Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық материалдар) тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Негізгі 3 түрлі макронутриенттер: белоктар, май, көмірсулар организмде тотыққанда энергия бөледі. Ол организмнің әртүрлі қажеттілігіне жұмсалады. Белок алмасуы. Белок алмасуы. - Белок- денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі жасуша негізін құратын құрылыс материалы.
- Ферменттер белоктардан тұрады. Дененің негізгі функцияларының орындалуына қатысады: тыныс алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қорғаныс қызметі, гормондар.
- Қозғалу қызметі( актин, миозин).
- Белок –қуат қоры. Тәуліктік нормасы: 90-100г. белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі( олар орны толмас амин қышқылдары: лейцин, изолейцин, метионин, гистидин, аргигин, триптофан, лизин, треонин).
Достарыңызбен бөлісу: |