97
Р е а к ц и я н ы қ о ю р е т т i л i г i. Iшiнде топалаңға оң 0,3см
3
қан
сарысуы бар Уленгут пробиркасына Пастер түтiгi арқылы 0,3 см
3
зерттеуге
даярланған сүзiндiнi топалаңға оң сарысудың беткi қабатына немесе астына
жiбередi.
Реакция дұрыс қойылған жағдайда топалаңға оң сарысу мен сүзiндiнiң
аралығында шекара сызық қалуы қажет, яғни ерiтiндiлер бiр-бiрiмен
араласпай қабаттасып орналасуы шарт.
Мiндеттi түрде реакцияның дұрыс қойылғандығын бiлу үшiн, оң және
терiс бақылаулар қойылады. Оң бақылау биофабрикалық жағдайда даярлан-
ған топалаң антигенi мен оң сарысумен, ал терiс бақылау антиген және сау
малдың қан сарысуымен қойылады.
Реакцияның нәтижесi 10-15 минут аралығында есепке алынады. Егер де
топалаңға оң қан сарысуы мен терi пұшпағынан дайындалған сүзiндiнiң
аралығындағы шекара сызықта ақ жолақ сақина түзiлсе – реакция оң деп
есептеледi, яғни терi топалаңмен ауырған жануардiкi, керiсiнше ақ жолақ
сақина түзiлмесе – реакцияның терiс болғаны (сау жануардың терiсi).
Реакцияның оң және терiс бақылауларында өздерiне сәйкес оң немесе терiс
нәтижелер алынуы тиiс.
Преципитация реакциясымен терiнiң сүзiндiсi ғана емес, топалаңға
толық бактериологиялық зерттеу жүргiзгенде өлекседен немесе ерiксiз
сойылған малдан алынған патологиялық материалдың (ет, iшкi ағзалар
кесiндiлерi) сүзiндiсi де тексерiледi. Екi жағдайда да зерттеу материал-
дарынан сүзiндiлердi даярлау, реакцияны қою және оның нәтижесiн есепке
алу тәртiптерi бiрдей.
Шаруашылық немесе басқада ветеринариялық объектілерде (ұшаларды
сараптау, кеден лабораторияларында т. б.) жағындыны микроскопиялау мүм-
кіндігі болып, Грам және капсуланы анықтайтын әдістердің бірімен бояғанда
капсуласы бар, тізбектелген таяқшалар анықталса, толық бактериологиялық
зерттеу нәтижесін тоспай, індеттің таралмауына қарсы шаралар орындалуы
қажет.
15- тәжірибелік сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: