Шешу алгоритмі ГКС синтезделетін орны мен әсер ететін нысана-жасушаларын көретіңіз
Сүйек және тіс тіндеріне әсерін түсіндіріңіз.
қабынуға қарсы әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
Жағдайлық есеп.
Кариестің пайда болуын болдырмау үшін диетологтар балабақшаларда сахарозаны көмірсуларсыз тәттілендіргіштермен (неуглеводные подсластители) алмастыруды ұсынады. Мұндай ұсыныстың дұрыстығын түсіндіріңіз. Бұл үшін:
а) ауыз қуысының бактериялары ферментімен сахарозаның гидролизі реакциясының сызбасын жазыңыз;
б) сахароза гидролизі өнімдерін ауыз қуысының анаэробты бактериялары қолданатын метаболизімді көрсетіңіз;
в) ауыз қуысында рН өзгеруін тудыратын метаболизмнің соңғы өнімінің диссоциация реакциясын жазыңыз.
Жағдайлық есеп.
Ауыз қуысының шырышты қабаты тамақтанудың бұзылуына, әсіресе алмастырылмайтын аминқышқылдарының жетіспеушілігіне сезімтал. Олардың ағзадағы жетіспеушілігі нәруыз синтезінің төмендеуіне әкеледі және ағзада квашиоркор– балалардағы ауыр алиментарлы дистрофияға тән өзгерістерді тудырады. Бұл жағдайда тері пигментациясының бұзылуы, тілдің ісінуі, оның бетіндегі атрофия, шырышты қабықтардың құрғауы және өзгеруі байқалады. Бұл белгілердің пайда болуын түсіндіріңіз. Бұл үшін:
a) алмастырылмайтын аминқышқылдарын атап, олардың ауыз қуысындағы рөлін көрсетіңіз;
б) терінің түсін анықтайтын аминқышқылдарынан түзілетін затты атаңыз және оның синтезінің сызбасын жазыңыз;
в) осы аминқышқылдарынан басқа тіндер мен мүшелерде пайда болатын биологиялық белсенді қосылыстарды көрсетіңіз.
Жағдайлық есеп.
Науқас дене температурасының төмендеуіне, дене салмағының жоғарылауына, енжарлыққа, ұйқышылдыққа шағымданады. Қан плазмасында Т4 және Т3 мөлшері азайған.