«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата24.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#166331
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
КБ модели НЗМ

Оқу мақсаттарының таксономиясы
 
Оқу мақсаттары оқушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді 
пайдаланылуы мүмкін. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше 
маңызды, олар критерийлерді анық, жеңіл, түсінікті формада құрастыруға 
мүмкіндік береді. 
Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары оқушылардың пәнді меңгеруін 
дамытуы қажет білімі мен дағдыларын анықтайды. Оқу бағдарламасындағы 
күтілетін нәтижелерді анықтау, осы дамытуды ақпараттандыру үшін оқу 
бағдарламасындағы негізгі бағыт болып табылатын Б.Блумның (1956) 
таксономиясы қолданылады.
Оқу мақсаттарының таксономиясы (Блум, Кратволь, 1956) ойлау 
дағдыларының алты деңгейін болжайды: 
Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдар мен 
жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды дәлелдеу. 
Түсіну – материалды бір түрден екінші түрге ауыстыру, материалды 
интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.
Қолдану – ережелерді, жаңа білімді түрлі нұсқада қолдану. 
Талдау (анализ) – толық объектіні ұсақ бөліктерге ажырату, оның мәнін 
түсіну және меңгеру үдерісі. 


13
 
Жинақтау (синтез) – бұрынғы жеке түсінікті толық біріктіру үдерісі. 
Ақпаратты жаңа үлгідегі элементтердің түрлі әдістерімен біріктіру немесе 
альтернативті шешім ұсыну арқылы жүйелеу.
Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде объектінің 
жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да 
сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Таксономиялық тәсіл оқу мақсаттары ойлау дағдыларының деңгейлеріне 
сәйкес бағалау критерийлерін құрастыруға мүмкіндік береді.
Критериалды 
бағалау 
жүйесінде 
бағалау 
критерийлері 
ойлау 
дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну; 
қолдану; жоғары деңгейдегі дағдылар (талдау, жинақтау және бағалау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет