Әңгімелесу /Мұғалімнің сыйы/
Табиғатпен тілдесу
Таң атқан. Қария терезеге қарап еді, күннің алтын нұры бөлмеге құйылып тұр екен. Тәтті ұйқы құшағында жатқан немересін оятты. Таңғы ас ішіп болған соң, атасы мен немересі мектепке баруға ыңғайланды.
– Балам, мектепке саябақтың ішімен барсақ қайтеді? – деді атасы. Немересі келісе кетті. Екеуі саябақты қақ жарып, мектепке қарай аяңдап келе жатқан. Кенет ақсақал әудем жердегі қайыңның сынған бұтағының орнынан ағып тұрған суды байқап қалды.
– Мынаны қарашы… Сірә, мұны жасаған адам өзінің анасын да қадірлемейтін болар, – деді ақсақал немересіне. – Өйткені, табиғат – сенің жаны нәзік, мейірімі мол екінші анаң тәрізді. Сондықтан да табиғатпен санаспау – анаңның ақ сүтін ақтамағанмен бірдей.
Осыны айтты да қария қол орамалымен қайыңның сынған бұтағын байлап қойды. Немересі «түсіндім» дегендей үнсіз басын шұлғыды. Осы сәтте баланың ойына өткен жолы естіген Бетпақдала туралы аңыз түсті. Аңызда ханның табанына кірген боз жусанның сояуы оның ашуын келтіргендіктен, ақыр аяғында бүкіл жусан жұлынып, құстар мен жәндіктер қырылып, орманы мен тоғайын өрт шалған даланың сұрқы қашқандығы жайлы баяндалатын.
Нұрым сыныпқа кіргенде алғашқы «Экология» сабағы басталып кетіпті. Сабақтың тақырыбы «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» екен. Мұғалім оқушыларға: «Адамзат баласының табиғатқа деген көзқарасы қандай?» – деген сұрақ қойды. Сыныптағы белсенді қыз Айнұр ең бірінші болып қолын көтерді:
– Қала зауыттарынан шыққан түтін табиғатты ластап, түрлі ауру туғызып жатыр. Бұл – адамдардың өз-өзіне жасаған қиянаты, – деді Айнұр.
– Ал атасы айтқан бір ауыз сөздің әсерінен айыға алмай отырған Нұрым:
– «Бір тал кессең, он тал ек» деген. Табиғаттықорғау, оғанқамқор болу аулаға тал егуден, құстарғаұяжасап, бұлақарналарынтазартуданбасталады. Жаңаатамекеумізмектепкекележатқанымыздабұтағысынып, орнынан су ағыптұрғанаққайыңдыкөрдік. Бұлмағанқайыңныңкөзжасысияқтыәсеретті. Табиғат – біздіңекіншіанамыз. Оғанзиянкелтірсек, анамыздықадірлемегенболыпшығамыз. Ал ананықадірлемеу, жақсыкөрмеумүмкінбе? – дедіжыламсырап. Сыныпішібірсәтүнсіздіккеқамалғандайболды. Қарияныңнемересініңкөзжасытиылғанымен, жанына ем табаалмағанТабиғат-Ананыңкөзжасынқалайтиярекенбіз?
Сұрақтар:
1.Қария немересі екеуі қай жермен жүрді?
2.Ол жерде нені көрді?
3.Немересі табиғатты кіммен теңеді?
4 .Бала адалдықты табиғатпен теңеуінің себебі неде?
5.Табиғатқа қайырымды болу барлық адамдардың қолынан келе ме?
6.Өзің табиғатқа қамқор болып жүрсің бе?
|