Шешу алгоритмі Қант диабеті кезінде нәруыз алмасуы қалай өзгереді?
Қант диабетімен ауыратын науқастарда глюконеогенез күрт артады-ақуыздар мен аминқышқылдарынан глюкозаның пайда болуы. Сондықтан науқастың денесінің ақуыздары глюконеогенезге тұтынылмауы үшін диетадағы ақуыз мөлшерін көбейту керек.
Қант диабетінің бұзылуымен байланысты болатын гормонның әсер ету механизмі қандай?
Инсулин жиі үшіншілік механизм бойынша әсер етеді. Гормон инсулин химиялық табиғаты бойынша ақуыз. Инсулин рецепторлары тирозин киназа белсенділігіне ие. Рецептор екі α және екі β суббірліктен тұрады. Инсулиннің α-суббірліктердің байланыс орталығына қосылуы ферментті белсендіреді, оның субстраты β-суббірліктердегі тирозин протеинкиназасы болып табылады және оның тирозин қалдықтары бойынша фосфорлануы жүреді.
Неліктен ҚД науқаста пародонтит пайда болады?
Қант диабетіндегі коллаген құрылымы. Қант диабетінде жасушалардың қан плазмасынан глюкозаны ұстай алмауынан проколлаген а-тізбектерінің жасушаішілік гликозилдену процесі бұзылады. Проколлаген жасушаішілік кеңістікке енген кезде көмірсулардың қосылуы ферментативті емес жолмен жүреді, бұл сонымен қатар коллаген фибрилдері мен коллагендік емес ақуыздардың құрылымын бұзады. Пародонтиттің ауыр түрі дамиды, оны емдеу қиын болып келеді.
Қант диабетінде сілекей, қан мен зәрдің биохимиялық көрсеткіштері қалай өзгереді?
Сусыздану сілекейдің күрт төмендеуіне әкеледі; қант диабетінде сілекейде глюкоза мөлшері артады; уремия кезінде сілекейдегі қалдық азоттың мөлшері едәуір артады.
Қант диабетінде қандағы глюкоза (гипергликемия), кетон денелері (кетонемия), мочевина (азотемия) жоғарылайды. Гликозилденген гемоглобин, холестерин жиналады. Несепте-рН қышқыл жағына, глюкозурияға, кетонурияға, азотурияға ауысады, несептің үлес салмағы артады және несептің рН қышқыл жағына ауысады.
№6 Жағдайлық есеп.
Тіс сауыты мен тіс түбірі каналын толтырып тұратын тіс пульпасы қан тамырлары мен нерв талшықтарынан тұрады. Минерализациялану процесі кезінде оттектің пульпаға жеткізілуі артады және тіс тінінің метаболизмінде маңызды рөл атқаратын АТФ, цитрат және СО2 түзілу процестерінің жылдамдығы артады.АТФ тек энергия көзі ғана емес, Н3РО4 доноры ретінде гидроксиапатиттердің, сүйектің минералды компонентінің түзілуіне қатысады.