Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты
3.2.3.3 Тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін
сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атайды
•
Адам ағзасындағы тыныс алу жүйесінің рөлін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Адамның тыныс алу жүйесіне нелер жатады? Тыныс алу мүшелерінің атауын жаз.
Сұрақтарға жауап бере отырып, тыныс алу жүйесінің қызметі туралы әңгімеле.
•
Тыныс алу мүшелері қалай жұмыс істейді?
•
Өкпе қандай қызмет атқарады?
•
Тыныс алу жүйенің адам ағзасындағы рөлі қандай?
Дескриптор
Білім алушы
-
тыныс алу жүйесінің мүшелерін атайды;
-
тыныс алу жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды.
23
Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты
3.2.3.4
Қан айналымы жүйесін және оның адам
ағзасындағы рөлін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Қанайналым жүйесінің мүшелерін атайды
•
Қанайналым жүйесінің қызметін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Сұрақтардың көмегімен қанайналым жүйесінің қызметін түсіндір.
•
Қанайналым жүйесіне қандай мүшелер жатады?
•
Жүрек қандай қызмет атқарады?
•
Қанды жүрекке жеткізетін тамырлар қалай аталады?
•
Күретамырлар қандай қызмет атқарады?
•
Қан ағзаны қандай заттармен қамтамасыз етеді?
•
Тамырдың соғуын қалай анықтауға болады?
•
Қанайналым дегенді қалай түсінесің?
•
Бұл жүйенің адам ағзасындағы рөлі қандай?
Дескриптор
Білім алушы
-
қанайналым жүйесінің мүшелерін атайды;
-
қанайналым жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды.
24
|