Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары


Екінші көрсеткіш- өткізілген өнімнің рентабельділігі



бет12/15
Дата12.10.2023
өлшемі133,11 Kb.
#185062
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
СРСП 12, 1 лекция. Каз., СРСП 12, СРСП 12, ашық сабақ, План урока3, жог матем поуроч, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 1 6, тест, Қоршаған орта мониторингі УМКД 2019-2020, Химия УМКД 2019-2020, ВОУД Ақпартаттық-коммуникациялық технологиялар ИКТ (барлык мамандыққа) каз рус 249т Халикова Г.З.Опабекова А., 1. Бағдарламалау технологиясы 1 силлабус ИС, 4 куңрс расписание, 4 куңрс расписание
Екінші көрсеткіш- өткізілген өнімнің рентабельділігі-біздің жағдайымызда өнімді өткізуде түскен пайда мен түсімді пайдаланып жалпы тауарлар бойынша оның рентабельділік көрсеткіші есептелген.Батыс есептік-талдау тәжірибесінде бұл көрсеткіштің әр түрлі есептелуін кездестіруге болады,ол есептеу негізіне қандай көреткіштердің алынуына байланысты.Көбінесе рентабельділіктің негізгі 3 көрсеткішін есептейді:
-Үлестік жалпы пайда(өткізілген өнімнің жалпы рентабельділігі,жалпы маржа,үлестік салымдар).Ол жалпы пайданың өткізуден түскен түсімге қатынасымен есептеледі.
-Үлестік операциондық пайда(өткізілген өнімнің операциондық рентабельділігі,операциондық маржа).Ол операциондық пайданың өткізуден түскен түсімге қатынасымен есептеледі.
-Үлестік таза пайда(өткізілген өнімнің таза рентабельділігі,таза маржа.Ол таза пайданың өткізуден түскен түсімге қатынасымен есептеледі.
Ал отандық тәжірибеде үлестік таза пайда көрсеткіштері және шаруашылықтың іскерліктің рентабельділік көрсеткіші жиі қолданылады.Өнімді өткізуден түскен пайданың өнімді өндіруге кеткен шығынға қатынасы ретінде есетеледі.Біздің кәсіпорнымызда оның мәні 238,7-ге тең,яғни ол дегеніміз әрбір өткізілген өнімнің бірлігі ақшалай қаражаттың 238,7 бірлігін әкелгенін көрсетеді.
Жалпы әрбір талдаушы үшін рентбельділікті бағалауда келесідей факторларды анықтау маңызды болып табылады:
Қол жеткізілген қаржылық нәтижелерге әсер еткен факторлар.Бұл факторлардың идентификациясы пайда жағынан да және рентабельдлікті одан ары жоғарылату жағынан да қарастырылады.Айта кететін жайт,мұндай әдістер батыс есептік талдау тәжірибелерінде де кеңінен қолданылуда.
Келесі көрсеткіш-меншікті капиталдың рентабельділігі бұл көрсеткіш бойынша меншік иелерінің кәсіпорынға салған әрбір ақша бірлігі қанша пайданың бірлігін әкелгенін көрсетеді.Біздің кәсіпорнымызда оның мәні-0,53-ке тең.Әрине бұл төмен көрсеткіш.
Пайданың көрсеткіштеріне келетін болсақ табыс пен шығындар туралы есептілікке тігінен жасалған талдау тиімді болып келеді.Оның мәні-коммерциялық ұйымның жалпы табысының негізгі элементтерінің үлестік шамасынының динамикасын,өнімнің рентабельділік көрсеткіштерін,таза пайданың өзгерісіне әсер ететін факторлардың динамикасын сипаттайды.
Меншікті капиталдың рентабельділігіне талдау жасауда нақты қорытынды шығару үшін бұл көрсеткіштің негізгі үш ерекшелігін ескеру қажет:
Біріншісі,коммерциялық ұйымның іскерлігінің жұмыс істеу мерзіміне байланысты.Өнімнің өткізілуінің рентабельділігінің көрсеткіші есептілік мерзімнің жұмысының нәтижелілігімен анықталады; ұзақ мерзімді инвестициялардың жоспарланған және ықтимал мәнін ол көрсетпейді.Коммерциялық ұйым жоғары көлемді инвестицияларды қажет ететін жаңа дамыған технологияға көшкенде немесе өнімнің жаңа түрін шығара бастағанда рентабельділік көрсеткіштері уақытша төмендеуі мүмкін.Бірақ,стратегияның құрылымы дұрыс таңдалса,орын алған шығындардың орны тез арада жабылады,немесе есептілік мерзімде рентабельділік көрсеткіштерінің төмен болғанымен оның ағымдағы қаржылық жағдайын төмен деп қарастыруға болмайды.
Екінші ерекшелігі тәуекел мәселесінде.Көптеген басқару шешімдері келесідей дилеммамен байланысты: «жақсы тамақ жеу немесе жақсы ұйықтау?(тікелей аударма)».Егер бірінші нұсқаны таңдайтын болсақ,онда жоғары тәуекелмен жоғары пайданы көздейтін шешім қабылданады.Ал екінші нұсқаны таңдайтын болсақ-керісінше.Жалпы бизнестің тәуекелдігінің басты көрсеткіштерінің бірі-қаржылық тәуекелдік көрсеткіші болып табылады:неғұрлым оның мәні жоғары болса құрылтайшыларға,инвесторларға және кредиторларға бұл кәсіпорынның тәуекелі соғұрлым жоғары болып келеді.
Үшінші ерекшелігі бағалау мәселесіне байланысты.Меншікті капиталдың рентабельділігінің көрсеткішінің алымы мен бөлімі өтімділігі әр түрлі ақшаның бірліктерімен көрсетіледі.Бөлшектің алымы ,яғни пайда-өткен кезеңдегі тауарлар мен қызметтерге құралған бағамен,іскерлік нәтижесін көрсетеді.Бөлшектің бөлімі,яғни меншікті капитал бірнеше жылдар көлемінде құралады.Ол есептілік бағамда көрсетілген.Оның мәні ағымдағы бағалау нәтижесіне қарағанда анағұрлым ерекшеленеді.
Сонымен қатар, меншік капиталдың баланспен бағалануы толық ақпарат бермейді.Одан,мысалы кәсіпорынның беделін,саудалық маркасын,жаңа заман технологияларын және жоғары білімді қызметкерлер туралы мәліметтерді көре алмайсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет