««Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату аясында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру үдерісін ұйымдастыру»



бет9/14
Дата25.01.2017
өлшемі2,18 Mb.
#8073
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Коучинг-сессия жоспары
Тақырыбы:«Оқыту үшін бағалаужәнеОқытуды бағалау» модулі

Мақсаты: Модуль мен бағалау түрлері бойынша түсінік беру; Сабақты критерийлер бойынша бағалау тәсілін насихаттау; Жаңаша жұмыс істеуге шақыру;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, видеоматериалдар, плакаттар, маркерлер, презентация, интернет желісінен алынған материалдар.

Пайдаланған әдебиеттер:

Екінші деңгей Бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық; Курсалды тапсырмалар;

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мұғалімдермен оқушылар олар туралы қандай пікірде екендігі туралы әңгіме жүргізу, ойларын білу.

«Урок глазами учеников» видеосын көрсету, эпизодтарына талдау жүргізу.

ІІІ. Заман талабына сай мұғалім қандай болу керектігі туралы әңгіме жүргізу.

«Современный учитель» видеосын көрсету, ол бойынша пікірін білу.

IV. Видеоматериалдардан байқағандай, бұрынғыша жұмыс істей беру қазіргі кезеңде мүмкін емес. ХХІ ғасыр жеткіншектерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа көзқарас қажет. Осы орайда мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептері базасында ашылған жаңа курстар Қазақстан білім жүйесіне орасан зор реформалар енгізуде. Болашаққа сеніммен қарау үшін, сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу үшін жаңалықты дұрыс қабылдаған жөн. Осы орайда интернет желісіне биыл жазда, тамыздың 25-інде, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министрі Мұрат Әбеновтің Астана қаласында өткізген конференцияда айтқан сөзі шықты.

«Казахстанских школьников ждут беспрецедентные нововведения» және «В Минобразования Казахстана рассказали о 12-летней системе обучения» материалдарымен мұғалімдерді таныстыру.

Курс бағдарламасы жеті модульді қамтиды, мен соның ішінде «Оқыту үшін бағалау және Оқытуды бағалау» модуліне тоқталамын.

Қатысушы мұғалімдерге сұрақтар қою: - Баға деген не?

- Бағаның оқушыға, оның біліміне әсері қандай?

-Қазіргі қолданып жатқан бағалау шкаласы сіздерді қанағаттандыра ма? - Бағалау критерийлері қандай?

«Оқыту үшін бағалау және Оқытуды бағалау» модулін презентация арқылы түсіндіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет