Негізгі бөлім Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамыту



Дата01.10.2019
өлшемі24,26 Kb.
#49026
Байланысты:
Баланың танымдық қабілетін дамытумен педагогтың әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамыту

    2. Тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы шеберлік шыңдау

  3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ ұрпақ қолында. Бүгінгі күннің айдарындағы басты мәселе бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы үзіліссіз процесс.

Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту міндетіміз.

Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу-қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ-тарауы 18-баптың 17-тармақшасында «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандары бағытталған, мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген.

Яғни, бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияның негізделуін және де ақпараттық құралдардың кеңіннен қолданылуын кажет етеді. Балалбақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану заман талабыннан туындап отырған мәселе.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.

Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу».




Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.

Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.

Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.

Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады

Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.

Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.

Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың қызығушылығын арттыруда, танымдық қабілеттерін дамытуда мақсатым:

-балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту

-қиялдарын ұштау

-тапқырлыққа жетелеу

-қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру.

Міндеттер

-балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету

-логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

-балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай:

:«Заңдылықтар», «Нені отырғызу керек?» «Нені орналастырсам екен?» «Сыңарын табыңдар?» «Әзіл жұмбақтар» «Логикалық есептер».

«Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады.

Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.

Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты –бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.

Дәлеледеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық ойлануға сүйенеді –дейді Ғ. Жолтаева.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз..Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.

Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл –ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.

Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: «Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» -деген.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл –ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.



Тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы шеберлік шыңдау

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір педагог өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Педагогтың кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Осы мақсатта «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту кафедрасы мен Шымкент қаласындағы №29 «Ай-керім» бөбекжай балабақша ұжымдарының ұйымдастырылуымен 19 наурызда балабақшада «Тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтерудің басты шарты» тақырыбында облыстық шеберлік-сынып ұйымдастырылды. Шебер-сыныптың мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы педагог қызметкерлердің кәсіби білімдері мен біліктіліктерін ұштастыру, тәжірибе алмасу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі құзыреттіліктердің білім беру мақсаттары ретіндегі идеяларын жүзеге асыру үшін ең алдымен мектепке дейінгі қызметкерлердің БА крустық жүйесінің мазмұнын таңдауды қамтамасыз ету керек. БА төңірегіндегі мемлекеттік білім беру саясатының талаптарын ескере отырып осы міндетті шешу тыңдаушылардың курстық даярлау жүйесінің инвариантты және вариативті бөлімдері арқылы ғана мүмкін болады.

Осыған байланысты осындай жүйені құру икемділігі мен модульдігі басты мәселе болуы керек. Әрбір модуль бөлімдерді (блоктарды) таңдау түрінде ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай жиынтық мол болуы керек, себебі тыңдаушылардың әрбір категориясы үшін (немесе жеке тыңдаушыға) бөлімдердің әртүрлі жиынтығынан модуль құрастыру мүмкіндігі болуы керек. Жиынтықтағы бөлімдердің мазмұны, оны меңгеруге бөлінген уақыты бойынша айырмашылықтары болуы мүмкін.

Бірдей инвариантты модульдерге әртүрлі мүдделі тараптардың (мемлекеттің, аймақтың, жұмыс берушінің, жұмысшының өзінің) талаптарын бейнелейтін оқытудың мүлдем басқадай бағдарламаларын құруға болады (және де қажет).

Оқытудың вариативті модульдері олардың және аймақтағы білім беру ұйымы мамандарының кәсіби сұраныстарын максималды түрде барынша қанағаттандыруға бағытталған ұсынылатын оқыту технологиясы мазмұнының инновациялығы мен өзектілігіне бағытталған.

Модульді бағдарлама дайындық деңгейі (жалпы, жоғары және зерттеу деңгейіндегі), мазмұны мен жеке сұраныстарды қанағаттандыру тәсілдері бойынша айырмашылықтары бар жеке оқу жоспарын (бұдан әрі – ЖОЖ) құрастыруға мүмкіндік береді.
Қорытынды

Педагогтерді оқыту мазмұнын таңдау барысында МДБҰ барлық түрінің жағдайы мен балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиешінің педагогикалық қызметіне деген талаптарды анықтау өте маңызды:

 Балалар бақшасының базасында жалпы дамыту бағыттары топтарында негізгі жалпы білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл тәрбиешіден бала дамуының (әлеуметтік-тұлғалық, физикалық, көркем-эстетикалық, танымдық-сөйлеу) барлық бағыттары бойынша балалар бақшасында жүзеге асырылатын мазмұны мен әдістеріне қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес оны дамытуды қамтамасыз ететін ептіліктерді қажет етеді.

 Өтеуші түріндегі балабақша. Өтеуші бағытындағы топтардың негізгі жалпы білім беру бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі балалардың бір немесе бірнеше категориясының физикалық және/немесе психикалық дамуындағы кемшіліктерді білікті түрде түзету, мұнда тәрбиешіге түзетушілік-дамытушы бағыт ептіліктері, мамандармен және тәрбиеленушілердің ата-аналарымен нәтижелі арақатынас орнату ептіліктері қажет.

 Мектепке дейінгі үлкен балалардың мектепке дейінгі сыныптары мен топтары. Жалпы дамыту бағыттарындағы топтарында негізгі жалпы білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады, сонымен қатар қажет болған жағдайда жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың бастапқы мүмкіндіктерін тең қамтамасыз ету бойынша қызметті басымдықпен атқару арқылы 5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған өтеуші және аралас топтарда жүзеге асырылады. Тәрбиеші балаларды дамытудың бастапқы және қорытынды деңгейін талдауды, оларды алға жылжытуды динамикалық бақылауды, балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып мектепке дейінгі білім беруді таңдауы және жүзеге асыруы; тәрбиеленушілердің отбасымен және мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қосылған басқа да мамандармен нәтижелі серіктестікті ұйымдастыру.

 3–5 жастағы балаларға арналған шағын орталықтар. Кішкене және орта жастағы балаларға арналған жалпы дамытушы бағыт топтарындағы негізгі жалпы білім беру бағдарламасы. Тәрбиешіде осы жастағы балалардың өмірін ұйымдастыру, балалардың жүйке жүйесі-психикалық дамуын бақылауды жүзеге асыру бойынша тәрбиеленушілердің өнімді және шығармашылық қызметтерін ұйымдастыру ептіліктерінің болуын және балалардың ерте әлеуметтенуіне жағдай жасай білуін талап етеді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-Ата «Жалын» 1987 г.

2. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.

3. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.



4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев. Алматы «Балауса» 1992 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет