында материалдық емес активтер есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
-материалдық емес активтер есебінің жетілдіру жолдарын ашу;
-зерттеліп отырған кәсіпорынның жалпы экономикалық жағдайы мен есеп жұмысының жағдайын сипаттау;
-материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу;
-материалдық емес активтерді кіріске алу мен есептен шығару жолдарын анықтау;
-материалдық емес активтерді бағалау және түгендеу жұмыстарын сипаттау.
Курстық жұмыстың мақсаты – стандарттың мақсаты басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарында арнайы қарастырылмайтын материалдық емес активтердің есебін жүргізудің тәртібін орнату болып табылады.
Материалдық емес активтер ұтымды пайдалану мерзімінің дұрыс есептелуіне олардың амортизациясын өндіріс немесе айналым шығындарына қосу тәуелді,демек оған субъект қызметінің шынайы қаржы нәтижесі де тәуелді болмақ. Материалдық емес активтер амортизациясының есебі РТ №6-нысанында жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет