Насих және мансұх Насых түсінігі мен оны білудің


«Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да, жасырсаңдар да Алла сендерден



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата06.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#173940
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Насих және мансұх
Балама қаражат институттары, Снимок экрана 2020—07—25 в 09.14.22, Ешенқұл Алуа БӨЖ хаттама №5 2, Жарасбекова Аружан жолдау, @kaznmu.kz, @doc
«Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да, жасырсаңдар да Алла сендерден 
оның есебін алады»
(«Бақара» сүресі, 284),– деген аяттың үкімін, келесі келген: 
«Алла кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді» 
(«Бақара» сүресі, 286) 
аяты мансұхтаған.
Кейбір ғалымдар Ибн Аббастан жеткен деректерге сүйене отырып, аталған аят 
үкімінің жойылмағандығын айтқан. Имам әз-Зурқани де бірінші аяттың екінші 
аятпен мансұхталмай тахсис қылынғандығын (жалқыланғандығын) айтқан 
ғалымдардың пікірін қолдаған
36

«Әли Имран» сүресіндегі аяттар:
8. 
Кейбір ғалымдардың айтуынша: 
«Ей, мүміндер! Алладан шынайы 
қорқумен қорқыңдар да мұсылман болған күйде ғана өліңдер»
(«Әли Имран» 
сүресі, 102) аятының үкімі: 
«Сондықтан, шамаларың келгенінше Алладан 
қорқыңдар» 
(Тағабун сүресі, 16) атымен мансұхталған. Имам әс-Суюти: «Әли 
Имран» сүресінде, осы аяттан басқасы мансұхталған деп айта алмаймыз»,– деген
37
.
35
Мұхаммед Абдулазим әз-Зурқани, Мәнәһилу әл-Ирфан, 2/290-б. 
36
Мұхаммед Абдулазим әз-Зурқани, Мәнәһилу әл-ирфан, 2/292-б. 
37
Әс-Суюти, Әл-Итқан, 466-б. 


Имам әз-Зурқани аталған аяттың мансұхталмағанын алға тартқан
38

«Ниса» сүресіндегі аяттар: 
9. Кейбір ғалымдар: 
«Бөліс кезінде ағайындар, жетімдер және міскіндер 
келсе, онда оларды құр тастамай бір нәрсе беріңдер де өздеріне сыпайы сөз 
сөйлеңдер» 
(«Ниса» сүресі, 8) аятының, мирас аяттарымен үкімі жойылғандығын 
айтқан. Имам әз-Зурқани сынды ғалымдар бұл аяттың мухкам екендігін, яғни 
үкімінің жойылмағандығын білдірген
39
.
10. «Сондай әйелдеріңнен зина қылғандар, оларға өздеріңнен төрт айғақ 
келтіріңдер, егер олар айғақ болса. Онда оларды өлгенге дейін, не Алла бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет