Капитал айналымы уақытпен, жылдамдықпен өлшенеді. Айналым уақыты ресурстардың өндіріс, айналым сфераларынан өтіп, бастапқы ақша формасына қайтып келу уақыты.Айналым жылдамдығы жыл ішінде ресурс айналы
Капитал айналымы уақытпен, жылдамдықпен өлшенеді. Айналым уақыты ресурстардың өндіріс, айналым сфераларынан өтіп, бастапқы ақша формасына қайтып келу уақыты.Айналым жылдамдығы жыл ішінде ресурс айналым санымен өлшенеді.
Негізгі капиталқұрал жабдықтар мен ғимараттар, олар өндірістік циклға бірнеше рет қатысып өз құнын біртіндеп товарға аударады.
Айналым капиталы шикізаттар мен материалдар, олар бір өндірістік циклда толық пайдаланылып, құнын өткізеді. Негізгі капиталдың қызмет көрсету мерзімі бойында өндірілген товарға құнының өтуі кезінде тозу амортизация деп аталады. Амортизациялық қор негізгі капитал элементтерін қалпына келтіруге арналады. Физикалық тозу тұтыну құнының жоғалуы. Моральдық тозу салыстырмалы арзан құралдардың немесе өнімділігі жоғары құралдың пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.