«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Басқарма шешімінің 2020 жылдың


Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата24.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#166331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
КБ модели НЗМ

Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы
 
Критериалды бағалау жүйесі оқытуда әлеуметтік-конструктивистік 
көзқарасқа сүйенеді. Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясы білім беруде 
ұжымдық, топтық, жеке-тұлғалық оқыту үдерісінде әлеуметтік конструкцияға 
ерекше көңіл бөледі. Дэвис және Херш (1981) оқытуда сындарлы 
(конструктивистік) көзқарасы бар мұғалім оқыту мен бағалаудың білім мен 
дағдыны дамытуға бағытталғанын түсінеді деп есептейді. Білім танымның 
келісілген аймағы ретінде қарастырылады; оқушы білімді пассивті түрде алуды 
тоқтатып, сол білімнің «жасаушысы/құрастырушысы» бола бастайды. 
Пиаженің (1967) әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясына сәйкес 
оқушылар қандай дағдыларға қол жеткізді, қолынан не келеді, нені таныды 
тұрғысынан өз түсінігін қалыптастырған адам ретінде қарастырылады. Оқыту 
оқушылардың жаңа ақпаратты түсінуін, тәжірибе жинақтауын өзгерту 
(трансформациялау) үшін қолданылуы қажет деп түсіндіріледі (Выготский, 
1966). Бұл оқушылардың өз дағдыларын дамытуына, келешекте рефлексия 
арқылы абстракциялар көмегімен негізгі қағидаттарды қолдануына мүмкіндік 
береді (Дарлинг және Вэнворс, 2010).
Әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясына сәйкес оқушылардың 
ойлауын дамыта оқыту түрлі дереккөздерден (мұғалім, құрдас, оқу ресурстары) 
«алынған» білімнің «бар болуын» өзара әрекеттестіріп, социуммен үйлесімді 
қарым-қатынас орнату арқылы қамтамасыз етеді, «мүлдем жаңа» білім ортасын 
құрады. Бағалау әлеуметтік-конструктивистік оқу теориясының идеяларына 
негізделген, ол түрлі елдерде кеңінен қолданылып жүрген қалыптастырушы 
бағалауды тәжірибеде жандандыруға мүмкіндік береді.
 
Жақын арадағы даму аймағы 
 
Жақын арадағы даму аймағы түсінігі Л.С.Выготскийдің енгізуімен белгілі, 
ол «жақын арадағы даму аймағы, баланың даму деңгейі, яғни қандай 
тапсырманы ол өз бетінше орындай алатынын және үлкендермен, өз 
құрдастарымен жұмыс жасай отырып жете алатын әлеуетті даму деңгейі 
арасындағы айырмашылығын білетінін анықтайды» дегенді білдіреді 
(Выготский, 1978, 86-бет). 
Осылайша, қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім немесе қабілетті 
құрдастарының бірі оқушыға қолдау көрсетсе, оның дамуы жақын арадағы 
даму аймағында өтеді.


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет