Науқасты көтергенде, қозғалтқанда қолдануға болатын әдістер



Дата06.02.2022
өлшемі15,13 Kb.
#81149
Байланысты:
Снимок экрана 2020—10—13 в 19.45.44, Нурик, 7а класс тәрбие орынгүл

Тақырыбы: Науқасты көтергенде, қозғалтқанда қолдануға болатын әдістер.
Пациеттің қаупсіздігін жақсарту мақсатында технологияны пайдалану.

Пациенттің орнын ауыстыру мен тасымалдау кезінде сөздік қарым-қатынас маңызды. Пациентке алда тұрған іс-әрекеттердің бүкіл барысын түсіндіру өте маңызды. Пациентке мынадай сұрақтар қойған жөн.


Ол өзін түрегеп тұрған жағдайында ұстай ала ма?
Пациент тепе-теңдік сезімін сақтай ма?
Ол жақсы көре ме,жақсы ести ме?
Ол сізді жақсы түсіне ме?
Ол қозғалып жүруден қорықпай ма?
Қажетті ақпаратты алғаннан соң өздеріңізге көмектесетін әріптестеріңізбен пациенттің орнын ауыстыру бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспарын талқылаңыздар.
Науқастың орнын ауыстыру мен тасымалдау алгоритмдері медициналық мекеме бейіміне бейімделген болуы тиіс.Бұл қандай да бір жабдықтың бар немесе жоқ екендігіне,сондай-ақ аурулардың ерекшеліктеріне байланысты.
Пациентті төсекте жылжыту алгоритмі:
1.Кереуетті пациент бикенің ауырлық центріне жақындататын деңгейге дейін көтеру.
2.Басын түсіру,төсекті горизанталь жағдайға келтіру.
3.Пациентті арқасымен жатқызу.
4.Бас жағына жастық қою,ол пациенттің кереует арқалығына басымен соғылуын болғызбайды.
5.Төсекке 45 бұрышпен бұрылып,төсек жанында пациент аяқтарның деңгейінде тұру.
6.Аяқтарды алшақтау,төсектің басына жақындау орналасқан аяқты сәл артқа ұстау.
7.Сіздердің қолдарыңыз пациент аяқтарының деңгейінде орналасатындай етіп,сәл отырыңқыра.
8.Ауырлық центрін артқа қалдырылған аяққа ауыстыру.
9.Пациент аяқтарын кереуеттің бас жағына диагональ бойынша жылжыту.
10.Пациент санын бойлай орын ауыстыру.
11.Қолдар пациент сандарының деңгейінде болатындай етіп,шамалы отырыңқырау.
12. Пациент сандарын тағы да төсектің басына диагональ бойынша жылжыту.
13 Пациент денсінің жоғарғы бөлігін бойлай орын ауыстыру.
14. Қолдар пациент кеудесінің деңгейінде болатындай етіп, шамалы отырыңқырау.
15 .Төсектің бас жағына жақын орналасқан қолды пациент мойнының астына сұғу және төмен жағынан оның иығын қапсыра ұстау және демеу ( осылайша орын ауыстыру кезінде пациенттің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі)
16 .Екінші қолды пациент арқасының жоғары бөлігінің астына сұғу (осылайша арқа терісінің үйкелісі азаяды).
17.Пациенттің кеудесін ,иығын ,басы мен мойнын төсек басына диагональ бойынша жылжыту.
18.Пациент денесі қажет етілетін биіктікке жеткенше, 6-18 тармақтарды қайталай отырып ,төсектің бір жағынан екінші жағына өту.
19.Пациентті төсектің ортасына жатқызу (егер ол орын ауыстыру нәтижесінде шетке қарай жақын болып шықса),оның денесінің үш бөлімімен (асқтары,кеудесі,басы)де дәл осылай істеу.
20.Пациентті құлаудан сақтандыратын қауіпсіздік шараларын қабылдау.
21.Қолайсыздықтарға кез болмағандығына көз жеткізе отырып ,пациент денесін өзі үшін қолайлы жағдайға келтіру.
22.Егер бұл қажет болса,кереуетті түсіру.
23.Қолдарды жуу.
Науқасты арқасымен жатқызу ережелері:
1. Науқасты арқасымен жатқызыңыз.
2.Науқастың бел аймағы астына кішкене бүктелген жаймалы валикті салыңыз (бел омыртқаларын ұстау үшін).
3. Науқастың бас астына иықтың жоғарғы бөлігі астына кішкентай жастықтарды салыңыз (дененің жоғарғы бөлігін дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, мойын омыртқалары аймағының иілу контрактурасын алдын ала ескерту).
4. Санның сыртқы бетіне, ұзын бойына сан сүйегінің ұршық аймағынан бастап валикті салыңыз (санның сыртқы бұрылуын алдын ала ескерту).
5. Сирақтын төменгі үшінші бөлігі аймағына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге қысымды азайту үшін, оларды ойылудан сақтау үшін).
6. Табанға 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (сыртқы бүгілуді қамтамасыз ету және аяқтың салбырауын алдын ала ескерту).
7. Науқастың қолын алақанмен төмен аударыңыз және оларды тұлғасына паралельді орналастырыңыз, иық астына кішкентай жастықтарды салыңыз (иықтың артық бұрылуын азайту үшін, шынтақ буынының жазылуын алдын ала ескерту).
8. Науқастың қолының ұшы ішіне валикті салыңыз (саусақтардың жазылуын және бірінші саусақтың бұрылуын азайту үшін).
Науқасты ішімен жатқызу ережелері:
1.Ішіне аудару жасалатын науқастың шынтақ буынынан жазылған қолын тұлғасының барлық ұзындығына паралельді (қатар) орнатыңыз және қысыңыз, сан астына қолыңыздың ұшын салып, науқасты оның қолы арқылы ішіне «аударыңыз».
2.Егерде науқас денесінің бір жақ жартысында салдану (гемиплегия) болса, онда салданған қол арқылы ішіне аударуды жасаңыз (төсектегі науқасты аудару жеңілденеді).
3.Науқастың денесін кереуеттің ортасына жылжытыңыз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).
4.Науқастың басын бір жақ қырына бұрып, оның астына аласа жастықты салыңыз (ол мойын омыртқаларының бүгілуі мен жазылуын азайтады).
5.Салдануы бар науқастың басын дененің жансызданған жағына бұрыңыз.
6.Кішкентай жастықты науқастың ішіне, диафрагма деңгейінен біраз төмендеу салыңыз (бел омытқаларының жазылуын және бел бұлшық еттерінің күшін азайту үшін), әйелдердің кеуде қысуын азайтады.
7.Науқастың иығынан бүгілген қолдарын, жоғары көтеріңіз, оның қолдары науқастың басына орналасады (науқасқа жайлы қалып беру).
8.Шынтақ астына, білекке және қол ұшына кішкене жастықтарды салыңыз.
9.Табандардың астына жастықты салыңыз, аяқтың саусақтары матрацтың үстінде болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет