3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
10. Пәндік нәтижелер.
9-сыныптың соңында білім алушылар:
1) негізгі діни ұғымдарды;
2) зайырлылық пен дін арақатынасын;
3) діндер тарихы мен сенім ерекшеліктерін;
4) жаңа діни ағымдардың ерекшеліктерін;
5) экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерін;
6) қазақ мұсылмандық таным-түсінігін;
7) Республикадағы діни ұйымдар, мемлекет және мәдениет арасындағы өзара қатынасын;
8) Елбасымыз Н.А. Назарбаевтың конфессияаралық келісім, елдегі және халықаралық деңгейдегі шынайы діни құндылықтардың үстемдігі мен тұрақтылықты сақтау жөніндегі саясатын білуі тиіс.
11. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:
1) конфессияаралық құрмет пен толеранттылықтың негіздерін тануы;
2) мемлекет, діни бірлестіктер және мәдениет арасындағы қатынастардың мәнін білуі;
3) діни сана, діни сенім, діни тәжірибе мен діни таным ара-жігін ажырату қабілетіне ие болуы;
4) қоғам тіршілігіндегі діндердің және сенімнің
дүниетанымдық және танымдық миссиясын түсінуі;
5) діннің моральдық-этикалық құндылықтарын тануы және түсіндіруі;
6) діни радикализм мен экстремизм, терроризм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстар идеологияларының қауіпін түсінуі;
7) экстремистік, террористік мәндегі теріс ағымдардың ерекшеліктерін тануы;
8) дін және ғылым, зайырлылық пен құқық, дін және жалған діни ағымдардың арақатынасын ажырата білуі тиіс.
12. Жүйелілік іс-әрекеттік нәтижелер.
Білім алушылар:
1) дінтанулық тұрғыдан маңызды мәліметтер мен жүйелі білімді жүйелі игеруі;
2) ақпараттарды сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін меңгеруі;
3) шығармашылық оқу жобалары мен зерттеу жұмыстарының басқа да түрлерін орындауда пайдалану үшін ақпаратты бағдарлап талдай білуі;
4) экстремистік, террористік діни топтар мен ағымдардың идеологиялары мен тәжірибесіне қарсы әсер ету иммунитетін қалыптастыруы;
5) қазіргі ақпараттық технологияларды игеруі;
6) діни мәселелер бойынша пікірталасқа, ой бөлісуге, түрлі мәдениеттер мен діни жүйенің ерекшеліктері бойынша хабардар болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |