Бақылау сұрақтары :
Өндірісті сертификаттау жұмысының реті.
Бастапқы материалдардың саны.
Тексеру бағдарламасын жасау.
3.8 Өнімді сертификаттаудағы құжаттарға негізгі талаптар. Сертификаттау жүйесіндегі сапа.
Құзыреттіліктер: Сертификаттау жөніндегі нормативті құжаттарды әзірлеу
Сапа жүйесін сертификаттау
Бағалау объективтілігі
Сәйкестік белгі
Сертификаттау жөніндегі нормативті құжаттардың белгілейтін талаптары ғылыми-техникамен технологияның жетістіктеріне негізделуі тиіс. Және халықаралық стандарттардың сертификаттау жөніндегі ережелері мен ұсыныстарын стандарттардың сертификаттау жөніндегі ережелері мен ұсыныстарын нормаларын талаптарына сәйкес келуі керек. Сондай-ақ өнімді, процесті, қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары халықаралық сауда сатықта ешқандй да кедергі келтірмеуі керек. Нормативті құжаттарды регламенттелетін сертификаттау ережелері отандық өнім үшін де шет елдерден әкелетін өнім үшін де шығу тегіне қарамастан бірдей болуы тиіс. Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында (заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпараттарды қоспағанда) олардың ескертулер және ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның арнаулы басылымдарында жарияланады сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар жобаларына ескертпелермен ұсыныстарды дайындауды және оларды қарау тәртібін, мерзімін стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгілейді.
Сертификаттау жөніндегі нормативті құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттермен стандарттаудың қолданылуы тиіс Олар адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алуы тиіс. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативті құжаттарда сәйкестікті бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы керек. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайын көтерудің ең негізгі факторларының бірі сапа жүйесін сертификаттау. Сапа жүйесін сертификаттау мынандай жағдайда қолданылуы мүмкін:
Өнімді сертификаттағанда.
Жеткізілетін өнімге келісім шарт жасағанда.
Мемлекеттік органның мемлекеттік тапсырыстарын орналастыратын кәсіпорындарды таңдап алуда.
Банк ұйымдарның кәсіпорынды несиелеу саясатының қажеттілігін анықтау.
Сақтандыру ұымдарының кәсіпорынды сақтандырудың қажеттілігін анықтауда.
Кәсіпорынның тұрақ қажеттігі деңгейдегі өнімді шығаратындығын дәлелдегенде.
Сапа жүйесін сертификаттау жұмысы ҚР-ның мелекеттік сертификаттау жүйесінің он болмаған жағдайда ҚР-ның мелекеттік стандарттау комитетінің өкілетті органдармен жүргізіледі. Сапа жүйесін сертификаттау дайындаушы кәсіпорынның МЕМСТ 40.9001-9003 (ИСО 9001-9003) талаптарына сай жүргізіледі. Сапа жүйесін сертификаттау төмендегідей принциптерінен құралады. Олар өз еріктілігі, құпиялылығы, міндеттілігі, бағалаудың объективтілігі, бағалау нәтижесін жаңғырта алу. Өз еріктілігі-дайындаушы кәсіпорынның ынтасымен келісілуді түрде өнімді міндетті сертификаттаудың 5,6 құрылымы (ҚР СТ 3.4 ) бойынша жүргізіледі:
Бағалау объективтілігі – сертификаттау жүргізетін органның және эксперт аудиторлардың, осы кәсіпорынды сертификаттауға өтініш берушіден де басқа жақтанады. Тәуелсіз еріктілігін қамтамасыз етумен және кәсіпорынды серификаттайтын эксперт, аудиторлардың жетіктілігімен негізделеді.
Бағалау нәтижесінде жаңғырта алушылығы – тексеру тәсілі және өндірістің сапа жүйесін бағалау, бағалауда шынайы мәліметтерді есептеу, құжатты дұрыс сақтау, толық бірлестірілген талаптармен бағалауды бірдей тәсілмен жүргізуді айтамыз.
Сертификаттау кезіндегі коммерциялық құпиясы бар кәсіпорын туралы мәлімет сертификаттау органдарының құжаттары эксперт-аудиторлардың жұмыс құрпалдары құпия талаптарға кіреді. Сапа жүйесін сертификаттағанда және инспекциялық бағалауда бағалау объектісі кәсіпорынның таңдап алған үлгісі бойынша МЕМСТ 40.9001-9003 талаптарына сәйкес сапалы қамтамасыз ететін және сертификатталған өнімнің сапасын тұрақты ұстап тұратындай кәсіпорынның жағдайымен өнімнің сапасы табылады. Сапа жүйесін сертификаттағандасертификаттау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
Сапа жүйесін сертификаттағысы келген кәсіпорын ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесі аккредитациялаған органға сұраныс береді. Сұраныспен бірге негізгі мәліметтерді, алдын ала сапа жүйесін тексергендігі туралы толтырылған анкета және өндіріс сапасының нұсқауы жіберіледі.
Сапа жүйесін алдын ала бағалау.
Тексеру нәтижесін қарау және сертификат беру.
Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық тексеру.
Сапа жүйесін алдын ала бағалау жүйені серификаттаудың қажет немесе қажет еместігі анықтау мақсатында жүргізіледі. Алдын ала бағалау үшін сертификаттау органы сұраныс брген кәсіпорын үшін-бас эксперт-аудиторды тағайындайды. Ол білікті мамандардан эксперт аудиторлар комиссиясын құрады. Комиссия құрамына өтініш беруші кәсіпорынның немесе сертификаттау нәтижесінде мүдделі адамдардың қатысуына шек қояды. Комиссия тапсырылған құжаттарды кәсіпорынның сапа жүйесі үшін таңдап, мемлекетаралық, халықаралық құжаттармен тәуелсіз жерлерден ашылған сапа туралы мәліметтерден сараптай отырып таңдайды. Қажет болған жағдайда комиссия қосымша мәліметтер жинау үшін өзінің өкілетті адамың кәсіпорынға жіберуге құқығы бар.
Сәйкестік белгі – берілген ержелер бойынша тіркелген белгі, сертификттау құрылымына сәйкес келетін ереже бойынша өндірілген өнімнің таңбалауын мақұлдайтын және сұранысқа сәйкестігін растайтын белгі.
Сәйкестік белгісін өнімге таңбалағанда, сыртқы орта факторларына тұрақты етіп жазу керек. Сәйкестік белгісі тікелей өнімге қойылмайтын болған жағдайда ыдысқа жазылады. Көптеген жағдайларда сертификат пен оның көшірмесінің фальсификациясы болғандықтан, ол құжаттарды қорғаудың шаралары да ескеріледі.
Сертификат көшірмесін таңбалау үшін қолдан жасауға келмейтін, сәйкестік белгісінің географиялық суреті бар және қорғалған белгінің реттік нөмері қолданылады. Көшірмеге белгіні (реттік нөмері) қолмен жабыстырады. СО басшылығы сәйкестік белгісін қатаң есептеуі қажет және құжаттарды сақтау ережесіне сай қажетінше санап беру, оны сақтау, тарату мен қолдануды қамтамасыз етуі керек;
Сертификатталған өнімге, оның сапасы мен сәйкестігіне ұдайы бақылау (ИБ) жүргізіліп отырады. Инспекциялық бақылау сертификат (лицензия) күшін жоймаған уақыт аралығында, әлсін-әлсін және жоспарлы тексеру ретінде жылына бір реттен кем жүргізілмеуі тиіс. Онда өнім үлгісін сынайды, өндіріс жағдайында өнім, оның үрдісін тексерді. Өнімнің барлық талаптарға сәйкес екендігін қадағалап отыру сертификаттаудың міндеттерінің бірі болып есептелінеді. Жоспарсыз тексерулер өнімнің сапасына, тұтынушылардан, сауда орындарынан және қадағалау мекемелерінен арыз түскенде ғана жүргізіледі. Нәтижелері акт бойынша толтырылады. Инспекциялық бақылау кезінде сертификатталған өнімнің сертификатқа сай еместігін айқындап немесе сапасынан ақау табылса, инспекторлар өнім өндіруді немесе сатуды тоқтатып тастауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |