Не сертификаттау


Сертификаттаудың маңызды салалары



бет44/77
Дата20.06.2020
өлшемі234,42 Kb.
#74118
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
Байланысты:
Стандарттау және оку куралы

Сертификаттаудың маңызды салалары.

Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау

Сапа жүйесі және өндірісті сертификаттау экономикалық және басқа жағдайларға туып отыр. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау нәтижесі мынандапй жағдайда қолданылады.

-өнімді сертификаттауда;

-жеткізілетін өнімге келісім шарт жасағанда;

-мемлекеттік органдардың мемлекет тапсырыстарын орналастыратын кәсіпорындарды таңдап алуда;

-банк ұйымдарының кәсіпорынды несиелеу саясатының қажеттілігін анықтауда;

-сақтандыру ұйымдарының кәсіпорынды сақтандырудың қажеттілігін анықтағанда;

- басқа жағдайларында, кәсіпорынның тұрақты қажетті деңгейдегі өнімді шығара алатындығын дәлелдегенде.

Сертификаттау белгіленген жүйедегі сызбалар бойынша жүргізіледі.

Сертификаттау сызбасы – бұл үшінші жақтың бағалауы кезіндегі өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін белгілі бір ретпен анқтайтын құрам.

Сертификаттау жүйесі бірнеше сызбаларды қарастырады. Әдетте, бір сызбаны таңдау алдында шығарылатын өнімнің өндіру процесі, сынау жолдары, оны жеткізу және тұтыну жолдары ескерілуі тиіс.

Сертификаттау сызбасы белгіленген процедураның барлық қажетті мәліметтерімен қамтылуы тиіс. Сол үшін қабылданған сызбаларды қолдану ұсынылады, соның ішінде халықаралық практикада қабылданған сызбалар. Тәсілдердің дұрыстығын растау үшін келесілер кеңінен қолданылады:


  • Сынау;

  • Өндірісті тексеру (бағалау);

  • Инспекциялық бақылау;

  • Сәйкестендіру туралы декларайиялар мен тапсырыстарды қарау.

Сертификаттау сызбаларын құрастыру мен қолдану, сертификаттауға кететін шығынын азайтумен оның неғұрлым дәл болуын байланыстыруға ұмтылады. Тұтынушы өнімнің зиянсыз екніне көз жеткізуі керек, алайда ол белгілі бір шығынды қажет етеді. Оның ішіне өнімнің өзіндік құны да кіреді. Сол себептен сызбалардың бір емес бірнеше түрлері қолданылады. Себебі олар өнімнің тұтынушыға тиімді жағын ғана қарастырып қоймай, оның неғұрлым зиянсыз және қауіпсіз жағын да қарастыруға мүмкіндік береді.

«Сынау» түсінігі тек өнімді сынау, яғни оның әртүрлі әркекттерге төзімділігін анықтап қана қоймай, сондай-ақ өнімнің техникалық көрсеткіштерін - өлшемін, анализ, органолептикалық бағалануын да анықтайды.

Кез келген сертификаттауға арналған сынаулар тек аккредитацияланған арнайы лабораторияларда өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет