3. Өндірісті бағалау: Тандап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе сапа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі.
4. Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылған талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытындысы жасалып, оң шешім болғанда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді. Өнімге қауіпсіздігі жөнінде арнаулы талаптар /санитарлық, ветеринарлық т.б./ қойылатын болса, сертификат тек кана арнаулы сертификаты /гигиеналық, ветеринарлық, фитосанитарлық т.б./ болса ғана беріледі.